Файл: Бас аурулары мен заымдары бар науастарды зерттеу дістері. Туа біткен аурулар. Науасты тексеру дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 86

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Париетальды іш пердесінің және аппендикстің шажырқайының қабынуға ұшырағанына байланысты пайда болған іштің ауыруының толастамауы баланың ұйқысының бұзылуына әкеліп соғады. Осы ерекшелік 60% жағдайда байқалады. Ал 10% жағдайда іштің ауруының ұстамалы болатындығын көрсетеді. Тынышталып отырған балада аяқ астынан іші қайтадан ауыра бастайды, мазасызданып жылайды, тамақ ішпей қойады, ыстығы көтеріледі, құсады, үлкен дәреті өзгереді. Дене ыстығының көтерілуі (94%) 3жасқа дейінгі балаларда негізінде 38-30*С, одан да жоғары жедел аппендициттің асқынған түрлерінде болады. Денесінің ыстығының көтерілуі жедел аппендициттің түрлеріне байланысты емес, ол баланың жүйке жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне, ішетін тамағына, реактивтілігіне (жұқпалы ауруларға) антибиотиктерді қолдануына байланысты. Тағы да бір белгінің бірі- ол баланың құсуы (80%) Бұл кіші жастағы балаларда қабыну процесі өрістеген сайын уланудың белгісі екенін көрсетеді. Құсықтың құрамы негізінен асқазандағы астың қалдығы, ауыр асқынған кезде құсық құрамында өт те кездеседі. Әдетте көп құсу жедел аппендициттің асқынған түрінде болады. Кей жағдайларда науқас құспауыда мүмкін (15-20%), аурулардың басым көпшілігінде үлкен дәреттері бұзылмаған, қалыпты күйде (75%), ал 12-15% іштің өтуі байқалады.
Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің клиникалық көрінісі.

Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің жекелеп көрсетілуі өте манызды, себебі бұл аурудың клиникалық көріністері әр түрлі болып келеді. Сондықтан көптеген бала хирургтары клиникалық көріністері қиындық туғызатын аппендициттің ерекше түрлерін көрсетеді. РЕТРОЦЕКАЛЬДІ: құрт тірізді өсіндінің бұл орналасуы диагностикалық қиыншылықтарды туғызады. Ретроцекальді құрсақішілік аппендицит кезінде симптомдар әдетте айқын көрініс береді. Бірақ құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюы аз болады. Осы орналасуға тән симптомдар әдетте болмайды. Ретроцекальді құрсақ арты аппендицитте ауырсыну оң жақ мықын аймағының латеральді бөлігі немесе оң жақ бел аймағында болады. Ауырсынулар жыныс мүшесіне немесе несепағар жолымен таралуы мүмкін. Ол өз кезегінде дизуриялық бұзылыстарға ікеледі. Іші жұмсақ, тыныс алуға қатысады, ауырсыну аз болады, Щеткин-Блюмберг симтомы теріс. Ал оң жақ бел аймағында бұлшық еттердің қатаюы, ауырсынуы және соққылау симптомы оң болады. Көптеген жағдайда ретроцекальді аппендицит бастапқы кезеңмен ауыр іріңді интоксикациямен, дене қызуының жоғарлауы (40%), тоңумен жүреді.


Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен ауыратындарың негізгі бөлігі майлы тамақ, алкогольді көп пайдаланушылар, тамақты көп жеушілер. Арнайы өршітетін факторлардың әсерінен ұйқы безінде протелиттік ферменттер белсенді бөлінеді. Салдарынан қабыну процессі пайда болады. Себептері:

  • Өт жолдарының аурулары

  • Он екі елі ішек; ұлтабар аурулары

  • Тамырлардың склерозы, қант диабеті, гипертония, жүктілік

  • Алкогольдан, тағамнан, химиялық улану

  • Кейбір дәрі-дәрмектердің кері әсері

  • Артық тамақтану, тойып жеу

  • Ұйқы бездерінің жарақаты, іштің жарақаты

  • Инфекциялық аурулар

  • Ағзадағы аллергизация

  • Генетикалық бейімділік

  • Алкоголь тұтыну

Өт қабының аурулары. Өт тас ауруы

Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының  түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.

