Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 149

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Бірақ онда сызықтардан бөлек басқа суреттер де бар ғой?

Ф.: Иә, біз соны айтып жатырмыз: өрмекші, маймыл және т.б. Бұл жай ғана суретшінің өнері. Ешбір терең мағынасы жоқ. Бәрі бір адамның қолынан шыққан дүние.


Д.: Ол жай ойнаған ба?

Ф.: Иә.

Д.: Бір автор бұл ежелгі астронавттардың қонатын әуежайы деген гипотеза айтыпты.

Ф.: Хм! Қызық екен. Біз ол суретшіні көріп тұрмыз, қара сақалды, ақ киімді, күйме сияқты затта отыр. Осы сызықтардың үстінде ұшып жүр. Ойланып, келесі қадамның алдында ұзақ үзіліс жасайды.

Д.: Бірақ сол автор, бәлкім, бұл ежелгі ғарыш кемелері қонып, ұшатын жер болған шығар депті.

Ф.: Олай емес. Бөгде ғаламшарлықтардың кемелеріне мұндай сызықтардың еш қажеті жоқ. Олар өте жақсы бағдар таңдай алады, шөл даланың ортасындағы тиындай жерге оңай қонады.


Д.: Қалай ойлайсыз, мұнда бөгде ғаламшарлықтар кемесі әншейін қызықтау үшін келуі мүмкін бе?

Ф.: Сызықтарға қарау үшін бе? Мүмкін...

Д.: Бұл символдарға үлкен мән беретін еді.

Ф.: Иә, себебі оларды ешкім түсінбеді. Егер адамдар бірдеңені түсінбесе, сол заттан не қорқады, егер тым үлкен зат болса – оған зиярат етеді.


Д.: Бұл суреттер қай мезгілде жасалғанын білесіз бе?


Ф.: Хронологиялық тұрғыда қанша уақыт өткенін білгіңіз келе ме?

Д.: Иә, мүмкін болса.

Ф.: Он екі мың бес жүзінші жылы.

Д.: Ого! Бұл баяғыда болған ғой.

Ф.: Баяғыда емес.

Д.: Бірақ біз үшін бұл өте үлкен аралық. Яғни, сол заманда өмір сүрген адам жасағаны ғой.

Ф.: Солай. Ол адам жердің мекендеушісі. Бөгде ғаламшардан келмеген.

Д.: Шамасы, олардың ұшатын құрылғылары болса, өте дамып кеткен өркениет болды ғой.

Ф.: Кей мағынада дамып кеткен. Алайда сіздердің қазіргі медицина мен жаңа технологиялар олардың жетістігін басып озып кеткен.

Д.: Яғни, қазір бізде олар білмеген заттар бар боп тұр ғой.

Ф.: Солай.

Д.: Содан бері қаншама уақыт өткен, ал сызықтар өшпеген...

Ф.: Бұл сызықтар сызылған тастар жел тимейтіндей орналасқан. Оның үстіне мұнда жауын-шашын сирек.


Д.: Сол уақыттан бері Жерде апат болмаған ба?

Ф.: Әрине, болды, бірақ олар да бұл сызықтарды өшіре алмаған.

Д.: Егер Жерде апат болса, мұхит көтеріліп, бұл жер су астында қалар еді ғой деп ойладым.

Ф.: Жоқ, ондай нәрсе болмады.


Д.: Ұшатын құрылғыдағы адамның Атлантидаға қатысы болды ма?

Ф.: Ұшатын құрылғыны қосатын білім тура Атлантидадағыдай еді. Бұл адам Атлантида адамдарының ұрпағы ғой. Атлантидадан бөлек Лемурия мен Му деген құрлықтар да болғанын білесіз ғой.



Д.: Бұл адам өмір сүргенге дейін болған құрлықтар ма?

Ф.: Олар тура сол заманда болған. Бұл адам жалғыз емес еді, онда тұтас өркениет болды.


Д.: Наска сызықтары салынған жерде ме?

Ф.: Тура сол жерде емес, шамасы жағажайға жақындау маңда.

Д.: Жағажайға жақын маңдағы жартастан да салынған сызықтар табылған.

Ф.: Иә, бұл адамның қиялы шексіз еді. Басқа да сызықтар болған. Олар табиғаттың әсер етуінен өшіп кетті. Сақталып қалғандар тек орналасқан жеріне байланысты қап кеткен. Табиғат әсер етпеген. Осындай тәсілді қолданып, үлкен суреттер салған суретшілер көп болды. Олардың бәрі табиғаттың әсерінен өшіп қалған.

Долорес.: Наска сызықтарының пайда болуы туралы не білесің?

Брэнда.: Олар өте көне. Баяғы замандағыдай анық емес. Бізге көмектескісі келген бір өркениеттің өкілдері адамзат баласын осылай бақылап көрмекші болған. Бірақ олар үлкен кемесін басқа жаққа қондырып, сосын Жердің айналасын кішігірім ұшатын құрылғылармен саяхаттап шыққан. Сол үшін олар адам аяғы баспаған жерлерді таңдаған. Қуат сәулесінің күшімен тастарға осындай сызықтар салған. Сызықтар бағдарлаушы нүкте ретінде салынған. Сонда басқа құрылғы қолданбастан жерге қона беретін болған. Содан да олар елеусіз қала берген. Сызықтар сол үшін керек еді. Бұл сызықтар бір таудың басынан екіншісіне жалғаса береді. Олар ешкім байқап қоймасын деп мұны өте жылдам жасаған. Жануарлардың суретін пилоттар салған. Әншейін, зеріккеннен сала салған. Күзетте отырған кездерінде. Олар анағұрлым әлсіз қуат сәулесін қолданған. Пасха аралындағылар байқап қоймасын деп алаңдаған. Олар әр түрлі елдің көркем сурет өнерінің туындыларын зерттеген. Оларды қолмен салудың орнына ұшатын қондырғылардағы қуаттау құрылғыларымен салған. Олар мұны зеріккеннен салған. Бір жағынан пилотаж дағдыларын жақсарту үшін қолданған.


Д.: Сонда бұл жай ойын болған ба?

Б.: Иә. Мұнда оларға күрделі ұшу мәнерін көрсету қажет емес еді. Жай ғана жаттығу үшін жасады. Музыканттар күнделікті аспапта ойнап жаттығатыны сияқты. Бұл өмірлерін түрлендіруге көмектесетін.

Д.: Яғни, мынау фигуралар – маймыл, өрмекші, басқалары – ешбір мағынасы жоқ суреттер ме? (Жоқ). Кей ғалымдар осы суреттердің мәнін іздеуге өмірін арнаған.



Б.: Бұл суреттер пилоттарға қызық еді. Олар өзара сөйлескенде: «Кейін ғалымдар келіп, мына суреттердің мәнін табамыз деп басын қатырады-ау» дейтін.


Д.: (Күлді). Жердегі күллі өзгерістерге қарамастан бұл суреттер қалай сақталып қалған?

Б.: Оларды қуат сәулесімен бәдіздеп жазғандықтан қап кетті. Қуат жартастар орналасқан жерге де әсер етті, содан ол орнығып қап кетті.

Д.: Жағалауда жолайрықты еске түсіретін бір сурет бар.

Б.: Қону үшін қолданылған бағдарлаушы нүкте ғой. Жердің атмосферасына енгенде оларға бүкіл қуат құрылғыларын өшіруге тура келетін. Олар жерді бірнеше рет айнала ұшып, сөйтіп бәсеңдеп қонатын. Жердің бетін көргенде тастағы осы фигура дұрыс бағытты нұсқайтын. Олар осы бір таудың басынан екіншісіне жалғасатын сызықтарға қарай ұшып келетін. Сонда жолдан адаспағанын түсінетін.


Д.: Яғни, осы жерге олар елеусіз қонатын. Солай ма?

Б.: Иә. Олар елсіздегі үстіртке қонатын. Біреу байқап қояр деп алаңдамайтын. Олар өзін қауіпсіз сезінетін. Кемелерін тығып әуреге түспейтін. Кез келген уақытта ұшып кете беретін.


Д.: Ол заманда жерде адамдар болған ба?

Б.: О, әрине! Әрине! Ол кезде жер бетінде бірнеше өркениет дамып жатты. Бұлар соларды аңдып келетін. Бұл өркениеттерден зор үміт күтетін. Олар адамзаттың лезде алдыңғы қатарлы техникалық мәдениет жасай алатынын білетін. Сондықтан солардың прогресін бақылап отырды.

Долорес.: Мені мазалайтын Жердегі тағы бір құпия – ол Перудегі Наска сызықтары. Менің не айтып жатқанымды түсіндің бе?

Джон.: Иә. Ол мені сол жаққа жетектеп бара жатыр. (Кітапханаға). Суреттерді тек ұшатын құрылғыдан ғана көруге болады дейді. Бұл Лемурия құрлығының, жалпы лемурлықтардың киелі жері еді. Мұнда сол замандарда адамзатқа көмек қолын созған бөгде ғаламшарлықтар қонатын.

Д.: Оларды соншалықты көне деп ойламаппын.

Дж.: Бұл суреттердің кейбірін лемурлықтардың ұрпақтары салған. Олар бөгде ғаламшарлықтарды қайтадан шақырғысы келген.


