Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 123
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
малайы сусынға боза араластырады, қаласа қожайынының қас-қабағына қарай басқаны да араластыра салады» дегенді «ұзынқұлақтан» талай естіп те жататын» [5, 162]. «Мүсәріліні Самарқан Мәлікке қалдырып, өзі... Хиуа... Ендігі үміт Хиуада. Расқа шықса, Хиуада мылтық жасайтын миясарлар бар деседі. Жошының алтыншы ұрпағы, «Түрікмен шежіресін» жазатын ғұлама әмірі Әбілғазы баһадүр мен баласы бақилық сапарға аттанғалы бері хиуалықтардың да қазаққа көзқарастары қиғаш-қиғаш» [5, 165]. «Сөйтсе, жігіт Бұқараның аржағындағы бір ауылдан келіпті. Әкесі бай, саудагер. Айыбы – әкесінің қарақалпақ тоқалынан туғандығы. «Хан кеңесіне» жүргелі жатқан бұл оны атқосшысының бірі ғып өзімен бірге ала кетті» [5, 166]. «Айтуынша, екеуі де бір сөзді, сертке берік жандар, мен де өмірімнің он бес жылын сол зауыт төңірегінде өткізгендіктен қорғасын балқыту, темір илеуді қалап тұрмын. Зеңбірек құю да қолбен істемесем де көзбен көріп жүрген ісім. Әсіресе, тобын құю – тер шығаруға тұрмайтын іс» [5, 169]. «Жалпақ жұртты екі жылдық раматтан азаттау жөніндегі ұсынысын қарашы қолдап, хан құп алғаны мұндай оңды болар ма!..» [5, 181]. «Бүгінгі барымта мен сырымта ертеңгі таусылмас дауға, ымырасыз жаулыққа ұласып кете ме деген мұның күдігін құлағы түрік, бүгіннен гөрі ертеңді, өздерінен гөрі ұрпақ келешегі, ұрпақ көрешегін көбірек уайымдайтын данагһйлердің сөз ләмі растай түскен» [5, 181]. Сонымен қатар, бірқатар ислам шарттарына қатысты сөздер кездеседі.
Масыла:
Рамазан айы, Алла-тағала, Ораза айт мейрамы, «Айттарың қабыл болсын!». Қонақ асы, бата беру.
Көп айтылатын батаның түрі мынадай болмақ:
Басқа амандық берсін,
Жанға саулық берсін.
Босаға кең болсын,
Пиғыл кең болсын,
Үйден ат кетпесін.
Алдан ас кетпесін.
Осындай салыстырулар барысы тіліміздің пассив лексикасына жатқызылып жүрген бұл қабаттың тарихи тақырыптағы шығармаларда мол кездесетінін көрсетті.
Қорыта келгенде, М.Есләмғалиұлы романындағы қару-жарақ архаизм сөздерінің әсер ету өрісі, сөз құбылту амалдары шеберлікпен жүзеге асқан сөз қолданудың өнегесі.
Фразеологизмдердің бейнелік құрылымы. Тілдегі сөздер өз ара бір-бірімен тіркесіп қолданылады да, оларда сөз тіркестері жасалады. Тіл-тілде сөз тіркесінің екі түрі болады: оның бірі еркін тілдес, екіншісі тұрақты фразеологиялық тіркес деп аталады.
«Тұрақты сөз тіркестері тілімізде екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден фразеологиялық единицалардың негізгі қызметі – заттың не құбылыстың атын білдіретін (қызыл алаң, құрмет тақтасы, қырғи қабақ соғыс т.б.) және сөйлем түрінде келіп, пікір алысу құралы болатын тілдің элементі (көңіл ашылды, белім бүгіліп еді, ауызын ашып қалыпты, жақсыдан жаман туған). Екіншіден, фразеологиялық единицалар тілімізде образды, юейнелі және мәнерлі рең беруде, тіліміздің эмоционалды-экспрессивті бояуын арттыруда зор мәні бар. Тұрақты сөз тіркестерінің осы қызметінің стилистика үшін мәні ерекше зор.
Дайын, бүтін тілдік материал ретінде де, образдылығымен де тұрақты сөз тіркестері қолданысқа түсуге бейім, алайда бұл ретте де қаламгердің талғамы мен тілдік қоры шешуші роль атқарады [27, 34].
