Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 96
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Жауабы: Оғыз мемлекеті немесе Оғыз Жабғу мемлекеті (766 жыл – 1055 жыл)
—Сырдарияның орта жəне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының əуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы
кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жəне əр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.
X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл жəне Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан. Оғыз мемлекеті өзінің саяси жəне əлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген. Жабғудың "инал” деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тəрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының əйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға "қатын” деген атақ берілген. Сарайда əскери кеңеске сүйенетін оғыз əскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған.
965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. Оғыздардың көпшілігінің басты кəсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен.
Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Əсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кəсіп қылған.
Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ жəне Сауран т. б. қалалары болған.
Оларда қолөнер кəсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыған.
-
Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі əлеуметтік-саяси дəстүрлерінің сабақтастығы.
Жауабы: Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс жəне Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардың мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады.
Қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі əлеуметтік жəне саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дəреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тəн болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз жəне олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 17
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Қарахандар-(942-1212)
942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.
Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа болып саналады.
Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды “вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация” деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне салық төлеген.
-Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.
Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс моншаларының салынуы болды
-
Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің əлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тəуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мəдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
-
1210-ыншы жылы наймандармен соғыста Шығыс Қарахан əулеті талқандалды. 1212-інші жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан əулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.
23. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы
•Қыпшақ атауы
•Шығу тегі
•Этникалық құрамы
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: Бірінші кезең, жеті-сегізінші ғасырларда Қимақ қағанатының құрамындағы қыпшақтар; Екінші кезең, сегіз-тоғызыншы ғасырларда Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі территорияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; Үшінші кезең, он бір -он үшінші ғасырларда Шығыс ұлыстағы Қыпшақ хандығы. Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркітілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсуіне жатуына байланысты тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
24. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады.
•Наймандар
•Жалайырлар
•Керейіттер
•Меркіттер
Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Ертістің жоғары ағысы мен Орхон өзенінің аралығында кұрылды. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Сегіз оғыз- «сегіз тайпа одағы» деп аталды.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі. Жалайыр мемлекеттік бірлестігі ұлыс деп аталғаг. ¥лыс шекаралары айқындалған белгілі аумақтарды иеленді. Ұлыс билеушісі - хан, оньң басқару әкімшілігі, әскері және ордасы болды.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, қазіргі Солтүстік Қазақстан жеріне шегінді. 1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ырғыз өзені бойында қыпшақтармен соғысып, Хорезм шаһ әскерлерімен кездесті. Меркіттердің көпшілігі қырылып, аман қалғандары Шыңғыс ханға бағынды. Қазіргі кезде Орта жүз керей тайпасының құрамында меркіт руы бар.
25. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы
Ұлы Жібек жолы – елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан , түрлі мәдинеттерді бір – бірімен жақындатқан , Шығыс пен Батыс елдерінің қалаларының арасында байланыс орнатып , қалаларға үлкен ықпалын тигізген сауда жолы болған. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 мың шақырымнан 12 мың шақырымға дейінгі жолға созылды. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Керуен жолы Қытай жерінен бастап , Жерорта теңізіне дейін созылған. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Осы екі торап арқылы Ұлы Жібек жолы Жетісу өңірі арқылы Шығысқа шығады , ал Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы Батысқа шығады.