Файл: Сабаты таырыбы Кіріспе орыт Байбрі баласы БамсыБайра туралы жырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 60

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақ тақырыбы

«Еңлік-Кебек» дастанына пікір

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Б/С4 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.


Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін анықтап жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығарма бойынша жазылған әдеби сын- пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік ойын дәлелдеп сыни пікір жазады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Берілген тақырып бойынша берілген тіркестермен әр оқушы өз ойын жеткізе алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ұлттық құндылық, ұлттық мақтаныш, шығармада көтерілген мәселе қазақ халқы үшін құнды т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ойымша, ойымды қорыта келе... т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар: Шәкәрімнің  осы  поэма арқылы  айтпақ ойы қандай?

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, дене шынықтыру.

Бағалау критерийі

  • шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

  • Өз көзқарасын білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Материалдық жәнк рухани құндылықтарды өзара салыстырып баға берді.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. «Жүректі тазарту»

Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл-күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл-күймен сабақ басталады.

3. «Динамика», «Статистика» ойыны

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп, «Статистикаларға» «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша сұрақтар қояды.

- Жаттығу қалай өтті? Не білдік? Не үйрендік?

4.Кіріспе сұрақтар қою:

1. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Дастан неліктен трагедиямен аяқталды?

2. Дастан кейіпкерлеріне, авторға қандай сұрақтар қояр едіңдер?Автор шешімімен келісесіңдер ме?

3. Кеңгірбайдың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер?

4. Егер автор орнында болсаңдар, шығарманы қалай аяқтаған болар едіңдер?

5. Шәкәрімнің  осы  поэма арқылы  айтпақ ойы қандай?

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың ортасы



1-тапсырма

Берілген тақырып бойынша сыни хабарлама жазу:

Сыни шолуға ұсынылатын тақырып Оқушы өз қалауы бойынша екі тақырыптың біреуін таңдап жазады:

1. Егер автор орнында болсаңдар, шығарманы қалай аяқтаған болар едіңдер?

2. Шәкәрімнің осы поэма арқылы  айтпақ ойы қандай?

3. Дастанды оқи отырып сендер қандай ой түйдіңдер?
Дескриптор:

  1. Сыни пікір білдіреді.

  2. Пікірге дәлел келтереді.

  3. Пікірді мысалмен дәлелдейді.

  4. Қорытып, қайта ұсынады.

2-тапсырма

Төрт сөйлем» тәсілі

Пікір. «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны бойынша пікірлеріңді бір сөйлеммен білдіріңдер.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.
ҚБ: Бас бармақ
3-тапсырма

«Қабырға газеті» әдісі

1-қадам. Дастандағы бөлімдерді оқып болған соң, оқушылар түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.), жанр таңдап (өлең, құттықтау, әңгіме т.б.), өз әсерлерін, пікірлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, сезімдерін білдіреді, оны кескіндерге жазады;

2-қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;

3-қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.

4-қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған басқа топтардың пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.



Сабақтың соңы



Кері байланыс

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.






Сабақ тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж1 – өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтап, мазмұнына талдау жасау

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлең жанрына байланысты сюжеттік желілеріне, эпилог, прологтарға талдау жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Өлең жанрына байланысты сюжеттік желілеріне, эпилог, прологтарға талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: өлең тілін түсінеді, мазмұнын біледі, тақырыбы мен жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік.

Бір білімді данышпан жан табалық.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, география.

Бағалау критерийі

  • Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы дұрыс анықтайды.

  • Өлең жанрына байланысты сюжеттік желілеріне,тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары.

Алдыңғы білім

шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазды.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, қағаз беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы жеткізеді.
3. «Бір үй, бір жанұя» ойыны арқылы топқа бөлу

«Сөзді тап» тәсілі.

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (жастар, болашақ, өнер, білім, ақыл ). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.

Кіріспе сұрақтар:

Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?




Сабақтың ортасы




4. Автор туралы мәліметпен жұмыс.

«Пікір алмасу» тәсілі. Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.

Кері байланыс: Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?

5.«Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқу

Әр топтан бір оқушы немесе топтар тізбектеп оқиды.

6. Жеке жұмыс

Өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай?

Өлеңнің тақырыбы

Идеясы берілген жолдар

Менің көзқарасым











Дескриптор:

өлеңнің тақырыбын анықтайды; идеясы жазылған жолдарды табады; өз көзқарасын білдіреді.

7. «Дойбы» әдісі

Оқушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Екі оқушы дойбы тақтасындағы тастарды сұрақтарға жауап бере отырып жылжытады. Үшінші оқушы олардың жауаптарын жетістік критерийі бойынша бағалап, тексеріп отырады.

1. Өлеңнің идеясы мен мазмұны.

2. Өлеңдегі айқындайтын тіркестер .

3. «Жастарға» өлеңінде ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болыңдар дейді?

4. Өлең соңында ақын қандай байламға келді?

5. Автор Жастарды қалай сипаттаған?

6. Өлеңнен ерекше әсер еткен жолдар.

Қалыптастырушы бағалау


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы






Егер тапсырманы толық түсінсеңіз, желкенді жасыл түспен бояңыз. Егер сұрағыңыз болса, сары түспен бояңыз. Егер мүлдем түсінбесеңіз, қызыл түспен бояңыз.



1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




Сабақ тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіне өзіндік көзқарас

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж4 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жұбына және сынып алдында мәнерлеп жатқа оқып береді, үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеуде орынды қолданады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Әр түрлі тапсырмаларды орындауда көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: құнды пікірлер жазады, құндылығын түсінеді, ақын шығармаларын бойына сіңіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ақыл, білім, болашақ, жастар.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Тапсырма қалай орындалды?

