Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 122

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Әйтеке би» романындағы диалог, монологтің берілуі. М.Есләмғалиев өмірінің соңғы жылдарын халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, Қазақ елінің нығаюына өлшеусіз үлес қосқан айтулы мемлекет қайраткері, ұлы дала философы Әйтеке бидің өмірін арқау еткен тарихи романын жазуға сарп етті. Тарихтың сонау қысталаң кезеңдерінде халқымыздың бақытына орй, ұлтымыздың саяси сахнасының төрінен табылған ардақтыларымыз, бұл күндері қазақ данышпандығының символдарына айналған Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің арттарында қалған рухани мұралары мен сол кісілердің тікелей өздеріне немесе олар өмір сүрген заманға қатысты тарихи құжаттарды ерінбей-жалықпай жинап, заман тақырыбына қалам сілтеп келген тәжірибелі жазушының елуге тақаған жасында күрт жүз сексен градусқа бұрылып, ақ бас тарихтың сабақтарынаназар ауып, өліп-өшуінің сыры неде? Батыр, би болған бабалары нелерімен ынтықтырып, қай қасиеттерімен өздеріне біржолата тәнті етті? Осындай қабат-қабат сұрақтар көп-ақ. Бұның нақты жауабын,не шара, жазушы өзімен бірге мәңгіге ала кетті.

Диалогтар көптеп кездеседі. Мысалы: «- Апыр-ай! – деді Әйтеке біртүрлі назаланған, қапаланған үнмен ақтағырдың есігін жыпырлай жымыңдаған жұлдыздарға шыншыла қарап. – сен бүйтпесең Үркін болармысың. Үркін болған соң да осылай сөйлемегенде қайтушы ең... үркін-ау, ол-хан, мен-қарашы емеспін бе, түптеп келгенде. Сөйте тұра, сөзім сүйегін үгіп, жүрегін тілгілегенде, хан екенмін демеді, ашуға жеңдіріп найзасын ала ұмтылмады.Жалпақ жасағы алдында жер бола тұра сөзге тоқтады. Өйткені, сөзбен сынасуға шақырған өзі екенін қаперленді. Өзіңе қару безенбегенді өлтіре салу – тексіз бен қарақшының қылығы. Сөзге тоқтағанда қару ала ұмтылмасам менің кім болғаным. Менің сол жерде қару көтергенім – қазақ деген халқыма, оның беделіне қарсы қару көтергенім боп шықпай ма айналып келгенде. Одан кейінгі менің сөзіме жау түгіл қазақ та сенбес еді. Одан кейінгі менің билігіме жат түгіл жақыным да ұйымас еді!

-Сенің мұның – бейбіт күндегі айтар дәлел. Ал, ол – жау. Біх – ғазауат соғыста кіндік қанымыз тамған атақонысымызды қорғаушымыз. Сондықтан біздің қандай да болмасын ісіміз Құдай алдында ғаділет.

-Болды, Үркін! Болды! – деді бидің әр сөзі сабырлы айтылғанмен, зіл батпан салмақты естіліп. – Көңіліне келсе де, айтпауыма қоймадың ғой. Ақылды жау сені көкке көтерер, ақымақ дос сені көрге итерер, ақылды қасыңнан қорықпа, ақымақ досыңнан қорық дейді бағзыдағылар. Ақымақ демеймін, назарың қайтар, жаудан әрісің демейін, базарың қайтар. Сен қузама. Мен болдым! Серігінің жасамыстауы мұсылманның қай бұтағы екенін өзі де шамалай алмайды. Өйткені, есін білгенде кәуір көпесінің малайы екен. Ныспы- Иуан»
[5, 168].

«Екіншісі, арғы түбінің түрік екенін ғана біледі. Сосын ұмытпағанны-атының Ығдын екендігі. Бес-алты жастың шамасында әке-шешесі өліп, басқа бір жақтағы жақын-жуықтарына бармақ боп ел кезіп жүріп, кәуір дүбәрәнің қолына түсіпті. Кәуір қойған ныспы-Қарамай. Мұның дүбәрәндағы тұрмысы Иуанға қарағанда алхам шүкірлеу. Тамағы тоқ, киімі бүтін» [5, 168].

