ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 52
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2. PISA бойынша Қазақстанның көрсеткіштері қандай?
2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.
«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға
PISA оқу сауаттылығының «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігі.
Оқушылардың мәтінге интерпретация жасау дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын тапсырмаларды көрсетіңіз.
Ұсынылған қай сөз немесе сөз тіркесі контекстің мазмұнына сай келмейді?
Жартылай дұрыс жауап Толыққанды жауап
-
тапсырма
Оқушы мәтінді оқып,оның жалпы мазмұнын түсінгенін көрсетіп сұрақтарға жауап берді.Оқушы кай кузыреттиликке сайкес келеди?
«Ақпаратты табу және іріктеу»
-
тапсырма
Мәтінде айтылған ойға келісу не келіспеу сұралатын тапсырмаға берілетін жауапты дұрыс деп қабылдауға негіз болатын критерийді көрсетіңіз.
Ойын негіздеу үшін мәтіннен ақпарат бөліктерін қолданады.
9-Бөлім
Оқу сауаттылығы бойынша үш деңгейдегі тапсырмаларды бағалау
PISA тесті негізгі 3 оқу құзыреттілігін тексереді, олар:
БІРІНШІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: АҚПАРАТТЫ ТАБУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ – қажетті хабарламаны
таңдау процесі. Ақпаратты іздеу – ақпарат бар орынды анықтау процесі. Тесттің кейбір сұрақтары тек ақпаратты табуды қамтиды. Көбіне бұл оқырман тікелей көре алатын баспа мәтініне қатысты. Ал электрондық мәтінде оқырман ақпарат іздеген кезде көбінесе гипербайланыстарға жүгінуге мәжбүр болады. Баспа мәтініндегі ақпаратты іздеген кезде оқырман тақырыпшаларға назар аудара алады және осылайша қалаған хабары бар мәтіннің бөлігін анықтай алады. Ақпаратты табудың қиындығы мәтіндегі қажетті
ақпаратты анықтау үшін қарауды қажет ететін беттер санымен, ізделетін хабарламаның көлемімен, сондай-ақ сұрақ мәтіндегі ізделетін хабарламаның орналасқан жерімен
байланысты.
Көбінесе қажетті ақпарат мәтіннің бір бөлігінде болады, бірақ кейде ол бірнеше сөйлемді, кестенің бірнеше ұяшығын немесе тізімнің бірнеше жолын қамтуы мүмкін.
Ақпарат табуды қажет ететін тест сұрақтарына жауап бергенде оқушылар сұрақтың маңызды бөлшектерін (объектінің қасиетін, уақытын, орны немесе іс-әрекет
жағдайларын) табуы қажет және мәтіннің сәйкес бөліктерін байланыстыруы керек болады. Кейде бұл байланыс тікелей, сөзбе-сөз сәйкес келетін тірек сөздермен берілсе, кейде жанама – синоним сөздермен берілуі мүмкін. Қажет
ақпарат әрдайым мәтінде
айқын түрде болады. Сұрақтың тұжырымдамасында нені (қандай ақпаратты) табу керек екені де көрсетіледі.
Ақпаратты табуға арналған сұрақтар әртүрлі дәрежеде берілуі мүмкін. Мысалы: мәтін немесе кесте бойынша оқиғаның қай уақытта немесе қай жерде болғанын анықтаңыз деп берілуі мүмкін. Мәтінде синоним түрінде берілетін сұрақтар біршама қиын. Мұндай
ақпаратты табу категорияларға жіктеу дағдыларын қажет етеді. ЕКІНШІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: БІРІКТІРУ ЖӘНЕ ИНТЕПРЕТАЦИЯ
Мәтіннің ішкі мағынасын түсіну үшін оның жеке хабарламаларын бір-бірімен байланыстыру және талқылау қажет.
