Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 85

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді: комедия, драма, трагедия. Драмалық шығармаларда автор өмір болмыстарын көркем типтік жағдайларда тартыс үстінде көрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты нысаны адам, оның қоғамдағы орны, іс- әрекеті, жеке басының қасиеті, ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр өнерінің дамуына байланысты драмалық шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либеретто т.б.) Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сөзінен тұрады. Диолог, монолог түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда "пьеса" немесе "спектакль" деп аталады. Пьеса ез ретінде афишадан, акті, сурет, көріністерден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, суреттеулер болмайды. Кейде автор өз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер "ремарка" делінеді және жақшаға алып жазылады.

Бастауыш және орта буын сыныптарда оқытылатын шағын ертегі, мысал, әңгімелерге инсинировка жасау, рөлмен оқу, рөлдік ойындар жүргізу т.б. жұмыс түрлері -- драмалық шығармаларды танып-білудің алғашқы бастамасы болып есептеледі.

Оқушылардың театрдан, сахнадан көрген түрлі қойылымдары олардың драма табиғатын тани түсуіне көмектеседі. Оқушылардың драмалық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма үйірмесінің тигізер әсері мол.

Бастауыш сыныптарда драмалық шығармалар оқытылмайды, бірақ С.Желдербаева мұнда рөлге бөліп оқытылатын басқа жанрлардағы шығармалардың молдығын атап кетеді. Мәселен, И.Жансүгіровтің бастауыш сынытарда Шәркей, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш т.б шығармаларын оқытылады. Осы шығармаларды оқыту барысында рөлмен оқыту арқылы, сондай-ақ кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндату арқылы оқушыларға кейіпкердің іс-қимылын бақылатуға болады. Ендеше, мұндай қарапайым оқиғалы шығармаларды келешекте драмалық шығармаларды оқытуға дайындық түрінде жүргізуге мүмкіндік мол. Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарға оқытылатын мысал жанрындағы шығармалармен инсинировка жаздыру, оқушылардың өздеріне ойнатып көрсету көптеген шығармашылық жұмыстардың тууына жәрдемдеседі. Мәселен, И.А.Крыловтан Абай аударған мысал елендер сюжетінің жеңілдігі мен композициялық құрылымының қарапайымдылығы жағынан төменгі сыныптардың өзіне инсинировка жаздыруға қолайлы шығармалар болып табылады.

Орта буын сыныптарда драмалық шығармалардға тартыстың мазмұнын бірнеше түрде өзгерте отырып ойнату, салыстырту драма жанрын терең түсіндіруге мүмкіндік туғызады. Мәселен, бір шығарманы бірнеше топқа тапсыра отырып, тартыстың мазмұнына қарай комедия жанрында, трагедия,
драма жанрында ойнату, салыстырту аса қызықты да тиімді нәтиже көрсетеді.

Инсцинировка, киносценарий құрастыру оқушылардың көркем мәтінді терең әрі шығармашылық жолмен түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кино, сахна өнеріне деген қызығушылығын да арттырады.

Драмалық шығармаларды оқытудың басты мақсатының бірі, жоғарыда айтып кеттік, оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, мысалы, «Қозы Көрпеш» лиро-эпикалық жырын «Қозы Көрпеш — Баян сұлумен» (трагедия негізі осы жырдан алынған) салыстырудың маңызы зор. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол әр мұғалімнің ізденісі мен шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс.

  1. Эвристикалықәдіс.

Эвристика – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристикалық тәсілдер түйінді шешу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.
14.Образдар жүйесін тану мен талдау амалдары.

Образ, көркем образ - шындықтытанып-білудеәдебиет пен өнергетәнерекшеэстетикалық категория. Көркемшығармадасөзбенсомдалғанкезкелгенқұбылысты (көбінесеәдебиқаһарманбейнесін) образ депатайды.

Образ - сөзбенбаяндалғансурет. Көркемшығармадағытүптөркінібейнеден, суреттеншыққанәрбірсөзбедерлібейнеге, тірлікке, әрекеткеиеболғандаобразғаайналады. Образдыңмақсатыкезкелгенқарапайымқұбылысқанемесезатқажанбітіріпсөйлеу. Кезкелген образ заттықжәнемағыналықекікомпоненттентұрады. Осығанорайоліштейзаттық, жалпылама-мағыналықжәнеқұрылымдықдепүштүргежіктеледі.

