Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан PISA 2018 тестілеуінде қандай нәтиже берді?



Қазақстан PISA 2018 тестілеуінде ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен төмен нәтиже

көрсетті. Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша орташа есеппен 387 балл (77- орын), математикалық сауаттылық бойынша 423 балл (87-орын), ал жаратылыстану-

ғылыми сауаттылығы бойынша 397 балл (76-орын) жинады. Бұл нәтижелер 2015 жылғы тестілеу көрсеткішінен төмен. Бұған Қазақстан оқушыларының PISA тестілеуін

компьютерлік форматта алғаш рет тапсыруы негізгі себеп болды деген болжам бар.

ПИЗА тестілеу нәтижелерін жақсарту үшін елімізде қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?



Қазақстанда PISA нәтижелерін жақсарту және білім жүйесінің сапасын арттыру мақсатында енгізіліп жатқан негізгі өзгеріс орта білім мазмұнының жаңартылуы.


Анкеталық сауалнамалар оқушылардың шығармашылық ойлауына ықпал ететін басқа факторлар, соның ішінде шығармашылық көзқарасы (ашықтық, мақсатқа бағдарлануы және сенімі), мектебі жайлы көзқарасы, сондай-ақ олардың сынып пен одан тыс уақытта қатысатын іс шаралары жөніндегі мәліметпен әлгі ақпаратты толықтырады.


Оқушылардың 2018 жылы төмен нәтиже көрсетуінің өз себептері
бар. Оған әсер еткен бірнеше фактор бар.

Біріншіден, тест Қазақстан үшін алғаш рет компьютерлік форматта өтті. Оқушылар үшін бұл алғашқы тәжірибе болды. Тестте өткен сұрақтарға кері қайту мүмкіндігі болмағанын да ескерген жөн. Қалыптасқан әдет бойынша оқушылар қиын сұрақтарға қайта оралуға немесе өз жауаптарын қайта қарауға үйренген. Ал компьютерлік тестілеу кезінде қағаз нұсқамен салыстырғанда, олай жасай алмайды.
Интеграция мен интерпретация деген не?бірнеше параграф арасындағы байланысты және бірнеше мәтін арасындағы байланысты анықтауды қарастырады.

Негізгі бағыт. Бағалаудың әр айналымында негізгі бағыттың үш бөлімінің біреуіне басымдық беріледі


Математикалық сауаттылық



Математикалық сауаттылық математиканы түрлі контексте тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті. Математикалық пайымдау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, процедураларды, фактілер мен құралдарды қолдану қажет. Мұндай тәжірибе оқушыға математиканың әлемдегі рөлін түсінуге бағытталған тұжырымдар жасауға, сындарлы, белсенді және рефлексиялық шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық



Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық – жаратылыстану бойынша алған білімін қолдана білу, қоршаған әлемді және ондағы адамның іс-әрекетінен болатын өзгерістерді түсіну, сол өзгерістерге сәйкес шешім қабылдауға қажет мәселелерді анықтап, ғылыми тұрғыдан негізделген қорытындылар жасау қабілеті. Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауатты оқушы жаратылыстану ғылымдары мен технологияға қатысты талқылауларға қызығып, оған қатысуға тырысады. Құбылыстарды ғылым тұрғысынан түсіндіру, ғылыми зерттеулерді бағалау және жоспарлау, деректер мен дәлелдемелерді ғылыми түсіндіру арқылы оқушының жаратылыстану құзыреттілігі қалыптасады.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТ



Инновациялық бағыт. Бұл бағыт қазіргі таңда алты бөлімнен тұрады, көрсетілген* бөлімдер толықтырылады немесе жаңасы ұсынылады. Бағалаудың әр айналымында

тестілеудің когнитивті бөлімінде инновациялық бағыттың бекітілген бір бөлімі болады.
* 2003 жыл – “Cross-curricular Problem-Solving”; * 2012 жыл – “Creative Problem Solving”.“Шеттілі”мен“Цифрлықортадабілімалу”бөліктерінің нұсқаулықтары 2025жылы

беріледі.

