Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Laitin, 1998; Kymlicka, 1995; Sen, 2007). Дін немесе ұлт үшін болатын бей-берекет

зорлық-зомбылықтың біразы әртүрлі мәдениетке жататын адамдардың бір жерде бейбіт өмір сүріп, бір-бірінің ерекшеліктерін қабылдап, ортақ шешім тауып, келіспеушіліктерді шеше алатынына деген сенімге күмән туғызады. Бірқатар елде иммигранттардың көптеп келуіне байланысты қауымдастықтар өздерінің бірегейлігі мен жергілікті мәдениетін

қайта қарауы керек. Заманауи қоғамда тиістілік пен азаматтықтың күрделі формалары талап етіледі, онда адамдар өздерінің қоршаған ортасы мен қоғамдастықтарындағы әралуандық туралы түсініктерін тереңдете отырып, алыс аймақтармен, адамдармен және идеялармен әрекеттесуі керек. Өз қоғамдастықтарының – ұлтының, аймағының, қаласының, ауданының, мектебінің айырмашылықтарын түсіну арқылы жастар әлем азаматы ретінде бірге өмір сүруді үйрене алады (Delors,1996; UNESCO, 2014b).

Нәсілшілдік пен дискриминацияны тоқтатуға жалғыз білімнің күші жетпесе де, ол жастарға мәдениет жайлы сыңаржақ пікірлер және стереотиптермен күресудің маңызын үйрете алады.

PISA 2018 зерттеуіндегі жаһандық құзыреттілікті бағалау екі бөлімнен тұрады: когнитивті бағалау және анкеталық сауалнама. Когнитивті бағалау студенттердің жаһандық мәселелерді сыни тұрғыдан қарастыру қабілетін бағалауға; көзқарас пен дүниетанымға сыртқы әсерді тануға; мәдениетаралық контексте басқалармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсінуге; сондай-ақ ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды шешу үшін әртүрлі іс-қимыл нұсқаларын анықтауға және салыстыруға арналған.

Анықтамалық сауалнамада оқушылардан жаһандық проблемалармен қаншалықты таныс екендігі; олардың
тілдік және коммуникативтік дағдылары қаншалықты дамығаны; олардың белгілі бір көзқарасты ұстану дәрежесі (мысалы, әртүрлі мәдениетке жататын адамдарға деген құрмет) және олардың мектепте жаһандық құзыреттілікті дамыту үшін қандай мүмкіндіктері бары сұралады. Мектеп әкімшіліктері мен мұғалімдерге арналған анкеталық сауалнама жауаптарының нәтижелерінен білім беру жүйелері жаһандық, халықаралық және мәдениетаралық аспектілерді оқу бағдарламасы мен сынып

жұмысына қалай біріктіретіні көрініс табады.

*ЖҚ бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.

Креативті ойлау (КО) PISA 2022 зерттеуінде ерекше және тиімді шешім қабылдауға, білімді арттыруға және қиялды жетілдіруге жол ашатын идеяларды ойлап табу, бағалау және дамыту процесіне тиімді қатысу қабілеті ретінде анықталады.

PISA-дағы креативті ойлау құралдарының кешенді жиынтығы жайлы ақпаратты жинау

қиын, бірақ қолжетімді. PISA 2022 зерттеуінде креативті ойлауды бағалау екі бөлімнен тесттен және анкеталық сауалнамадан тұрады. Тест оқушыларға идеялар ойлап табу, бағалау және жетілдіруді қажет ететін тапсырмалармен жұмыс істеу кезінде өздерінің

когнитивті шығармашылық ойлау процестерін қаншалықты жұмылдыра алатыны туралы ақпарат береді. Анкеталық сауалнамалар оқушылардың шығармашылық ойлауына

ықпал ететін басқа факторлар, соның ішінде шығармашылық көзқарасы (ашықтық,

мақсатқа бағдарлануы және сенімі), мектебі жайлы көзқарасы, сондай-ақ олардың сынып пен одан тыс уақытта қатысатын

іс шаралары жөніндегі мәліметпен әлгі ақпаратты

толықтырады.

PISA бағалауының қазіргі қолданыстағы дизайнына сәйкес, креативті ойлау бағалауынан өтіп жатқан оқушылар бір сағатын шығармашылық ойлау тапсырмаларына, ал қалған сағатын математика, оқу және ғылыми сауаттылыққа арналған тапсырмаларға

жұмсайды. Креативті ойлау тапсырмалары 30 минуттық кластерлерге немесе

«секцияларға» бөлінеді. Әр кластерге өлшенетін аспектілері бойынша (әртүрлі

идеяларды ұсыну, креативті идеяларды ойлап табу, идеяларды бағалау және жетілдіру), пәндік салаға (жазбаша жеткізу, визуалды жеткізу, әлеуметтік проблемаларды шешу немесе ғылыми проблемаларды шешу) және блоктың ұзақтығымен (шамамен 5-15 минут аралығы) ерекшеленетін тест блоктары кіреді. Кластерлер тесттің өзгертілген дизайнына сәйкес бірнеше компьютерлік тест форматында орналастырылған.

