ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.

Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.

Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:

·     векторлық графика;

·     анимацияларды қолдау;

·     интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;

·     әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);

·     Flash фильмдерді HTML форматына қосу;

·     Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;

·     әртүрлі визуалды саймандардың болуы.

Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, (шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF–да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.

Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында SWF форматы тор әрлеушілерінің ризашылығына ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа Internet Explorer және Netscape Communicator тор броузерлеріне арналған компоненттері (Plug-In) жасалды. Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан әрі атышулы болуына септігін тигізді. Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті қолдайтын компонентті өз өнімдерінің ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл бастаманы бағдарламалармен қамтамасыз ететін тағы да басқа өндірістер қолдап әкетті (мысалға, Adobe фирмасы).

2.Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілі

Ұжымдық оқыту

Әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызатын әдіс болып табылады. Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен әдіскер-мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған.


Ұжымдық оқытудың басты белгілері

әр баланың қабілетін, дарынын дамыту;

ұжымдағы әрбір мүшені оқыту;

оқушылардың ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы;

тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершіліктің артуына көмектеседі.

Ұжымдық оқыту әдісі 4 түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі

Вариациялық жұп (ерекше жұп)

Өзгеріп, ауысып отыратын жұп

Тұрақты жұп

Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі

Вариациялық жұп (ерекше жұп)

Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де, бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді.

Өзгеріп, ауысып отыратын жұп

Бір тапсырманы 4 бала 4 бөлімге бөліп алып орындайды. әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын 3 рет қайталап айтады. Әр баланың түсіндіруі 3 түрлі деңгейде болуы мүмкін.

Тұрақты жұп

Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім қызметінде іс - әрекет жасайды.


Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары

І кезең. Дайындық кезеңі.

Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.

ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі.

Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды, ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды.

ІІІ кезең

Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптарды сараптайды, саралайды.

ІV кезең

Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі.

V кезең

Оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында бақылау жұмысы жүргізіледі.

Топтық жұмыс - оқушылар берілген тапсырмаларды топ болып орындайды.

Басты тиімділігі:

пікір алмасуға, ортаға салуға, қорытынды жасауға қатыса алады;

зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.

Топтық оқыту әдістері

«Жалғастыр» ойыны

топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады.

«Миға шабуыл» әдісі идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент , жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді.

«Қазына іздеу» «Қазына іздеу»

мұғалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді

«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)

топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді

Мозаикалық топтар Мозаикалық топтар

мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі.

3.Рөлдік ойын жоспарын ұсыныңыз.

Билайн орталығында (сюжетті - рөлдік ойын)

мақсаты: Балаларға рөлдерді өз беттерімен бөлуді және өзіне бөлінген рөл бойынша әрекет етуді үйрету. Ойын барысында әлеуметтік болмысты көрсету, қоғамдық орындардағы мінез құлық ережелерін, қызметтестер арасындағы этиканы бекіту, сөйлеу этикетінің дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысқа кірісуге және сол жұмыс барысында өзіне ұнайтын жағдайларды табуға үйрету, тапсырманың орындалуының сапасын бағалауға үйрету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.

Атрибуттар: Ұялы телефондар, компьютерлер, бланкілер, қызметкерлерге арналған бейдждер, терминал


Сабақтың барысы:

Психологиялық тренинг

- Балалар, бізде бүгін ерекше күн, қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып келген қонақтармен сәлемдесіп алайық!

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге.

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, қанекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.

- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

(Телефон шырылдайды)

- Балалар, ненің даусы шығып жатыр?

- Телефон.

- Қандай телефонның даусы ұялы телефон ба, әлде үй телефоны ма?

- Ұялы телефон.

- Телефон адамға қажет пе?

- Ия, өте қажет.

- Не үшін қажет?

- Хабар алуға, хабар беруге, қал жағдай сұрау үшін қажет.

- Өте жақсы, балалар!

Мынау ұялы телефон. Мынау телефонның экраны, мынау пернетақта, бұнда сандар мен әріптер жазылған, мынау суретке түсіретін камерасы, телефонның артын ашсақ батарейкасы бар, оны қуат көзі таусылғанда тоққа тығып қуат көзін толтырып аламыз, мынау ұялы байланыс картасы. Ұялы байланыс картасының бірнеше түрлері бар. Олар билайн, актив, kcell, dalacom т. б түрлері өте көп.

Билайн ұялы байланысы өте ыңғайлы, тиімді байланыс. Билайн байланыстарын сататын жерді «Билайн орталығы» деп атаймыз. Онда әртүрлі телефондар, нөмірлер, телефон салғыштар да сатады.

- Балалар, «Билайн орталығына» барғыларың келе ме?

- Ия

- Ендеше «Билайн орталығында» сюжеттік - рөлді ойынын ойнап жіберейік.

Абонент: Сәлеметсіз бе?!

Менеджер: Сәлеметсіз бе?! Билайн орталығына қош келдіңіздер! Қандай көмек керек?

А: Мен телефон сатып алайын деп едім.

М: Қандай телефон керек?

А: Нокио телефоны керек еді, қандай түрлері бар?

М: Қараңыз әртүрлі түрлері бар.

А: Мына телефон қанша теңге тұрады?

М: Он мың теңге.

А: Жақсы, маған мына телефонды беріңізші.

М: (Телефонды береді) Мынау телефонның паспорты.

А: Телефон салғыштар бар ма?

М: Бар, қараңыз, әртүрлі түрлері бар.

А: Қанша теңге тұрады?

М: Бес жүз теңге

А: Маған беріңізші, мынау ақшасы, санап алыңыз.

М: Жақсы, дұрыс, мынау сізге сыйлық «Билайн орталығынан» брелок.

А: Рахмет, енді маған нөмір керек.

М: Екінші үстелге барыңыз

А: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!

М: Сізге де рахмет, игілігіңізге қолданыңыз!

А: Сәлеметсіз бе?!

М: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?

А: Маған нөмір керек еді телефоныма

М: Жақсы, міне қарап таңдаңыз.

А: Мына нөмірді алам

М: Жақсы, нөміріңізді тіркеп алайын, куәлігіңізді беріңіз

(Куәлік береді)

Нөмір екі жүз теңге тұрады, ішінде екі жүз бірлігі бар.


А: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!

М: Сау болыңыз, келіп тұрыңыз!

А: Сәлеметсіз бе?!

Т. қ: Сәлеметсіз бе?!

Т. қ. Нөміріңізді тересіз, қанша бірлік салайын деп тұрсыз?

А: Бес жүз

Т. қ: Бес жүз санын тересіз, ақшаңызды мынаған салыңыз

Енді тексеріп алыңыз, нөміріңіз дұрыс па?

А: дұрыс

Т. қ: Салынды чегіңізді алыңыз.

А: Көп - көп рахмет, сау болыңыз

Т. қ: Сізге де рахмет! Сау болыңыз, келіп тұрыңыз, біз әрқашанда көмек беруге дайынбыз!

Шеберхана

Жөндетуші: Сәлеметсіз бе?!

Жөндеуші: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?

Жөндетуші: Менің телефоным бұзылып қалып еді, жөндеп бересіз бе?

Жөндеуші: Кәне, бірінші тексеріп жіберейін. Күте тұрыңыз, жөндеп берейін.

Жөндетуші: Жақсы, күте тұрайын.

Жөндеуші: Міне, телефоныңызды жөндеп болдым.

Жөндетуші: Рахмет, қызметіңіз қанша?

Жөндеуші: Мың теңге

Жөндетуші: Алыңыз, рахмет

Жөндеуші: Сізге де рахмет, сау болыңыз!

15 билет

1.Электронды оқулықтарды құру мен өңдеудің онлайн платформалары.

Электрондық оқулықты жасағанда мультимедиалық технолгияларды қолдануы, интелектуалды жағынан көп уақыт және қаражат алатынын және жасауы қиынға түсетінін оқу орындарының басқарушылары білуі керек.

Электронды оқулықты бір ғана адам жасауы мүмкін емес, сондықтан оған арнайы топ құрылып, идеологиялық және методикалық негізде жасайды.  Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның
құрылымын   анықтау  дәстүрлі   оқыту  материалының  мейлінше   нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мұқият зерттеп, айқындауға саяды. Мұны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.

Оқушының іс-әрекеттік ерекшелігі – оның құрылымы, кәсіби және танымдылық бағыттылығы бар біртұтас құрылым болып табылады. Болашақ маманның бірыңғай іс-әрекеттік құрылымын ескере отырып, олардың ақпараттық-логикалық модельдеу іскерлігін  қалыптастыру қазіргі кезде мамандар даярлауға қойылатын талаптардың күшеюімен, олардың кәсіби деңгейінің ақпараттық-компьютерлік, жалпы информатикалық дайындық деңгейіне тәуелділігімен, оның ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделуімен, білім, іскерлік және дағды деңгейімен, оқыту мазмұны мен әдістемелік шарттармен және т.б. факторлармен сипатталады.

Электронды оқулықты құру барысында қолданылатын концепциялардың бірі – инфологиялық матрица концепциясы бойынша: автор өзінің дайындауға алған электронды оқулық құрылымын тиянақты, көзінің методикалық көз қарасы және ойына сәйкес жасау жолдарын матрица түрін келтірсек болады.