Жазушы тарихи тақырыпқа қалам тартқан себепті, сөз тіркестерін құбылта отырып, жеке сөздерді белгілі бір әсер туғызатын стильдік жүгі бар сөздерге айналдырып, сөздердің көркемдік-эстетикалық өрісін кеңейту сияқты көркейту амалдарын шебер қолдана білетіні байқалды. М.Есләмғалиев – қазақ қаламгерлері ішінде күрделі тарихи тақырыпқа барған сирек жазушылардың бірі. М.Есләмғалиев шығармашылығында лингвокультуремалар, диалектизмдер, әсіресе, архаизмдер молынан қолданылады. Сондықтан архаизмдердің лексика-семантикалық топтарының қолданылуының басты ерекшеліктері көрсетілді. диалект сөздердің қолданылуындағы өзгешеліктерді нақтыланып, ерекшеліктері ашылды. Орыс тілінен енген лексика мысалдар арқылы сипатталады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер мен автордың өз қолданысы болатын жаңа сөздердің қолданылуы көрсетілді. Теңеулердің қолданылу ерекшеліктері көрсетілді. М.Есләмғалиев прозасының тіліне талдау жасау келе, мынадай қорытындылар жасауға болар еді:

Жазушының шығармалар тілінің лексикасын қарастырдық. Шығармаларында кездесетін қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты сөздер, жаугершілік әскери мәндегі, діни-наным сенімдерге байланысты сөздердің көбірек қолданылғанын байқадық.

М.Есләмғалиев шығармаларында фразеологизмдердің дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де мол және үйлесімді пайдалана білетінін аңғардық. Автордың пайдаланған фразеологизмдерінің бейнелік құрылымы да әр түрлі, олардың арасында тұрақты эпитет, тұрақты теңеулер, тұрақты литоталардың өз орнвмен қолданылғанын байқадық.

М.Есләмғалиев прзалық шығармаларында грамматикалық тұлғалар мен категориялардың қазіргі әдеби тіл нормасы тұлғасынан салыстырып «ерекшелік» принципі бойынша қарастырылды. Жазушы сөйлемге шақтық және модальды мағына үстеу үшін кейбір нормаларды, оның ішінде қазіргі кезде сирек қолданылатын көне форманттарды пайдаланғанына көзіміз жетті. Мысалы, солардың бірі: -ды, -ді, -тұғын форманттары.



М.Есләмғалиев шығармаларындағы грамматикалық мағына тудыратын ең өнімді синтетикалық тәсіл – редубликацтя (қосарлану) тәсілін молынан табуға болатынын көрдік.

Жалпы жазушы шеберліні стилі тұрғысынан кеңінен зерттелгенін айтамыз. Демек, М.Есләмғалиев – әңгімелер стилін, проза стилін жасауда, қалыптастыруда орны ерекше, классик қаламгер; М.Есләмғалиевтің әңгімелеріндегі сөздердің әсер өрісі, сөз құбылту амалдары – жаңа үрдіс басы, автордық баяндау мен кейіпкер тілінің ара-жігін сақтай отырып, олардың арасындағы байланысты шеберлікпен ұштастыра білген сөз қолданудың өнегесі; М.Есләмғалиев әңгімелеріндегі сөйлеу тілді құрылымдардың берулі жолдары, диалог түрлері, диалогтың стильдік қырлары – әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрдің бастамасы; М.Есләмғалиев қазақ әдебиетінің жаңа ұғым, жаңа сөз тың тіркестермен байытты; М.Есләмғалиев әңгімелерінің тілі – қазақ көркем прозасындағы сарқылмас қазына деп есептейміз.
2. Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы шешендікке қатысты сөздер қолданысы

2.1. Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы көркем сөз әсерлілігін арттырар шешендік құралдардың қолданысы

Баяндаудағы ой ұшығын үйлестіргеннен кейін, лекцияның композициясын қабылдап, кең көлемді тезистік жоспарын құрастырғаннан соң, сөйленер сөзіміздің логикалығы мен айғақтылығы қалыпты болуы үшін, біз сендіру амалдары мен айғақтама нұсқаларын таңдауымыз керек. Ал бұл орайда шешен – лектор профессиограммасының келесі блогын қарастыруға көше отырып, тілдің мәнерлегіш құралдарын електен өткізу орынды.