Біріктіру немесе түсіндіру мәтіннен тура берілмеген ақпаратпен жұмыс жасауды
қамтиды. Кейде бұл үшін жасырын байланыс орнату керек болады, кейде болжалды хабарды түсініп, ішкі мәтінді түсіну керек болады. Мәтінді түсіндіре отырып, оқырман тұтас мәтіннің де, оның кез келген бөлігінің де жасырын болжамдарын немесе
тұжырымдарын айқындай алады. Түсіндіру бірқатар ақыл-ой әрекеттеріне негізделген. Мысалы, сұраққа жауап беру үшін оқушылар кейде мәтін хабарламасынан қорытынды шығаруға, негізгі және қайталама бөлшектерді ажыратуға, негізгі ойларды қысқаша тұжырымдауға немесе мәтінде айтылған ойға сүйене отырып, алдыңғы оқиға туралы
қорытынды жасауға тапсырма алады.
Мәтіннің жеке хабарламаларын біртұтас
етіп біріктіру немесе байланыстыру оқырманнан мәтін элементтерін – жеке сөйлемдерден немесе абзацтардан бастап құрмалас
сөйлемдерге дейін біріктіретінін, түсінетінін көрсетеді. Кей жағдайда ақпарат бірліктерін байланыстыру, мысалы, ұқсастықты немесе айырмашылықты көрсету, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және т.б. тапсырмалар беріледі.
Мәтінді байланыстыруға және түсіндіруге арналған сұрақтардың мысалдары:
оқушыларға мәтінге атау беруді немесе кіріспе жазуды, қарапайым нұсқаулықтағы мәселелерді түсіндіруді, диаграммадағы немесе кестедегі ақпаратты қалпына келтіруді, әңгіме кейіпкерін сипаттауды немесе картаның немесе суреттің мақсатын түсіндіруді
талап етеді. Кейбір сұрақтар мәтіннің белгілі бір бөлігіне, кейбір сұрақтар тұтас мәтінге бағытталады.
Түсіну тереңдігін анықтайтын сұрақтар көбінесе логиканы қажет етеді, мысалы, мәтіндегі ақпаратты беру тәсілін ескеру, автордың ойын анықтау, мәтіннің жалпы мағынасын беретін сөздің немесе эпизодтың мағынасын түсіндіру.
ҮШІНШІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: РЕФЛЕКСИЯ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Рефлексия және бағалау мәтінмен танысқанға
дейін оқырманға белгілі білімге, идеялар мен тәжірибеге сүйенуді қажет етеді. Рефлексия сұрақтары оқырманнан салыстыру,
қарама-қайшылық және болжау жасау үшін өз тәжірибесіне немесе біліміне жүгінуді талап етеді. Бағалау сұрақтары оқырманнан негізделген пікір білдіруін талап етеді. Мәтіннің мазмұнына рефлексия және бағалау жасау үшін оқырман мәтін ақпаратын басқа мәтіннен тыс ақпарат көздерімен байланыстыруы (мәтіндегі тұжырыммен келісу немесе келіспеу) керек. Көбінесе оқырманнан мәтінде талқыланатын тақырыпқа өз
көзқарасын білдіру және негіздеу сұралады. Мұны орындау үшін оқырман, біріншіден, мәтін бойынша өзіндік түсінік қалыптастыру керек, екіншіден, оны басқа мәтіндерден алған ақпаратпен немесе біліммен байланыстыруы керек. Мұндай жұмысты орындау үшін оқушыда жалпы және арнайы білім болуы керек, сондай-ақ абстрактілі ойлау
қабілетіне ие болуы керек.
Мәтін мазмұны бойынша рефлексия және бағалауға арналған сұрақтардың мысалдары: өз тәжірибеңіздің негізінде мәтіннің кез келген мәлімдемесін растау немесе мәтіннің
пайымын өзінің моральдық немесе эстетикалық идеялары тұрғысынан бағалау; мәтінде келтірілген дәлелдердің сапасы туралы өз пікірін білдіру сұралады. Мәтіннен тыс
ақпарат сұрақтың тұжырымдамасында анық болуы мүмкін, бірақ көбінесе сұрақтарды құрастырушылар он бес жасар оқушылардың қажеттілігін (мысалы, киноға бару, т.б.) ескереді.
Мәтіннің формасына рефлексия және бағалау жасау үшін оқушы оны объективті бағалап, мәтіннің және оның жеке элементтерінің сапасы мен орындылығы туралы айтуы керек. Мұны орындау