Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 80
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
В.П. Острогорский: «Мәнерлеп оқу дегенiмiз – үйренуге болатын өнер», - деп көрсетедi . Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру үшiн алдымен мынандай үш мақсат орындалуы тиiс деп көрсетедi.
1 Мәтiндi оқуда мазмұнына қарамай құлаққа жағымды, естiлетiндей, түсiнiктi болу.
2 Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi түсiнiктi етiп оқу.
3 Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi естiлетiн және түсiнiктi етiп ғана қоймай, тыңдаушы оның мазмұнын сезiнiп, қиялдауына әсер ету керек.
24.Орта буында оқушылардың жазба тілін дамыту жолдары
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп табалдырығындағы бүлдіршіндер десек, оларға жан-жақты заман талабына сай білімді, мәдениетті адамзат етіп шығару ұстаздар алдындағы зор міндет екені айтпаса да түсінікті. Олай болса әрбір ұстаз өзін, әр бала үшін болашақ үйдің іргетасын қалап жатқан құрылысшымын деген сезімді бір сәт ойларынан шығармауы тиіс.
Әр баланың бойындағы әртүрлі ерекшеліктерді байқап, оны дәл тауып, әрі қарай дамыту үшін, мұғалімнің бойында төмендегідей қасиеттер болуы шарт.
1. мұғалімнің ары таза, ұстамды, кешірімшіл болу;
2. мұғалім өзінің мамандығына сай білімді болуы шарт;
3. оқушылар арасында беделді, оқушыларға әрдайым әдепті қылықтарды үйретуі шарт;
-
мұғалім теорияны практикамен ұштастырып отыруы керек;
Оқушының ынтасын арттыратын, сөйлеу тілін дамытатын ауызша жұмыстармен бірге, жазба тілін дамыту жұмыстары бір-бірімен алшақтамайды. Осындай жұмыстарды сұрақтар арқылы қайталатып, өз сөзімен түсінгенін қағаз бетіне түсіруге немесе мазмұнын қысқаша дәптеріне жазуға болады. Сонымен бірге дауыс интанациясымен оқу, рөлге бөліп оқу, ұнаған кейіпкерге мінездеме беру жаттығуларын үйге де беруге болады.
Оқушылардың жазба тілін дамытудың ең алғашқы жұмысы- көшіріп жазу. Ол Әліппеден алғашқы 2 әріпті үйренгеннен бастап жүзеге асырылады. Оны қалай болса солай көшіртіп қоймай, қандай дыбыстың әріп таңбасын жазып отырғанын ауызша айтып беру талап етіледі.Плакаттан, тақтадан, кітаптан жаза алмаған бала, кейін әліппе оқулығы бітіп, қазақ тілі жүргенде көр кедергіге жолығуы мүмкін. Сондықтан сауат ашу кезеңінде-ақ, әліппе оқулығынан әріп, буын, сөз, сөйлемдерді өткен сайын көшіріп жазу жұмысын жүргізіп отыру қажет.
Сонымен бірге оқушылардың сауаттылығын арттыруға сабақ сайын диктант жаздыруға машықтандыру – жақсы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі.
Бірінші үйрету диктанттары жиі алынып, содан соң бақылау диктанттары алынады. Диктант алынған соң 1 сағат қатемен жұмыс жүргізу міндетті. Оссы кезде оқушыларға шығармашылық жұмысысн арттыру мақсатында карточкамен жұмыс істеуге үйретіп, емле қателерін қайталатып, грамматикалық ойындар жүргізіліп отырады.
Дариға
25.Әдіскер-ғалымдар,олардыңеңбектері.
26.ҰжымдықоқытутехнологиясыНазгул
Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі.
Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады.
Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр.
Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).
Айталық, сабаққа дейін әр оқушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В,С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп, жұппен жұмыста әр оқушының мұғалім рөлінде де болуы шығады.
Осындай жұмыстың нәтижесінде әр оқушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осындан кейін жұптар ауысады, мысалы А-С,В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді.
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған. Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді. Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады. Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме бір бал – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады. Сабақ барысында әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады.
Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырп жүйелі мазмұндауға, жұппен үйренеді.
Пікір сұрау әдістемесі матемаитка сабағында кеңінен қолданылады. Бұл әдістеме барлық оқушының сабақты меңгергендіктерін көрсете алғандықтан, кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.
Топта жұмыс істеп болғаннан кейін ортақ талқылау өтеді. Осылайша, сабақтың өн бойында мұғалім оқушыларды қызықтыратын мәселер жөнінде ақпарат ала алады. Сондай-ақ, Оқушылардың жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады.
Өзара жаттығу әдістемесі – жаттығу, бекіту, қайталауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Ұжымдық оқытудың бұл тәсілі барлық оқушының үнемі жұмыс істеуін талап етеді, жұппен жұмыс істеуде зейін қою, істің байыбына бару сияқты қасиеттерін дамытады.
Тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген қажеттілік үнемі болатыны белгілі. Оқушылар өз жұптасына түсіндіру керек, ал ол үшін ол бала өзі білу керек, сондықтан да үнемі оқуға деген сұраныс туады. Ол үшін өзіңді және жұптасыңды басқара алу керек, өзіңді бағалау және бақылай алу керек.
Тамсырмаларды өзара алмасу әдістемесі — стандартты типтік есептерді шығаруды үйретуге арналған. Таспырма дегеніміз не? Бұл біртиптік тапсырмалар – есептер, жаттығулар немесе сұрақтар. Әр тапсырманың өз нөмірі болады. Оларды нөмірмен немесе әріппен белгілеген қолайлы. Әріптер — тарауларды белгілеу үшін, сандар — осы тараудағы тапсырмалар нөмірін белгілеу үшін қажет. Тапсырмаларды арнайы карточкаларға мақсатты түрде жасау қажет.
Тамсырмаларды өзара алмасу әдістемесі оқушылардың оқып өз бетімен жұмыс істеуге, үйренуге, мұғалімнің әр баламен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Мәтінді абзац бойынша бөліп оқыту әдістемесі
Баспа мақалалар мен ғылыми мәтіндерді ауыспалы құрамда жұппен оқып меңгеру үшін құрылған. Бұл әдістеме бойынша әр оқушы өзінің ерекше тақырыбын алады және оны әр жұптағы әр баламен бірігіп орындайды. Жұмыс барлық материал бірінен кейін бірі жүйелі түрде бірінші оқушы тұрғысынан, екінші мұғалім тұрғысынан оқып, талдануға негізделіп ұйымдастырылады.
Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл техналогияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.
Ақпаратпен бөлісу:
ІІІ.Деңгей
-
Даралап,саралап оқыту әдістемелерін қарастыру
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.
Оқушының білімді меңгеру сатысы:
1.Шығармашылық; 2.Эвристикалық;
3.Алгоритмдік; 4.Оқушылық деңгей;
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін:
1.Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер,логикалық есептер)
2.Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.
Осы айтылғандарды ескере отырып,оқушыларды математиканы оқуға ынталандыратын және математикалық қабілетін дамытатын тарихи есеп-
терді пайдалану арқылы,деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық білім сапасын арттыруға болады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып,өз эмоциясын өзі басқара білетіні,зейіннің тұрақтылығы,ой- лауы дамитыны байқалады.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Бірінші деңгейден бастау алған сµйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кµрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.