Файл: Дипломды жоба 5B070900 Металлургия мамандыы бойынша Теміртау 2019 ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 90

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ

1 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫҢ ТАЛДАУЫ

2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Жобалық бөлім

2.1.1 Пештің геометриялық және электрлік параметрлерінің есебі

2.1.2 Негізгі, көмекші және қосымша қондырғылардың аралықтар мен бөлімшелер бойынша есептеу

2.1.3 Құю аралығындағы жабдықтардың есебі

2.1.4 Қоймадағы дайын өнімнің құю шөмішінің сыйымдылығын шлактік тостағанды және қабылдағыш қорабтарды талдау мен олардың санын анықтау

2.1.5 Балқыманың мариалдық және жылулық балансы

2.2 Технологиялық бөлім

2.2.1. Пештің конструкциясын сипаттау

2.2.2 Пештің электрлік жабдығы. Пештің электрлік схемасы және оның жұмыс режимі

2.2.3 Ферросиликомарганец қорытпаларын алу технологиясы

3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Дайын өнімді өндірісте ұсақтау және фракциялау

3.2 Ұсатудан кейінгі ұсақфракциялы өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жолдары

4 АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ

4.1. Ферроқопытпа пештерін автоматты жүйелі басқару

4.2 Электродтардың автоматты қайта қосу қондырғысы

5 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҒЫ

5.1 Еңбек қауіпсіздігі

5.2 Еңбек жағдайын талдау

5.2.1 Микроклимат

5.2.2 Өндiрiстiк жарықтандыру

5.2.3 Өндірістік шу және діріл

5.3 Өрт қауіпсіздігі

5.4 Электр қауіпсіздігі

5.5 Қорытынды

6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

6.1 Жобаланатын цехтың техника-экономикалық негізделуі

6.2 Жобаланатын пешке қажетті инвестициялар есебі

6.3 Өндірістің жылдық бағдарламасын жоспарлау

6.4 Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру

6.5 Өндірістің өзіндік құнын есептеу

6.6 Экономикалық пайдалылығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

5 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҒЫ


5.1 Еңбек қауіпсіздігі




АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» ферроқорыту цехының орналасқан ауданы шығыстан батысқа қарай еңкішті. Ауданның ауа-райы континенталды, ауа-райы жыл бойы және тәулік ішінде үлкен температурада ауытқиды. Қыс айлары суық, қар аз, боранды және аязды болады. қар қабатының биіктігі негізінен жер бедеріне және жел бағытына тәуелді болады. Кыс айларында желдің негізгі бағыты оңтүстік-батыс, ал жаз айларында оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттарында болады.

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі – бұл кешен өзара байланысты қамтитын стандарттар, талаптар, нормалар мен ережелер ұйымдық-техникалық, метрологиялық, санитарлық-гигиеналық сипаттағы бағытталған қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде өмірі мен денсаулығын сақтау процестері.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі аясында еңбек қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы барлық нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттардың, оның ішінде республикалық та, салалық та маңыздағы өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігі бойынша сан алуан нормалар мен ережелердің жүйеленуі, өзара байланыстырылуы жүргізіледі. ЕҚСЖ еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, өзара байланысқан стандарттардың көп деңгейлі жүйесі, ол қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға өтудің нормативтік-техникалық базасы болып саналады.

ЕҚСЖ стандарттары мемлекеттік, салалық және кәсіпорындар стандарттары болуы мүмкін. Салалық стандарттар (ССТ) саланың спецификасын ескере отырып әзірленеді және тиесінше мемлекеттік стандарттармен салыстырғанда неғұрлым қатаң талаптар қойылуы мүмкін (салалық стандарттарда мемлекеттік стандарттармен салыстырғанда қойылатын талаптар деңгейі төмендемеуі міндетті). Мұндай талап өндірістік стандарттарға (ӨСТ) да қойылады.

Кәсіпорындардағы стандарттау обьектілері болып мыналар саналады:

  • еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • еңбек жағдайын бақылауды ұйымдастыру;

  • еңбек қауіпсіздігі бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;

  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ынталандыру тәртібі;

  • еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысшыларға оқытуды және инструктаж ұйымдастыру;

  • еңбекті қорғау қызметі айналысатын басқа да жұмыстарды ұйымдастыру.

  • Қазіргі әлемдік үрдістер кез келген қызметте ең жоғары тиімділікке жету үшін тәуекелді талдау мен бағалауға қол жеткізу қажет. Сөйтіп шетелдік ұқсас стандарттар негізінде әзірленген «Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Ұйымда еңбек қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы талаптар» Р 12.0.006-2002 МЕСТ тәуекелді бағалау, реттеу және бақылау проблемасына маңызды мән береді (өзгертілген редакция №1 өзгерту- осында және одан әрі)

  • Бұл үрдіс стандарттау бойынша құрылған (ТК)10 «Негізділік жалпы техникалық стандарттар. Тәуекелдің тиімділігі мен басқаруын бағалау» техникалық коммитеттің қызметінде көрініс тапты. Еңбек қауіпсіздігі тұрғысында Ресейдің «Тәуекел менеджменті. Терминдер және анықтамалар» Р 51897-2002 МЕСТ-ы үлкен қызығушылық тудырады, оны Қазақстан Республикасы стандарттаудың белгілеген ережелеріне сәйкес іске қосты.

  • Стандарт ИСО/МЭК 73 және 51 сәйкесті басшылықтар негізінде әзірленген.

  • Р 51897 – 2002 МЕСТ тәуекелдер саласындағы негізгі ұғымдарды анықтайды, яғни, осы саладағы негізділік терминдерді тағайындайды. Стандарттардың мақсаты – тәуекелдік саласындағы терминдерді жұрттың бәрі түсінетіндей ету, яғни тәуекел деген не, ол қалай бағаланады, тәуекел менеджменті деп нені түсінеміз, тәуекелді ауыстыру,тәуекелді өңдеу және т.б. қалай ұғылады.

  • Тәуекелмен жұмыс жасаудан бұрын ең алдымен оған қатысты терминдерді игеру қажет.

  • ЕҚСЖ ғылыми-әдістемелік принциптері басқару жүйесінің теориясының жалпы ережелеріне негізделген. ЕҚСЖ құрылымы «адам-техника-орта» тұтастық жүйесі туралы түсінігімізден жасалады.

  • Бұл жүйе тұтас алғанда 12.001-82 МЕСТ сәйкес негізі 5 жүйешеден тұрады: 1 ұжымдық-әдістемелік стандарттар (0-жүйеше); 2 қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түрлері бойынша талаптар мен нормалар стандарттары (1-жүйеше); 3 өндірітсік жабдыққа қойылатын талаптар стандарттары (2-жүйеше); 4 өндірісті процесстер қауіпсіздікке қойылатын талаптар (3-жүйеше); 5 жұмыс істеушілердің қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар стандарттары (4-жүйеше).


Осы жүйешеге жататын «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жіктеме ЕҚСЖ 12.0.003-74 МЕСТ» қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктемесін белгілейді және олардың адам денсаулығына әсерін келесі топтарға жіктейді:

  • физикалық (жарақат алу қауіпі бар қозғалатын машиналар мен механизмдер, бұйымдар және сол сияқтылар; жұмыс зонасының ауасының не жоғары, не төмен температурада болуы; шу, діріл деңгейлерінің және басқалардың жоғары деңгейлері);

  • химиялық, соның ішінде адам ағзасына демалу органдары, асқазан шек-жолы, тері жамылғысы және шырышты (жылымшы) қабықтар арқылы өтетіндер анықталады; әсер ету сипатына қарай жалпы улағыштар, тітіркендіргіштер, сенсибилитетіндер, канцерогендер, (рак тудыратын), мутагендер және қайталама функцияларға әсер етушілері;

  • биологиялық, бұған микро - макроорганизмдер кіреді;

  • психофизиологиялық, бұлар өз кезеңінде физикалық және жүйке-психиялық болып бөлінеді.

Бұдан басқа 12.0.003-74 МЕСТ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша стандартқа қойылатын талаптардан тұрады. Бұл стандарттарға: кіріспе бөлім, қауіп және зиянды әсер ететін қысқаша сипаттамасы, рұқсат етілген шектік деңгейлер немесе шоғырланулар және оларды бақылау әдістері, жұмыс істеушілердің қорғаныс әдістері мен құралдары енеді.

«ЕҚЖС. Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер» 12.0.004-90 МЕСТ кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылардың инженерлік-техникалық қызметкерлердің және қызметшілердің еңбек қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудың тәртібі мен түрлері бойынша бірыңғай тәртіп белгілейді. Стандартта жаңа алынған жұмысшылардың оқытуын ұйымдастыруына, нұсқау жүргізуге, біліктілік, көтеруге қойылатын талаптар баяндалады, оқу бағдарламаларын жасау, білім тексеру талаптар анықталады, оқудың тіркеу формасы ұсынылады.