Өт тасы ауруының себептері қандай? Өт құрамына кіретін заттектердің үйлесімсіздігі өт қабындағы тастардың түзілуіне бейімдейді. Өттің құрамында холестерин, билирубин көп болса немесе өт тұзы көп болса, өт қабында тастар пайда болады. Бұл үйлесімсіздіктің пайда болу себептері соңына дейін анықталмаған. Сондай-ақ, тастар өт қабының толық емесе немесе жеткіліксіз босатылуында пайда болуы мүмкін. Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік: Холестеринді тастар, әдетте, сары-жасыл түсті, негізінен, холестериннен тұрады. Көптеген жағдайларда өт тастарының 80% астамы холестеринді болады. Пигменттік тастар қошқыл түсті және билирубиннен тұрады. Өт тастарының түзілу қаупі кімде болады? Кейбір адамдарда өт тастарының түзілуінің жоғары қаупі болады: Әйелдер ерлерге қарағанда өт тасындағы тастардың түзілуіне бейімірек болады. Эстрогеннің көптігі өттегі холестерин деңгейінің артуына және өт қабының жиырылуының азаюына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, өт тастарының түзілуіне алғы шарттар пайда болады. Әйелдерде эстрогеннің көптігі жүктілік кезінде, гормондық алмастыру емдеуінде немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдауда пайда болуы мүмкін. Өт қабындағы тастардың түзілуіне 40 жастан асқан адамдар бейім келеді. Отбасылық өт тас ауруының тарихы болуында өт қабында тастың пайда болу қаупі жоғары болады. Өт тас ауруының пайда болуының басқа қауіп факторларына жататындар: Семіздік. Семіздікке шалдыққан адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілуінің қаупі жоғары болады. Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың түзілуін туындатуы мүмкін. Тез салмақ жоғалту. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді, бұл кезде бауыр өтке түсетін холестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез салмақ жоғалту да өт қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін. Төмен калориялы емдәмдер және бариатриялық операциялар –желінетін тағамның көлемін азайтуға немесе қоректік заттектердің сіңірілуін төмендететін операциялар – тез салмақ жоғалтуға апарады және өт тастарының түзілу қаупін арттырады. Емдәм. Зерттеулерге сай, калориялар және тазартылған көмірсулардың мөлшері жоғары және талшықтың мөлшері төмен болатын емдәмдер өт тастарының түзілу қаупін арттырады. Тазартылған көмірсулар – бұл өңделіп, қоректік заттектері және талшығы болатын ұрығынан тазартылған дәндер. Тазартылған көмірсулардың мысалдары – ақ нан мен ақ күріш. Кейбір ішек аурулары. Қоректік заттектердің сіңірілуінің қалыпты үрдісі бұзылатын аурулар,
мысалы Крон ауруы, өт тастарының түзілуімен байланысты. Метаболикалық синдром, диабет және инсулинге тұрақтылық. Бұл аурулар кезінде өт тас ауруының пайда болу қаупі артады. Метаболикалық синдромда, сондай-ақ, аурудың асқынуының пайда болуы қаупі аратады. Метаболикалық синдром – артық дене салмағымен және семіздікпен байланысты аурулар тобы, бұл кезде жүректің аурулары және 2 типті қант диабетінің пайда болу қаупі бар. Пигменттік тастар науқастардың келесі санатында пайда болуы мүмкін: Цирроз – бұл ұзақ және созылмалы зақымдануы салдарынан бауырдың баяу түрде бұзылуы, қызметінің бұзылысы орын алатын жағдай. Өт түтіктеріндегі инфекция. Ауыр гемолитикалық анемия – эритроциттер ұдайы бұзылатын ауру, мысалы, орақ тәрізді жасушалы анемия. Өт тас ауруының симптомдары мен асқынулары қандай? Өт тас ауруы бар көптеген адамдарда қандай да бір симптомдар байқалмауы мүмкін. Симптомдары болмайтын өт қабының тастары симптомсыз немесе үнсіз аталады. Симптомсыз тастар өт қабының, бауырдың немесе ұйқыбезінің қызметін бұзылысқа ұшыратпайды. Өтті шығаратын түтіктердің таспен бітелуінде өт қабында қысым артады, бұл өт қабының түйілуінің ұстамасын туындатады. Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты және әдетте, кешке немесе түнде болады. Өт тасы орналасуын өзгертіп, өт түтігін бітемейтін болғанда өт қабының түйілуі басылады. Егер өт түтігі бірнеше сағат бойы бітелген болса, асқынулар пайда болуы мүмкін. Асқынуларға жататындар: өт қабының қабынуы және зақымдануы немесе өт қабының, өт түтіктерінің немесе бауырдың инфекциялары. Ұлтабардың қасында, жалпы өт түтігінде тұрып қалған және ұйқыбезінің түтігін бітеген өт тасы өт тасты панкреатитті – ұйқыбезінің қабынуын туындатуы мүмкін. Емдеу болмаған жағдайда, өт түтіктерінің немесе ұйқыбезі түтігінің бітелуі өлім-жітімге апаруы мүмкін. Қашан дәрігермен өт қабындағы тастар туралы кеңесу қажет? Өт тас ауруының ұстамасы болған адамдар дәрігерге көрінуі қажет. Өт тасы орын ауыстырғанда ұстамалар басылғанмен, аурудың асқынуы орын алуы мүмкін. Өт қабы түйілуінің ұстамасы кезінде немесе одан кейін келесі симптомдар пайда болатын адамдарға шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет: 5 сағаттан асатын уақыт бойы іштің ауырсынуы Жүрек айнуы және құсу Қызба (кейде дене температурасының сәл көтерілуі) немесе қалтырау Терінің немесе көздің аққабығының сарғыштануы (сарғаюы) Шәй түсті несеп және нәжістің ақшыл түсі Бұл симптомдар өт қабының, бауырдың немесе ұйқыбезінің күрделі инфекциясының немесе қабынуының белгісі болуы мүмкін. Өт тас ауруы қалай анықталады? Дәрігер өт тас ауруын анықтау үшін әдетте, ультрадыбыстық тексеруді тағайындайды. Сондай-ақ, басқа да зерттеудің көрнекі әдістері қолданылады. УДЗ (УЗИ). Ағзалардың ультрадыбыстық бейнесін жасау үшін трансдьюсер қолданылады, ол ағзаларға қауіпсіз және ауырсыну бермейтін ультрадыбыстық толқындар жібереді және олардың бейне түрінде қайтуын алады. Арнайы үйретілген қызметкер бұл шараны дәрігердің кабинетінде, амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізеді, ал медициналық көрнекілікке маманданған радиолог-дәрігер суреттерді түсіндіреді. Ауырсынуды басатын шара қажет емес. Өт қабында тас болса, бейнеде көрінеді. Ультрадыбыс – өт қабындағы тастарды анықтаудың аса дәл әдісі. Компьютерлік томография (КТ). КТ дене суретін алуға мүмкіндік беретін, зерттеудің рентгендік әдісі. КТ контрастылық заттек аталатын арнайы бояғышты қолданып, өткізілуі мүмкін. КТ үш жақты бейнелеуді (3D) алу үшін рентген сәуле мен компьютерлік техниканың бірігуі қолданылады. Тексеру кезінде науқас үстелге жатқызылады, үстел туннель тәрізді, рентген сәулесін шығаратын қондырғыға өтеді. Бұл шара амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізіледі, ал радиолог-дәрігер суреттерді түсіндіреді. Ауырсынуды басатын шара қажет емес. КТ өт тасы немесе асқынулар анықталуы мүмкін, мысалы, өт қабының немесе өт түтіктерінің инфекциялары және бітелуі. Бірақ, КТ өт қабының тастары көрінбей қалуы да мүмкін. Магниттік-резонанстық томография (МРТ).