Шектеу бұл тестілеуге арналған қолжетімді уақыт мөлшері. Қолданыстағы PISA бағалау схемасына сәйкес оқушылар креативті ойлауды тексеретін бір сағаттық тесттен өтеді. Демек әр салада жеткілікті мәлімет жиналуы үшін бағалаудың ықтимал салалары аясы міндетті түрде шектелуі керек. PISA жеке емес, мемлекеттік деңгейдегі оқу үлгерімінің салыстырмалы индикаторларын ұсынуды мақсат еткендіктен, (кейбір аралас жағдайларда) оқушылар мазмұндық бөлік бойынша тапсырмалардың әртүрлі

комбинациясын орындайтын ауыспалы тест дизайнын қолдануға болады. Алайда

оқушылардың мемлекет деңгейіндегі оқу үлгеріміне
сенімді өлшеу жүргізу әр саладағы тапсырмалар үшін тестілеудің жеткілікті уақытын бөлуді талап етеді, бұл бағалауға негізделетін көлемді шектейді.

Сондықтан креативті ойлау дегеніміз жай ғана кездейсоқ идеялар емес. Бұл адамдарға көбіне қысылтаяң әрі қиын жағдайларда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін, білім мен практикаға негізделген маңызды құзырет. Әлемдегі ұйымдар мен қоғамдар

проблеманы шешуде уақыт өткен сайын білім мен инновацияға тәуелді бола түсуде, осылайша инновация мен креативті ойлаудың рөлі біртұтас дүние ретінде артып келеді (OECD, 2010 [2]).

*КО бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.

Проблеманы коллаборативті шешу (ПКШ) – бұл білім беру саласы мен жұмыс орнында қолданылатын аса маңызды және керекті дағды. PISA 2012 (OECD, 2010) зерттеуінде анықталғандай, проблеманы шешу дағдысы шешімі бірден көрінбейтін проблемалармен жалғыз жұмыс істейтін адамдарға қатысты болса, ПКШ дағдысы барысында адамдар өз түсініктері мен күш-жігерін біріктіріп, проблеманы шешуде бірлесе әрекет етеді.

Ынтымақтастық проблеманы жеке-дара шешуге қарағанда айқын артықшылықтарға ие, өйткені бұл дағды тиімді еңбек бөлінісіне, ақпаратты әртүрлі көзқарас, тәжірибе және білім көздерінен алуға, шығармашылық қабілеттің артуына, сондай-ақ басқа топ мүшелерінің идеялары негізінде шешімдер сапасының артуына мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық «проблеманың жалпы тұжырымдамасын құру және сақтау бойынша үздіксіз талпыныстың нәтижесі болып саналатын үйлестірілген синхронды қызмет» ретінде анықталды (Roschelle and Teasley, 1995, p. 70). Әлеуметтік әрекеттестіктің
маңызы зор, бірақ ынтымақтастық құру үшін ол жеткіліксіз, өйткені кейбір әлеуметтік

әрекеттестік барысында ортақ мақсат, әртүрлі көзқарастарды үйлестіру немесе мақсатқа жетудің ұйымдастырылған әрекеттері көзделмейді.

Жобалық жұмыс көбіне топтық мақсатқа жету үшін бірнеше оқушының бірлесіп жұмыс істеуін талап ететін тапсырмаларды қамтиды, оның мысалы ретінде қорытынды есеп, кешенді талдау немесе бірлескен презентация әзірлеуді айтуға болады. Проблеманы

коллаборативті шешу әдетте негізгі пәндерден бөлек жеке дағды ретінде оқытылмайды. Сондықтан мектепте бірлескен оқу жаттығулары көбіне жаратылыстану, математика және тарих сияқты нақты оқу бағдарламаларына кіріктіріледі.

Оқушылар топта тиімді жұмыс істей білуді және осы әлеуметтік жағдаяттарда

проблеманы шешу дағдысын қолдануды қажет ететін мансап жолына дайындалуы керек (Brannick and Prince, 1997; Griffin et al., 2011; National Research Council, 2011a; Rosen and Rimor, 2012). Өндірістен ақпараттық және интеллектуалды қызметтерге көшу

айтарлықтай байқалуда. Өйткені қазіргі кезде әлемде проблеманы шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстың көп бөлігі барған сайын әлдеқайда жаһандық және

компьютерлендірілген экономикадағы командалар негізінде атқарылуда.

*ПКШ бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.