Әсіресе менеджмент принциптері негізінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлері мен әдістерін тәртіптейтін «ЕҚСЖ. Ұйымда еңбек қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы талаптар» Р12.0.006-2002 МЕСТ ерекше атаған жөн.

Қаланың негізгі және тұрғын үйлер арасындағы тазалық аймағының ені шамамен 1км болады. жасыл аймақ территориясында жерасты коммуникация, электрлі желістер салынған. Тазалық-қорғаныс аймағының барлық территориясында ағаштар егілген. Негізгі ауданды қар үйіндісінен қорғау мақсатында 204 га ағаш егінділері қоршалған, бұл жаз айларында жоғарғы температурадан сақтандырады.


Ферроқорыту цехындағы негізгі жұмыс орнындағы ауа температурасы сыртқы температураға және технологиялық үрдістер кезеңіне тәуелді, негізінен жаз айларында 280С дан 380С дейін және қыс айларында 50С тен 100С дейін болады. Жұмыс орнындағы орташа температура 32-370С аралығында ауытқиды, тек берілгенмен салыстырғанда металды ағызған кезде 5-90С жоғарлайды.

Қыс айларында кіру жолдарының ойықтары арқылы кіретін суық ауа ағымы цехтағы ауа температурасын төмендетеді.

Жылдың жылы кезеңіндегі микроклиматтың қолайсыз болуының негізгі себебі ағысты желдеткіштің болмауна, оттықшының жұмыс орнында инфрақызыл сәуледен қорғайтын қорғаныс экрандарды пайдалану жеткілісіз болуына да қатысты.

Кен алаңында және бункерлі эстакада, ашық ауада жұмыс жасайтын жұмысшыларға ауа-райының ерекшелігіне сәйкес мерзімдік нақты ауа-райының жағдайы әсер етеді.

Шамалы физикалық жүктемемен үйлесімді, қолмен атқаратын операцияларды орындау, термоайналымның бұзылуына әкеп соғады. Мысалы, оттықшыда, шлак тасымалдаушының денесінің температурасы мұндай мерзімдерде 37,5-380С жоғарлайды; жүрек соғысы жиі болады минутына 120-125 соққы; дем алу тазалығы жоғарлайды минутына 30-40 рет. Ауысымдағы ылғал шығыны 5-6л/ауысым құрайды.

Қыс айларында құю алаңындағы температура -10 нан +100С шегінде тіркеледі, желмен бірге. Жылдың суық айларда температураның 15-180С күрт төмендеуі үлкен жылдамдықты ауа ағымымен үйлеседі, оттықшылар бригадасының жұмысшы аймағының шегінде байқалады.

Цехтағы қарқынды жылу көзі балқытылған шойын және шлак болып саналады. Құю алаңындағы жұмысшыларға кезеңді инфрақызыл сәулелер әсер етеді. Оттықшылардың жұмыс орындарында қарқынды сәуле алуы сәуле шығаратын жабдықтар температурасының өлшеміне тәуелді және арақашықтық 7,0 кВт/м2 құрайды.

Жылудың адам ағзасына зиянды әсер етуін төмендету үшін стационарлы не қозғалмалы желдеткішті қондырғы орнатылады, өте жиі су шашыруға арналған қондырғымен жабдықталады. Табиғи желдеткіш (аэрация) жүйесінің тиімділігін жоғарлату үшін құятын алаң құрлымы шеңбер түрінде болуы ұсынылады.



5.2 Еңбек жағдайын талдау




АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» цехтағы зиянды факторлар шойын және шлакты ағызу кезіндегі жұмыс аймағының ауадағы шаңның жоғары шоғырлануы. Максималды шаңның бөлінуі негізінен науашадан шойынды ағызу кезінде байқалады. Шойынмен толтырылатын шойынды тасымалдайтын ожау аймағында графитті ұсақ фракциядан тұратын шаңды бұлт түзіледі; ағызу кезінде бұл аймақтағы шаңның шоғырлануы біршама болады. шаңның шоғырлануы шамамен он және жүз мг/м3 жетеді.

Пештен ағызылатын шойын және шлакпен бірге адам ағзасына зиянды әсер ететін газдар және қоспалар бөлінеді: көміртек оксиді, күкірт газы, әртүрлі көмірсутегі және цианитті қосындылар.

Негізгі зияндылық көміртек оксидінен болады. Газдың жалпы бөлінуіндегі қалған газдар үлесі шамалы бірақ оларда әрдайым зиянды әсер етеді.

5.2.1 Микроклимат



АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» цехтағы еңбек жағдайында жұмысшыларға әсер ететін өндірістік факторлардың ішінде микроклимат параметрлері қадағалауды аса қажет етеді.