аржылықсауаттылық(ҚС) Елеулі құбылыстардың бірқатары әлем жұртшылығының
қаржылық сауаттылыққа, әсіресе жас ұрпақ үшін өмірлік маңызды дағды ретінде

қарайтынын байқатады. Олардың кейбірі 2012 жылғы тұжырымдаманы әзірлеу кезінде өзекті болды және әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді; ал енді бір құбылыстар, әсіресе қаржыны цифрландыру соңғы жылдары үлкен мәнге ие бола бастады.

Цифрлық қаржылық қызметтерге электронды ақша, мобильді қаржылық қызметтер, онлайн қаржылық қызметтер, i-teller және кеңседен тыс банк қызметін көрсету секілді цифрлы технологиялар пайдаланылатын кез келген цифрлық қаржылық операциялар жатады.

Қаржылық сауаттылық математика мен оқудағы академиялық көрсеткіштермен өте тығыз байланысты, бұл негізгі пәндер бойынша базалық білім оқушыларға қаржылық проблемаларды шешуде пайдалы болатынын белгілі бір деңгейде көрсетеді

(OECD, 2017 [14]). Алайда қарапайым математика мен оқу сауаттылығы нақты мазмұнды білім бермейді, сондықтан оқушыларға қаржылық сауаттылықты осы салаға қатысты анағұрлым нақтырақ материалдармен арттыруға көмектесу керек.

PISA-ның көп сұрағында әдетте валюта болып ойдан шығарылған зед саналады. PISA сұрақтары көбіне ақша бірлігі зед болып есептелетін, ойдан шығарылған Зедланд елінде болатын жағдаяттар жайлы. Бұл амал (бұл жайлы оқушыларға тестілеу басталғанда хабарланады) елдер арасындағы салыстырмалылықты арттыру үшін енгізілген.

PISA қаржылық сауаттылығында процестердің төрт санаты бар: қаржылық ақпаратты анықтау, қаржылық ақпарат пен жағдайды талдау, қаржылық мәселелерді бағалау,

қаржылық білім мен
түсінікті қолдану.

Қаржылық сауаттылық тестінен өту үшін оқушылар математика мен оқу сауаттылығы бойынша кемінде бірнеше негізгі деңгейде болуы керек. Оларға сондай-ақ ХХІ ғасырда жастар мен ересектер үшін өзекті саналатын проблемаларды шешу және сыни ойлау секілді жұмсақ дағдылар да керек.

Бағалау кезінде есептеу амалдары барынша аз қолданылады; ондағы тапсырмалар жиі кездесетін немесе қайталана беретін есептеу амалдарын қажет етпейтіндей етіп

құрастырылған.

Оқу дағдысына да қатысты дәл осылай деуге болады. Қаржылық сауатты студенттер қаржылық құжаттарды оқып, олар бетпе-бет келетін жағдаяттарға сәйкес терминдерді түсіну үшін қарапайым оқу дағдысын меңгерген болуы керек.

*ҚС бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.

Жаһандық құзыреттілік( ЖҚ) дегеніміз – жергілікті, ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу, басқалардың көзқарасы мен дүниетанымын түсіну және бағалау, әртүрлі мәдениетке жататын адамдармен ашық, тиісті деңгейде және тиімді өзара әрекеттесу, ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму үшін әрекет ету қабілеті.

Бізге жаһандық құзыреттілік не үшін қажет? Көпмәдениетті қоғамдастықпен үйлесімде өмір сүру үшін. Жаһандық құзыреттілік бойынша білім беру қоғамдағы мәдени хабардарлық мен сыйластыққа құрылған әрекеттестікке ықпал етуі мүмкін. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғалы бері этникалық және мәдени қақтығыстар әлемдегі саяси зорлық- зомбылықтың ең жиі кездесетін себебіне айналды және олар басылар емес (Brubacker,