Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 152

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мен одан пирамидалар қалай салынғанын сұрадым. Олардың іргетасы жердің астында, ішінде түрлі бөлме мен дәліздер бар, солардың бәрін мүлтіксіз есеппен салып жатыр деді. Ішкі жағы қара күшпен салынды. Себебі, мұнда «олардың» Жермен байланысы жоқ еді. Әрине, маған «олар» деген кім екені қызық болды. Оның айтуынша, «олар» - дисктегі тіршілік иелері, олар бүкіл үдерісті басқарып отырды. Іргетасы қаланған соң құрылыстың қалған жағын диск бағыттаған қуатпен салған. Жұмысшылар құрылысты толық қоршап тұрады, сосын дисктен қуат бағытталады – алдымен оған, сосын басқа адамдарға – яғни, жұмысшыларға. Осылайша қуаттан жасалған шеңбер жасалатын. Ол тас кесектерді көтеріп, қажет жерге қоюға көмектесетін. Жұмысшылар тәнін таза ұстауы тиіс. Яғни, олар ішімдік ішпеуі керек. Сонда тәні қуатты өткізеді. Жұмыс біткен кезде олар не болғанын білмей қалушы еді. Оларды тек қуат өткізетін арна ретінде қолданатын. Ең үлкен түйткіл - диск кейде өте терең тұсқа түсетін. Әдетте ол пирамиданың ұшар басында, аспанда ұшып жүретін. Сол нүктеден қуат бағыттайтын. Қатты төменге түссе, кей жұмысшылар құлап қалатын. Содан шеңбер бұзылатын. Ол зиян тигізгенін білмейтін. Құлаған жұмысшыларды басқалармен ауыстыратын. Шеңберді бүтіндеу үшін. Дисктің сипаттамасы беймәлім ұшатын нысанға келіңкірейді. Жарқыраған сұр металл, үлкен шеңбердің ішінде кіші шеңбер орналасқан. Қуат кіші шеңберден шығатын. Дисктегі жаратылыстардың түрі қандай деп сұрадым. Олардың түрін көріп тұрғам жоқ деді. Себебі, бастарына ерекше баскиім киген. Мұны киюдің себебі адамдар ойымызды оқып қоймасын, ниетімізді біліп алмасын дегені. Бұл металл дулығалар төбесіне қарай қалыңдайтын, себебі бұл жерден ой сәулеленетін. Оның дулығасы солардың баскиімінен аумайтын. Бірақ мұндай қызмет атқармайтын. Ол әміршіні құрылылысты созып жіберді деп айыптағанмен, шын мәнінде құрылыстың созылуына осы дисктегілер кінәлі деп есептейтін. Ұзын-қысқасы жеті пирамида салынуы тиіс еді. Олар белгілі бір тәртіппен салынуы тиіс болды. Құрылыс жалғасып жатқанына шамамен елу жылдай болған. Ел құрылыстан шаршады деп шағымданды, мұны тоқтату керек деді.

Құрылысы тоқтаған соң пирамидалар қуатын ғарышқа жіберуі керек. Сондықтан олардың координаты мүлтіксіз болуы қажет. Диск тастардың тура түсуін қадағалайтын. Құрылыс пирамиданың төбесіне жақындаған сайын жұмыс жылдам жүретін. Бұл шетке тас көп керек емес еді. Құрылыс біткен кезде жұмысшылар тастар арасындағы тесіктерді бітейтін. Оны да мүлтіксіз етіп аяқтайтын. Келесі пирамиданың құрылысын бастамас бұрын алдымен ескі пирамиданы толық бітіру керек деп есептейтін. Қаладағы басқа ғимараттар пирамида сияқты салынбады. Олар қарабайыр, қарадүрсін салына салған. Оларды салу үшін мүлтіксіз дәлдік қажет емес еді. Бұл үдерісте тасты көтеруге жұмсалатын қуат адамдарды қатты есеңгірететін. Алайда дисктегі жаратылыстарға ешкім қарсы келе алмайтын.


