Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Автор туралыөмірбаяндықмәлімет оның шығармаларыныңидеялықмазмұны мен көркемдікерекшелігінтанытатындайдәрежедеберілгенжағдайда да ғанакөркемтекстіңидеясы, ондағыбейнелісөздероқушығаұғымдырақболады.

Демек, 7-кластаақын-жазушылардыңөміріненберілетінмәліметқайткенде де оқылатыншығармаларыныңидеялықмазмұнын, композициялықерекшелігін, суреттелетінкезеңінанықтайтындайдәрежеде болғаныабзал. Әрине, мұғалімоқулықтағыөмірбаяндықмәліметтерден тыс, қосымшаматериалдарды да қарастырып, сабаққа күнібұрындайындалады. Соныңбірі – ақын-жазушыөмірбаянынабайланыстықолданылатынкөрнекі құрал. Ол сабақтың ғылыми және тәрбиелікжағынтереңдететүседі. Осыған орайкөрнекіліктің үш түріқолданылады. Солардыңбірі – көзбенкөретін, екіншісі – құлақпенеститін, үшіншісі – сөзбенберілетінкөрнекілік. Оларды сабақта жеке-жеке не араласқолдануға да болады. Айталық, құлақпенеститін көрнекілікке күйтабақтан жазушыныңсөйлегенсөзін, шығармаларынаноқылғанүзінділер мен өлеңдерін, олардысүйіптыңдайтынмузыкалықшығармаларын тыңдату оқушылардыңішкісезімдерінкөмектеседі. Жазушыныңөмірбаянынөтугебайланысты сабақта портреттер, фотосуреттер, тағы да басқа көрнекіліктердіпайдалануғаболады. Бірнешефотосуреттердісалыстыраәңгімелесу де, жазушыөмірінесырттай ой жүгірту де сабақтың көрнекілігінежатады.

Қорытаайтқанда, 5-8 кластардыңаралығындаақын-жазушыларжайындаөмірбаяндықмәліметтердіоқытудыңәдіс-тәсілдерікөбінеолардыңшығармаларынтанытуүшінжүргізілетінкіріспесабақтардыңдәрежесіндеөтеді. Олайболса, олсабақтардың 5-6 минуттанаспайтынмүмкіндіктерінқарастырғанорынды. Қалайболғанда да мұғалімнің сабақтың бұл сатысын әр түрліқосымшаматериалдар, көрнекіқұралдарпайдалануарқылықызғылықты да тартымдыөткізуінеәбденболады.

7.Эпикалық шығарманы талдауда жанрлық ерекшелікті танытужолдары

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не, оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? дегендей. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы. 

Көркем образдары, образдар галереясы. 
Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды. 
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс. 
Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек: 
Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады. 
Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады. 

8.Мектепте сын мақалаларды оқыту барысындаоның стилдік-жанрлық қырын таныту.Шағала

Әдеби сын жазушылар шығарманы талдап, оған эстетикалық баға береді. Әдеби туындының идеялық-көркемдік мәнін, әдебиеттегі алар орнын айқындап, пайымдаулар жасайды, түйінді пікірлер айтады. Әдеби сынның сыни мақала, сын пікір, шолу мақала, эссе, әдеби портрет секілді жанрлық түрлері бар. «”Қазақ әдебиеті” пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу», «шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау», «әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу», «шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу», «әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу» оқу мақсаттары қамтылған. Жазба жұмыстарын жазуда оқушыларға оның құрылымын, үлгісін ұсынған жөн. Төменде сыни мақаланы жазу қадамдары ұсынылған.



Сыни мақала – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада көркем шығарманың тақырыбына, идеялық мазмұнына, тілі мен стиліне талдау жасалып, баға беріледі.

Сыни мақала көркем бейнеленген əлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық проблемаларды, шығарманың идеялық-көркемдік жағын қарастырады. Сыни мақалада көтеріліп отырған мəселеге қатысты дəлел, бір немесе бірнеше кітаптан дәйектер келтірілуі тиіс
Әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Шығармашылық-бұл адамның өміріндегі өзін-өзі тануға деген ұмтылыс. Өмірде дұрыс жолды табу үшін адам дұрыс ойлауды және сапалы, дәлелді шешімдер қабылдауды үйренуі керек. Адамның қабілеттерін дамытады және оған өмірде өз орнын табуға көмектеседі. "Шығармашылық" ұғымының теориясын С.Л.Рубинштейн зерттеген. Оның пікірі бойынша, баланың шығармашылық қасиеті оның белгілі бір мақсатқа жету жолындағы әрекетімен белгілі болады.

Қазақ әдебиеті сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарына тоқталатын болсақ:

1) Шығармаларға композициялық талдау

2) Ақынның немесе жазушының өмірбаянына хронологиялық кесте жасау

3) Кей шығармаларға пікірталас ұйымдастыру

4) Шығарма тақырыбына арнап ойтолғау жазу

5) Ақындардың өлеңдерін дәптерге көшіріп, жазу және жаттау

6) Шығарма желісі бойынша диалог құрастыру

7) Шығарманың тақырыбына өлең шығарту

8) “Ақын туралы айтарым” Өтіп жатқан ақын туралы айтылған басқа да ақын-жазушылардың пікірін жинақтау және т.б

Осы секілді әдістербі пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытсақ болады. Сабақ қызықты өткен сайын, оқушының әдебиетке деген махаббаты ашылып, сабақ барысында белсенді болады. Менің ойымша, оқушының шығармашылығын дамыту барысында оның қабілеті мен талантын сөндіріп алмауымыз керек. Керісінше оқушы сабақ барысында барынша ашылып, өз ойы мен пікірін нақты жеткізе алуы керек. Әртүрлі әрі қызықты әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының пәнгн деген қызығушылығын ғана емес, оның шығармашылық қабілеті дамиды.

10.Көркеммәтіндіталдаутүрлері.

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмысты қажет етеді. Көркем мәтінді оқыту және талдау кезінде оқушылардың мәтін мазмұнын игеруіне назар аудару қажет. Көркем шығарманы оқығанда оқушылардың өз әсерлері, пікірі болады. Оқушылардың зейініне, есте сақтау қабілетіне, қабылдауына байланысты мұғалімге мәтінді игеруді жалғастыру пайдалы болады, тек барлық мәтінді емес, ең негізгі мәселелерді баяндайды. Үзінді баяндау кезінде оқушылар жазушының тілімен баяндауға барынша дайын болуы тиіс. Оқушыларды әңгімелеу, баяндау кезінде мен мәтінге жиі қараймын және кейбір негізгі сұрақтардың мәтінде дерлік көрсетілуін талап етемін. Үй тапсырмасы ретінде көркем шығарманы бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді алдын-ала атап өткен жөн. Сабақ барысында жұмыстың мазмұны бойынша аналитикалық жұмыс жүргізген кезде күрделі, түсініксіз сөздерге түсініктеме беру керек.


Әдеби талдаудың негізгі мақсаты-әдебиеттану талаптарына сәйкес келетін оқушылардың өзіндік қабылдауы мен пікірін ғылыми бағытқа бағыттау.

Көркем мәтінді талдаудың жолдары Рабиға Сыздықова мен Бердібай Шалабайдың еңбектерінде жан-жақты бөлінген. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін анықтап берген.

Көркем мәтінді талдау түрлері:

а) дербес, жеке талдау. Мұндай талдау кезінде мұғалім аналитикалық сұрақтар, тапсырмалар қояды. Сондай-ақ көмектесіп, бағыт-бағдар береді.

б) ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем шығарманы қабылдау, бағалау бойынша жұмысқа тартады, ортақ пікірге, қорытындыға әкеледі. Ұжымдық талдау сұрақтар мен жауаптар, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірталас, әдеби дау негізінде жүзеге асырылады.

Мен әдебиет сабағының тамыры көркем мәтінмен жұмыс деп санаймын. Оның ерекшелігі-бұл оқушының жүрегіне, сезіміне әсер етеді. Оқушылармен көркем шығармада жұмыс істей отырып, мен оларға ойлануға, ойлануға, өз пікірлерін айтуға көмектесемін. Оқушылар көркем шығарманы оқуды аяқтағаннан кейін, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мен мазмұнын айтып беремін, өзіңізге ұнайтын эпизодты қысқаша баяндаймын, бір кейіпкердің іс-әрекеттеріне мысалдар келтіремін, ең негізгі орындардан үзінді жазып, сұрақ қоямын: "ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?"мен сұрақтарға жауап беремін, түрлі әдеби ойындар ойнаймын.Моншақ

  1. Репродуктивтікәдіс.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады.

Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен, станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды.

Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.

Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм — оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.


Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.

Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, оқушының шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.

Мұғалімнің атқаратын негізгі міндеті айтылған немесе оқулықтың мәтініндегі білім мен іс-әрекеттерді оқушылардың бірнеше рет қайта жаңғыртудың ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, мұғалім дүниежүзілік мұхиттың беткі ағынның қозғалысының сызба-нұсқасын ұсынып, оны оқушыдан қайта қайталап өз ойын дәлелдеп нақтылауды сұрайды. Бұл әдісте оқушы өз іс-әрекеттерін белгіленген жоспар бойынша, жүзеге асырып қойылған сұраққа жауап беріп, талдап ой қорытындыларын шығару үшін сипаттама беру жоспарларына ережелерге сүйенеді. Білімді жаңғыртуды көздейтін репродуктивтік әдіске кез-келген табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен үрдістерге кешенді сипаттама беру мысал бола алады. Сондықтан бұл әдісте оқушылар білім мен іскерлікті таныс оқу жағдайында пайдаланып, іс-әрекетті белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырады.

  1. Орта буын және жоғары сыныптарда драмалық шығармалардыоқытуерекшелігі.Аружан

Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М. Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана өмір сүреді» деуі осыған дәлел. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір арнада өрбіп, дамиды.

Драма - әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол өзінің қоғамдағы орны мен жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның осы екі жақтылығын ескеру керек.