Тік ішек аурулары. Парапроктит.

Тік ішек обыры — көптеп жасы келген адамдардың еншісіне көптеп отыр. Бүгінгі таңда әлем бойынша жыл сайын 510 000 тоқ ішек обыры жағдайы тіркеліп, оның 30-40%-ы тік ішек обырына ұшырағандар.

Себептері

Әлі күнге дейін ғалымдар тік ішек обырының негізгі себебін анықтай алмай отыр. Дегенмен, аурудың пайда болуына себепкер болатын бірнеше жағдайды атап көрсетті.

  1. Тамақтану ерекшелігі. Егер тамақта ет тағамдары және малдың байы шектен тыс көп болса, өсімдік жасұнығы аз бола, уақыт өте келе адам ауыр кеселмен ауыруы мүмкін деген болжам бар. Жоғары калориялы және жеңіл сіңірілетін тағамдар ішектің тамақ сіңдіру тәртібін бұзады. Осының салдарынан, тамақтың құрамында болуы мүмкін немесе ішек бактериялары өндіретін канцерогенді заттар ұзақ уақыт бойы тік ішектің қабырғаларына әсер етеді. Вегетариандардың (ет ежемейтіндер) арасында тік ішек обырымен ауыратындар саны кездеспейді.

  2. Талшықтаспен (асбест) жұмыс жасау.

  3. Тік ішектің ұзақ уақыттан келе жатқан қабынуы және ауыруы.

  4.   Папилломовирусты инфекция және анальді төсек қатынасы. Ғалымдардың зерртеуінше, гемосексуалистердің тік ішек рагына ұшырауы ықтималдылығы жоғары.

Тік ішек обыры тез дамымайды. Алдымен ісік ішектің айналасында төменге және жоғарыға қарай ұзақ өседі. Ісік тік ішекті толықтау «құшақтау» үшін 1,5-2 жыл қажет деп есептеледі. Кейін ісік ішек қабырғасына, өзегіне және жамбас сүйегіне, көрші ағзаларға өседі. Обыр тіндері қанмен және лимфамен бірге ағзаға тарап, жаңа ісік ошағы пайда болады.

Қалай анықтайды? Басқа көптеген онкологиялық аурулар секілді, тік ішек обыры 5-15% жағдайда дәрігердің қабылдауына қаралғанда кездейсоқ анықталады. Адам өзінде тік ішек обыры барына күмән туғызатын жағдайлар мыналар:

  • Артқы өтіс жолынан шырышты бөлінді, қан немесе ірің аққан жағдайда;

  • Үлкен дәреттің бұзылысы (іш қату мен іш өтудің кезектесуі)

  • Тік ішектегі жағымсыз әсер мен ауырсыну

  • Үлкен дәреттегі ауыру, үлкен дәретке шыққысы келген сияқты болу.

Дегенмен, бұл белгілердің болуы әрқашан обыр бар дегенді білдірмейді. Ұқсас белгілер геморрой, парапроктит немесе  ішектің тітіркенуі секілді аурулардың себебінен болуы мүмкін.

Диагностика

Тік ішек обырының диагнозын қоюмен дәрігер-проктолог айналысады. Науқаста обыр болуы мүмкін деген күдік болған жағдайда, бірінші кезекте саусақпен ұстап қарайды. Мұндай қарапайым әдіс анальді өтістің 15 смге дейінгі тереңдікте жатқан ісікті анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге дәрігер нәжіс анализін тапсыруға жолдама береді. Диагнозды нақтылау үшін міндетті ректороманоскопию  (тік ішекті ректоскоп арқылы көру) жасайды.


Парапроктит

  • Тік ішек айналасындағы тіндердің жедел немесе созылмалы қабынуын айтамыз. Практологиялық аурулар арасында жиі кездесетін сырқат болып табылады.

Жедел парапроктит түрлері

  • Тері асты

  • Кілегей қабат асты

  • Ишиоректальді

  • Пельвиоректальді

Этиологиясы

  • Ішек таяқшасы, стрептококктар, анаэробтар, энтерококктар;

  • Спецификалық инфекциялар

  • Таралуы: гемотогенді және лимфогенді жолмен.

Диагностикасы мен клиникасы

  • Зондпен зерттеу

  • Рентген, фистулография

  • Ректоромоноскопия

  • Лабороториялық зерттеу

  • Беймануальді зерттеу

  • Клиникасы:

  • Әлсідік, бас ауруы, дефекация актісінен соң қолайсыз сезімдер, дене қызуының көтерілуі, тоңазып дірілдеу, жамбас қуысында ауырсыну, тәбет нашарлайды

Емі

  • Антибиотиктер

  • Оперативті ем

Геморрой. Тік ішектің жарылуы. Тік ішек қатерлі ісігі. Ішек өтімсіздігі

Геморрой — артқы өтіс аймағындағы тік ішектің соңғы бөлімінің шырышты қабаты астындағы варикоздық тамырлардың болуы.

«Геморрой» сөзі гректің «қан кету» және «ағу» деген екі сөзінен шыққан. Геморройдың нақты статистикасы анық емес. Науқастардың көпшілігі мұндай аурумен дәрігерге қаралуға қысылады. Әртүрлі авторлардың мәліметтеріне қарағанда, ересек адамдардың арасында 44 пен 86 пайызға дейін кездеседі. Ерлер мен әйелдерде бірдей ұшырасады.

Бұл не?

Айтудың өзі ыңғайсыз болып көрінетін аурулар кездеседі. Айту және мойындау былай тұрсын, ем бастаудың өзі ұят сияқты. Неге бәрі бұл аурудың атын аузына алуға ұялады? Біздің ең нәзік, жұмсақ жеріміз де басқа дене мүшелеріміз секілді ерекше көңіл бөлуге лайықты ғой. Адамға бүкіл денесінің саулығы маңызды емес пе?! Сіздің тік ішегіңізде мәселе туындағанын дәрігерге айтудан қысылмаңыз! Геморройды емдеу керек!

Ол неден болады?

Геморройдың дамуының негізгі жолы — кіші жамбаста қан тоқырап қалу салдарынан тік ішектің тамырлары қайта созылуынан болады. Өкінішке орай, мұндай тоқырау бізге табиғаттың тік жүрумен бірге берген «сыйлығы». Геморрой қан қысымының және кіші жамбаста қан тоқырауының және тік ішектің көктамыр тобының өрімденіп кетуінен пайда болады. Көктамыр аумағының ұлғаюы нәжіс жолын жарақаттауы, жаралауы, қысып ақлуы жәні қан ұйып қалуы мүмкін немесе керісінше, артқы өтіс жолын мүлде жауып қояды. Бұл белгілердің бәрі төмендегідей себептерден туындауы мүмкін: