Файл: Дипломды жоба 5B070900 Металлургия мамандыы бойынша Теміртау 2019 ж.docx
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 141
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
1 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1.1 Пештің геометриялық және электрлік параметрлерінің есебі
2.1.2 Негізгі, көмекші және қосымша қондырғылардың аралықтар мен бөлімшелер бойынша есептеу
2.1.3 Құю аралығындағы жабдықтардың есебі
2.1.5 Балқыманың мариалдық және жылулық балансы
2.2.1. Пештің конструкциясын сипаттау
2.2.2 Пештің электрлік жабдығы. Пештің электрлік схемасы және оның жұмыс режимі
2.2.3 Ферросиликомарганец қорытпаларын алу технологиясы
3.1 Дайын өнімді өндірісте ұсақтау және фракциялау
3.2 Ұсатудан кейінгі ұсақфракциялы өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жолдары
4.1. Ферроқопытпа пештерін автоматты жүйелі басқару
4.2 Электродтардың автоматты қайта қосу қондырғысы
5 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҒЫ
5.2.3 Өндірістік шу және діріл
6.1 Жобаланатын цехтың техника-экономикалық негізделуі
6.2 Жобаланатын пешке қажетті инвестициялар есебі
6.3 Өндірістің жылдық бағдарламасын жоспарлау
6.4 Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру
Сәулеленуден қорғану үшін жобада экрандау мәселесі қарастырылған, экрандарды сәулелендіру көздерін, не болмаса жұмыс орындарын экрандау үшін қолданады.
АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» цехта табиғи жарықтандыру және жасанды көздерімен жарықтандыру қарастырылған. Табиғи жарықтандыру жұмыс орындарында бүйір жақ жарықтық саңлаулар және ғимараттың шаңырағындағы фонарларды орнатумен қол жеткізіледі. Сонымен қатар, цехта авариялық жарықтандыру қарастырылған, ол жұмыстық жарықтандыру ауытқыған кезде тәуелсіз қоректендіру көздері арқылы істейді.
Ферроқорытпа негізгі бөлімшелерінің басты аралықтарын жарықтандыру үшін жарық берілісі жақсартылған жоғары қысымды сынаптық (лампаларды) шамдар қолданылады. Люминесцентті шамдар басқару посттарында, электрлік, канторлық, зертханалық ғимараттарда қолданылады.
Көмекші өндірістік алаңдар мен ғимараттарды жарықтандыру үшін қыздыру (накаливание) шамдары қолданылады. Жарықтандыру желісінің негізгі кернеуі 380/220 В.
Цехтың негізгі өндірістік жабдығына жататындар: төрт кентотықсыздандырғыш және екі рафинирлеуші пештер. Цех көп мөлшерде жүккөтергіш механиздермен қамтылған: электрокөпірлі крандар, сусылмалы (төгілгіш) материалдарды беру жүйесі, сызықтық крандар және тағы басқалар.
Аса қауіпті болып жоғарыда аталған жабдықтардың маңында орналасқан өндірістік учаскелердің істен шығуы, қолайсыз төтенше жағдайларга әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан агрегаттардың айналасындағы өндірістік алаңдар қоршалған, ескерту белгілерімен белгіленген. Бұл жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цехта қоршағыш, шектегіш, сақтандырушы және блокировкалаушы құрылғылар қолданылған. Әр жұмыскерге өздерінің жүру жолдары көрсетіледі.
Үлкен жоғары температуралы пештер маңында арнайы киімдермен жұмыс істеу қарастырылған, ол өте қатаң тәртіппен қадағаланады.
5.4 Электр қауіпсіздігі
Жұмыс орындарындағы өндірістік микроклимат (температура, ылғалдылық) ауа қозғалысының жылдамдығы СНиПРК 2.02. 02.-006-94 [39] сәйкес келеді. Мn ферроқорытпа өндірісі келесі зиянды, әрі қаупті өндірістік факторларды сипаттайды:
-
машиналар мен механизмдер қозғалысын жабдық беттерінің жоғары температурасы; -
жұмыс зонасы ауасының шандылығы мен газдалғандығы; -
жұмыс орнындағы шу деңгейі; -
электроқауіптілік;
Жобада қолайлы микроклимат, және де жылулық сәулеленуден, шаң мен газдың бөлінуінен сақтану үшін, цехта мыналар қарастырылады:
-
жабдықтың вентиляциялық үрленуі; -
кәдімгі вентиляция, әртүрлі агрегаттардың сумен салқындатылуы; -
жылудан сақтаушы маскалар, арнайы киім және жұмысшыларды ауыз су режімімен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.
Ферроқорытпа цехы ерекше қауіпті ғимаратқа жатады, өйткені электржабдықтары әртүрлі биіктікте орналасқан және қоршаған ауаның жоғары температурасындағы жұмыс және металдық шаң мен газдар бөлінеді.
Жобада қарастырылатыны, цехты жалпы қамту цехтық подстанция арқылы жүзеге асырылады, ол цехта электр энергиясының тарату, түрлендіру, жеткізу үшін қызмет етеді.
Кернеуі 42 В – тан жоғары барлық электроаппаратура және электрожабдықтың металдық корпустары жерлендірілген. Электрожабдықтарды ток жүктемелерінен қорғау үшін балқымалы сақтандырғыштарды қолданады. Электрлік қондырғылардың тоқ өтетін бөліктеріне тиюден қорғау: оқшалау, қоршау, блокировкалау, дистанциялық басқару, қолжетпейтін биіктікте орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Электр желілері қабельдік жолдарда кабельдермен, не болмаса қолжетпейтін биіктікте эстакадаларда салынған. Жөндеу жұмыстары үшін кернеуі 36В электржелісі қарастырылады.
Цехта механикалық (қозғалыс, машина детальдарымен мен механизмдердің үйкелесі), аэро – гидродинамикалық (газдың, будың, сұйықтықтың қозғалысы) тектес шулар пайда болады.
Механикалық шуды азайту үшін ретімен жабдықтың профилактикалық жұмыстары жүргізіледі, үйкелетін беттердің майлануын қарастырылған.
Басқару кабиналарындағы шуды төмендету үшін, дыбысты оқшаулау әдісі қолданылады. Әртүрлі технологиялық процестер және механизмдер діріл көздері болып табылады. Жұмыскерлердің арнайы қашықтықта жұмыс істеу стандарттарының ережелері сақталады.
5.5 Қорытынды
АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» ферроқорыту цехыныңеңбек қауіпсіздігін және жобаның экологиялылығын талдау бойынша жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесін қорытындылау.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі аясында еңбек қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы барлық нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттардың, оның ішінде республикалық та, салалық та маңыздағы өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігі бойынша сан алуан нормалар мен ережелердің жүйеленуі, өзара байланыстырылуы жүргізіледі. Бұл тұрғыдан алғанда жобалау барысындағы еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі толығымен қамтылған екендігін көреміз.
Өндірістік цехтарда, оның ішінде шойын құю цехының жылумен кесу бөлімшесінде еңбек жағдайын бағалау бойынша негізгі өндірістік жағымсыз факторларға талдау жүргізілген. Өндірістік жарықтандыру, техникалық және технологиялық құрал-жабдықтар мен механизмдержің шу және вибрация деңгейлері, жұмыс орындарындағы микроклимат көрсеткіштері, жұмыс аймағы ауасының шаңдану мен газдануы деңгейлері нақты және жан-жақты қарастырылған.
АҚ «ТЭМК» цехындегі қоршаған ортаны қорғау және еңбеқ қауіпсіздігі талаптарына сәйкес берілген және деөңдеудің технологиялық процестерін жетілдірутақырыбындағыеңбек қауіпсіздігін және жобаның экологиялылығын талдау бойынша жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесін қанағаттанарлық деп бағалауға негіз бар.
6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1 Жобаланатын цехтың техника-экономикалық негізделуі
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты – жобаланатын ферросиликомарганец ФСМ17 қорытпасын өндіретін пештің техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеп, тиімділікті және қолданылатын қондырғылардың өтелу мерзімдері мен қаншаға сатып алынатынын, сонымен қоса жұмыскерлердің жалақы қорын және негізгі қорды есептеу болып табылады.
Есептеулерге байланысты жобада 6 ферроқорытпа пеші КЖД – 33 МВА есептеу бойынша қабылданды. Сонымен қоса цехта басқа да қондырғылар: шөміштер, конвеер, ұсатқыштар т.б. қондырғылармен жабдықталған.
Шихталық аула дайындау учаскесімен әдетте, галереямен жабылған жеке тұрған корпуста орналастырылады, ол балқыту корпусымен қосылған. Басқа нұсқа бойынша шихта қоймасы мен балқыту корпусын бір сызыққа орналастырады. Ол кезде барлық материалдар, шикізаттан бастап дайын ферроқорытпаларға дейінгілер, ғимарат осінің бойымен бір сызық бойынша жылжиды.
Қараластырылатын дипломдық жобада – 33 МВА типті 6 пешпен жабдықталған.
6.2 Жобаланатын пешке қажетті инвестициялар есебі
Кесте 6.1 - Қондырғыларды сатып алуға кететін шығындар есебі
Жабдық | Өлшем бірлігі | Саны | Бағасы, тг. | Жалпы жинағы, тг. |
1. КЖД – 33МВА | Дана | 6 | 515600 | 3100000 |
2. Электрод 15/3,5 | Дана | 9 | 2000 | 4000 |
3. Көпірлі кран 10/2,5 | Дана | 3 | 1500 | 3000 |
4. Шөміш 3 м3 | Дана | 6 | 30 | 90 |
5. Бункер 32 м3 | Дана | 6 | 35 | 140 |
6. Пештік қалта | Дана | 9 | 55 | 220 |
7. Төгу машинасы | Дана | 3 | 300 | 1200 |
8. Электрод ұстағыш | Дана | 3 | 1000 | 4000 |
9. Басқару машинасы | Дана | 3 | 200 | 400 |
10.Құю машинасы | Дана | 3 | 1000 | 2000 |
| | | | 3294600 |
Негізгі қорға кететін шығындар[25]
Зтр= 1,5% · Зпо; (6.1)
мұндағы Зтр – транспорттық шығындар;
Зпо – қондырғыларды сатын алуға кететін шығындар.
Зтр= 0,015· 3294600 = 49419тг.
Зпрр= 1% · Зпо; (6.2)
мұндағы Зпрр – тиеу-төгу жұмыстарына кететін шығындар.
Зпрр= 0,01 · 3294600 = 32946 тг.
Змпн= 2,3% · Зпо; (6.3)
мұндағы Змпн – құбыржолдар жұмыстарына кететін шығындар.
Змпн= 0,023 · 3294600 = 75775,8 тг.
Алынған мәндерді 6.2-кестеге енгіземіз.
Кесте 6.2 - Алынған мәндердің көрсеткіштері
Аталуы | Жинағы, тг. |
Қондырғыларды сатып алуға кететін шығындар | 103294600 |
Транспорттық шығындар | 49419 |
Тиеу - төгу жұмыстарына кететін шығындар | 32946 |
Құбыржолдар жұмыстарына кететін шығындар | 75775,8 |
Барлығы | 120743000 |