Цех учаскесі жақын тұрғын ауданының жел жағынан (жел раушаны ескерілуі қажет) орналастырылып, ол учаске елді мекеннен санитарлық қорғау аймағымен бөлінеді.

Жоба аймағында құрылыстар мен ғимараттардың орыны табиғи жарықтандыруға, бөлме-жайларды желдетуге (вентиляция) және инсоляциямен күресуге қолайлы жерде орналастырылуы керек.

Шаңды жоюға арналған ең тиімді қондырғы аспирация болып саналады.

Сәулеленуден қорғану үшін жобада экрандау мәселесі қарастырылған, экрандарды сәулелендіру көздерін, не болмаса жұмыс орындарын экрандау үшін қолданады.

Цехта табиғи жарықтандыру және жасанды көздерімен жарықтандыру қарастырылған. Табиғи жарықтандыру жұмыс орындарында бүйір жақ жарықтық саңлаулар және ғимараттың шаңырағындағы фонарларды орнатумен қол жеткізіледі. Сонымен қатар, цехта авариялық жарықтандыру қарастырылған, ол жұмыстық жарықтандыру ауытқыған кезде тәуелсіз қоректендіру көздері арқылы істейді.

Ферроқорытпа негізгі бөлімшелерінің басты аралықтарын жарықтандыру үшін жарық берілісі жақсартылған жоғары қысымды сынаптық (лампаларды) шамдар қолданылады. Люминесцентті шамдар басқару посттарында, электрлік, канторлық, зертханалық ғимараттарда қолданылады.

Көмекші өндірістік алаңдар мен ғимараттарды жарықтандыру үшін қыздыру (накаливание) шамдары қолданылады. Жарықтандыру желісінің негізгі кернеуі 380/220 В.


5.2.2 Өндiрiстiк жарықтандыру



АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» цехтағы еңбек жағдайында жұмысшыларға әсер ететін өндірістік факторлардың ішінде жарықтандыру маңызды орын алады. Жарықтандыру – бұл қоршаған тіршілікті көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ету үшін Күннің жарық энергиясын және жасанды жарық көздерін пайдалану. Жарықтандыру адам организміне және өндірістік тапсырмаларды орындауға әсерін тигізеді. Дұрыс жарықтандыру бақытсыз оқиғаларды азайтады, жұмыс өнімділігін 15 %-ға арттырады. Дұрыс жарықтандырмау көздің көрмеуі, спазм, аккомодация, көздің қажуы сияқты ауруларды тудыруы мүмкін, ақыл-ой және дене жұмысқабілеттілігін төмендетеді, өндірістік процестердегі қателіктерді арттырады.

Адам өзін қоршаған тіршілік жайлы ақпараттың 90 %-ға жуығын көру арқылы алады, сондықтан өндірістік жарықтандырудың басты міндеті болып көру үшін неғұрлым жайлы ахуалды туғызу саналады.

Техникалық және санитарлық-гигиеналық нормаларға толық жауап беретін жарықтандыру ұтымды деп аталады. Өндірісте ұтымды жарықтандыруды ұйымдастыру маңызды және көкейтесті мәселе болып саналады.

Өндірістік цехтарда, оның ішінде шойын құю цехтарында жарық көзінің таңдалуы жұмыс орындарының жағдайларына және бөлме-жайлардың аумағы өлшемдерінің сипаттына тәуелді болады.

Люминесцентті лампалардың сапасы жоғары, табиғи жарыққа жақын, үнемді және ұзақ қолданылады. Люминесцентті лампалар газдыразрядты лампалардың төменгі қысымдағы түрлері болып саналады. Мұнда сынапты разрядтың ультракүлгін сәулеленуі люминоформ көмегімен көрінетін сәулеленуге ауысады. Лампа колбасы инертті газбен – аргон-криптон қоспасымен толтырылады. Мұнан басқа жоғары қысымдағы лампалар болады, олар ДРЛ (дуговые ртутные люминесцентные) және ДРИ (дуговые ртутные исправленной цветностью).

Люминесцентті лампалардың айтарлықтай кемшілігі – ауыспалы токпен қуаттандырғанда жарық ағынының пульсациясы.

Люминесцентті лампалардың артықшылығы – айтарлықтай күшті жарық беруі (75...85 лм/Вт), эконмиялығы, қызмет ету мерзімі 12000 сағатқа жетеді, табиғи жарыққа жақын жарықтың жайлы спектрлік құрамы, жарық ағынының біркелкілігі және салыстырмалы түрде жарқыраудың аз болуы.