Образдылық – тұрақты сөз тіркесіне тән қасиет. Мысалы: алдану-тақырға отырып қалу, момын-қой аузынан шөп алмас; алыс-ит арқасы қиян; жас-белінен бесік табы кетпеген т.б. бұл тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы компоненттерінің бәрі де ауыс мағыналы сөздер. Д.Н.Шмелевтің айтуынша, «мұндай сөздер – айталатын ойды бейнелі және әсерлі жеткізу үшін таптырмайтын тілдік құрал» [28, 234]. Ал, М.Есләмғалиевтің әңгімелерінде фразеологизмдер ылғи метафоралы болып келмей: аңдысқан ауыл болмас; сақтықта қордық жоқ; сұлу-сұлу емес, сүйген сұлу; мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл; қыс азығын жаз жина; игіліктің ерте-кеші жоқ т.б. дегендей алуан түрлі ұғым, зат және табиғат, құбылыс жайындағы кішігірім көркем шығарма тәріздес болып келеді. М.Есләмғалиев прозалық шығармаларында фразеологизмдерді дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де мол және үлесімді пайдалана біледі. Автордың пайдаланған фразеологизмдерінің бейнелік қүрылымы да әр түрлі, олардың арасында тұрақты эпитет: (қыпша бел, бұраң бел, ай қабақ, сүмбіл шаш, ақ сұңқар, алма мойын, ит жанды, жылқы мінезді, айыр тілді т.б.), тұрақты теңеу: (атқан оқтай, иненің жасуындай, көздің қарашығындай, шөккен нардай, көзге біткен сүйелдей, сөзі түйеден түсендей т.б.)
«Әйтеке би» романында тұрақты тіркестер көптеп кездеседі. Олардың ішінде сирек қолданылатын фразеологизмдерде кездесіп қалып отырады. Жалпы алғанда. Романда тұрақты тіркестер сан алуан сипатта келеді. Мысалы: «Ол Салқам Жәңгір бақилық болғалы арадан өткен ширек ғасыр ішінде сайдан саанын, құмнан ізін табудың өзі мңға айналған төресі мен қожасын, тентегі мен телісін екі тізгін, бір шылбыр ғып ұстаймын дегенше қай заман!» [5, 107].
«Қашанда ашыққаннан құныққаның жемсауы кең. Былтыр: «жұттан ақсүйектеніп шыққан қазақты түбі шойырылтатынымыз рас болса, қылышымыз қайрылмай, найзамыз майрылмай тұрғанда, қайтып ес жия алмастай қылып, төмпештейтін кезіміз биыл!» деп Сыбан Раптанның елеуремесі ұстағанын қайтерсің!» [5, 108]. «Әкесі Батыр қонтайшының қаншама жыл көкірегін жегі құртша жеген арманы, күндіз күлкісін, түнде ұйқысын қашырған қазақтың сыйқырлы сайын даласына жеріктене сілекейі шұбырғанмен: «Бізге керегі – жұттан шығып, битін сығып, қанын ішіп отырған аш қазақ емес, кемеліне толып, кекірегі азып отырған тоқ қазақ. Қазақтың қатыны құрсақты, төрт түлігі – төлшіл. Кемі екі-үш жыл аялдадық. Әйтпесе, сонша жерге албатыланып жетіп барғанда не барақат таппақсың!» деп, Қалдан Бошақты немере інісіне зорға көндіргендей-ді» [5, 108]. «Атқа мінбесе, тақымының, найза ұстамасы, қолының қышуы қанбай, басындағы құс жастығы тасқа айналатын
Сыбан:
«Шіркін, Сайрамның қызылды-жасылды базары неге тұрады! Бір өзінің байлығы бүкіл жоңғардың неше жылғы көз қызығы!» деп ішпей қанып, жемей тойып, ұзақты күнді кешке, ұзақты кешті таңға ұластырумен шерменде жүретұғын» [5, 108]. « Ақыры, періштенің өзін жолдан тайдыратын Сайрамның байлығы інісі қия бастады. Бір күні шайтан көшер шақта шағын қолмен Сайрам бағытынан шаңын бір-ақ көрсетті. Маңдайын тасқа ұрып, мәңгіріп оралды» [5, 108]. «Сондай құтырынған бір тұсында мұны да құлағына қыстырмағаны өз алдына, қанды азуын білеп, бас салудан да жүз жанбас деген қауіптен құр алақан емес-ті» [5, 108]. «Кейін келе ме, ерте ме, кеш пе – бір тақтың екеуіне тарлық ететіні шүбәсіз» [5, 108]. «Енді немере «інісінің» көп кешіктірмей бір қырын тапса... Алайда, тарпа бас салуға бұл да бармай аңысын аңдуда. Күткені – осы сапардың сәттілігі еді» [5, 108]. «Өздерінен екі есе аз қазақ бармақтарын шайнатты» [5, 108]. «Бұрхандары теріс қабақ танытты» [5, 108]. «Өзегін өртеген – сонау сондарында ит-құсқа жем қылып қалдырған мыңға жуық дойырлары мен араттары да емес, өзін қылыштан бетер қидалаған әлгі қызыл көз биенің қиғыр тілі»
[5, 108]. «Сорды тілеп алған да өзі: қараса қара судан қаймақ қалқитын, өз қатынының не істеп жүрген білмесе де, өзгенің жер астынан сыбырласқанын не істеп жүрген білмесе де, өзгенің жер астынан сыбырласқанын елден бұрын естіп қоятын қазақпен, соның ішінде әлгі жағына жылан жұмыртқалағыр қужағымен...» [5, 108]. «Мағынасына, мәніне ол кезде ұғынып жарытпағанмен, ғұмыр бойы сол күңкіл құлағының түбінен ызыңдап, соншама уақыт соңынан қалмай қоюының сырын ғана сараптамаған» [5, 108]. «Өйткен, Сыбан Раптан Бадам, Угам секілді елді қоныстар менс сол төңіректегі ауылдарды тып-типыл ғып тонап, қырып-жойып үлгергенмен, үш күннен бері Сайрам шаһарын ала алмай қан сорпасы шығып жатқан-ды» [5, 109]. «Араттары мұның Нұрата төңірегінде мүрит кеткендерінен екі есе артық құрылыпты» [5, 109]. «Жуық маңда шаһарды ала қоюыды күманды. Шаһардың қаз тұрған сәбиінен еңкейген кәрісіне дейін: «Өмір жоңғарға керек болмаса, біз оны әлдеқашан талақ еткенбіз!» дегендей қан қасапқа кірпік қақпай қойып кетіп жатқанын көргенде айызы қана іштей масайрай түсіп, үш қара ат жегілген қара күймесінің үстінде безеріп, ертеден кешке дейін мелшиіп бақты» [5, 109]. « Әсіресе дуал басынан төбелеріне ыстық су мен қара май құйылғандардың жантәсілім ете алмай, құлындаған дауыстары төбе шашыңды тік тұрғызарлық. Бүйте берсе, көп кешікпей елге соқабасы қайтарын ұққан Сыбан Раптан ашудан терісіне сыймай, долыра айқайға басты» [5, 109]. «Әрине, жоңғарлар үшін керегі – күлге айналған Сайрамнан гөрі күндіз естерінен, түнде түстерінен шықпай, бас айналдырып, көз тұндыратын көл-көсір байлығы асып-тасқан Сайрам. Қылышынан қан саулатқан үр да жық, әулекі қолбасшының бұйрығынан гөрі нәсілі шірік болса да, ақылды қағандарының бұйрығы естірек көрініп, баршасының бүйректері бүлк еткен тұстары – кәміл осы шақ» [5, 109]. «Ақыры, шаһар имамы Ассамадин қауым нөкерімен ақ жалау көтеріп сыртқа шықты. Алайда, қаны қарайып үлгерген жау үшін ендігі мәмленің құны қарабақыр-ды» [5, 109]. «Нұратадағы тапталған намыстың зәрі қайтпағанмен, Қалдан Бошақтының сәл-сәл тынысы ашылғандай болды. Әсіресе араттарын текке қырылудан сақтап, сонау бір жылдары Қытайдың тас атқыш құралының сырын біліп алғаны мұндай оңды болар ма!.. Көз алдында «қарға той» жасап жатқан жоңғардың қай қылығына да
«шәй» демеді» [5, 110]. «Қарақан басы жетіскен жоңғар енді «жау шаптыламасаң!» қалған уақытта өбектесе ендіқойнындағы қос-қос қатыны өбектейді, жоқтаса, енді жайлауындағы шет жайылған бота-тайлағын, тай-жабағысын жоқтайды» [5, 111]. «Тек жиырмаға жетер-жетпесте Құдай атып, дүбәрәнінің қызына әукесін созыпты. Қыз да кет әрі болмай, екеуі біраз жерге барғандарын кеш сезіпті. Қызының осыдан аяғы ауырлығын білген қожасы әуелі көп ашулы ит ұстайтын көршісіне беріп, аш иттерге талатады» [5, 168]. «Иә, былайғыда қойын құрттап, қойыртпағын керек қылған, қозыдан қоңыр қазақтың Жаратқанның алдында басқадан күнәсі көп болмаса керек-ті...» [5, 169]. «Қожасының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген барабы малайға ұқсамайды: тырнағы алынған, үсті-басы таза» [5, 169]. «Әсіресе, сұғын салған екі көздің бірі жат пиғылда тұрған бүгінгідей қысталаң шақтағы бұл сапарында қарақан бастың беделі емес, ел беделі, ел бедері, қазақ деген жұртының тағдыры безбенге түсер сәті алыс қалмағандай көңілін қатты алаң билеп алды» [5, 181]. [5, 110].