Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 144

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Л.: Кейде сен менің не айтқанымды тыңдай алмайсың деді, бірақ саған мен білетін білімнің көбісін білуге жол ашылады.


Д.: Неге кейбір заттарды естуіме болмайды?

Л.: Бұл жоспар Жерде орындалмас бұрын әлі біраз нәрсе жасалуы тиіс. Саған соны естіртпейді. Жоспар орындалған соң саған ақпаратты естіртеді.


Д.: Егер мен сенің сабақтарыңа қатыссам, сендегі білімнің белгілі бір бөлігін түсінуіме болады ғой?

Л.: Солай. Сен білімді өзгертуге тырыспайтындардың қатарынансың, сондықтан саған осы мүмкіндікті беріп отыр. Сенің жүрегің таза. Сен бұл ақпаратты бас пайдаңа қолданбайсың.

Линданың тынысы тарылды. Жағдайы нашар екені сезілді.

Д.: Бұл оңай шешім емес.

Л.: Мұндайды екінің бірі істей алмайды. Санаулылар ғана лайық.

Соңғы сөздерін айтқанда, тыныстауы қиындап кеткенін байқадым. Жүрегі қағып, қиналып кетті. Сондықтан сөздерін анық айта алмай тұр.

Л.: Ауа өзгеріп бара жатыр. Кеудемді басып тұр (Әрең демалды). Мен үйреніскенше бірнеше күн керек.

Мен тән тұрғысындағы ыңғайсыздықтың бәрін алып тастауға тырыстым. Мен үшін ең алдымен клиенттің ыңғайлы қалыпта отыруы маңызды.

Д.: Менімен әңгімелескен тіршілік иесі қолайсыздық сезінсе де, мен сөйлесіп отырған тән өз ыңғайына қарай бейімделе алады. Мені түсіндің бе?

Л.: (Линданың тыныстауы қалыпты бола қалды). Түсіндім.


Д.: Жақсы. Сабақ беруді бастамақсың ба?

Л.: Жақында. Қазір мені қарсы алып жатыр. Бірігу мезеті. Бірге болу уақыты.


Д.: Олар сені күтіп пе?

Л.: Иә, олар мені күткен екен, бәрі қатты қуанып жатыр. Мені құшақтап жатыр.

Д.: Байқауымша, жақсы мекенге келдің.

Л.: Иә, тамаша жер екен. Мұнда жып-жылы.


Д.: Сен сабағыңды бастайтын мезгілге өте аламыз ба? Мен тыңдасам бола ма? Сен біліміңді белгілі бір реттілікпен үйретесің бе?

Л.: Мен әлі шешпедім. Баяғыда жоспарым бар еді, бірақ одан бері көп уақыт өтті, ұмытып та қалыппын. Мен достарымның сұрақтарына жауап беріп бастаймын. Қазір бұл ең тиімді тәсіл болар.

Д.: Келісемін. Бірақ мен олардың сұрақтарын ести алмаймын ғой. Сен сұрақтарды мен үшін қайталап отыра аласың ба? (Иә). Бастайын деп жатсың ба? (Иә). Жақсы. Қалаған уақытыңда бастай бер.

Л.: Арднесс менен сұрап жатыр (асықпай тыңдап, сосын баяу дауыспен қайталап жатқандай). «Адамның сенімін соншалықты шектеп тастайтындай Жер бетінде не болып еді?» Ежелгі заманда адамдар Жер бетіне Ғалам жайлы терең біліммен келіп еді. Жерде басқа адамдар өмір сүрді. Бірақ олар жаңадан келгендердің білімін білмеді. Келгендер билік мәселесін зерттеуге белсене кірісті. Бұрын олар биліктің не екенін білмеген. Бұл сезім оларға ұнады. Олар биліктен шаттанды, бұрын ондайды бастан кешпеген. Сондықтан олар өз білімін сақтап, жоспардағыдай бөліскісі келмей қалды. Бұлар білімді білмегендерді тізе бүктірді. Оларды қорқытып, өзіне қызмет жасату үшін жалған сөйледі.


Оларға дейін Жер бетін мекен еткендер бұларды құдай деп білді. Себебі, бұлар тылсым дүниелерді жасай алатын. Бұлай болмауы тиіс еді. Билікке қол жеткізіп, сараңдықтың дәмін татқандар кеткісі келмей қалды, олар қап кетті. Олардың өмір сүру жолы аяқталғанда құдайлар мен солардың күші туралы аңыздар жалғаса берді. Адамдар үрейге берілді. Құдайлардың пәрменін орындамасақ, құрып кетеміз деп ойлады. Жер ғаламшары үшін бұл түнек басқан дәуір еді.


Д.: Ол тіршілік иелері адамдарға нені айтып қорқытып, үркітті екен? Нелітен адамдар құл болуға келісті?

Л.: Олар жел мен жарықты басқара аламыз деді. Күнді, Айды, жаңбырды уысымызда ұстаймыз деді. Егер адамдар бағынбаса, Күнсіз, сусыз қалдырамыз деді. Ал адамдар Күн мен су тіршіліктің мәні екенін білді. Олар жандары мәңгі өмір сүретінінін білмеді, сондықтан бүгінмен ғана өмір сүрді. Жер бетіне жарықтың тіршілік иелері осы ақпаратты адамдарға түсіндіруі қажет еді. Сонда адамдар қорқыныштан арылып, түсінер еді.


Д.: Ол тіршілік иелері адамдар бізді құдай деп ойласын деп, тылсым дүниелер жасаған ғой?

Л.: Иә. Бірақ мұнысы қулық еді. Бұл адам болмысының ең жарқын мысалы – адам үздіксіз іштей өзіме қызмет еткенім дұрыс па, бұрыс па деген тайталастың арасында өмір сүреді. Билік.


Д.: Бірақ бұл түйткілдің себебі Жерге келген тіршілік иелерінің кесірінен пайда болды ғой?

Л.: Иә. Олар айтылған нәрсені жасамады. Олар адамзатқа емес, өздеріне қызмет еткені үшін жойылды.


Д.: Бұл қалыпты адамның болмысы дедің, бірақ оның себепкері адам болмады ғой?

Л.: Бұл тіршілік иелерін Жерге адамдардың деңгейін көтеріп, білім беру үшін жұмсалған, оларға адамнан құл жаса демеп еді. Олар өз тапсырмасын орындамады, содан тұтылып қалды.


Д.: Тұтылып қалды дегенің не?

Л.: Олар биліктің дәмін көрген соң Жердегі адамдарға беруге тиіс жарықты жоғалтып алды. Соның кесірінен адамдарды өз деңгейіне көтерудің орнына өздері адамның деңгейіне түсіп кетті. Бәрі керісінше болуы тиіс еді.

Д.: Яғни, басқаша айтсақ, адамзат баласы басынан мұндай болмаған? (Болмаған). Бұл мәселеге қатысты бар айтарың осы ма? (Иә). Сен топтың басқа сұрағына жауап бергің келе ме?

Л.: Тарихи жайттарды қозғаудың басты себебі, осы уақыт бойы Жердегі даму қалай өткенін бәрі түсінсе дедік. «Неге тұтылып қалғандарды үйіне алып кететін басқалар келмеген?» Тағы біреулерді жіберсек, олардың да тағдыры сондай болар деп қорықтық. Бұл буын Жер бетінен кеткенше күттік. Сосын жаңа жоба үшін жаңа топты жібермек едік. Солай еттік те. Жерге алғаш түсірілген адамдар Тирантус ғаламшарынан келген еді. Бұл ғаламшар магнитті өріс бойынша Жерге қатты ұқсайды. Сондықтан бұл адамдарға Жерге бейімделу оңай болды. Оларды ешкім бөтен демеді. Олар жерліктерге ұқсас еді. Өкінішке орай, олар өз тапсырмасын орындай алмады.




Д.: Бұлар билікті қалағандар ма?

Л.: Иә. Бұлар алғашқылар еді. Олардың кейбірі адамдардан ұрпақ сүйді. Келесі команда Ираниус (ол ғаламшардың атауына келгенде қиналып айтты) ғаламшарынан жіберілді. Бұлар мүлде бөлек болды. Адамдарға ұсқамады. Олар жасырынып жүруге мәжбүр болды. Олар адамның көзіне хайуанат болып көрінді.


Д.: Хайуанат?

Л.: Иә. Алғашқы жобаны қалпына келтіру үшін олар таңдаулы тіршілік иелерімен жұмыс істеуі тиіс еді. Осы хайуандардан (адамдар оларды солай қабылдады) тапсырма алған бірнеше таңдаулы болды. Таңдаулыларға нұсқау басқа деңгейде берілді – түсінде аян берілді. Оларға махаббат, мәңгілік өмір, алуан түрлердің өзара қарым-қатынасы туралы айтып берді. Оларға бұл білімді өте мұқият беріп отырды. Өкініштісі, бұл жоба да сәтсіз болды. Себебі, мұндай жаңа түрдегі ойлау жүйесін үйрететін адамдар аз болды. Ал қарапайым халық оларды жек көрді. Олар халықтан қорықты. Халық олар беріп тұрған білімді игеруден бас тартты.

Ал қолында билігі барлар білімді игергісі келмеді. Мұндай білімнен соң олар биліктен айырылар еді. Бұл заманда адамзат өте төмен деңгейге түсіп кеткен. Жағдай мәз емес еді.


Д.: Бұл тіршілік иелері Жерде елеусіз қалу үшін хайуан болып келді ме?

Л.: Иә, олар адамдарға ұқсамайтын.


Д.: Л ал шын мәнінде олардың түрі қандай еді?

Л.: Олардың денесі өте кішкентай еді, есесіне бастары дәу болды. Аяқ-қолы өте икемді, адамдікіне ұқсайды. Бірақ тәні кішкентай, өте әлсіз. Адамдар арасында бірден байқалып, пенде баласы өлтіріп тастар деп қорықты.


Д.: Олардың хайуан сияқты көріне алатын қабілеті болды ғой?

Л.: Болды. Олар хайуанның бейнесіне өте алатын. Солай жасырынып, сол тіршілікті қабылдады.



Д.: Соның арқасында адамдардың түсіне кіріп әсер етті ме?

Л.: Сөйтті. Егер олар көп адамға әсер ете алса, жобаны қайта тірілтуге болады деп үміттендік. Бірақ бұл тәсіл тым жасырын, тым баяу болды. Сондықтан ол сәтсіздікке ұшырады.

«Ғарыштық апат туралы аңыз» деген кітабым үшін үндістердің аңыздарын зерттегенде мен адам көзіне хайуан болып көрініп, оларға білім үйреткендер туралы көп оқығанмын. Бұл америкалық үндістердің тарихындағы маңызды бір тарау. Дүниежүзі бойынша әр мәдениетте мұндай аңыздар баршылық. Біздің заманымызда да бөгде ғаламшарлықтар адамдарды үркітпеу үшін көбіне хайуанның бейнесінде көрінеді.


Д.: Саған тағы қандай сұрақтар қойды?

Л.: «Неге Жерге Ираниус ғаламшарының басқа тұрғындарын жібермеген? Олар зияты мықты дамыған нәсіл еді ғой, Жердің тұрғындарын бағындырар еді ғой» деген сұрақ қойылды. Менің жауабым былай, досым – күш ешқашан нәтиже бермейді. Күш көрсету – өміршең шешім емес. Жер тұрғындары ұлы түсінікке өз таңдауының арқасында келуі тиіс. Күшті түрлі түйткілді шешу үшін көп қолданды. Ол ешқашан нәтиже бермеген.


Д.: Тамаша жауап екен. Келесі сауал?

Л.: «Жерге басқалар жіберілгенше деградация қанша уақытқа созылды?» Деградация он мың жылға созылды. Жерге өз бетінше дамуға рұқсат етілді. Жер өзі дұрыс жолды іздеп табар деген үміт болды. Көп уақыт ештеңе өзгермеді. Адамдар жетілді, бірақ олар түнекте жүріп жетілді. Жүректерінде жарық аз болды.


Д.: Л адамдар нендей жаман қылық жасады?

Л.: Олар өте қарабайыр еді. Махаббат аз болды, өлтіріп кету, жеккөру, билікке талас көп болды – осылай бірнеше ғасыр бойы жалғасты. Түнек Жерді жұтып қойды.


Д.: Келесі сұрақ қойылды ма?

Л.: Иә. «Жер бұл кезде қандай өзгерістерді бастан кешіп жатты?» Жердің беткі қатпарында өзгерістер болып жатты. Ғаламшардан үлкен көлемде жеңіл энергия жиналды.


Д.: Л Жерде нақты қандай дүние өзгерді?

Л.: Су тасқыны болды. Су... Барлық жерді су басты... Байланысып жатқан құрлықтар қақ бөлінді... Аптап ыстық көтерілген кез болды. Ыстықтан Жердегі адамдар қырылды. Кейбіреулері аман қалу үшін ғаламшардың басқа шетіне ауа көшті. Аман қалғандар көмек сұрап, білім бер деп дұға етті, жаңа колониялар құрды...


Д.: Л неге құрлықтар қақ бөлінді? Неге су тасып кетті?

Л.: Жердің беткі қатпарында «тор» бар, ол жерді біріктіріп тұрады. Сол сәттерде ол өз қалыбын өзгертті. Содан құрлықтар бөлінді. Ыстықтан мұздықтар еріген соң су көтерілді. Құрлықтар бөлінген кезде көп дүние келмеске кетті. Адамдар, өсімдіктер, жануарлар – ғайып болды. Адам төзгісіз ыстықтан кейін суық келді. Күн суыған кезде көптеген өсімдіктер пайда болды. Жаңа өмір өркендеді. Жер жарыққа өзі жетер деген жаңа үміт үкіленді. Олар адамдар сүюді, ет жақынын жақсы көруді үйренді деп ойлады. Шынында да солай еді. Бірақ аз ғана уақытқа. Бейбіт өмір сүргеннен адам тез жалығады. Олар жаңа бірдеңе іздей бастайды. Жанын елітетін дүниеге ауып кетеді. Тап солай болды.



Д.: Егер бәрі жақсы болса, адамның болмысы соған риза болмай қалады деп тұрсың ба?

Л.: Иә. Олар дәл осынысын өзгертуге тырысты. Бірақ оны өзгерте алмады.


Д.: Л жанын елітетін дүниені көргенде адамдар не істеді?

Л.: Басында олар түрлі ойын ойнады. Сосын бұл ойындар ерік-жігерді шыңдауға арналды. Ақырында бұл ойындар билікке қайтып әкелді. «Мен бастықпын. Мен күштімін. Мен ең жақсымын». Осыны түсіну, одан сабақ алу адамдар үшін өте күрделі болды. Олар айналып келіп бір орында құрылған қақпанға қайта-қайта түсе берді.

Д.: Ең алғашқы болып келгендердің қаны адамның қанына араласып кеткен соң солай болды деп ойламайсың ба? Бұл болып жатқан жайттарға себеп бола ала ма? Әлде бәріне кінәлі адамзаттың болмысы ма?

Л.: Бәріне кінәлі адамның болмысы. Мәдениет араласқан сайын оның болмысы күшейе береді. Басқа елдің, басқа жердің адамдары. Олар әлемді жақсарту үшін келеді. Бірақ әлем оларды жұтып қояды. Сондықтан олар жойғысы келген, күрескісі келген дүниені тек ұлғайтып жіберді.


Д.: Яғни, олардың тегі адамның осы мінезін ұлғайтқаны ғой? Сені дұрыс түсіндім бе?

Л.: Иә. Олар ғаламшарға басқа нәрсе жасау үшін жіберілген. Сондықтан олардан кейін ғаламшарға көп уақыт бойы ешкімді жібермеді. Жағдайды одан бетер ушықтырып алмайық деді.

Д.: Түсінікті. Сұраққа уақыт қалмады. Бірақ мен біраздан соң оралып, басқа сұрақтар қоямын.

Л.: Жақсы. Мен осында болам.

Д.: Тоқтаған жерімізден ары қарай жалғастыра берсек болады.

Л.: Біз әлі дұрыстап бастамадық қой.

Д.: Бірдеңеден бастауымыз керек... Менің сұрақтарым өте көп.

Линданың есін жиғыздым. Ол есінде қалған бейне туралы айтып бермекші болды. Оның не айтпағын жазып алайын деп мен қайтадан диктофон қостым.


Д.: Сен әлемді ішінен көре аламын дедің бе?

Л.: Ғаламшардың іші бос сияқты. Бәрін байланыстырып тұратын әлгі зат бар. Не екенін білмедім. Бірнешеуі болды. Олар қозғалып тұрды. Ал үстінде соншама дүние болып жатты (Ымдап бірдеңе көрсетті). Бәрі қозғалып тұрды – жоғары-төмен, жоғары-төмен. Жердің іші үрленген доп сияқты. Ал анау заттар қабырға бойымен жоғары-төмен қозғалады. Ол не зат екенін білмедім. Бірақ олар бәрін байланыстырып тұр. Екінші болып келген адамдардың бастары үлкен болған. Олар күмістен жаралған, денесі бар, қолы, іші, аяғынан белгісіз бір өсінді шығып тұрады.


Д.: Өсінді?

Л.: Сен шығыс Құдайларының мүсінін не картинасын көргенің бар ма? Олардың беті адамдікі, денесі адамдікі, бірақ жан-жағынан қолдар қаптап тұрады.