Д.: Яғни, бөгде ғаламшарлықтар алғаш қонған жерде суреттер болмаған ба?

Дж.: Олар көп рет келіп, кетіп жүрді. Ұшып келіп, ұшып кететін. Бұл суреттер көне заманда салынған. Бөгде ғаламшарлықтар оларды салуға көмектескен. Сондықтан Жерден қарағаннан гөрі биіктен қарағанда суреттер анық көрінеді.


Д.: Суретті не мақсатпен салған?

Дж.: Бөгде ғаламшарлықтар мұнда турист ретінде кеп кететін. Америкалықтар Австралияға не Жаңа Гвинеяға аборигендерді көруге барғандай. Адамдарды бақылау үшін келетін. Бұл жерге олар талай рет қонған, тіпті осы ғасырда да. Олар Жердің осы бетін жақсы көреді.



Д.: Бұл суреттердің мағынасы бар ма?

Дж.: Түрлі жануарлардың суреті салынған. Бірінде адамдардың суреті бар. Мұндай тәсілмен жабайы адамдар өздері мен жануарлары бөгде ғаламшарлықтарды қош көретінін көрсеткен. Суреттің тең жартысын жергілікті халық салған. Жартысын лемурлықтардың ұрпақтары салған. Мыңдаған жыл бойы мұнда ғарыш кемелері қонған. Бұл аумақ Лемурияның бір бөлігі болған кезде де, Оңтүстік Американың бір бөлігі болғанда да бұ кемелер қонып келеді. Олар әлі күнге дейін осында келіп, кетіп жүр.


Д.: Кітапханашы бұл суреттерді қалай салғанын көрсете ала ма? Олар қандай тәсілмен салған?

Дж.: Бөгде ғаламшарлықтар қуат сәулесін ғарыш кемесінен жердің бетіне түсірген.


Д.: Мұндай тәсілмен тек түзу сызықтар салынған ба, әлде күрделі суреттерді де солай салған ба?

Дж.: Күрделісін де солай салған. Оларды ауада тұрып салған. Кемеден қуат сәулесі таралды. Ол жерде сызықтарды күйдіріп салды. Содан жер уатылды. Артынан адамдар мен бөгде ғаламшардықтардан құралған топ келіп, уатылған жерді жинап отырды.

Д.: Адамдар көп жыл бойы бұл суреттер не мағына береді деп бас қатырып келеді. Бәлкім, олар суреттерге төбеден қарау қажетін білмеген шығар. Жағалау маңындағы жартаста да жолайрықты көрсететін сурет бар. Бұл сурет те сол заманда салынған ба?

Дж.: Иә. Ол ғарыштан келетін қонақтарды қарсы алуға арналған. Гавайидың халқы қонақтарын гүлмен қарсы алатындай. Адамдар осындай суреттермен ғарыштан келетін қонақтарын қарсы алған, себебі олар адамдарға көмектесіп, емдеп беретін. Адамдар онда жүгері мен басқа да өсімдіктерін әкеп қойған. О баста бұл өсімдіктерді ғарыштан келгендер әкеп еккен, адамдар соларды қорек етсін деген.


Д.: Жүгері мен басқа өсімдіктер бөгде ғаламшардан келген деп есептеуге бола ма?

Дж.: Олар гибридтер. Жерде өсуге ыңғайланған түрлері.


Д.: Жерге бөгде ғаламшарлықтар әкелген тағы қандай өсімдіктер болған?

Дж.: Ол ақпарат жинап жатыр... Қант құрағы, мақта, картоп – мұның бәрі гибридтер. Бұл өсімдіктер о баста жерде шыққан. Бірақ бөгде ғаламшарлықтар оларды модификациялады. Ең бірінші адамдарға картоп пен жүгеріні өсіруді үйретті. Бұл өте маңызды еді. Кейбір бөгде ғаламшарлықтар қазіргі Үндістанның жерінде мақта екті. Олар өсіп тұрған өсімдіктерді алып, трансформация жасады.

Перудегі Мачу-Пикчуге барғанымда бақсыдан жүгері мен картоп – жергілікті халық үшін өте маңызды өсімдіктер екенін естіп едім. Олардың жүздеген түрі бар екен.


Д.: Бананды да осындай жолмен өсірген бе екен, осыны білгім келеді. Олар дәннен өсіп шықпайды, тамырдан өсіп шығады ғой.

Дж.: Жоқ. Банан Лемурия заманынан бері бар. Ең танымал жемістің бірі еді. Бірақ көптеген өсімдіктер мен жануарларды бөгде ғаламшарлықтар сұрыптады. Дегенмен, олар жерде бар материалды қолданды.