ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Электронды оқулық құрылымын жақсы құруға, материал мазмұнының жоғары деңгейде жасауына қарай оқуға бейімдеп, әрбір білім алушы өз тұрғысынан қажетті материалды таңдауына аса көмегі тиеді. Мұндай оқулықтар әртүрлі дизайнда жасалады.

BilimLand, Daryn.Online, Opiq және өзге онлайн оқу платформалары

бар.

2. Дамыта оқыту технологиясы, ерекшеліктері (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов).

Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)

Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).

Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.

Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

•  оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

•  теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

•  оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;

•  оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.


Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді.

Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың жетекші нысаны — сабақ.

Л.В.Занков Оқытуды ұйымдастырдық маңызды нысаны - экскурсия.

Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім "озат", кім "үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.

16-билет.

1 Білім берудегі Е-портфолио технологиясы

Орта мектепте информатика және АКТ сабақтарында жобалық оқытуды қолдану кезінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру құралы ретінде жоба әдісін және ақпараттық-коммуникациялық технология және оқушылардың жұмысын бағалаудың инновациялық жүйесі ретінде е-портфолионы біріктіру қажет.

Анықтамасында Хелен Баррет " е-портфолио-бұл студенттің дамудағы күш-жігерін бейнелейтін жұмыс жиынтығы; белгілі бір уақыт аралығында Студенттің бір немесе бірнеше саладағы жетістіктерін көрсетеді. Электрондық портфолио әр түрлі медиа форматтары (аудио, видео, графика, мәтін) арқылы артефактілерді жинауға және ұйымдастыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды қолданады. Кез-келген стандарттар негізінде құрылған Портфолио тапсырмаларды, артефактілерді және портфолио авторының білім беру стандартымен байланысын көрсетуге арналған гиперсілтемелермен бірге жүреді. Рефлексивті материалдар тапсырмаларға немесе стандартқа қол жеткізудің дәлелі болып саналады"

15 шетелдік білім беруде портфолио біртұтас білім беру стратегиясының бөлігі болып табылады. Портфолио оқушыға Тәуелсіздік пен оқу бастамасына толық мүмкіндік береді. Студент портфолионы дербес қалыптастырады, белгілі бір материалдарды таңдайды, өз нәтижелерін дербес бағалайды, сарапшылармен дербес байланысқа түседі, кейде оларды өзі таңдайды. Портфолиода оның өзіндік жұмыстары, жобалары, тәжірибелері, зерттеулері үлкен салмаққа ие. Жеке оқу бастамасы, қосымша оқытудың барлық түрлері, курстар, тренингтер, еңбек тәжірибесі жоғары бағаланады. Портфолиода оқушы өзін өзінің мүмкіндіктерінің, жетістіктерінің, білім беру және мансаптық жоспарларының барлық бірегейлігімен таныстырады.

5 онда ұсынылған материалдардың сипаты мен құрылымы бойынша портфолио түрлері 1. Құжаттар портфолиосы немесе "жұмыс" портфолиосы 2. Процесс портфолиосы 3. Көрме портфолиосы 4. Даму портфолиосы 5. Оқу жоспарлауға арналған Портфолио 6. Дайындық портфолиосы (proficiency) 7. Жұмысқа орналастыру портфолиосы 8. ЖОО-ға түсуге арналған Портфолио


Портфолио оқушыға Тәуелсіздік пен оқу бастамасына толық мүмкіндік береді. Студент портфолионы дербес қалыптастырады, белгілі бір материалдарды таңдайды, өз нәтижелерін дербес бағалайды, сарапшылармен дербес байланысқа түседі, кейде оларды өзі таңдайды. Портфолиода оның өзіндік жұмыстары, жобалары, тәжірибелері, зерттеулері үлкен салмаққа ие. Жеке оқу бастамасы, қосымша оқытудың барлық түрлері, курстар, тренингтер, еңбек тәжірибесі жоғары бағаланады. Портфолиода оқушы өзін өзінің мүмкіндіктерінің, жетістіктерінің, білім беру және мансаптық жоспарларының барлық бірегейлігімен таныстырады.

1716 Портфолио сонымен қатар тағы бір өзекті білім беру идеясымен өмір бойы оқыту идеясымен, қысқаша айтқанда "өмір бойы оқыту" (longlife education). Портфолио оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінің сабақтастығын және оның қатысушылары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені портфолионың әртүрлі нұсқалары мектеп кезеңдері, мектеп пен университет, оқу орындары мен кәсіби қауымдастықтар арасындағы байланыс қызметін атқарады. Портфолио студенттің және жас маманның білім беру және мансаптық траекториясын жоспарлауға, бақылауға және түзетуге көмектеседі.

Оқушылардың портфолиомен жұмысы үйлесімді жұмыс істейтін мамандар топтарымен, сондай-ақ мұқият әзірленген оқыту бағдарламалары мен әдістемелік құралдармен ұйымдастырылады және сүйемелденеді. "Сүйемелдеу тобына" әдетте жеке мұғалім, тәлімгер (үйлестіруші), мансап жөніндегі кеңесші, қарапайым мұғалімдерді, жаттықтырушыларды, ата - аналарды, сарапшы мамандарды және қоғам өкілдерін есептемегенде кіреді. Бірлескен жұмыс барысында оқушылар мен олардың ересек көмекшілерінде ынтымақтастық пен серіктестіктің ерекше қатынастары орнатылады, олар сөзсіз педагогикалық құндылықты білдіреді. Мұғалімдердің бұл қолдауы мен қызығушылығы оқушыға тәуелсіздікті біртіндеп дамытуға және портфолиомен жұмыс жасауда да, жалпы оқу жағдайында да бақылау мен жауапкершілікті алуға мүмкіндік береді.

2.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының тиімділігі

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет - ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы былайша айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер мен тәсілдер.


Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

• шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

• үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқалады.

Бұл стратегияларды қолданудағы менің міндетім – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

1 - кезең - Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі болып табылады. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған. Жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.


Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнің мақсаты:

- жаңа ақпаратпен танысу;

- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп, топ түрінде жүргізіледі. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жиі қолданамын.

Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат»?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.

Іс әрекет:

1 - қадам. Түртіп алудың түсініктемесін тақтаға жазған дұрыс. Сонан соң оқуға уақыт беру керек.

2 - қадам. Оқып болған соң, түртіп алу кестесін толтырады - тақтаға сызу керек, дәптерлеріне сызып алу үшін уақыт беру керек. Алдыңғы қойған белгілеріне сәйкес, кестені өз беттерімен толтырады.

3 - қадам. Кестелерін жұпта талқылайды.

4 - қадам. Кестені топтарында талқылайды. Сыныптың жалпы кестесіне не енгізу керектігін таңдайды.

5 - қадам. Сыныптың жалпы кестесін тақтаға толтырады. Мәтіннің барлық даулы жақтарын анықтайды, сондай – ақ сұрақтарға жауап іздейді. Не сәйкес келеді, егер сәйкес келмесе неге? Алғашқы жазған тізімдерімен салыстырады. Кестедегі сияқты тізімдегі айқындалмаған пікірталастар мен қалған сұрақтар - әрі қарай іздену үшін қалады - жұмыстың әртүрлі нысандарын анықтауға болады.

Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

«Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интерактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.