Образдыңзаттылығыбірсөзбенғанаберілгенсипаттамаданбастап, оқиғаныжіліктеп, оныңжай-жапсарынтереңдетесуреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейінқамтиды. Олбүкілсюжеттікжеліге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негізболыптартылуы да мүмкін. Жалпыламамағыналық образ іштейдербесұқсас, типтіжәне мотив-образ, топос, архитипболыпбөлінеді. Мысалы, мәңгітиптік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларғақазақәдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуғаболады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялықтүрлергежіктеледі. Тарихи даму барысындакөркемобраздылықұғымы мен оныңкомпоненттеріүлкенөзгерістергеұшырапотырған. Мысалы, ЕртедегіШығыстатұспалдау, астарлаужиіқолданылса, антикалықәдебиетте - классикалық, қайтаөрлеудәуірінде - барокко, жаңаеуропалықәдебиеттеромантикалық, реалистік образ. Осыданкеліп, қазіргітаңда бар әдебиобраздаржүйегетүскен.



Мысалы, көркемдікәдісжағынанобраздардыромантикалықжәнереалисттікдеп, тек жағынанэпикалық, лирикалық, драмалықдеп, ал жасалужолынақарайюморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, қаһармандықдепбөлінеді.

Романтикалықобраздыңкөнетүріқазақәдебиетіндеаңыз-ертегілерде, тарихижырлардакөріністабады. АлдарКөсе, Асанқайғы, Алпамыс, Қобыланды, Ер Төстік, Ер Тарғын, Қамбарсындыкейіпкерлердіромантикалықобраздыңдәстүрліүлгілерідептанукерек.

Романтикалық образ дегенімізқиялтүбіненалынған, эстетикалықталғамыжоғары, өмірдеадамбаласыныңсанасынасіңіпқалатынкейіпкерлер. Реалисттік образ атынанбелгілі, шындыққанегізделгенкейіпкерлер. Оларарқылышығармаданөмірдіңащы-тұщысынкөреаласыз, тағдырдыңсоқпағын, өмірдіңшындығынкөреаласыз.

«Реалисттік образ - нанымды образ: оныңмінез-құлқы, іс-әреткеті, оны қоршаған орта, оныңбасынанөтетіноқиға... бәріөлшеулі, бәрімөлшерлі. Өйткені, суреткершыншыл образ жасауүстіндеөзіншындықшеңберіненшығармайды, өзін-өзімеңгеріп, қажеттіжердеылғиіркіпотырады» депанықтамабереді.

Эпикалық образ – шығармадатолықкескінделген, болмыс-бітіміанық, дараланған образ. Біршығармаесімізгетүссе, оныңкейіпкерініңтолық бет-бейнесікөзалдымызғаелестейді. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясындаҚұнанбайбейнесі: «Әкесініңатжақтыкелген, ұзынсопақбасыныңқұлақтанжоғарғыжеріқазжұмыртқасындайкөрінеді. Онсыз да ұзын, үлкенбетіне, ұп-ұзынбопдөңгелейбіткенсақалықосылғанда, басы мен бетібірөңірдей. Сонда Құнанбайдыңжалғызсаукөзі, оныңкөтеріңкі жал-тұмсығыныңсолиығынашығыпалып, қалғымай, сақшыдайбағып, осы өңірдіқалтетпейкүзетіптұрғансияқтанады. Қояберсін, салғырттығыжоқсергек, қаталкүзетші». Оқырманныңкөзалдынадәл осы бейнесуреттеледі. Яғни, шығарманыңөнбойында осы тұлғасынанарылмай, сом денесіменсанадажатталады.

Ал лирикалық образ дегеніміз – өлең-жырлардағыақынныңөзбейнесі не өзісуреттегенөзгешекейіпкері. МағжанЖұмабаевтың: Шаңқайтүстеөткiр, алтын Күнсұлу, Жымыңдағанжұлдыздарментүнсұлу. Толыпжатыртүрлiсұлудүниеде, Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу,- дегенөлеңжолдарымысал бола алады.

Драмалық образ сахнадакөрінетінкөркембейне. Театр майталмандарысомдайтынасқақобраздар.

Көркемәдебиеттегіжинақтау –типкеәкелсе, даралау- мінезгеәкеледі. Образ осылайтуады.

Мінез –адамныңішкібітіміболғанда, тип- сом тұлғасыекенімәлім.


15.Сыныптантысжұмыс түрлері.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.


Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.

Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады.