Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 227

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)


"Дәуір", 2016. – 456 б.

  1. Бахтина И.Л., Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с.

  2. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.



Сайттар:



  1. http://www.scival.com/

  2. http://apps.webofknowledge.com/

  3. https://www.springer.com/

  4. https://www.sciencedirect.com/

  5. https://scholar.google.ru/

  6. https://www.questionpro.com/blog/empirical-research/

  7. https://en.wiktionary.org/wiki/empirical_research

  8. https://www.researchgate.net/publication/264824428_Implementing_a_compo nent_approach_to_productivity_measurement_in_a_large_public_service_orga nisation/figures?lo=1



7 Лекция тақырыбы. Зерттеудің теориялық әдістері

Лекция мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің теориялық әдістерінің мәні, түрлері және ерекшеліктерін көрсетіп, қолданылуы мен маңызы жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

7.1 Зерттеудің теориялық әдістерінің мәні

7.2 Зерттеудің теориялық әдістерінің түрлері

7.1 Зерттеудің теориялық әдістерінің мәні

Әлемге әйгілі ғалым теоретик Альберт Эйнштейн зерттеулердегі шығармашылықтың ролін «Жаңа сұрақтар, жаңа мүмкіндіктер туғызады, ескі проблемаларды жаңа қырынан қарастыру шығармашылық қиялды қажет етеді және сонда ғана ғылымда нақты ілгерілеушілік болады» деп көрсетіп кеткен. Бұл сөздерден шығармашылықтың зерттеу барысында және әсіресе теориялық зерттеулерде маңызы зор екенін көруге болады.

Теориялық зерттеулер логика мен шығармашылықтан пайда болып теорияға негізделген тұжырымдарға сәйкес келеді. Көбіне теориялық зерттеулер эмпирикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес немесе өте қымбат болған жағдайда жүргізіледі. Дегенімен әрбір зерттеу процесінде белгілі бір көлемде бастапқы теориялық зерттеулер болады. Яғни теориялық зерттеулерді эмпирикалық зерттеулердің бастапқы қадамы ретінде қарастыруға да болады.

Мысалы, қарапайым теориялық зерттеу процесін былай түсіндіруге болады: Сіз үйде күнделікті жұмыстарыңызды істеп жүріп, кенет ақылыңызға бір керемет ой келеді делік. Бұл идея біздің ғаламға қатысты, немесе зерттеу жұмысына байланысты бұрын жауапсыз қалған көптеген сұрақтарға жауап бере алады деп есептейтін болсақ. Сіз дереу жұмыс орныңызға отырып, қағаз бетіне барлық ойыңызды жазып шығасыз. Бұл Сіздің ойңыздың алғашқы теориялық нұсқасы. Енді Сіз теориялық зерттеулерді бастауға дайынсыз. Бірақ қалай? Сіз өзіңіз ойлаған жүйені модельдей алатын кейбір теңдеулерден немесе сызбалардан бастайсыз. Сіз бұл теңдеулердің немесе сызбалардың Сіздің идеяңыздың басқа бөліктеріне қаншалықты сәйкес келетінін көре бастайсыз, ол өткен сәтте Сіздің ойыңызда пайда болған. Сосын уақыт өте - мүмкін бірнеше сағаттан кейін, күндерден, айлардан, тіпті жылдардан кейін сол идеяны сипаттайтын теңдеу немесе модель жасайсыз. Бұл Сіздің ойыңызды тұжырымдайтын алғашқы теория (сіздің субъективті әлеміңізде ол дұрыс, бірақ оны әлі дәлелдеп шығу керек). Енді зерттелген және талданған гипотезаға негізделген теориялық пікірлер эмпирикалық деректерді жинау негізде дәлелденуі керек.
Тек дәлелденген теория заңдылыққа айналады және одан кейнгі зерттеулерге негіздеме бола алады.

Тек болжамдардан тұратын теория, эмпирикалық мәліметтерсіз, нақты қатаң фактілер мен статистикасы жоқ болса, бұл теория үлкен ғылыми қауымдастықпен қабылданбайды.

