Файл: Молекуалы биология жне медициналы генетика кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


337. Фенотипі әйел 50% жоғары сома жасушаларында екі Барр денешігі бар. Дараның мүмкін болатын кариотипін анықтаңыз

338. Фенотипі ер адам 50% жоғары сома жасушаларында екі Барр денешігі бар. Дараның мүмкін болатын кариотипін анықтаңыз

339. Әйел бедеулікке байланысты медициналық генетикалық кеңеске жіберілді. Ауыз қуысының шырышты қабығының сілемейлі қабатынан цитологиялық зерттеу кезінде жыныстық хроматин анықталмады. Осы әйелдің хромосома жиынтығын анықтаңыз?

340. Берілген кариограммаға сәйкес адамның кариотипін анықтаңыз




341. Берілген кариограммаға сәйкес адамның кариотипін анықтаңыз


342. Бұл хроматиннің ұйымдасу деңгейіне төрт гистонды ақуыздар қатысады: Н2А, Н2В, НЗ, Н4. Олар сегіз молекуладан тұратын (әр гистонды ақуызының екі молекуласынан) ақуыз денешігін құрайды. Қандай хроматиннің тығыздалу деңгейі туралы сөз болып отыр?

343. Медициналық-генетикалық орталықта әр хромосоманың жұптарын анықтау үшін дәрігер дифференциалды бояудың Гимза әдісін қолданып, содан кейін барлық хромосомалар ақ және қара жолақтардың белгілі бір ретпен орналасуын анықтады. Қандай жіктелу туралы сөз болды?

344. Медициналық-генетикалық орталықта ауру баланың метафазалық пластинкасын зерттеу барысында сақиналы хромосоманы анықтады, ол 16-шы аутосомды хромосоманың 26-шы хромосоманың ұшындағы бөліктеріне қосылу нәтижесінде пайда болды. Бұл аномалияның себебі хромосоманың қандай құрылымына байланысты болады?

345. Денверлік классификация 1960 жылы қабылданды. Оның негізінде хромосомаларды Романовский бойынша бояу әдісті пайдаланды.

Осындай бояу арқылы қандай бұзылыстарды анықтауға болады?

346. Париждік классификация 1971 жылы қабылданды. Оның негізінде хромосомаларды Гимза бойынша дифференциальді бояу әдісті пайдаланды.

Осындай бояу арқылы қандай бұзылыстарды анықтауға болады?

347. Хромосомалардың компактизациясы бірнеше деңгейде болуы мүмкін.

Репликация және транскрипция қай деңгейде жүруі мүмкін?

348. Хромосомалардың компактизациясы бірнеше деңгейде болуы мүмкін.

Гистонды ақуыздар қай деңгейге жауапты?

349. Хромосомалардың компактизациясы бірнеше деңгейде болуы мүмкін.

Гистонды емес ақуыздар қай деңгейге жауапты?

350. Осы жазбаға сәйкес келетін ұл баланың кариотипін анықтаңыз, төртінші хромосоманың ұзын иығының бірінші ауданының екінші сегментінің инверсиясы

351. Жасушаның бөлінунің негізі болып саналатын ДНК редупликациясы жүретін сатыны анықтаңыз

352. Бөлінудің бұл сатысында хромосомалар ширатылып, жуандап, қысқарады. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Олар центромералары арқылы байланысады. Ядрошыктар жойылып, ядро қабығы еріп кетеді. Хромосомалар цитоплазмада бос күйінде қалады.

Митоздың сатысын анықтаңыз

353. Бөлінудің бұл сатысында хромосомалар экватор жазықтығында орналасады. Олар кинетохора арқылы бөліну ұршығының жіптеріне бекінген ұзын бойынан екі хроматидтерге (жас хромосомалар) ажырайды. Митоздың сатысын анықтаңыз

354. Адамның сома жасушасында 46 хромосома бар. Күнделікті миллиондаған сомалық жасушалар бөлініп және жаңарып отырады. Осы жасушада митоздың профаза сатысындағы хромосомалар жиынтығы мен ДНК мөлшерін анықтаңыз

355. Адамның сома жасушасында 46 хромосома бар. Күнделікті миллиондаған сомалық жасушалар бөлініп және жаңарып отырады. Осы жасушада митоздың телофаза сатысындағы хромосомалар жиынтығы мен ДНК мөлшерін анықтаңыз

356. Бөлінудің бұл сатысында жас хроматидтерді байланыстатын центромерлердің бөлінуі жүреді. Жас хроматидтер ажырайды және бөлінуші жасушаның қарама - қарсы полюстеріне ажырайтын жеке хромосомаларға айналады. Мейоздың сатысын анықтаңыз?

357. Анықтаңыз, сперматагонийлер қандай әріппен көрсетілген


358. Анықтаңыз, сперматазоидтар қандай әріппен көрсетілген



359. Адамның бір сома жасушасының 46 хромосомасындағы ДНҚ молекулаларының жалпы массасы шамамен 6 х 10-9 мг тең. Сперматозоидтардағы ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыз

360. Профаза І диакенезді көрсететін номерді таңдаңыз

1 2 3
4 5
361. Профаза І диплотенаны көрсететін номерді таңдаңыз

1 2 3
4 5

362. Профаза І пахитенаны көрсететін номерді таңдаңыз
1 2 3
4 5
363. Бөліну нәтижесінде пайда болған жасушалардағы хромосомалар жиынтығының ерекшелігі ағзалардың әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Осы бөліну түрін анықтаңыз

364. Жасушаның полюстеріне қарай  хроматидтер емес хромосомалар жылжиды. Жаңа пайда болған жасушаларға гомологты хромосомалар жұбының біреуі ғана түсетін мейоз фазасфн анықтаңыз

365. Бірінші мейоздық бөлінудің телофазасындағы жасушалардың генетикалық материалының мөлшері қандай?

