Файл: Бас аурулары мен заымдары бар науастарды зерттеу дістері. Туа біткен аурулар. Науасты тексеру дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 83

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Жергілікті емдеу (клизмалар, іш өткізетін дәрі қабылдау).

  2. Етеккір.

  3. Ішетін контрацептивтер.

  4. Артқы өтіс жолын тітіркендіретін, шектен тыс гигиена.

  5. Дұрыс тамақтанбау, диета, ащы тағамдар, тоқ ішекті ынталандырушы тағамдар (шай, кофе) тұтыну.; острая пища; продукты, стимулирующие толстую кишку (чай, кофе).

  6. Анальді төсек қатынасы.

  7. Кейбір спорт түрлері: атпен жүру, мотоциклмен жүру, велосипед тебу.

  8. Кейбір мамандықтар: жүргізуші (шопыр), ұшқыш, бағдарламашы.

  9. Жүктілік.

Тұқымқуалаушылық пен туабітті көктамыр құрылысы жетіспеушілігі де маңызды мәнге ие.

Ауруға себеп көптігіне тоқтала келе, геморройдың алдын алу, профилактикасына көңіл аудару қажет. Егер уақыт өтіп кетіп, ауру меңдеп кетсе де ешқандай қорқудың да, ұялудың да қажеті жоқ. Дереу проктологтың көмегіне жүгіну керек.

Ауру қалай дамиды?

Ауру артқы өтістің ауырсынуымен, ашып, біраз ыңғайсыздықтар тудыруымен дамиды. Үлкен дәретке отырғанда және кілт қимылдағанда аурсынып, жарақат пайда болып, кейін жүрген кезде де өрім түсіп кетеді. Шығып кеткен түйін жиі жараланады және қабынады. Геморройдың кең тараған белгісіне түйіннен қан кету жатады. Нәтижесінде қаназдық (анемия) дамып кетуі мүмкін.

Көбінесе науқастар дәрігерге жіті немесе қабынудан болатын ауыру кезде жүгінеді. Анальді қан кету ересектердің 10 пайызында кездеседі.

Диагноз

Геморройға диагноз проктолог науқасты тексеріп болғаннан кейін қойылады. Толық тексеру үшін тік ішекті аноскоп немесе ректороманоскоптың көмегімен қарайды. Проктологтың қабылдауына және тексеруге барардың алдында ішектерді клизма жасап тазалап алады.

Перитонит. Хирургиялық сепсис.

Перитонит (лат. perіtoneum — іш перде) — іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы. Перитониттің біріншілік және екіншілік ретінде пайда болатын түрлері бар. Күнделікті өмірде жиі кездесетін түрі — екіншілік Перитонит (99%). Ауру іш қуысында жатқан органдардың қабынуынан (соқыр ішек, холецистит, аднексит, т.б.) іш пердеге әр түрлі инфекцияның (ішек таяқшаларыстафилококкстрептококк,протей, т.б.) түсуінен, ішкі органдардың жарақатынан (ішек түйілу), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының тесілуінен болады. Сондай-ақ әйелдерде болатын гинекол. аурулар (аналық без, жатыр және оның түтіктерінің қабынуы), жатырдан тыс жүктілік, т.б. Перитониттің пайда болуына әсер етеді. Қабыну процесінің іш пердені қамтуына қарай Перитониттің жергілікті және жайылмалы түрлері болады. Сырқаттың жайылмалы түрі адам өміріне өте қауіпті. Ішкі органдардың Перитонитінде қабыну біртіндеп дамиды. Ауру сезімі алғашқыда бүкіл іш құрылысын қамтиды. Науқастың жүрегі айнып, құсады. Іші кеуіп, дене қызуы көтеріледі, іш пердесінің бұлшық еттері жиырылып, қатаяды. Қанда 
лейкоциттердің мөлшері көбейеді. Егер осындай белгілер байқалған кезде жедел дәрігерлік көмек көрсетілмесе, организмде улану процесі басталады, яғни, науқастың терісі бозарып, көз жанарының нұры тайып, құсуы жиілейді, ауа жетпей, тынысы тарылып, жүректің соғуы жиілейді (тахикардия), қан қысымы төмендейді. Емі: аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен дәрігерге көріну керек. Ауру асқынып кеткенде хирург. операция жасалады; іш қуысын антисептик. ерітінділермен жуып-шайып, қажетті жағдайда іш қуысына түтік (дренаж) қойылады. Тек гинекол. Перитонитте консервативті (дәрі-дәрмек беру) ем қолданылады және туберкулезден болған П-ке арнайы ем жасалады.

Белгілері


Аурудың дамуы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл кезеңде құрсақ қуысындағы қабыну үдерісі әлі дамымайды, жергілікті перитонит жайылған перитонитке ауысады. Әрине, перитониттің туындау себебіне қарай ауру әр адамда әрқалай дамиды. Яғни науқастың іші қатты ауыруы немесе ешқандай ауырсыну сезімі болмауы да мүмкін. Екінші кезеңде іштегі жел шықпайды, науқас үлкен дәретке отыра алмай қалады, зәрінің түсі қоюланады, кіші дәретке отыру ауырсыну әкелуі мүмкін. Тік ішек арқылы зерттеу ауырсыну әкеледі. Науқас бұл кезеңде ақыл-есін сақтайды, бірақ оқтын-оқтын қозып, сандырақтауы мүмкін. Көбіне еңсесі түсіп, көңіл-күйі нашарлайды. Үшінші кезең – қайтымсыз кезең. Ауру басталған соң 3 тәуліктен немесе одан кештеу басталады, 3-5 тәулікке созылады. Науқастың жағдайы өте ауыр. Ақыл-есі шатысады, кейде эйфория байқалады. Терісі бозғылт, сарғайған, цианоз. Іші мүлде ауырмайды деуге болады. Тынысы терең емес, аритмиялы, тамыр соғысы жиі әрі әрең білінеді, қан қысымы төмен. Ауру адам біресе қимылсыз жатады, біресе аласұрады, селк етіп шошиды, көзі көмескіленеді. Іші торсиып, ұстап көргенде ауырсынбайды, тыңдағанда — тым-тырыс.

Перитониттің бір кезеңнен екіншісіне ауысуы біртіндеп өтеді. Араларында айқын шекара жоқ. Перитониттің жедел септикалық түрлерінде оның кезеңдерін ажырату мүмкін емес.

Емі


Хирургиялық емге лапаротомия, перитонит көзін ерте алып тастау немесе оқшаулау; құрсақ қуысын интра- және отадан кейін санациялау; аш ішекті жаншылудан босату, яғни декомпрессиялау жатады. Жалпы емге әсері бағытталған массивті антибактериялық ем; гемостаз бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен жөндеу; экстракорпоральды гемокоррекция әдістерімен организмнің маңызды уытсыздандыру жүйелерін ынталандыру немесе уақытша орнын толтыру кіреді.

Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакоккстрептококкменингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам Сепсиске ұшырайды. Сепсисте 
фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) Сепсис деп атайды. Сепсис кезінде науқастың дене қызуы 39 — 40ӘСепсисқа дейін көтеріледі, басы қатты ауырады, асқа тәбеті шаппайды, дел-салданады, кейде есінен танып сандырақтайды, ісінеді, жүрек соғуы жиілеп, тыныс алуы қиындайды. Сепсистің кенеттен дамитын, жедел, жеделдеу және созылмалы (хрониосепсис) түрі болады. Жедел түрі 1 — 2, жеделдеуі 5 — 7 күнде өтеді. Клиник.-морфол. белгілеріне қарай: септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит болып бөлінеді. Септицемия — Сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистроф. өзгерістер, қабынулар байқалады. Септикопиемия кезінде Сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну Сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды. Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларынан басталады. Соның нәтижесінде некроз ошақтары пайда болады. Өзгерген қақпақшалар ыдырап, олардың бетінде тромбтар түзіледі. Тромбоз организмде инфаркт ошақтарының қалыптасуына жағдай туғызады. Кейбір жағдайда ішектің, аяқтың және терінің гангренасы дамуы мүмкін. Сепсис — өте қауіпті ауру, сондықтан, көп жағдайда бұл аурумен ауырған адамдар жазылып кетпейді. Емі: Сепсистік ошақтар сақталып қалған жағдайда оларды хирург. жолмен тазартып, антибиотиктермен және антисептиктер қолданып, іріңді тазартып жуып-шаю; антибиотиктер қолданып, организмнің инфекцияға төзімділігін арттыру; құнарлы тағам, витамин беру, қан құю арқылы организмді әлдендіру. Сепсис жануарлар мен мал арасында да жиі кездеседі.

Хирургиялық аурулар және несеп-жыныс жүйесінің зақымдалуы.


Бүйрек пен қуықтың жарақаттары. Несеп тас аурулары. Ашық жəне жабық жарақаттар кезінде медициналық алғашқы көмек көрсет

Несеп-жыныс жүйесінің органдары зақымдалған ауруларға көрсетілетін көмек пен жасалатын мамандандырылған емдеудің мән-мазмұнына мына факторлардың елеулі ықпалы бар:

— несеп-жыныс жүйесі органдарының жарақаттануларын ерте бастан диагноздаудың әсіресе бұлармен бір мезгілде іш пен жамбастың ба­сқа органдары зақымдалған жағдайда қиынға соғатыны;

—  несеп-жыныс жүйесінің зақымдануларының өздеріне тән ерекшеліктері; мұның өзі айналадағы тіндерге несептің жайылып кетуіне саяды ( несеп іркілмелерінің, клетчатканың некротикалық флегмондарының түзілуі, уросепсистің дамуы және т.б.);

— несеп-жыныс жүйесінің функцияларына тән ерекшеліктері бұл жүйенің зақымдануы оған ауыр жарақат деп қарауды ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар көрші органдар мен тіндердің және тұтас алғанда бүкіл ағзаның зақымдалуына жол бермеуді көздеген диагностиканың, хирургиялық емдеу мен медикаментоздық терапияның арнаулы әдістерін қолдануды да қажет етеді.

Бүйректің жарақаты жабық болған кездегі көрсетілетін көмек жөнінде әлі күнге дейін бір-біріне мүлдем кереғар, қарама-қарсы келетін ұсыныс-нұскаулар бар. Бір авторлар мұндай науқастарды операциялау керек десе, енді бір авторлар консервативтік емдеу жағына шығады.

Қай органды болсын, соның ішінде жұп екі мүшенің біреуін болсын алып тастау науқастардың денсаулызғына кеп нұқсан болатыны мәлім, сондықтан бүйректің жарақаттануы кезінде нефроэктомия үшін өте мұқиятталдап-белгілеу айрықша қажет.

Қуықтың жарақаттануын, әсіресе ішперде ішіндегі зақымдалуларының ерте бастан анықталған диагностикасы және несеп іркілмелерінің дер кезінде анықталуы дәрігерге емдеу әдісін таңдаған кезде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қуықтың зақымдануларының диганостикасы жөніндегі қазіргі бар әр түрлі рекомендациялар жарақатты ерте бастап танып-білуге әр кезде бірдей жәрдемдесе бермейді.

Бүйректің жабық жарақаттанулары арасында оның талшықтық капсуласының тұтастығы сақталуы, осы себепті бүйрек маңында гематома түзілуімен қабаттаспайтын кездедамитын морфологиялықөзгерістерді, бүйректің және оның өз капсуласының жыртылып бүйрек маңында ге­матома (урогематома) түзілуін және бүйрек ашасы тамырларының зақымдануын ажыратып саралау керек болады.

Бүйрек зақымдануларының өз капсуласының тұтастығы бұзылмайтын (капсула астындағы жарақаттанулар) тобында қан құйылуының әр түрлі тарап жайылулары (өз капсуласы астында, паренхимада не бүйректің астауы мен тостағаншаларының кілегей астында), бүйрек тінінің ұзақтығы әртүрлі жыртылулары кездеседі; бұл жыртылулардың органның бетінен немесе оның тостағанша-астау жүйесі жағынан басталып, тұйықталып аяқталатындары, немесе, керісінше, капсула астын­дағы кеңістікпен және (немесе) бүйрек қуыстары жүйесімен қатынасатындары, немесе бүйрек паренхимасының қалың қабатында шоғырланып, ол жақпен де, бұл жақпен де қатынастары болмайтындары кездеседі.