ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 51
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2. PISA бойынша Қазақстанның көрсеткіштері қандай?
2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.
«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға
PISA оқу сауаттылығының «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігі.
Оқушылардың мәтінге интерпретация жасау дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын тапсырмаларды көрсетіңіз.
Ұсынылған қай сөз немесе сөз тіркесі контекстің мазмұнына сай келмейді?
түрде берілген төрт-бес нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдауды қамтиды. Жабық
сұрақтардың неғұрлым күрделі түрлері, мысалы, әңгімелеу оқиғаларын уақыт тізбегіне орналастыруды қамтиды (мысалы, қажетті сандарды берілген оқиғалар тізіміне
қойыңыз). Сараптамалық бағалауды қажет етпейтін сұрақтардың санатына оқушының бір немесе екі сөз жазу тапсырмасын жатқызуға болады, мысалы, мәтіннен сөз жазу (мәтінде сұраққа дұрыс жауап беретін бір ғана сөз бар деген сияқты тапсырманы айтуға болады).
бағалауының "дұрыстығын" емес, оқырманның ойлау сапасын бағалау қажет.
1-кестеде PISA-2009-да берілген сұрақтардың әртүрлі формалары арасындағы байланыс көрсетілген.
1-кесте. Үш оқушы құзыреттілігін өлшейтін әртүрлі сұрақтар арасындағы қатынас
Ойымызды қорытындыласақ,
оқу сауаттылығы аясында кездесетін бірқатар кедергіні жою қажеттігі көрінеді. Олар:
«күшті» оқырмандар тобы.
Осы тұрғыдан алғанда мектепте жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына орай барлық оқу материалын талдау орынды. Бұл жағдайда 8-9 сыныптарға ерекше назар аудару керек. Себебі халықаралық тестілеуде
осы оқушылардың оқу сауаттылығын зерттейді. Әрі қазіргі білім берудің негізгі нәтижесін
– оқу нәтижесін көрсететін маңызды кезең болып саналады.
PISA нәтижелері бүкіл әлемге, оның ішінде 15 жастағы оқушыларға, мысалы, ақпаратты біріктіру, түсіндіру, рефлексия жасау, бағалау оңай емес екенін көрсетті. Қазіргі
ақпараттық кеңістіктің тенденцияларын түсініп, тест нәтижесін саралай отырып,
Қазақстанда білім беру мазмұны жаңартылды, мектеп оқулықтарын қайта құрастыру, оны тәжірибеге енгізу басталды. Негізгі оқу дағдыларын игеретін мәтіндердің коммуникативті және жанрлық әртүрлігі артты.
1-тапсырма
Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
дұрыс
бұрыс
2 -тапсырма
Берілген жауаптарға сараптама жасау қажет болатын тапсырма типін көрсетіңіз.Толық жауапты қажет ететін тапсырма
Ашық типті сұрақтарға берілген оқушы жауабын тексеру кезінде не басты назарға алынады?оқығаны туралы ойлану сапасы
Сараптамалық бағалауды талап етпейтін сұрақтардың көп бөлігі қай оқу құзыреттілігіне тиесілі?Біріктіру және интепретация
Сараптамалық бағалауды қажет етпейтін сұрақтардың санатына оқушының
бір немесе екі сөз жазу тапсырмасын жатқызуға болады.
10. PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий
PISA жаһандық білім беру саласындағы ауқымды мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, статистикалық дерек, есеп және зерттеудің қуатты ағынын қалыптастырады. Негізгі принциптер мен құралдарды әзірлеудің тұжырымдамалық әдістері, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу тәсілдері әлемнің әр түкпіріндегі ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады. Нәтижелердің ресми мәлімдемесі әлемнің жетекші мамандары қатысатын халықаралық ғылыми форумдарда талқыланады. Статистикалық деректерге шолу экономистердің ғана қызығушылығын туғызып қоймай, трансұлттық корпорациялардың, білім министрліктерінің, мемлекеттік емес ұйымдардың және, әлбетте, бұқаралық ақпарат құралдарының да назарын аударады. 2000 жылдан бері жүргізілген 7 бағалау циклын ауқымды салыстырмалы зерттеу негізінде алынған деректерді егжей-тегжейлі талдау (2018 жылдан бастап PISA тестілеуі тек компьютер арқылы жүргізіледі), сондай-ақ деректер мен ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде қалыптасқан қадамдық әрекеттер мен ұсыныстар оқуға, оқушылардың өзіне және оқу құралдарына қатысты тәсілді өзгерту керектігі туралы түсініктің қалыптасуына алып келді. Бірқатар жүйелік өзгерісті біртіндеп жүзеге асырудың шұғыл қажеттігі пайда болды. Бірінші кезекте тиісті мамандарды оқытуға және өскелең толқынға арналған білім беру бағдарламасын әзірлеу, тәжірибелі тренерлерді алдын ала даярлай отырып, жаңа
бағдарламаларды іске асыру үшін біліктілікті арттыратын ауқымды
курстарды көбейту, оқушыларды шешім қабылдауға, ашық талқылауға қатысуға, іс-әрекетте дербестік танытуға және функционалды сауаттылықты дамыту үшін әрі оқудағы, әрі өмірдегі тәжірибесін міндетті түрде пайдалануға ынталандыратын оқыту және бағалаудың жаңа әдістерін ойлап табу және қолдану ерекше маңызға ие.
ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша 2014 жылы орта білім беру
жүйесінің оқу бағдарламасы толықтай қайта қаралып шыққан, соның нәтижесінде білім беру жүйесін дамытуға арналған барлық ұсыныс пен тенденция PISA-2012 зерттеуінің нәтижесін, сондай-ақ қоғам мен әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, орта білім беру жүйесін жаңарту қажеттігіне бағытталды.
Орта білімнің жаңа стандарттарын енгізуді көздейтін жаңартылған
мазмұнды «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе отырып әзірлеген. Биыл ел үкіметі оқушылар игілігіне 500 мыңдай компьютер таратты. Одан бөлек, білім беру ресурстары жұмысының қолжетімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етілуде, интернеттің сапасы контентке қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей деңгейде.
Кезекті PISA-2022 зерттеуіне бір жыл қалған қазіргі уақытта, біріншіден, жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру процесін бақылау өзекті. Екіншіден, оқушының күрделі жазбаша мәтіндерді түсінуі; талдау процесінде, ғылыми танымды көрсетуде және жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды,
оқиғаларды және процестерді интерпретациялауда, сондай-ақ оқудағы теорияны өмірдегі ситуацияларда қолдануда негізгі ақпаратты сүзіп алу қабілеті; күрделі мәселелерді шешуде ерекше тәсілдерді іздестіріп, креативтілік танытуы бағаланатын PISA форматындағы тапсырмаларды қолдана отырып, алдын ала диагностика жүргізу маңызды. Үшіншіден, проблемалы аймақты анықтап, нәтижеге байланысты мақсатты және қарқынды даярлықты тез арада бастау қажет.
PISA зерттеуіндегі анкеталық сауалнама жайлы жалпы ақпарат

Мәтінге рефлексия және бағалау үшін берілген сұрақтың ашық формасы негізгі болып табылатынын атап өткен жөн, өйткені мұнда, ең алдымен, оның
бағалауының "дұрыстығын" емес, оқырманның ойлау сапасын бағалау қажет.
Оқушы құзыреттіктері: | Сараптамалық бағалауды талап ететін сұрақтар % | Сараптамалық бағалауды талап етпейтін сұрақтар % | Т |
Ақпаратты табу және іріктеу | 11 | 14 | |
Біріктіру және түсіндіру | 14 | 36 | |
Рефлексия және бағалау | 18 | 7 | |
Барлығы | 43 | 57 | |
1-кестеде PISA-2009-да берілген сұрақтардың әртүрлі формалары арасындағы байланыс көрсетілген.
1-кесте. Үш оқушы құзыреттілігін өлшейтін әртүрлі сұрақтар арасындағы қатынас
Ойымызды қорытындыласақ,
оқу сауаттылығы аясында кездесетін бірқатар кедергіні жою қажеттігі көрінеді. Олар:
-
Педагогикалық қауіп-қатердің екі тобына тиісті көмек көрсету қажет. Ол – «әлсіз» және
«күшті» оқырмандар тобы.
-
Оқу сауаттылығын құрайтын үш негізгі құзыреттіліктің дамуын теңдестіру қажеттігі.
Осы тұрғыдан алғанда мектепте жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына орай барлық оқу материалын талдау орынды. Бұл жағдайда 8-9 сыныптарға ерекше назар аудару керек. Себебі халықаралық тестілеуде
осы оқушылардың оқу сауаттылығын зерттейді. Әрі қазіргі білім берудің негізгі нәтижесін
– оқу нәтижесін көрсететін маңызды кезең болып саналады.
PISA нәтижелері бүкіл әлемге, оның ішінде 15 жастағы оқушыларға, мысалы, ақпаратты біріктіру, түсіндіру, рефлексия жасау, бағалау оңай емес екенін көрсетті. Қазіргі
ақпараттық кеңістіктің тенденцияларын түсініп, тест нәтижесін саралай отырып,
Қазақстанда білім беру мазмұны жаңартылды, мектеп оқулықтарын қайта құрастыру, оны тәжірибеге енгізу басталды. Негізгі оқу дағдыларын игеретін мәтіндердің коммуникативті және жанрлық әртүрлігі артты.
1-тапсырма
Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
-
Мәтіннен табу қажет болатын ақпарат мәтінді құрайтын жекелеген бірліктер мен элементтерде орналасады.
дұрыс
-
Кестеде берілген ақпаратты қалпына келтіру, әңгіме кейіпкерін сипаттау арқылы оқушы оқыған мәтінге баға береді.
бұрыс
-
Оқу сауаттылығының үшінші құзыреттілігін тексеруге бағытталаған тапсырмалар оқушылардан жеке тәжірибе мен білімге сүйенуді талап етеді. дұрыс
2 -тапсырма
Берілген жауаптарға сараптама жасау қажет болатын тапсырма типін көрсетіңіз.Толық жауапты қажет ететін тапсырма
-
тапсырма
Ашық типті сұрақтарға берілген оқушы жауабын тексеру кезінде не басты назарға алынады?оқығаны туралы ойлану сапасы
-
тапсырма
Сараптамалық бағалауды талап етпейтін сұрақтардың көп бөлігі қай оқу құзыреттілігіне тиесілі?Біріктіру және интепретация
-
тапсырма
Сөйлемді толықтырыңыз.
Сараптамалық бағалауды қажет етпейтін сұрақтардың санатына оқушының
бір немесе екі сөз жазу тапсырмасын жатқызуға болады.
10-бөлім