  2. Жаттау кезінде қандай қиындықтар кездесті?

  3. Өмірге қандай пайдасы бар?

  4. Қандай құнды пікірлер алдың?

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, география.

Бағалау критерийі

  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

  • Жаттаған үзіндіні жұбына, сынып алдында мәнерлеп оқып береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Алдыңғы білім

Шәкәрәм Құдайбердіұлы «Жастарға»


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.
3.«Өрмекші торы» әдісі

Үй тапсырмасына қатысты бір-біріне сұрақтар қояды.

4. Топқа бөлу

Топқа 1-4-ке дейін санау арқылы бөлінеді.




Сабақтың ортасы



5. Жеке жұмыс

«Жастарға» өлеңінің шумақтарын санату. 13 оқушы бір топта қалған 13 оқушы бір топта жұмыс жасайды. Өлеңді ұсыну үшін сыныптағы әрбір оқушы өлеңнің бір шумағын жаттайды.

Жеке жұмысты топ болып қорғау

Топ болып тақтаға 13 оқушы шығады. Өлеңдегі көңіл күйге немесе оның тақырыбына сәйкес келетін музыка таңдайды. Сынып алдында мәнерлеп оқиды.
ҚБ: Шапалақ
6. Шығарманың идеясын анықтаңдар. Анықтаған идеяларыңды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңдер.

1. «Менің ойымша, шығармадағы басты идея...

2. Мен оны былай түсіндіремін...

3. Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...

4. Мен мынадай қорытындыға келдім...

Дескриптор:

  • шығармадан әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтайды, оны үзінділермен дәлелдейді.

  • бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды.

  • екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді.

  • үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты дәлел келтіреді.

  • төртінші сөйлемде идеяға қатысты өзіндік тұжырым жасайды.

7. Өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай?


Өлеңнің тақырыбы

Идеясы берілген жолдар

Менің көзқарасым











Дескриптор:

- өлеңнің тақырыбын анықтайды;

- идеясы жазылған жолдарды табады;

- өз көзқарасын білдіреді.



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы




«Бағдаршам» тәсілі

Қызыл – тапсырманы орындау кезінде не кедергі болды?

Сарықай тапсырма көңіліңізден шықты? Неге?

Жасылтапсырмаларды орындауға не көмектесті





Сабақ тақырыбы

Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіндегі кейіпкерлер әлемі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.А/И2 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Өлеңдегі автордың ойын білдіретін жолдарды табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Поэзиялық шығармалардың тілін түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жастар, ақыл, ғалым.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Өлең неліктен «Жастарға» деп аталған?», «Өлеңнің идеясы не?», «Өлеңдегі астарлы ойлар нені меңзейді?»

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

  • Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды..

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіндегі үзінділермен жұмыс


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақы

ты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Конверттегі сұрақ» тәсілі

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер?

3. «Жастарға» өлеңінде ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болыңдар дейді?

4. Өлең соңында ақын қандай байламға келді?

5. Өлеңнің идеясы не?



Сабақтың ортасы



8 минут

15 минут

4.Топтық жұмыс

«Балық қаңқасы» тәсілі арқылы үш топ берілген тақырып бойынша автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғайды.

1-топ: Автор – оптимист.

2-топ: Автор – реалист.

3-топ: Автор – патриот (елжанды).



Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. Шапалақ

5. Жеке жұмыс

1-тапсырма. «Екі түрлі күнделік»


Өлеңнен үзінділер

Өзімнің пікірім








Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңдар.
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік.

Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шын ғалым,

Күнде күйлей бермелік бозбалалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық.

Дескриптор:

  • өлеңнен автордың көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;

  • автордың көзқарасын өз пікірімен түсіндіреді;

үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, сөз тіркестері арқылы жеткізеді.

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы






Егер тапсырманы толық түсінсеңіз, желкенді жасыл түспен бояңыз. Егер сұрағыңыз болса, сары түспен бояңыз. Егер мүлдем түсінбесеңіз, қызыл түспен бояңыз.



1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




Сабақ тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін өңдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.А/И4 - шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақтың

Мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, дәлелді креативті жазады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жастар, ақыл, білім.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уа-қыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Құпия сыйлық»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне ым-ишарамен құпия сыйлық сыйлайды. Оны көршісі табады.

  • Жаттығу ұнады ма? Неліктен?

4. Доп лақтыру»

«Доп лақтыру» сұрақ-жауап жүргізу әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен Шәкәрімнің Жастарға өлеңін білемін.» деп допты қарсы жақтағы оқушыға лақтырады. Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады. Сыныптың барлық мүшелерін қамтиды, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.




Сабақтың ортасы



5. Жұптық жұмыс
«Ақын неліктен:

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

дейді?..»

Оқушылар «Жастарға»өлеңінде баяндалған оқиғаны сипаттап, өлеңнің оқиға желісіне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіріп жазады.

Кемшілігі мен артықшылығын жұпта бағалайды. Жұмысты жақсарту туралы ұсыныстарын айтады. Ең жақсы жұмыс сынып алдында оқылады.
Дескриптор:

  1. Өз көзқарасын білдіріп жазады.

  2. Өлеңдегі оқиғаны сипаттайды.



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы








6.«Пирамидалық талқылау» әдісі
Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.

ҚБ. Бас бармақ

«Автор орындығы»

Егер мен автор орнында болсам...




Сабақтың соңы


«ҚҚҚ» кестесі. Бүгінгі сабақтағы...


Қызық

Қиындық

Құндылық