Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
көрсетіп жақсара түсті,

яғни 393 және 427 балды құрады. 2018 жылғы қорытынды бойынша

құлдырау байқалады, нәтиже 387 балл. Нәтижесінде 78 елдің ішінен 69- орынға тұрақтадық. Салыстырмалы түрде PISA зерттеуіне бірінші рет қатысып отырған Украина мемлекеті 466 балл көрсеткішімен бірден 39- орынға тұрақтап, бізді басып озды. Әлемдегі ең көп оқитын ел болып саналған бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы елдер рейтингтің ортасында тұр. Ресей мен Беларусь 31, 36-орындарда.
PISA2012-2018:неөзгерді?

2018 жылы тестке 600 мыңға жуық оқушы қатысты, яғни 15 жастағы 32 млн. мектеп оқушысы. Қатысушы елдердің саны 79. Зерттеуге бірнеше мемлекет өкілдері бірінші рет қатысты. Атап айтсақ, Беларусь, Босния-Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Марокко, Сауд Арабиясы, Украина және Филиппин.

PISA рейтингісінің көш басында 2000 жылдан 2018 жылдар аралығында үздіктердің үздігі болып тұрған тұрақты мемлекеттер: Финляндия, Корея, Жапония, Қытай, Сингапур. Өкінішке орай, Қазақстан тізімнің басындағы алғашқы 20 мемлекет қатарына бірде бір рет кіре алмады.

2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.


Оқушылардың кейбіреуі 1-сыныпқа 6 және 7 жастарында

барғандықтан, 9 бен 10-сынып оқушылары тестіленді. Олардың арасында ең үздік нәтиже көрсеткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары болды.

НЗМ нәтижелері білім беру бағдарламаларының тиімділігін көрсетті. Зияткерлік мектеп оқушылары оқу сауаттылығы бойынша 511 балл жинады. Бұл көрсеткіш PISA-2018 нәтижелері бойынша алдыңғы орында тұрған елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Оқушылардың 2018 жылы төмен нәтиже көрсетуінің өз себептері бар. Оған әсер еткен бірнеше фактор бар.

Біріншіден, тест Қазақстан үшін алғаш рет компьютерлік форматта өтті. Оқушылар үшін бұл алғашқы тәжірибе болды. Тестте өткен сұрақтарға кері қайту мүмкіндігі болмағанын да ескерген жөн. Қалыптасқан әдет бойынша оқушылар қиын сұрақтарға қайта оралуға немесе өз жауаптарын қайта қарауға үйренген. Ал компьютерлік тестілеу кезінде қағаз нұсқамен салыстырғанда, олай жасай алмайды. Мұндай жағдай PISA-2015-те орын алған, яғни аталған жылы 57 қатысушы ел алғаш рет компьютерде тест тапсырып, нәтижесінде көптеген елдің балы төмендеген. Мысалы, PISA зерттеуі бойынша көшбасшы елдердің бірі – Корея мемлекетінің нәтижелері математика бойынша 30, жаратылыстану бойынша 22 және оқу

сауаттылығынан 18 балға дейін түскен.

Екіншіден, PISA нәтижелерін жақсартуға үлес қосатын жаңаша оқыту жүйесіне, яғни жаңартылған білім беру мазмұнына 15 жастағы білім алушылар көшіп үлгермеген болатын. Жаңартылған бағдарламалардың тиімділігіне PISA-2021 жылдан бастап, ең дұрысы PISA-2024-те көз жеткізе аламыз, себебі бұл уақыт аралығында білім алушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша

7-8 жыл оқып үлгереді.

Үшіншіден, зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың негізгі бөлігін 9-шы (44%) және 10-сынып (53,4%) оқушылары құрады. Басқа елдерде мектепке қабылдау жасы нақты бекітілгендіктен, тиісінше, PISA қатысушыларының

көпшілігі бір параллельден болды. Мысалы, Жапония (100%) және Сингапур (90%) елдерінің қатысушылары 100 пайыз 10-сынып оқушылары болып табылады.

Бұл PISA-2018 қорытындысы бойынша алынған үлкен талдау материалының бір бөлігі ғана екенін атап өтуіміз керек.

Дереккөздер


  1. Муканова С.Д. Программа международной оценки достижений учащихся PISA: вопросы и ответы. Қарағанды: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, 2014. 67 б.

  2. PISA-2018: казахстанские школьники впервые за 10 лет показали снижение уровня грамотности // https://informburo.kz/stati/pisa-2018-kazahstanskie- shkolniki-vpervye-za-10-let-pokazali-snizhenie-urovnya-gramotnosti.html

  3. Бүгін PISA-2018 нәтижелері ресми түрде жарияланды // https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10214946364388851




1-тапсырма.


Оқушы мәтінді оқып ,оның жалпы мазмұнын түсінгенін көрсетіп ,сұрақтарға жауап берді.Оқушының құзыреттілігіне сәйкес келеді?+Ақпаратты табу және іріктеу

PISA оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу) 4-тапсырма
PISA оқу дағдыларын құзыреттілік деңгейлерімен сәйкестендіріңіз.

  • Болжам мен шешім шығару + Рефлексия және бағалау

  • Мәтінді түсінгенін көрсету + Ақпаратты табу және іріктеу

  • Сыни талдауды жүзеге асыру + Интеграция және интерпретация (дұрыс)111


Тұжырымдардыңдұрыснемесебұрысекенінанықтаңыз.

  1. Мәтінді толық түсіну мәтін мазмұнын жалпы бағдарлау, оның айтар ойын түсіну, ақпаратты табу мен мәтінді түсіндіруге негізделеді.

дұрыс

  1. Ақпаратты таба білуді бағалау үшін зерттеуге қатысушы тестілеуді орындау барысында тезистерден растайтын дәлелдер табуы қажет.

бұрыс

  1. Мәтінді түсіндіру мен оның түйінді ойын дамыта білуді бағалау үшін мәтіндегі әртүрлі сипаттағы ақпараттарды салыстыруы керек.


дұрыс
PISA оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу) 1-тапсырма

Қайжылыоқусауаттылығы PISAемтиханыныңбастыбағытыболды?

2018

Оқу сауаттылығының 6-деңгейі бойынша + құзыреттілігі жоғары оқушы

PISA оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу) 2-тапсырма

Оқусауаттылығыныңбастыөлшемдерінкөрсетіңіз.
мәтін, жағдаят, сұрақ
3-тапсырма

Оқу сауаттылығын бағалаудың неше деңгейі бар? 6