366. Мейоздық бөлінудің бір сатысында үш негізгі үдеріс жүреді: гомологты хромосомалардың конъюгациясы, бивалентті хромосомалар жәнекроссинговер жүретінмейоз фазасын анықтаңыз

367. Жасанды ортада өсіріліп жатқан ісік жасушаларын колхицинмен өңдеу бөліну ұршығын түзетін тубулин ақуыздың синтезін тоқтатады. Жасушалық циклдың қай кезеңі бұзылады

368. Бөлінудің осы сатысында хромосомалар экватор жазықтығында орналасады. Хромосомалар кинетахор арқылы бөліну ұршығының жіптеріне бекінген. Митоздың сатысын анықтаңыз.

369. Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшылардың перифериялық қан лейкоциттерінің үлгісінде 44 және 48 хромосомалары бар жасушалар табылды. Бұл өзгеріс митоздық циклдің қай кезеңінде болды?

370. Цитогенетикалық әдіспен баланың кариотипі анықталды: 46, XY, 5p–. Митоздың қай кезеңінде науқастың кариотипі зерттелді?

371. Қыз балаға алдын–ала диагноз қойылды-Шерешевский-Тернер синдромы. Кариотиптеу жүргізілді. Митоздың анафаза сатысында осы қыздағы бір жасушадағы хромосомалардың саны:

372. Митоздың метафазасына сәйкес келетін санды таңдаңыз



373. Адамның сомалық жасушаларындағы хромосома жиынтығы 46 құрайды. Митоз метафазасындағы жасушалардың бірінде хромосома жиынтығын және ДНҚ молекулаларының санын анықтаңыз.

374. Адамның бір сома жасушасының 46 хромосомасындағы ДНҚ молекулаларының жалпы массасы шамамен 6 х 10-9 мг тең. Овоциттердегі ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыз


375. Суреттен анафаза II -ге сәйкес келетін санды табыңыз

376. Жасуша митоздық бөлінуге даярланады: энергия қоры жинақталуы, бөліну ұршығының ахроматин жіпшелерін түзетін ақуыздар синтезделетін сатыны анықтаңыз

377. Ер адамдардың ағзасында ингибиторлық факторлардың әсерінен парамезонефриялық (Мюллер) түтіктердің жасушалары өледі. Онтогенездің қандай жасушалық механизмі бұзылуы мүмкін?

378. Тік ішектің атрезиясы кезінде қандай жасушалық механизм бұзылады?

379. Туа біткен өңеш стенозының белгілері жаңа туған нәрестені алғаш емізгеннен ақ байқалады. Баладағы осы ақаулық белгілері көп мөлшерде сілекейдің ағуымен, сүтті құсып тастауымен, мұрыннан шырыштың шығарылуымен көрінеді. Қандай жасушалық механизмнің бұзылысынан осындай эмбриопатия дамиды?

380. Ағза бөліктерінің дамуының ерте кезеңдерінде сапалық айырмашылықтардың болуы және ары қарай ағза бөліктерінің даму бағытын анықтайтын жасушалық үрдіс

381. Жаңа туған нәрестеге, екінші тәулікте өңештің атрезиясы деген диагноз қойылды. Балаға оперативті ем көрсетілу ұсынылды. Қандай жасушалық механизмнің бұзылуы аталған ақаулықтың себебі болып табылады?

382. Ұл балада туылғанан кейін 1 айдан соң жұмыртқаның ұмасында жоқ екені анықталды. Олар шат бөлігінде де пальпацияланбады. Қандай жасушалық механизмнің бұзылуы аталған ақаулықтың себебі болып табылады?

383. Онтогенездің қандай жасушалық механизмінің бұзылысы "қасқыр таңдайлық" ақаулығына әкеледі

384. Омыртқа жотасының орта тұсының бітіспеуінен жұлын жарығымен бала туылды. Осы ақау онтогенездің қандай жасушалық механизмінің бұзылуынан болуы мүмкін

385. Төменде көрсетілген ақаулықтардың қайсысы жасушаның миграциясының бұзылу механизмінен пайда болады

386. Онтогенездің қандай жасушалық механизмінің бұзылуы "қоян ерін" дамуының ақаулығына әкеледі

387. Даму кезеңінде жасушаның көптеген даму жолынан өзінің бағытын таңдап алуы

388. Бас сүйегінің көлденеңінен ұлғайып өсуін атайды:

389. Нәрестенің көптеген даму ақауларымен туылуы гаметалардағы патологиялық өзгерістерге байланысты болады. Бұл өзгерістер спонтанды түсікке немесе тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі. Бұл қандай патология?

390. Амниотикалық тартылыс, соққының немесе тератогендердің әсерінен және тамырдың жеткіліксіздігінің нәтижесінде саусақтар толық немесе жартылай болмайды.