Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 145

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д.: Иә, ондай көп қолды құдайды көргем.

Л.: Тура сондай. Бірақ бұл адамдар өте кішкентай, дөңгелек үлкен бастары бар. Түрі есімде жоқ. Шаштары болмады. Жан-жағынан аяқ-қол қаптап тұрады.


Д.: Шын мәніндегі аяқ пен қол болғаны ғой?

Л.: Иә. Кішкентай адамдар. Бәрі жарқырап жүрді. Бұл киімнен бе, әлде өздері жарқырауық па? Басқа еш реңкі жоқ, тұтасымен күмістелген.

Д.: Мұндай түрмен адамдардың арасына келе алмасын білген. Себебі, адам баласына мүлде ұқсамайтын. Бұл адамдарды үркітер еді (Солай). Олар хайуанның бойына ене ме, әлде соның кейпіне кірді ме?

Л.: Менің түсінуімше, олар хайуанның бойына енеді. Әлде соның миына кіре ме, әлде басқаша ма, білмедім. Олар мұны адамдарға жақын жүру үшін жасады.

Д.: Егер хайуан адаммен тілдессе, бұл таңғажайып болар еді деп ойлаймын. Тіпті, қай мезгілде тілдескені де маңызды емес.

Л.: Олар адамдармен солардың санасы арқылы немесе түсіне кіріп сөйлескен. Бірақ өздері хайуанның ішіне кіріп алатын болған, сонда адамға жақын жүруге мүмкіндігі болған. Меніңше, адамдардың үй жануарлары болған секілді, олар ұйықтап жатқанда, жануарлар әрдайым қастарында болған.


Д.: Алғашқы адамдардың түрін көрдің бе? Әлгі құлға айналып кететін адамдар?

Л.: Кәдімгі адам. Қара түсті. Олар қараңғы жерде болды ма, әлде жетілуі бойынша қара болды ма, білмедім. Бірақ мен оларды қара қылып көрдім. Жер бетіне алғаш келген тіршілік иелері адамдарға ұқсаған. Бірақ олардың терісі ақ болды. Біздің дінімізде Адам ата мен Хауа ана бүкіл адамзаттың атасы саналады. Бірақ менің көргенім бойынша олай емес. Жер бетінде адамдар көп болған. Ал қара адамдар жерде еңбектеп жүр. Бұл ақ пен қара тіршілік иелері ненің белгісі екенін білмедім. Бәлкім, бұл жай ғана метафора. Бірақ мен ақ тіршілік иелерін жоғарғы жақта, қараларды төменде жүргенін анық көріп тұрмын.


Д.: Қаралар қорқып, ақтарды тәу еткен шығар. Олар о бастан тым қарабайыр болғандықтан жаулап алу оңай болды ма екен?

Л.: Айтылған сөздерге қарап, олар аса білімді болмаған деп ойлап тұрмын. Сол ақ тіршілік иелері оларға білім беріп, әлдеқайда жоғары деңгейге шығару керек еді. Осыдан-ақ олардың білімі таяз болғанын байқауға болады.

Д.: Адамдар олардан қорыққан. Бұлар сонысын пайдаланып кеткен. Олар шын мәнінде алдында тізерлеп жүргендерді көргенде дереу билікке ұмтылғанына қарағанда жеткілікті деңгейде дамымаған болып тұр ғой. Дамудың даңғыл жолына түссе де, арсыздық оларға да тән болғаны.

Л.: Олар мінсіз емес еді, бірақ оларда білім бар еді. Меніңше, олар сондықтан келген – қолда бар біліммен бөліскісі келген. Олар адамдарға қатты ұқсас еді, түрлері асқақ болатын. Шетінен сұңғақ бойлы, өзіне сенімді болған. Адамдар олардан Құдай жасап алды.


Д.: Неге екенін сен біліп тұрсың ғой.

Л.: Ол өзінің бүкіл хикаясын айтып беріп жатқан әлгі ғаламшардағы тіршілік иелері қатты жарқырайтын нұрдан жасалған. Құдды бір жарық нұрдан жасалған шарлар сияқты.