Егер де шешендік сөз тыңдаушылардың елестетуін оятып, олардың сезіміне әсер етпесе, осынысымен олардың ілгергі тәртәп қалпын анықтамаса, онда бұндай сөз өнерге баланбайды. Алуан болжау, сілтеме, айғақтармен ақыл – ойға, ұғым – түсінікке әсер ету – бұл ғылыми баяндаудың не ғылымның міндеті. Бұл арада логика басым мәнге ие. Мәнерлегіш құралдардың міндеті – эмоциональды фон құру, айтылған іргелі ойларға қатыстылық сезімін ояту. Бұл жағдайда басым мәнгеөнер ие болады, яғни ұсынылған идеяларлың безендірілу техникасы, сөздің, идеялық ұшқынның өзегі болар мазмұнның сыртқы қабатының өзіндік орны бар.

Мәнерлілік – сөз сөйлеу стилінің сендіргіш сапасы, идеялардың көркем бояуы, ерекше елеңдетер эмоциональды толғаныс пен эстетикалық ләззат атмосферасын туындата келе, тыңдаушылар назарын аударту құралы.


Егер де шешен – лектор бейнелі де жарқын сөйлесе, онда ол тыңдаушыларының көз алдына белгілі жанды бейнелерді елестетуді меже тұтқаны. Ал қызулана әрі беріле сөйлесе, онда ол сезімге бірден – бір әсер ету бағытын ұсынады. Сөзсіз, мұндай жағдайдағы шешен сөзі көркем де мәнерлі қалыпқа көшеді. Нәтижеде сөйленген сөз шешендік өнер биігіне көтеріледі.

Лингвисттердің пікірінше, сөйлеу мәнерлілігінде қолданылар «бейнелі» де «жарқын» құралдар жеке дара күйінде ғана маңызды емес. Ол бар болғаны логикалық фоны ғана. Лекциядағы мәнерлегіш құралдардың маңыздылығы оның байланыстылығында, арақатынасында, яғни олардың қаншалықты мағынаны ұштай түсуге сәтімен әсер ететіндігінде, шешен ойын мәнерлегіш құралдар шектен тыс қолданылса, онда шешендік сөздің орнына қызылсөзділік пайда болмақ. Иррациональды – сезімділікке берілушілік лекцияда басым мәнге ие болуы тиіс рациональды – логикалықты көлеңкелеп тастайды. Мәнерліліктің тапшылығы сөйленген сөздің тартымсыздығын туғызады, тыңдаушыларды жалықтырады. Айтылған идеялар мен логикалық, ғылыми пайымдаулар санада бекітілмейді. Сөйленген сөз өнерге сорпасы да қосылмастай өте шығады. Мәнерлеу құралдарының эстетикалық рөлі осындай.

А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, З.Қабдолов, Н.Н. Кохтаев, Д.Э.Розенталь, В.Н.Головин еңбектері мен «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» / А., Ана тілі, 1998/ тілдік барша мәнерлеу құралдары туралы мәліметтер молынан ұсынылған. Біз өз тарапымыздан ең күшті де әсерлі және шешендердің бәріне ұнамды сөз сөйлеу мәнерлілігінің стилистикалық фигураларына ған тоқталмақпыз.

Стилистикалық фигура – айтылған ойға тікелей байланысты сөздердің тіркес құрамында үйлесімді қалыпта орналасуы. Мәселен, «биологиялық компьютер» адамның миы мағынасын аңғартса, ал «биологиялық компьютері» тіркесі жасанды екені мәлім. Байқап отырғанымыздай, сөз тіркестері арқылы берілер мағыналар алуан түрлі.

Егер де сөздердің орнын ауыстыру тіркес мағынасын өзгертсе, онда мұндай жағдай классикалық риторикада ойдың фигуралары деп аталады. Ал егер де сөз алмастыру мағынаны өзгертпесе, онда үйлесімділіктің мұндай нұсқалары сөз фигуралары болып есептелінеді. Алғашқылары ойды анықтау, екшей түсуге қызмет етсе, кейінгісі бейнелеудің формасын, яғни түрлендіріп айтылған ойды безендіреді.

Мәнерлеудің шешендік құралдары арсеналының құрамындағы стилистикалық фигуралардың атаулары ежелгі классикалық риторикада қалыптастырылған. Солардың ішінен бүгінгі таңда белсенді қолданыстағы түрлерін саралап көрелік.


Риторикалық сұрау – бұл сұрақ күйіндегі фразаға жинақталған межелі ұсынылар түйін. Бұл іспеттес сауалға шешен жауап күтпейді. Оларға мұның жауабы айқын әрі түсінікті. Бұл сияқты сауал әсерінен адамда рефлексия пайда болады, яғни өзге біреу тарапынан логикалық ой жүгірті, ой көрінісінің реконструкциясы танылады. Ішінен ол: «Мен де осы пікірдемін», «Иә, бұл солай», «Бұл маған жақсы белгілі», «Бұндай жағдаймен қалай келіспессің?» сияқты қалыптарда ойлайды.

Риторикалық сұрау – шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі. Риторикалық сұраулы құррылым – ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі – ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.[1,285].

Риторикалық сұраулар қазірде де, бұрынғы шешендік сөздерде де айрықша орын алған. Мәселен, қазаға көңіл білдіруде айтылатын шешендік сөздердің бірінде: «Өлім – асусыз тау, - кімнің бауыры сау? Пұлсыз берді, құнсыз алды, - оған не дау? Бізге аяулы, алушыға да қалаулы» [2,77].

Психологтардың пікірінше, сқрақтың пайда болуы – жұмыс басталуының және түсініктің туындауының алғашқы белгісі. Сауал тастау – бұл қашанда пікір, реакция тудыруға, әңгімеге, пікір айтуға, диалогқа мәжбүр ете отырып, адам ақыл – ойын қозғалысқа түсіру. Ал бұл пассивті күйдегі емес, керісінше, белсенді ойлау деген сөз.

Ендеше, риторикалық сауалдардың мақсаты – ойлауды белсендіру, еркін түрдегі келісім мен қолдауды туындату, қажетті пікірді стимулдау.

Демек, риторикалық сауалдардың тыңдаушылар ойлауын бір арнағ жинақтайтын, одан әрі қозғалысқа итермелейтін сөйлеу фигурасының бірегейі екенін аңғартады.

Қайталау. Бұл фигураның тиімділігі риторикалық сауалдардан бірде – бір кем емес. Тыңдаушылар ретінде біздер кейбір фразаларға мән бере бермейміз, кей тіркестерді қалыс естиміз де. Сол себептен де олардың көпшілігі біздің санамызға жетпей жатады. Фразалардың бәрін бірдей ұзақ уақыт жадыда сақтау да мүмкін емес. Санада нақты көрініс туындау үшін айтылған ойды кемінде төрт рет қайталауды керек етеді. Қайталау сәтінде сол ойды айқындайтын сөздердің болуы міндетті.

Айшықтаудың қайталау түрлері /анафора, эпифора/ шешендік сөздердің көркемдік белгілерінің бірі. Қайталанған элементтер белгілі бір ойға, нәрсеге екпін, түсіреді, көңіл аудартады. Мәселен, қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерінде қайталаулардың барлық түрі де кеөдеседі. Мысалы, «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – кейін қарай кете туады»/Қаздауысты Қазыбек шешен сөзі/.