Файл: Дипломды жоба 5B070900 Металлургия мамандыы бойынша Теміртау 2019 ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 156

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ

1 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫҢ ТАЛДАУЫ

2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Жобалық бөлім

2.1.1 Пештің геометриялық және электрлік параметрлерінің есебі

2.1.2 Негізгі, көмекші және қосымша қондырғылардың аралықтар мен бөлімшелер бойынша есептеу

2.1.3 Құю аралығындағы жабдықтардың есебі

2.1.4 Қоймадағы дайын өнімнің құю шөмішінің сыйымдылығын шлактік тостағанды және қабылдағыш қорабтарды талдау мен олардың санын анықтау

2.1.5 Балқыманың мариалдық және жылулық балансы

2.2 Технологиялық бөлім

2.2.1. Пештің конструкциясын сипаттау

2.2.2 Пештің электрлік жабдығы. Пештің электрлік схемасы және оның жұмыс режимі

2.2.3 Ферросиликомарганец қорытпаларын алу технологиясы

3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Дайын өнімді өндірісте ұсақтау және фракциялау

3.2 Ұсатудан кейінгі ұсақфракциялы өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жолдары

4 АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ

4.1. Ферроқопытпа пештерін автоматты жүйелі басқару

4.2 Электродтардың автоматты қайта қосу қондырғысы

5 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҒЫ

5.1 Еңбек қауіпсіздігі

5.2 Еңбек жағдайын талдау

5.2.1 Микроклимат

5.2.2 Өндiрiстiк жарықтандыру

5.2.3 Өндірістік шу және діріл

5.3 Өрт қауіпсіздігі

5.4 Электр қауіпсіздігі

5.5 Қорытынды

6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

6.1 Жобаланатын цехтың техника-экономикалық негізделуі

6.2 Жобаланатын пешке қажетті инвестициялар есебі

6.3 Өндірістің жылдық бағдарламасын жоспарлау

6.4 Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру

6.5 Өндірістің өзіндік құнын есептеу

6.6 Экономикалық пайдалылығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

5.2.3 Өндірістік шу және діріл




АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» цехтағы еңбек жағдайында технологиялық процестерін жетілдіру тақырыбындағы еңбек жағдайында жұмысшыларға әсер ететін өндірістік факторлардың ішінде негізгі зиянды факторлардың біріне шу жатады. Шу – уақыт аралығында тәртіпсіз өзгеретін және субьективті жағымсыз сезілетін, күштілігі мен биіктігі әр түрлі дыбыстардың жиынтығы. Физиологиялық тұрғыдан алғанда шу – адамның жағымсыз қабылдайтын кез-келген дыбыс түрі.

Физикалық құбылыс ретінде дыбыс, серпінді ортаның толқындық ауытқуын білдіреді. Физиологиялық құбылыс ретіндегі дыбыс сыпсың мүшесіне дыбыстық толқындарының әсерімен қабылдап алынатын түйсікпен анықталады. Қатты шулар үздіксіз әсер ететін болса, адамның есту қабілетін азайтып, басқа жағымсыз жағдайлар туғызады: мысалы, бас ауру, бас айналу, құлақта ызың пайда болу және адам тез шаршағыш болуы. Өте қатты шулар адамның нерв жүйесін тоздырады, психикасын бұзады, невроз ауруын туғызады, ойық жара ауруы пайда болады және жүрек тамыр жүйесі бұзылады. Статистикаға қара-ғанда шу адамның өмірін 8-10 жылға кемітетіні көрінеді. Шу адамның жақсы жұмыс істеуіне, дем алуына, еңбегінің өнімділігіне, жұмыстың санасына зиян келтіреді. Шу адамның ұйқысын қашырады, ұйқы мазасыз болып, қанбай, бас ауырып, адам толық тыныға алмайды. Егер мұндай жағдай ұзақ уақытқа созылса, адам қажып, әр түрлі ауруларға шалдығады.

Логарифмдік шкала бойынша адамның дыбыс сезу диапазоны (есту сезім табалдырығынан ауру сезім табалдырығына дейін) 130 дБ тең болады.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес шу түрлері уақыт сипаттамаларына және спектрі сипаты бойынша жіктеледі.

Спектрі сипаты бойынша шу кеңжолақты және тональді болып бөлінеді. Кеңжолақты шу бір октавадан аспайтын кеңдіктегі үзіксіз спектрлі шу. Тональді шу – спектрлі құрамында айқын білінетін дискретті тондары бар шу.

Өндірістік шуды төмендетудің негізгі іс-шаралары болып гигиеналық нормалар жатады. Шуды регломенттеу жұмыс орындарында шу деңгейінің ықтимал санитарлы шамаларымен СаН ПиН РК анықталады.

Цехтағы шу мен дірілдің төмендеуін көптеген шаралар кешенін өткізу арқылы қамтамасыз етуге болады: технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтарды жетілдіру. Шу деңгейінің жоғары болып тұрған технологиялық үдерістерді төмен шулы процесстермен ауыстыру қажет. Мысалы, балғамен төлкені пресстеуді – прессте пресстеу, кескішпен кесіп алу дефектін құйып шығару – әуем балқытуымен, пневмокескіштермен металл жиектерін өңдеуді – газды кесумен және сол сияқтя басқа да үдерістерді алмастыру. Зімпаралы білдекте бөлшектерді тазарлу, тақаларды балға мен зілбалға арқылы тегістеуді СНиП 2.04-03-2011-ге сай прогрессивтік және шуды аз шығаратын әдістерге ауыстыру қажет.


Цехтағы шуды азайту үшін оған әртүрлі конструкциялы акустикалық аспалы төбелерді монтаждайды. Өнеркәсіптік бөлмедегі тарап жатқан дыбыс толқындары дыбыс сіңіргіш аспалы төбелермен бірлеседі. Дыбыс толқындарының дыбыс сіңіргішпен белсендірілген төбе қуыстарымен арекеттесуі шудың аздап өшуіне әкел соғады, сондай-ақ қуыстардың болуы дыбыстың сіңіргіштігін арттырады.

Шудың гигиеналық нормалануы 45-11200 Гц аралықтағы жиіліктер бойынша жүргізіледі, ал дыбыс қысымдарының деңгейінің өлшеуі октавты жолақтарда жүршізіледі. Октавты жолақ дегеніміз жоғарғы шектік жиілігі төменгі қос жиіліктің шегіне тең.

Спектрде жиіліктердің ерекшіліктерінен тәуелді спектр, төмеңгі жиілікті (400 Гц дейін); орта жиілікті (400-1000 Гц дейін); жоғары жиілікті (1000Гц дейін) бола алады.Спектрлік құрамдар бойынша жалпақ жолақты және үнді шуларға бөлінеді, олардың спектрлерінде дискреттік үндер естіледі, олардың дыбыс қысымдарының деңгейлері басқалардан 10 дБ жоғары.

Еңбек және демалыс режимдерін дұрыс ұйымдастыру және дербес қорғаныс құралдарын тиімді пайдалану маңызды роль атқарады.

Металлургиялық өнеркәсібінде жергілікті және жалпы вибрациядан қорғау шаралары тиесілі санитарлық ережелермен (СЕ) және мемлекеттік стандарттармен (МЕСТ) регламенттелген.


5.3 Өрт қауіпсіздігі



АҚ «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» ферроқорытпа цехында өрттер, жарылыстар және стихиялық апаттардың салдарынан кездейсақ жағдайлар тууы мүмкін. Жарылыстар мен өрттерден қорғау және ескерту шаралары жоғарыда сипатталған болатын. Ал стихиялық апаттардан қорғау үшін әкімші – тұрмыстық корпустың жанында жеке тұрған қорғаныспана қарастырылған.

Немесе өрт сақтандыру пунктеріне жедел телефон соғу (01) керек.

Ферроқорытпа цехтарындағы жарылыстар балқыған металл мен шлактың сумен немесе дымқыл материалдармен беттесуінен болады.

Судың балқыған металл және шлакпен болаттын беттесуі, шлак тостағандарында, жұмыс алаңында судың әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан жобада шөміштерді алдын – ала кептіру қарастырылған.

РНТП – 01 – 94 сәйкес ферроқорытпа өндірісі жарылыс қауіпті санатқа жатады, өйткені технологиялық процесті жүргізгенде жанғыш газдар қолданылады және түзіледі, жарылудың төменгі шегі.

Көп жағдайларда ауаның көлемінде 10% -дан астамын құрайды. Өртқауіптілігі жағынан цех санатына жатады, өйткені цехта жанғыш емес заттар және материалдар балқыған күйде болады, оларда өндеу процессі сәулелік жылу, ұшқын, және жалынның бөлінуімен жүреді.



Өндірістік жайлар (помещения) өртке қарсы тұратын (қабырғалар мен брандмауерлар) бөлінген. Өндірістік ғимараттың биіктігі бір денгейде жобаланған. Өрт бола қалған жағдайда: телефондық, электрлік, өрттік сигнализация байланыстары қарастырылған. Басты корпуста өртті сөндіру үшін дренчерлік, ал көмекші ғимараттарда – спринкерлі қондырғылар орнатылған.

Суды цехта негізінен салқындататын жүйе және газды темір құрамды әктасты шаңнан тазалау (ласты цикл) жүйелерінде қолданылады. Ағым су мөлшері 2000м/сағ құрайды. Ферроқортпа өндіпрісіндегі ағымды су мөлшері шамалы. Сондықтан ол қоршаған ортаны ластауға шамалы әсер етеді. Ферроқортпа өндірісінде металл атмосфераға қатты шаң түрінде және газ түіндегі зат ретінде бөлінеді. Қоршаған ортаға кері әсер етуін төмендету үшін оларды салқындату, тазалау және жағылу керек. Бұл үшін қазандықты-утилизатор, газды ылғалды тазалау және толық жағатын қондырғы қолданылады.

Шойынды өндіру үрісінде қатты қалдық (шлак) түзіледі, ол ожауға сорылады және шлакты алаңға шлак тасымалдаушымен тасымалданады.

Газды тазалауға оңтайлы параметрлерді енгізумен, оның тиімділігі жақсарады, осыған байланысты атмосфераға бөлінетін шаңды заттар қалдықтар мөлшері төмендейді. Толық жағатын қондырғы жұмысының жақсаруына байланысты атмосфераға бөлінетін СО мөлшері төмендейді. Газды бөлетін аралықтың жұмыс жасау үрдісінде бөлінетін газдар салқындатылады және тазаланады, ол түтін шығарғыш көмегімен шығарылады. Жүйе былай жұмыс жасайды, тазалау үрдісінде СО толық көлемі жанып кетеді және бөлінетін газдардың химиялық құрамы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болады.

Қосылыстар жарылысқауіптілігі мынандай қасиеттермен анықталады: жану жылуы, жалындану температурасы және уақыты, жану жылдамдығы.

Қосылыстардың құрамына жоғарыактивті металдардың ұсақдисперсті ұнтақтары кіреді, олар қыздырғанда өздігінен жалындануға, сыртқы термиялық көздерден жалындануға, жаққан кезде жарылу қабілеттілігі 4.1- кестеде көрсетілген.
Кесте 5.1 - Қосылыстардың жанғыш компонеттері ретінде қолданылатын қорытпалар мен металл ұнтақтарының жарылысқауыптілігі және жалындануының сипаттары



Материал

Жалынд. min.

темп-сы, 0С.


ТЖШК

г/м3


Энерг.

жалынд.

МДж

Жарылыс-

тың ΔPmax

қысымы, кгс/см2

Қысым әуісінің mах

жылдамдығы, кгс/см2 с

Өлшенді

қабат

Көмір

FeSiMn

640

Жанбайды

-

980

-

240

-

1280

-

7

-

220




Кесте 5.2 - Қосылыстардың жанғыш компоненттері ретінде қолданылатын, қорытпалар ұнтақтарының жарылысқауіптілігі мен жалынданғыштығының мінездемелері




Материал


Бөлшектердің

орташа өлшемі, мкм

Қабаттағы өздігіненжа-лындану темп-сы 0С.

Өлшендінің жалындану темп – сы 0С.

Өлшендінің жалындануының минималды энергиясы, мДж

23

30

Көмір

FeSiMn

50

50

2

74

490 «23»

-

540 «30»

860 «30»

150

280



Кесте 5.3 - Қосылыстардың жанғыш компонеттері ретінде қолданылатын қорытпалар мен металл ұнтақтарының жарылысқауыптілігі


Материал

ТЖШК, г/м3

Жарылыс кезіндегі

қысым, Pmax, кг/см2

Қысымның

Жылдамдығы, tmax, кгс/ (см2 с)

Көмір

FeSiMn

42, «23»

150 «23»

6,6

6,2

300

260



Қосылыстар және олардың активті компоненттерінің жалындануын зерттеуінің нәтижелері:

– қабат түрінде қыздырғанда олар дүлей процестерге түрленуге қабілетті екінін көрсетеді;

– процесс газдардың бөлінуімен жүреді;

– соған орай жергілікті қысым жоғарлайды.

Осылайша, олар бұл жағынан біршама пиротехникалық құрамдарға және жарылыстық заттарға жақын келеді. Бірақ та жарылғыш заттар ешқашан механикалық жағдайларда сезімділігіне қарай алдын – ала сынақсыз қолданылмайды. Үйкеліс немесе соққының нәтижесінде жану немесе жарылу қауіпі туады.

Жану және жарылыстардың механикалық жерлердің нәтижесінде қауіптің тууы, практикамен далелденгендей, металлургиялық өндірісте экзотермиялық қосылыстарды қолдану кеңейтілген кезде, және алдын – ала сынақсыз жаңа құрамдарды енгізгенде немесе жабдықтың жаңа түрлері мен технологиялық процестердің қауіпті механикалық әсерлер туу мүмкіншілігін бағалаусыз ендіргенде өседі.

НКВП – ТЖШК – төменгі жалынның шектік концентрациясы.

Кесте 5.4 - Қосылыстарды дайындау учаскелеріндегі аса көп шаң бөлінетін орындарда анықталған, ауадағы жанғыш шаңдардың концентрациясы


Пробаларды

алу орны.

Орындалатын операция.

Шаңның концентрациясы,

г/м3

ТЖШК, г/м3

Бетті ұсатқыштың ішінде.

FeSiMn ұсату.

1,6

150

Жүгірмелерде

(бегуы).

FeSiMn үгіту.

2,43

150


Аэроқалдықтардың жарылуқауіптілігін төмендетуге жеңіл ұсақдисперсті жанбайтын компоненттерді (мысалы, техникалық кальциленген сода) қолдану ықпал етеді.

Жарылысқа қауіпті аэроқалдықтардың тұтану және түзілу ықтималдығын азайту үшін компоненттерді араластырғышқа сепкен кезде компоненттерді келесі ретпен тиеледі: алдымен жанғыш ұнтақ, содан соң барлық инертті компоненттер, содан кейін алдын – ала араластыру жүргізіледі, ал ең соңғы кезекте тотықтырғыш қосылады. Араластыру тәртібі алдымен инертті газдар, және тотықтырғыш, ал соңынан жаңғыш компонент. Жанғыш компоненті сепкен кезде аэроқалдықтың жарылу мүмкіншілігін туғызады мысалы, байқаусызда араластырғышқа түскен бөтен затпен соқтығысқанда немесе тұтану нәтижесінде.

Экзотермиялық қосылыстар мен олардың жанғыш компоненттерінің аэроқалдықтарының тұтануын болдырмау, бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық іс шараларды жүргізу жолымен қамтамасыз етіледі.

Техника қауіпсіздігі бойынша технологиялық инструкцияға экзотермиялық қосылыстар және олардың жанғыш компоненттерінің жарылысқа қауіптілігі және тұтанғыштығы туралы мәліметтерді қосқан жөн.

Жаңғыш компоненттер үшін мыналар келтірілген болуы керек: ТЖШК – төменгі жалынның шектік концентрациясы, аэроқалықтың тұтануы және қабат түрінде өздігінен тұтану температуралары; дайын құрамдар үшін – тұтану температурасы және жануға қабілеттілігі мен жану жылдамдығы туралы берілген мәліметтер.

Атмосфераға тасталынатын зиянды тастандылар, қатты қалдықтар, лай сулар, және тазарту аппараттарының сипаттамалары 5.2 – кестеде берілген.

FeSiMn өндірісі ауа бассейініне көпкомпонентті шаң (негізінен кремнийдің қостотығы, әртүрлі мөлшердегі шаң), көміртегі оксиді, күкірттің диоксиді және азот сияқты негізгі қолайсыз әсер етуші заттардың тастандыларымен байланысты.