Линда ақпаратты өте баяу жинап жатырмыз деп шыдамсыздық танытты. Ол ақпаратты толық жинақтауға бірнеше сеанс жеткілікті болады деп күтсе керек. Мен оған бір жарым сағатқа сыйғызуға ақпараттың тым ауқымды екенін еске салдым. Оның үстіне транс кезінде ол өте баяу сөйлейтін. Мен ақпаратты толық жинақтауға кейде бірнеше ай кететініне үйренгенмін. Линда ондайға үйренбеген. Мұндай жоба кезінде өте төзімді болу қажетін білетінмін. Сонда ақпараттағы оқиғаларды логикаға сай тізбекпен жинауға мүмкіндік туады.

Біз кішігірім үзіліс жасадық. Кешкі ас ішіп, демалып, Пэтсиді күттік. Соңғы сеансты кеш түскенде бастадық.

Біз тым кеш аяқтайтынымызды білдік. Бірақ маған бәрібір еді, себебі Литл-Рокқа келесіде қашан жол түсерін білмедім. Бір күнде қанша жұмысты істеуге шамамыз келсе, соншалықты істеуге тырыстық. Келесі күні мен де, Линда да ұйқымызды қандырып тұрамыз.

Кодтау сөзді естіген соң Линда қайтып терең трансқа түсті. Біз қайтадан алғашқы сеансты аяқтаған мезетке оралдық. Бартоломью еш үзіліс болмағандай сөзін жалғады.

Л.: Мен шәкірттерімнің алдында тұғырға шығып тұрмын. Олар сұрақ қойып жатыр.

Д.: Жаңа сұрақтарға жауап бермес бұрын бір затты тиянақтайын деп едім. Жерге басқа тіршілік иелері келгенге дейін өмір сүрген алғашқы адамдар, олар қайдан келген?

Л.: Жерден. Олар Жерліктер.


Д.: Саған олардың түрі қандай болғанын айтып па еді?

Л.: Олар дәл мен сияқты адам болған болар деп топшылап тұрмын. Бірақ мен ешқашан сұраған емеспін.

Д.: Түсінікті. Апаттың кесірінен Жердегі құрлықтар бөлініп, адамдар қауіпсіздікті сезінетін жаққа кеткен тұсқа тоқтаған едік. Осы сәтте маған кетуге тура келді. Бәлкім, шәкірттерің саған басқа сұрақтар қояр?

Л.: Иә. Шәкірттерім неге адамдар қалыптасқан жағдайға көңілі толмағанын сұрап жатыр. Неге олар пәлен жыл өмір сүрген әлемдерін бүлдіріп тастады? Бұл сұрақтың жауабы мені әбден жаңылдырды. Маған олар анағұрлым жоғары деңгейлі көңіл күйге бөленгісі келеді дегенді айтты. Олар тыныштықтан шаршапты. Қатты қозуды аңсайды. Олар ойындарын соғысқа айналдырғанда қатты қызбалыққа салынған. Жүректері қарайды. Қан судай ақты. Көп адам өлді. Олар соны сезінгісі келді.


Д.: Олар бейбіт өмірден шаршады ма? Іштері пысты ма?

Л.: Іштері пысты дегенге келіңкіремейді. Олар өз эмоциясын шығаратын дүниені таппады. Түрлі шектен шығу оқиғалары эмоциялық мұқтаждығын қанағаттандырған. Шектен шығу өздері қалаған тәжірибені сыйлады. Эмоцияға тәуелді сәтте жүректегі отын сөндіріп алатынын байқамады. Жүректегі оттары сөнбеді, бірақ тым әлсіз боп қалды. Бұның бәрі адамның қозуды сезінгісі келгендігі, қызбалыққа салынғандығының, эмоционалды зақымданудың кесірі еді.



Д.: Сен ғарыштық тіршілік иелері адамзат баласын жайына қалдырып, өздерінің түсінуіне мұрсат бергенін айтып едің...

Л.: Иә. Ол кезде Жер бетінде адам саны аз ғана еді. Олар еш қауіп төндірмеген. Сондықтан оларды мазаламайық деп шешкен. Өздері дамиды, не өздері құрып бітер деп ойлаған. Сонда ғаламшарды адамгершілік жолындағыларға бермекші болады.


Д.: Сонда ғарыштық тіршілік иелері осыншама уақыт бойы адамдарды бақылап отырды ма?

Л.: Иә. Олар адамдар жасап жатқан сиқырды, дуалауды түсінбей, бас шайқайтын.


Д.: Олар Жерді қайдан бақылап отырды? Көп уақыт өтті емес пе?

Л.: Олардың уақыт туралы түсінігі біздікінен бөлек. Олар Жерді ойдағы бейнелер арқылы бақылап отырды. Кейде Жерге өз бейнесінде келіп-кететін. Сирек келетін. Себебі, қауіпсіз емес еді. Ол кезде адамдар өте қатал еді. Өзгелерді еш ойланбастан өлтіріп тастайтын. Өлтіріп кету көп болған.


Д.: Л неге ғарыштық тіршілік иелерін Жер қатты алаңдатты? Неге олар жай ғана кетіп қалып, Жерді ұмыта салмады?

Л.: Жоқ, Жерге байланысты бас жоспар жасалған. Бұл Ғаламда Жер ең әдемі ғаламшар. Бұл сұлулық тәжірибе ретінде жасалған. Өкініштісі, даму жолы ақырында жоспарланған жолмен жүрмеді. Бұл эмоция мен тән ләззатының тәжірибесі болуы керек еді. Басқа мекендерде жоқ тәжірибе. Бұл ғаламшарға келгендер соның бәрінің дәмін сезінуі тиіс еді. Сосын олар кетіп қалуы керек болған. Адамдар мұнда тек демалысқа келіп, Жерде ғана бар рақатты сезініп қайтуы тиіс еді. Басқа тіршілік иелерінде жоқ тән ләззатын сезінуі керек-мыс. Д.: Жағдай әбден ушыққанға дейін адамдар мұнда тек демалысқа кеп тұрған ба?

Л.: Жерге адамдар жіберілмей тұрғанда солай еді. Сосын солардың кейбірі тән ләззатына берілгені сонша, Жерден кеткісі келмей қалған. Тек сол тән ләззатын сезіну үшін қап кеткен. Ұзаққа қалған сайын, Жерден кету қиындай берген. Ақырында Жерден кету мүмкіндігінен айырылған. Жерге алғашқы тіршілік иелері кеп, оларға тән ләззатынан айығып, жарыққа қайтып оралуға көмектесуге келгенде сол адамдар болған еді. Бірақ олар да қақпанға түсті.

Д.: Олар адамдарға ұмытқан нәрсесін қайтаруға тиісті еді. Бірақ қолдарынан келмеді.

Л.: Иә, олар да тұзаққа түсіп, Жердегілермен бірігіп, қап кетті.


Д.: Сен басында Жер үшін бас жоспар жасалды деп ең, сол жоспар туралы айтып бересің бе?

Л.: Бастапқыда жоспар тамаша еді. Ол әр жан үшін Жердің сұлулығын көруге, тән ләззатын сезінуге мүмкіндік жасаған еді. Өзге әлемде жасаған ерліктері үшін осындай марапат алуы керек болған. Кішігірім демалыс, қуанышты тәжірибе болуы тиіс еді. Сосын Жерді тастап ұшып, өзінің тіршілігін жалғастыруы керек болған.



Д.: Бас жоспар деген осы ма?

Л.: Иә. Жақсы атқарылған жұмыс үшін Жер марапат болуы тиіс еді.


Д.: Бірақ бәрі бүлінді, солай ма?

Л.: Иә. Өте қайғылы болды.

Мен мұндайды бірінші рет естіп тұрғам жоқ. Басқа клиенттермен жасаған регрессия сеанстарында да Жерге өзге әлемнің тіршілік иелері демалыс орны, шипажай ретінде қайрайтынын естігенмін. Бірақ бұл Жерді адам баласы мекендемес бұрын еді. Яғни, жан Жердің материалды қақпанына түспей тұрып солай болған ғой.


Д.: Басқа кімде сұрақ бар?

Л.: Ол су тасқыны қашан басталып, құрлықтар қашан бөлінгенін білгісі кеп тұр. Бұл өзгерістер кенеттен басталды ма, әлде біртіндеп жүрді ме дейді. Кейде өзгерістер тым жылдам жүрді. Бірақ ғаламшардың жылынуы біртіндеп жүрді. Кенеттен су тасқыны басталып кетті. Одан көп дүние жойылды. Бұл тасқынның жетпеген жері жоқ. Ғаламшардағы адамдарды су тасқыны күтпеген жерден, аяқ астынан басты. Сондықтан көбісі өліп кетті. Аз ғана адам тірі қалды. Адамдар қандай қателік жасағанын түсінер деген үміт бар еді. Сол сәттегі тыныштық пен бейбіт өмір үшін разы болар деп ек. Бірақ олар бейбіт өмірден тез жалықты.

Менің есіме бірден су тасқыны туралы аңыздар түсті, олар әр мәдениетте бар ғой. Шамасы ол Жер бетіндегі өте ежелгі әрі примитивті заман болған болу керек. Жердегі жаһандық өзгерістер бірнеше рет қайталанып тұрған сияқты, сондықтан біздің ғаламшардың тарихында су тасқыны қалыпты құбылыс іспетті. Інжілдегі ұлы су тасқыны мен соған ұқсас тағы бірнеше тасқын кейіндеу болған секілді. Ғаламшардың физикалық тарихы үнемі қайталанып тұратын біркелкі оқиғалар тізбегінен тұратын сияқтанады. Солардың кейбірі ежелгі жәдігерлерде көрініс тапса, ал кейбірі адам қолына қалам ұстап, ақпарат жазуды үйренгенге дейін болып кеткендей.


Д.: Тағы да сұрақ бар ма?

Л.: «Неге жерде қалған адамдар құтылып кетерліктей кемел болса, ғаламшардан кетіп қалмады?» Олар кемел ақыл иесі болмады. Олар жердің тұрғыны болды, сондықтан кеткісі келмеді. Олар күнделікті күйбең өмірден тыс не барын білмеді. Сондықтан олар кетіп қалуға болатын таңдаудың барын білді. Бәлкім, кетпегендері де жақсы болған шығар. Сұрақ: «Егер олар Жерден кетсе, басқа әлемдерге жамандықтарын жұқтырар ма еді?» Мұндай мүмкіндік болды, себебі, олар таза емес еді. Егер олар тұрғындары солардың ойына бейім келетін жерге барса, өз ықпалын жүргізіп кетер еді.


Бірақ ондай жерлер аз, бәлкім, ештеңе бола да қоймас па еді? Сұрақ: «Жер бетіне жаңа жарық тіршілік иелерін жіберу шешімі қашан қабылданды?» Көп жылдан кейін. Жерге жаңа кеме жіберілді. Кемеде адамдар көп болды. Бірақ олар Жерде қалу үшін келмеді, жердегі пенделерге нұсқау жасау үшін келген.

Оларға Жер тұрғындарымен тығыз қарым-қатынасқа түсуге рұқсат жоқ еді. Тек пенделерді жарыққа бағыттайтын бірнеше сабақ беруі тиіс еді. Сұрақ...

Д.: Алдымен олардың түр-түсі қандай болғанын айта кетсеңші. Кемеде олар көп болды дедің.

Л.: Бір жағынан олар адамдарға ұқсас еді. Адамдар оларды бөтенсімейтіндей ұқсастық болды. Ұзын бойлы, аяқтары күлкілі.


Д.: Күлкілі аяқтар? Не дегің кеп тұр?

Л.: Олардың аяқ-қолдарында буын жоқ, адамдардағыдай саусақ, башпай болмады. Сонысын жасырып жүрді. Ешкімді шошытып алмас үшін үнемі қолғап, аяқкиім киюге мәжбүр болды. Үлкен, қара көздері бар, мұрынның орнына тесік бар. Ауызды біз сияқты қолданбайтын. Жердегі тілдерде сөйлемейтін. Жердегі тамақты, суды тұтынбады.


Д.: Л сонда олар тірі қалу үшін не ішті, не жеді?

Л.: Олардың өмірлік күштерді сақтау жүйесі адамдардікінен бөлек еді. Олар жарықтың қуат күшін қолданатын. Жарықты тірілтіп, соны белсенді ететін.


Д.: Яғни, олар жарықпен қуаттанды ғой?

Л.: Иә. Жарықсыз қалса, өліп қалатын. Олар жарықты өзімен бірге кемемен алып келетін. Қуаттану үшін аз уақыт арнаулы камераларға кіретін. Бұл тірі қалу үшін керек болды. Сондай көрініс «Жұлдыздар мирасы» кітабында сипатталған – саркофагтағы тіршілік иелері жарық ванналарын қабылдап жатыр делінген. Сол жарық олар үшін қуат көзі болды, олардың айтуынша бұл Қайнар көздің жарығы еді.