Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. ПИЗА деген не? 19.03.2022 жыл педкеңес



PISA (Programme for International Student Assessment) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын, оқушылардың оқу үлгерімін (қалыптасқан білімі мен дағдыларын) бағалайтын халықаралық салыстырмалы зерттеу. Тестілеу 2000 жылдан бастап үш жыл сайын өткізіліп отырады.

COVID әсерін зерттеу мақсатында ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен серіктес елдер PISA 2021 зерттеуін 2022 жылға, PISA 2024 зерттеуін 2025 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.





  1. ПИЗА зерттеудің басты максаты не?


Бұл зерттеу орта білім алған оқушылардың сол білімін күнделікті өмірде қолдана алу қабілетін, яғни қоғамда толыққанды өмір сүруге қажет қабілеттерін тексеруге

бағытталған. Объективті түрде өтетіндіктен, тестілеу нәтижесі қатысушы елдерге өз білім беру жүйесіне қандай өзгеріс енгізу қажет екені туралы қорытынды шығаруға

көмектеседі.

ПИЗА зерттеу оқушылардың қандай дағдыларын зерттейді?



PISA бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын үш басым бағыт бойынша бағалайды. Олар: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы. Бұл бағыттарды таңдау себебі олар оқушының одан әрі алатын білімнің негізін құрайды. PISA оқушының академиялық білімін емес, функционалдық

сауаттылығын, яғни:


  • алған білімін өмірде қолдана алу,

  • кез-келген мәселенің мәні мен себеп-салдарын терең түсіну,

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау,

  • ақпаратты іздеу, талдау, түсіндіру сынды дағдыларын бағалайды.


Сонымен қатар әр айналымда оқушының креативті ойлау, жаһандық құзыреттілік,

қаржылық сауаттылық немесе мәселені бірлесе шешу сияқты бір инновациялық бағыт бойынша сауаттылығы тексеріледі.


ПИЗА тестілеуге кімдер катыса алады?



PISA тестілеуіне 15 жас 3 ай және 16 жас 2 ай аралығындағы оқушылар қатыса алады. Себебі ЭЫДҰ-ға мүше елдер арасында осы жас аралығындағы оқушылар міндетті орта білім алу мерзімін аяқтап, ересек өмірге дайындалады. 10 11сыныптар

Пизаға қатысатын мектептер мен оқушылар қалай таңдалады?



Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы репрезентативтік қағидасына сүйеніп, мектептердің таңдамалы жиынтығын жасайды, яғни таңдалған мектептер елдегі орта білім беру ұйымдарының жалпы сипатын нақты көрсете алады. Сол мектептердің ішінен зерттеуге қатысатын оқушыларды компьютерлік бағдарлама кездейсоқ әдіспен

таңдайды.

Пиза неге 3 жыл сайын өткізіледі?


Үшжылдық мерзімде қатысушы елдер орта білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын анықтауға, жүйеге өзгеріс енгізуге және ықтимал кедергілерді анықтауға

мүмкіндік алады.

Қазақстан ПИЗА зерттеуіне қашан қатысты?



Қазақстан PISA зерттеулеріне алғаш рет 2009 жылы қатысты.

ПИЗА нәтижелері оқушының мектептегі оқу жетістігіне әсер ете алады ма?



Жоқ. Біріншіден, PISA – халықаралық зерттеу және оқушының сол тоқсандағы не оқу жылындағы немесе белгілі бір пән бойынша білімін тексеруді

көздемейді. Екіншіден, PISA әр қатысушы нәтижесінің құпиялылығын қамтамасыз етуге кепілдік береді, сондықтан мұғалімдер ол нәтижені оқушыға баға қою үшін қолдана алмайды.

Қазақстанда ПИЗА зерттеуін кім үйлестіреді?



Қазақстанда зерттеудің ұлттық үйлестірушісі – "Ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамы. Бұл орталық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ведомстволық ұйым.

ПИЗАҒА қатысатын мектептер қалай таңдалады?



PISA мектептерді іріктеу мен оқушыларды таңдау барысында қатаң техникалық стандарттарға сүйенеді. Іріктелген мектептердің стандарттарға сәйкестігі қатаң қадағаланады және сол сәйкестік ресми шешім қабылдау кезінде тексеріледі.


ПИЗА тестілеуінде қандай тапсырма түрлері кездеседі?



PISA тапсырмалары бірнеше таңдауы бар тест тапсырмаларынан құралған (множественный выбор/multiple choice) және бұл оның негізгі бағалау әдісі. Себебі бұл әдіс сенімді әрі тиімді, сондай-ақ ғылыми талдау жасауға ыңғайлы. Тестілеуде мәтіндегі сөзді белгілеу, ақпарат бөліктерін біріктіру және ашылмалы мәзірден бірнеше таңдау жасау сияқты тапсырма түрлері кездеседі. Сонымен қатар PISA тест

тапсырмаларының шамамен үштен бірі ашық сұрақ түрінде беріледі.

ПИЗАтестілеуіне қатысқан оқушылардың барлығы неге бірдей сұраққа жауап бермейді?



PISA белгілі бір оқушының жеке білімін тексеру үшін емес, сол елдегі жалпы білім беру жүйесін тексеру үшін ұйымдастырылатындықтан, сұрақтардың бірдей болуы қажет емес. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар қою арқылы сол елдің білім беру жүйесінің деңгейі жөнінде мол ақпарат алуға болады.

ПИЗА тестілеудің 3 басым бағыты маңызды ма?



Зерттеудің әрбір кезеңінде үш бағыттың біреуіне ерекше көңіл бөлінеді, яғни тесттің үштен екі бөлігі сол бөлімге арналады. Мысалы, 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты оқу сауаттылығы, 2003 жылы математикалық сауаттылық, 2006 жылы жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы болды. Мұндай шара
зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық

ақпарат алуға және сол жылдардағы осы бағыттағы жетістіктерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды генерациялау жүйесінің басқа екі бағыттан ерекшелігі неде?



Оқу сауаттылығын тексеру бөлімінде көп сатылы бейімдеу тәсілі қолданылады, яғни оқушыларға әрбір келесі блоктың тест тапсырмалары алдыңғы блоктарда көрсеткен нәтижелеріне байланысты ұсынылады.

2015 жыл өткізілген ПИЗА тестілеуінің нәтижелері оқушылардың басқа адамдармен жұмыс істеу қабілетін дәл өлшей алды ма?



2015 жылы оқушылардың мәселелерді бірлесе шешу қабілетін бағалау барысында тест тапсырушы басқа оқушылардың орнына компьютерлік агенттермен жұмыс істеді.

Бұл оқушылардың қабілеттерін жүйелі түрде өлшеуге мүмкіндік берді, өйткені сыныптастар арасындағы бұрыннан қалыптасқан тұлғаралық қатынастар осы жолы

оқушылардың көрсеткіштеріне әсер етпеді. Сондықтан бұл әртүрлі оқушылар тобының жұмысын әділ салыстыруға мүмкіндік берді