Жақсы теориялық зерттеулер көптеген көзқарастарды қамтып, және олардың бәрі осы теорияның белгілі бір тұстарын түсіндіріп дәлелдей алуы тиіс. Теориялық зерттеулердің процесінің сызбасын төмендегідей көрсетсе болады:



Сурет 7.1 Теориялық зерттеулер процесінің сызбасы

Теориялық зерттеулер процесінің сызбасы бойынша зерттеулер нақты соңғы қорытынды жарияланбастан бұрын бірнеше мәрте қайта жүруі мүмкін.

Бірінші кезекте алғашқы бақылау деректері негізінде және сандық мәліметтермен дәлелденген заңдылықтарды пайдаланып жаңа теория ұсынылады. Екінші кезекте жаңа теорияға сәйкес болжамдар мен талаптар айқындалады. Үшінші кезекте болжамдар мен талаптар дәлелденіп позитивті, яғни оң болса зерттеу қортындысы жарияланады. Ал егер зерттеу нәтижелері негативті немесе болжам дәлелденбесе теория қайта қарастырылады.

Теориялық зерттеулердің бірнеше артықшылығы бар:

1.Эксперименталды жүйелер практикада өте қолайлы емес. Ал теориялық зерттеулерде идеалды жүйені модельдеуге және оның сыртқы бұзылуларға реакциясын бақыланатын әдіспен зерттеуге болады.

2.Эксперименталды жүйелер әдетте әртүрлі параметрлерге байланысты болады. Көбіне әр параметрді өздігінен бақылау және жүйенің реакциясын осы параметрлердің функциясы ретінде зерттеу мүмкін емес. Керісінше, теориялық зерттеулерде жүйенің реакциясын әр тәуелсіз параметрдің функциясы ретінде бақылап отыруға болады және жүйенің эволюциясы туралы жақсы түсінік алуға болады

3.Әрине, теориялық зерттеулердің бағасын салыстырмалы түрде арзан, бірақ ұсынылған үлгіні қабылдау үшін тәжірибелік бақылауларды түсіндіре білу керек.

4.Экспериментальды зерттеу зертханаларды құруға, жабдықтарды калибрлеуге, ақауларды түсіруге және тағы басқаларға қаражат талап етеді. Тұрақтылық пен сенімділік эксперименттік зерттеудің шешуші факторлары болып табылады. Кез-келген нәтижені қабылдағанға дейін көптеген өзгертулер мен түзетулер қажет. Демек, қажетті нәтиже алу үшін қажет уақыт ұзартылады. Керісінше,

теориялық зерттеу аз уақыттың ішінде қымбат емес нәтижелер алуға көмектеседі. Әрине, есептеулерді жүргізіп, кейін мағыналы сандарды шығару үшін компьютерлік тәжірибелер қажет.

7.2 Зерттеудің теориялық әдістерінің түрлері

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге келесілерді атап айтсақ болады:

Формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру, мысалы, глобус жердің кішірейтілген моделі.

Аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Дедукция термині (лат.dedutio) – кең мағынада алғанда, логика ережелерін сақтау арқылы жаңа ой логикалық жолмен шыққанда ойлау формасын көрсетеді. Дедукция теориясын алғаш рет Аристотель шығарған және осы уақытқа дейін логиканың дамуымен ғылым ретінде жетілген.

Дедуктивті пікірлер, егер оның барлық құрамдары шынайы болғанда, шынайы болады. Индукциядан айырмашылығы дедуктивті пікірлерде шынайы сілтемелер болғандықтан теріс қорытынды шығару мүмкін емес.

Дедукция әдісінің көмегімен өзіндік ақыл-ой процессінің мүмкіндіктері кеңейеді, онда екі негізгі деңгейді бөліп қарастыруға болады:

  • Бірінші деңгейде дәлелдеме пікір ретінде қарастырылады, оның көмегімен біреуінің шындығы екінші шындықтың негізінде орнатылады;

  • Екінші деңгейде - дәлелдеме сипаттауға жататын формаға ие, соның арқасында дәлелдеме анализі, қорытынды ережелерін қолдануда оның құрылымдарын шығарылуы, логикалық формада жазылуы, яғни оның формалануы түсінікті болады.

Индукция (лат. inductio) – логикасы нақтыдан жалпыға ауысатын ғылыми таным формасы. Яғни, жалпы ереже жекелеген ережелерден логикалық жолдармен шығарылады. Индуктивті зерттеу тәсілінде заттардың осы және басқа классы туралы жалпы білімдер алу үшін бұл класстың жеке құрамдарын оқу керек және осы класс заттарына тән маңызды белгілерді табу керек.

Абстракциялау – нақты сипаттар мен объектілер қасиетін оймен анықтаудан тұратын ғылыми таным әдісі. Абстракциялаудың арқасында зерттейтін құбылыстың жалпы және маңызды сипаты мен қасиеттерін бөліп көрсету мүмкін болады.

Модельдеу – көрнекілік, объективтілік принциптері бойынша жауапты - логикалық ойлау негізінде таным объектісінің моделін зерттеуде мәні бар ғылыми таным әдісі.


Модель деп зерттеу процессінде түп нұсқасының орнын басатын, нәтижесі түпнұсқаға таралған объект.

Модельдеу ғылыми оқудың маңызды әдісі болып табылады, ол зерттеу процессін жылдамдатуға және осы арқылы жаңа нәтижелерді енгізу мерзімінің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Аргументациялау. Ғылыми зерттеу әдістерінің арасында аргументтеу ерекше бөлініп алынады. Ол аса логикалық процесс және оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығына негізделген.

Аргументацияға дәлелділік пен сенушілік тән. Дәлелділік – бұл кез келген шынайылығы дәлелденген тезистің анықтылығына негізделген. Кез келген дәлелдеу аргументтелген (дәлелді), бірақ кез келген аргументация (дәлелдеме) дәлелдеу болып табылмайды. Осылайша, аргументация – бұл мақсаты мәселеге өзіндік көзқарасын айтуға болып табылатын дәлелденбеген дәлелдеу. Басқа сөзбен айтқанда дәлелдеу процесіндегі құрал. Егер құрал дұрыс пайдаланылса мәселе оңай дәлелденеді.

Құрылымы бойынша аргументация мен дәлелдеу сәйкес, себебі олардың құрылымдық сұлбасы бірдей. Айырмашылық тек дәлелдеушілік деңгейінде, себебі дәлелдеу – пікірдің шындығына жету. Жаңа нәтиже тек оны дәлелдеу деңгейінде ғана мойындалуы мүмкін. Кең түсінікте «дәлелдеу» түсінігінде пікірдің шындығын дәлелдеуге болатын кез келген әдісті айтады.

Сонымен аргументтер (негіз) - шынайлығы бекітілген және даусыз болып табылатын бастапқы теориялық мәселелер немесе дәлелденген мәліметтер.

Аргументтер құрамына мыналар кіруі мүмкін: фактілер, анықтамалар, аксиомалар, және т.б.

Аргументацияның сенімділігі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Аргументтер – барлық дәлелдеулер құрылған тек шындығы

дәлелденген және фундамент рөлін атқаратын ережелер;

  • Аргументтер автономды ұсынылатын, тезиске тәуелсіз дәлелденуі тиіс, басқа жағдайда аргументтің өзі соңына дейін жеткізуді талап етеді;

  • Аргументтер өз өзіне қарама-қайшылықта бола алмайды, сондықтан өзіндік жеткілікті болуы тиіс.

Тезис (гр. tesis) – шынайлылығы немесе қателігі дәлелденетін мәселе.

Тезис ретінде жалпы мәселе немесе тұжырымдамалар қатыса алады.

Демонстрация – тезисті қолдау және қолдамау аргумент реттілігін көрсететін дәлелдеудің әдісі (реттілік, ой қорытындысы).

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:


Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

  1. Зерттеудің теориялық әдістерінің мәні мен маңызын көрсетіңіз.

  2. Теориялық зерттеу әдістерінің бірнеше түрлерін сипаттап көрсетіңіз.

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

  1. Аргументтеу және дәлелдеуді салыстырып талдаңыз.

  2. Теория мен тезисті салыстырып талдаңыз. Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

  3. Теориялық зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы бағалаңыз.

СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

СӨЖ тапсырмалары

  • Теориялық зерттеу әдістерінің түрлері

  • Тезиз түрлері

  • Теориялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері

  • Теориялық зерттеу әдістерінің қолданылу аясы