Әміршінің түрі де ерекше еді. Сұңғақ бойлы, өте арық. Ол кәрі болуы керек еді, бірақ оның түріне қарап олай демейсің. Клиент әйел әмірші өзінің жеті пирамиданың құрылысы салынып біткенде өлетінін білді дейді, бірақ оның ісін басқалар жалғастыратынын біліп тұр деді. Дисктегі жаратылыстар Жермен байланысқа түспеді. Сондықтан жердегі қара жұмыстың бәрін адамдар жасайтын. Адамдар құрылыстың айналасына шеңбер құрып, шамасы дисктің жинап, бағыттайтын Жердің қуатын туралап тұратын. Осы қуаттың күшімен тасты ауада көтеретін. Тас жұмысшылардың өн бойынан өтіп, олардың тәнін қуаттандырғыштай қолданатын. Бәрі біткен кезде олардың есінде түк қалмайтын. Бұл маңызды емес еді, оларды тек өткізгіш ретінде қолданған. Менің клиентім сол өмірінде ер азамат болған. Ол бәрін біліп тұрды. Бірақ оның өзін қуатты бағыттаушы ретінде қолданған. Ол математик, астролог және басқа да данышпандарды тастардың реттілігін түзеу үшін пайдаланғанын айтты. Бәрі де тура дәлдікпен орындалуы тиіс еді. Сонда құрылыс біткенде қуат ғарыштағы сәйкесетін нүктелерге жетуі керек. Ол бұл құрылыс не үшін салынып жатқанын білетін санаулы адамның бірі еді. Бірақ пирамидалар дәл не үшін қолданылатынын ол да білмеді. Дисктегі жаратылыстар тек әміршімен тілдесіп отырды.

Мен бұл хикаяны аяқтауға жақындағанымда клиент әйел өткен шақтағы басқа өміріне өтіп кетті. Бұл терапевтік сеанс болғандықтан мен оны бастапқы өміріне өткізіп әуре болмадым. Мұның барлығы Мысырда болып жатқанын меңзеп тұрды. Бәлкім, Атлантидада өтуі ықтимал ма екен?

Қай пирамида турасында әңгіме боп жатқанын нақты анықтау қиын еді. Ол замандарда пирамидалар көп болған секілді. Кейбірі біздің заманға жетпей қалуы да мүмкін.

Келесі сеанста клиент үлкен пирамиданың құрылысына қатысып жатты. Оның өлшемі мен пропорциясын есептеуге қатысты. Ол бұл пирамида Жер мен Сириусты байланыстыру үшін салынып жатыр деді. 2000 жылы өткен тағы бір сеанста кездейсоқ оқиға болды. Оның пирамида құрылысына қатысы болмаса да, Мысырға қатысты басқа жұмбақпен байланысты еді.

Маридің өткен өміріне регрессия жасап, ол білгісі келген бірнеше сұрақты қою үшін оның түпсанасымен байланыс орнаттым. Мариге аян түскен. Ол өзін бір қызық құрылғы тұрған бөлмеден көреді. Шамамен Мысырға ұқсайды деді.



Долорес: Сіз мұны біреу-міреуге айтып бере аласыз ба? Бұл шын мәнінде болған оқиға ма, әлде тек қиял ма?

Мари: Шынында да болды. Ол үлкен машинаның фрагментін көрді. Біз оны «машина» дедік. Бірақ сіздерге белгілі машиналарға ұқсамайды. Бұл қуат көзі еді.


Д.: Ол машинаға не істеді?

М.: Ол зертханашы сияқты біреу болды. Өмірлік пішінді регенерация жасайтын қуат өлшемін реттей алатын адам. Бұл тәжірибе жасайтын машина еді. Өлген адамның тәнін тірілтетін.


Д.: Бұл тәжірибелер Жерде жасалды ма?

М.: Иә, бірақ оларды жерді мекендеушілер жасамады. Соны жасай алатындар адамдарға тәжірибе жасап көрді. Олардың қалай өлгенін мен білмеймін.


Д.: Бұл тәжірибе жасалған елдің атын білесіз бе?

М.: Санама «Тарга» деген сөз кеп тұр.


Д.: Мари бұл Мысыр елі деп ойлап еді. Сіз олай ойламайсыз ба?

М.: Бәлкім, Тарга бір топ адам шығар. Шөл даланың қақ ортасында. Бұл мысырлықтардың өркениетіне ұқсайтын жер, бірақ Мысыр емес.


Д.: Белгісіз жағдайда көп адам өлді дедіңіз?

М.: Көмір боп кеткен тәндер. Олар мумия сияқты. Мумияланған тәндер.


Д.: Кеуіп кеткен бе? (Иә). Бұл тәндерді не үшін тірілтпек?

М.: Себебі, ол замандарда тіршілік иелері аз еді. Бір нәрсе болған. Олар бұл ғаламшарға жеткілікті деңгейде тіршілікті қайтарғысы келді. Жер бетінде тірі жандар көп болуы үшін.


Д.: Мұндай тәжірибе нәтиже берер ме екен?

М.: Нәтижесі бар.


Д.: Оларды тірілтті ме?

М.: Иә. Бірақ олар қалыпқа келу үшін белгілі бір уақыт керек еді. Олардың тәні реттелу үшін матаға орап, шандып байлап тастады. Піллә сияқты. Олардан қу сүйек пен кепкен генетикалық материал ғана қалған.


Д.: Олар өлгелі біраз уақыт өткен сияқты?

М.: Солай. Олардың тәнінде сұйықтық қалмаған. Оларды матамен орап тастайтын, қалыпқа келсін деп.


Д.: Оларды матамен орап тастады ма?

М.: Иә, түгелдей. Сосын табанына қуат көзіне жалғанған шланг қосатын.

Сосын тән қалыпқа келгенше қуатты жіберетін. Тән ісінетін. Сол сәтте жүректің дүрсіліндей дыбыс шығатын. (Ол сол дыбысты дауыстап айтуға тырысты). Сосын тәндерді қажет болғанша қалдыра тұрады.

Д.: Бұл анабиоз секілді нәрсе ме? (Иә). Олар сосын жүріп, тұруға жарады ма? М.: Білмеймін. Мен тек оларды матамен орап, қуаттап, сосын сөреге жинап қоюшымын.



Д.: Сөреге?

М.: Иә.


Д.: (Маған бұнысы бір қызық көрінді). Бірақ тәнге жан салмаса, ол тірілмейді ғой, қалай ойлайсың?

М.: Жоқ, тәннің жүйесін өмірлік күш тірілтеді. Жанның қатысы жоқ.


Д.: Сонда бұлар механикалық жаратылыстар ма, робот сияқты?

М.: Олардың жүйесі қызмет ете бастайды, зерде мен сана кейін қосылады.


Д.: Бұл адамдар осындайды істей алды, ал сен көмекшісің, солай ма?

М.: Ассистентпін.

Д.: Сенің түпсанаңа өте қызық сұрақ қояйын. Бұл идея кейін мысырлықтарды мумия жасауға итермеледі ме? Сен осы ақпаратты біле аласың ба?

М.: О, иә, солай ғой. Бірақ мысырлықтар бәрін түгел білмеді. Олардың құрылғысы болмады. Олар тек матамен орап, тірілтуге болатынын ғана есте сақтады. Бірақ олар тәнді шын мәнінде қалай тірілтетінін білмеді.


Д.: Яғни, бұл құрылғы кейінгі ұрпаққа беймәлім болды ғой?

М.: Солай. Олар жанның саяхаты, өлгеннен кейінгі өмірі, жұлдыздар туралы ғана білді. Бірақ тәнді қалай тірілтуге болатынын білмеді.


Д.: Бірақ олар сен өмір сүрген кезеңде бұл мүмкін болғанын білді ме?

М.: Олар кезінде бұл мүмкін болғанын білді. Себебі, олардың ертеректегі ұстаздарының бірі біздің арамыздан шыққан еді. Бірақ олар технологияны жоғалтты. Олардың басқа технологиясы болды. Алайда тәнді тірілтетін бұл машина болмады.

Д.: Яғни, олар адамды тірілтуге тырысты. Оны дәл осылай істейді деп ойлады.

М.: Меніңше, олар тәнді тірілту үшін матамен орап тастағанын білген. Егер тәнді орап тастаса, бұл оның өмірін сақтап қалады деп ойласа керек. Кейін барып бірдеңе жеітспейтінін түсінді.


Д.: Олардың қолында жоқ әлдене. Білімнің бір бөлігі. Бірақ басынан бұл білім мен технология қайдан шықты?

М.: Олар Жерден емес еді. Мен оларға қызмет көрсеттім. Бірақ мен олардың бірі емеспін. Олар өте ақылды еді. Өте үлкен болды.


Д.: Үлкен? (Иә). Сол адамдардың бәрін не өлтіргенін білесің бе?

М.: Жоқ. Мен тек осы бөлмедегі жұмысты атқарушымын.

Д.: Бірақ оларды тірілтуге тырысты, себебі Жер бетінде адам аз қалды. Көп адам қырылып қалған секілді.

М.: Иә, өте көп адам.


Д.: Жер бетіндегі адамдарды көбейтудің тәсілі осындай болған екен ғой?

М.: Иә, нәсілді сақтап қалудың амалы.


Д.: Олар жаңа адам жасауды, не бәрін басынан бастауды ойламады ма?

М.: Шамасы, жоқ, ойламады. Бұл тәсіл өте маңызды болды. Көп күш пен уақытты қажет етті. Дегенмен, бұл рухани жұмыс болып саналды.



Д.: Олар жай ғана малай жасағысы келмеген ғой?

М.: Жоқ, жоқ. Бұл олардың осы жаратылыстарға, жалпы осы нәсілге деген сүйіспеншілігінен туды.

Бұл шамамен ежелгі мысырлық дәуірден жеткен естелік болса керек. Бір апат болып, соның кесірінен көп адам қырылған. Жер бетінде өте аз адам қалған. Адам санын көбейту үшін өте көп уақыт кететін болғаны ғой. Бұл процедураны адам тәнін сақтап қою үшін жасаған. Қажет кезде тірілту үшін. Маридың айтуынша, олар кеуіп қалған генетикалық материалды матамен орап тастаған.

Әрине, бір жасушаның өзі адам организмін қалыпқа келтіруге жеткілікті материал екені бесенеден белгілі. Тәндерді тірілткенге дейін сақтап отырған. Мен осы процедура туралы толық ақпарат алғым келді. Бірақ Мари тек нұсқауды орындайтын ассистент еді. Ол тек өзіне белгілі нәрсені айтатын. Бұл ақпарат келесі буынға нәсіл жадысы арқылы жеткенде олар матамен тәнді орау мен сақтау тірілтудің кілті екенін білген болар. Бәлкім, олар матамен оралған тәндер ұзақ уақыт жатқан соң қайта тірілгенін естіген болар. Адамзат тарихында жиі кездесетін жайт – олардың білімі толық болмады. Сондықтан ежелгі тіршілік иелері жасағанды тура солай қайталай алмады. Шамасы, кейіннен матаға орау мен тәнді сақтау себептері ұмытылған. Бұл тәсіл тек мәйітті көмудің ғұрпына айналып, оның о дүниедегі өмірімен ғана байланыстырылған.

Осы кітап баспаға дайындалып жатқан кезде пирамида мен Сфинкс жұмбағы жөнінде тағы ақпарат алдым. Кітаптың шығуын кешіктірмеу үшін мен бұл ақпараттарды «Он сегіз мың ғаламның» келесі томдарына қалдырдым. Бұл менің беймәлім әлемге саяхатым әлі бітпегеніне дәлел. Менің зерттейтін дүнием әлі баршылық екен.

8 ТАРАУ

ТҮСІНІКСІЗ ҚҰПИЯЛАР

Жердің түрлі құпияларын түсіндіретін келесі түсініктемелерді әр түрлі клиенттерден бірнеше жыл бойы алып тұрдым. Кейбірі кереғар көрінуі ықтимал. Соларды осында келтірейін, оқырман ойланып, өзі түйінін айтар. Түсініктемелердің әрбірінде ақиқаттың элементі болуы мүмкін. Бәрі де клиенттің ақпаратты қалай алғанына және соны қалай интерпретация жасағанына байланысты.
ПЕРУДЕГІ НАСКА СЫЗЫҚТАРЫ


Долорес.: Сен Перудегі Наска сызықтары туралы білесің бе?


Фил.: Иә. Нені білгіңіз кеп тұр?

Д.: Олардың шығу тегі мен мақсаты әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қап тұр.

Ф.: Бұл суретшінің суреттері. Ол ғаламшарға төбеден қарап, дәл осы жерін безендіргісі келген. Ол оны телепатиялық түрде жасады. Ол ұшатын нысанда отырған. Бірақ ол басқа ғаламшардан келген ғарыш кемесі емес. Ұшатын затты жерде жасаған. Ол құрылғы ауырлық күшін жеңген соң ұшатын. Суретші Жердің үстіне белгілі бір нүктеге дейін көтеріліп, сол тұстан телепатиялық қабілетімен осы сызықтарды салды. Бұл жай ғана «шимақ».