Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 81

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әдебиеттің басты құралы-сөз.Көркем сөз өнері арқылы әдебиет өмір шындығының не қилы бейнесін,сезім түсінігінің толқынын,адамдар арасындағы қарым-қатынас,күрес-тартыстарды суреттейді. Суреттеу,бейнелеу күшімен және әдебиеттік кейіпкерлер арқылы әлеуметтік өмірдің өткендегісімен де,қазіргісімен де таныстырады.Адамды,қоғамды,табиғатты танытады.Сондықтан да әдебиет білімділік-танымдық,тәрбиелілік,эстетикалық –эмоциялық ,көркемдік қасиеттері арқылы образдап ойлау құралы болып танылады. 

 Әдебиет өмір құбылысының образ арқылы берілген шындық бейнесін суреттеп,танытып қана қоймайды,ол сол құбылысты жанды түрде бар болмысымен көзге елестете әсерлі суреттей алады.

Ұлы Абай: «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас,»-  десе, халық: «Өнер алды-қызыл тіл» деуі осыны дәлелдейді. Әдебиеттің өзіне тән сыртқы және ішкі зерттейтін заңдары болады.

Әдебиеттің сыртқы заңдылықтары:

1.Қоғамдық қызметі;

2.Ағымы;

3.Стилі;

4.Әдістер тартысы;

5.Мазмұны мен түрі;

6.Қайшылықтары.

 Әдебиеттің ішкі заңдылықтары:

1.Шығарманың тақырыбы мен идеясы;

2.Жанрлары мен образдары;

3.Типтендіру мен қиялдау;

4.Композициясы мен сюжеті;

5.Тілі;

6.Көркемдеуіш құралдары,суреттеу тәсілдері.

Мектептегі әдебиет пәнінің жалпы білім жүйесіндегі орны мен міндеттері көркем шығармалардың білімділік,тәрбиелік өзіндік сипаттарына негізделеді. Оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін арман-мүддесін танытуда оларға имандылық,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруде,өмірге көзқарасын,мінез-құлқын қалыптастыруда көркем әдебиет пайдалы қызмет атқарады.

Мектепте әдебиетті оқыту халықтық бай әдебиетті (халықтық поэтикалық шы-ғармашылық),өткендегі прогресшіл әдебиетін,қазақ кеңес әдебиетінің тарихын,

сынын,теориясын оқушыларға терең меңгертуге жағдай жасайды.

Бұл міндет сөз өнері арқылы болмысты эстетикалық қабылдауға негізделген әдебиеттің өзіне тән өзгешелігіне сәйкес оқып үйренуге шығарманың идеялық

мазмұны мен көркемдік түрін,сөз өрнегін өзара бірлікте,ажырамас тұтастықта талдай білуге үйретеді.

 5-9 сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын оқып үйренуде алға қойылатын негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың тілін байыту,дамыту,ойын ауызша-жазбаша түрде дұрыс баяндауға үйрету.9-11 сыныптарда көркем шығарманы оқып үйренумен бірге оқушылардың орта буында алған әдеби-теориялық білім дағдылары әрі қарай дамытылып,күрде-лене түседі,жүйелі білім алады.


Ақниет

5.Көркем шығарманыжанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту жолдары

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Көптеген ғалымдар, психологтар, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.

Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-тегі жасөспірімдер.

Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.

Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар.

Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Оқыған шығармалардың мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, дел-салдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі.

Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді.

Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды және өз түсінігі, өз сезімімен қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.



1.Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру.

Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да білмейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, бұлай болу керек қой» деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді.

Мұғалім оқушылармен қандай жұмыс жүргізуі керек?

Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.

«Сенің пікірің, ойың қате» деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше, талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді түрде, шындыққа жетелеу.

Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала» деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасатуға жағдай туғызу.

Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениетті, әдебиетті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлері болу керек.

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мүмкін. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін — әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаған бағыттау болып табылады. Көпшілік ұстаздар талдауды бастамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында арнаулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді. Оның тиімділігі сол, мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғарады, талдауда қандай мәселелерге
ерекше назар аудару керек, соған бағыт-бағдар алады. Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеуі керек. Әр бала – жеке тұлға. Ол – психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білімі жағынан болсын, бір-біріне ұқсамайтын жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне, сол «жеке адамның» жеке пікіріне де сүйене жүргізілуі тиіс.


6.5-8сыныптардаақын-жазушылардыңөмірбаяндықдеректерін оқу материалыныңмазмұнынасәйкеспайдаланужолдары.

Оқушыларғакөркемшығарманыоқытқандаолардыңқабылдау, сезінуқабілеттеріменбіргекөркемтекстіғылыминегіздеталдайбілугеүйретіледі. Бұныңөзіжазушы не ақынныңэстетикалық және тарихикөзқарасымен, дүниетанымымен, олөмірсүргендәуірмен, өзіндікерекшелігіментығызбайланысты.

Тарих адамға әр қырынан әсер қалдыратынболса, соған орай әр жазушыныңәсемдікәлемінқабылдауы да, сезінуі де әр түрліболады. Демек, табиғатсұлулығын, адамныңсезімтереңдігін, әсемдігін әр жазушышығармаларындаөзіндікерекшелігіментанытады. Олайболса, белгілібіршығарманыөтердежазушыныңөмірбаянынанмәліметберудіңмәнізор. Айталық, 5-кластаАбайдың “Күз” өлеңі мен Ә. Сәрсекбаевтың “Алтын күз” өлеңдерітақырып, жанр жағынанұқсағанымен, олардыңөмірсүргендәуірі әр басқа болғандықтан, дүниегекөзқарастары да түрліше. Ендеше, “Күз” суретінсезінуі де, осы күз арқылыайтайындегеной-сезімі мен көңілкүйлері де басқаша. 7-класта М. Өтемісов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ж. Жабаев, С. Сейуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекқожин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Бұлқышев, т.б. шығармаларыоқылады.

Шығарманыңидеялықмазмұнынғылымитұрғыдаталдапашудажазушыныңэстетикалықталғамын, дүниетанымын, дүниегекөзқарасынтаныпбілудіңүлкенмәні бар дедік. Ал олақын-жазушылардыңөміріненмәлімет беру арқылыжүзегеасады. Соған орай орта кластардыңөзіндеоқылатыншығармалардың идеялық, композициялық,жанрлықнегіздерінеқарайжазушыөмірініңбелгілібіркезеңіне (қоғамдықкөзқарасы, дүниетанымы т.б.) оқушылардыңназарыаударыла, ерекше мән берілеоқытылады. 1993 жылы7-класқаарналғаноқулық-хрестоматияныңөңделіп, толықтырылғанбасылымында М. Өтемісовжайында Қ. Жұмалиевтің “МахамбетӨтемісов” дегенеңбегіненберілгеншағынмәліметтіңөзіақынөлеңдерініңшығутарихынтүсугекөмектеседі.

Мұғалімніңсөзінеғұрлымжазушыныңой-өрісін, көзқарасы мен өзіндікерекшелігінтанытатындайдәрежедеболса, бұл оқушылардыойландырады, ізгі әсер қалдырады.

Жазушыныңөмірбаяныноқытудыңтүрлітәсілдері бар. Мұғалімжазушыныңөмірінәсерліетіпбаяндағаны жөн. Оның замандастарыныңжазушыжайындаайтқанпікірлеріненүзінділеркелтіріп, жазушыныңөзініңкүнделіктері мен жазғанхаттарынаннемесе оның өміріжайындажазылғанкөркемшығармаларданоқыпберсе, сабақтың тартымдыөтетінісөзсіз. Мысалы, Ы. Алтынсаринніңалғашқыхрестоматиясының «Кел, балалароқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңіменашылуын, С. Тоғайғыровшығармаларындағыащымысқыл мен зілдікекесінніңорыналуынұғынуарқылыоқушыларақын, жазушыөмірінеқатыстыкейбірдеректердібілуменшектелмей, шығармаларындағыөзіндікерекшеліктерінаңғарады, сондай- ақ олардыңшығармашылығынаәсерінтигізгенкезең, не бір оқиғаға, болмасашығармадағынегізгітақырыпқаоқушылардыңкөңілінаударады. Ал мұныңөзіжазушышығармаларыныңидеялықмазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімнің негізгікөздегенмақсатынайқындайды.