ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 65
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2. PISA бойынша Қазақстанның көрсеткіштері қандай?
2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.
«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға
PISA оқу сауаттылығының «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігі.
Оқушылардың мәтінге интерпретация жасау дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын тапсырмаларды көрсетіңіз.
Ұсынылған қай сөз немесе сөз тіркесі контекстің мазмұнына сай келмейді?
үшін стиль, жанр, мәтін құрылымы және коммуникативті жағдайлар туралы түсінік болуы керек. Автордың кейіпкердің портреті сәтті болғанын
немесе автордың мәлімдемесі қаншалықты сенімді екенін бағалау кезінде мәтіннің негізгі сипаттамаларына ғана емес, сонымен қатар детальдарға да назар аударуы керек.
Мәтін формасын түсінуге және бағалауға арналған сұрақтардың мысалдары: белгілі бір мәселені шешу үшін мәтіннің құндылығын анықтау, мәтін құрудың нақты әдісін қолдана отырып, автордың белгілі бір мақсатқа жеткені туралы пікірін айту және негіздеу. Кейбір мәселелерде авторлық стильді талдау негізінде авторлық міндеттерді немесе оның баяндау кейіпкеріне қатынасын анықтау ұсынылады.
Келесі кезекте ашық типті тапсырмаларға берілетін жауаптарды бағалау критерийлерінің мысалдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Тапсырмалардың орындалуын бағалау үлгісі
35-жол: Түнде оны кенет шыққан қатты дауыс оятып жіберді, бұл дауыстан сағыныштың табы сезілетін. Шошып оянғаны сонша, ұйқысын ашқанша аяғынан тік тұрды. Қараңғыда төсекке шалынып, сүрініп кетті. Айқай өзен жақтан естілді. Ол қорқынышты ыңырсыған дыбыс шығарып, бір үлкен нәрсенің қозғалып келе жатқанын естіді. Бұл, бәлкім, басқа үй болар? Сонан соң оның үйіне бір нәрсе соқтығысып, ұзына бойы ағып бара жатты. Бұл ағаш болатын. Ол оның дәл қасынан қалай жүзіп өткенін естіді, тек жаңбырдың дыбысы мен өзеннің шуы ғана қалды. Басқа дыбыс шыққан сәтте ол тізесін бауырына алып ұйықтап қалған болатын. Бұл жолы
дыбыс оның бөлмесінен шыққандай көрінді.
Қараңғыда сипалап көріп еді, қолы тастай суық мылтықтың аузына тиді. Мылтықты тізесіне тірей беріп, «Кім бар мұнда?» деп айқайлады.
45-46-жолдар: Жауап ретінде тағы да қатты айқайдың дыбысы шықты, бірақ бұл жолғы дыбыс жүректі соншалықты селт еткізбеді, шаршаңқы шықты. Шатырда бір нәрсе бар сияқты көрінді әрі оның қималдап жүргенін естіді. Еден сықырлап, қандай да бір нәрселердің құлап жатқаны анық естілді. Сонан соң біреудің қабырғаны тырналап, ішке
кіргісі келіп тұрғанын білді. Оның кім екеніне бұл жолы анық көзі жетті. Ол ағып бара жатқан ағаштан секірген үлкен мысық еді. Оны сыйлық ретінде өзен ағысы алып келген болатын.
53-жол: Ол қорқыныштан еріксіз қолымен тамағын сипалай берді. Мылтық тізесінде тұр. Ол пантераны өмірінде көрмеген болатын. Бұл туралы оған айтқан болатын, алыстан олардың зарлы үндерін еститін. Мысық тағы да қабырғаны тырналап, есікке жақын терезені соққылады. Әзірге терезе сынбаса, мысық та үйге кіре алмайды, оның да өмірі қауіпсіздікте болады. Пантера тырнақтарымен қабырғаны тырналауын доғарды. Бірақ уақыт өткен сайын қыңсылап, ырылдауын қоймады.
Автордың оқиғаның бастапқы бөлігінде пантераны қалай сипаттайтынына бірнеше мысал келтірейік:
«оны кенет шыққан қатты дауыс оятып жіберді, шыққан дауыстан сағыныштың табы сезілетін еді...» (35-жол).
«Жауап ретінде тағы да қатты айқайлаған дауыс шықты, бірақ бұл жолғы дыбыс жүректі соншалықты селт еткізбеді, шаршаңқы шықты» (45-46-жолдар).
«... алыстан олардың (пантералардың) зарлы үндерін еститін» (53-жол).
Тапсырманы орындауды бағалау:
Қызметі: мәтінді интепретациялау Мәтін форматы: тұтас
Жағдаят: жеке
Код 3: Жауапта сипаттаудың аяныш сеземін тудыратыны айтылады не болмаса автордың оқырманға әсер етуі осындай сөз қолданыстарын пайдалануы туралы болжам айтылады. Сондай-ақ әңгіменің қалған бөліктерінің мазмұны туралы да сөз қозғалады.
Жауап нұсқаларында:
А. Дәйексөз ретінде алынған сипаттаулар әйел мен пантераға ортақ жағдайды, яғни екеуінің де қиналып жүргенін НЕМЕСЕ
В. Дәйексөз ретінде алынған сипаттаулар оқырманды әңгіме жалғасында айтылатын сәтке, яғни әйелдің пантераға аяушылық танытаны туралы тұсқа дайындайды НЕ БОЛМАСА
С. Пантера аяушылық нышаны ретінде сипатталады.
Код 2: Жауапта аяушылық сезімін тудырудан бөлек, дәйексөздерде айтылған ойларға ұқсас ықтимал басқа да себептер көрсетіледі. Пікірлер мәтінді түсінуін көрсетеді. Автор көзқарасы немесе оқырманға ықпалы нақты айтылған немесе болжамды түрде
ұсынылған. Мәтіннің басқа бөліктеріне сілтеме нақты көрсетілген немесе болжамды түрде ұсынылған. Жауап нұсқаларында:
«қорқыныш тудыратын» немесе «шошытарлық» дейтін сөздер қолданылса, келтірілген контексті оқушының толыққанды түсінбегені деп бағалауға болатынын ескертеміз, ал
«қызық», «жеңіл», «анық» дейтін сөздер мүлде сәйкес келмейді) НЕМЕСЕ
Код 1: Жауапта келтірілген сипаттамаларда бар нақты ақпарат беріледі. Пікірлер мәтінді түсінгенін көрсетеді. Автор көзқарасы немесе оқырманға ықпалы туралы нақты
айтылады немесе болжамды түрде беріледі. Мәтіннің қалған бөліктеріне сілтеме жасалады немесе болжамды түрде ұсынылады. Жауап нұсқаларында:
Код 0: Жеткіліксіз немесе анық емес жауап берілген:
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша PISA тестінде ашық және жабық сұрақтардың жалпы үлесі сақталады.
Ашық сұрақтар сараптамалық бағалауды қажет ететін көп немесе аз жауапты қамтиды. Оқушылардың жабық сұрақтарға жауаптары сараптамалық бағалауды қажет етпейді, олар автоматтандырылған режимде бағаланады. Классикалық жабық сұрақтар дайын

Пантера

Тапсырма

Әңгімедегі оқиғаларға назар аудара отырып, автордың пантераны сипаттау үшін неліктен дәл осындай суреттеуді қолданатынын түсіндіріңіз.
Тапсырманы орындауды бағалау:
Қызметі: мәтінді интепретациялау Мәтін форматы: тұтас
Жағдаят: жеке
Код 3: Жауапта сипаттаудың аяныш сеземін тудыратыны айтылады не болмаса автордың оқырманға әсер етуі осындай сөз қолданыстарын пайдалануы туралы болжам айтылады. Сондай-ақ әңгіменің қалған бөліктерінің мазмұны туралы да сөз қозғалады.
Жауап нұсқаларында:
А. Дәйексөз ретінде алынған сипаттаулар әйел мен пантераға ортақ жағдайды, яғни екеуінің де қиналып жүргенін НЕМЕСЕ
В. Дәйексөз ретінде алынған сипаттаулар оқырманды әңгіме жалғасында айтылатын сәтке, яғни әйелдің пантераға аяушылық танытаны туралы тұсқа дайындайды НЕ БОЛМАСА
С. Пантера аяушылық нышаны ретінде сипатталады.
-
Пантераның даусы адамның даусына ұқсайды, оның осы қыры оны әйелге ұқсатады, сондықтан екеуін де аяйсың (пантераны мен адам/әйел арасындағы байланыс туралы айтылып тұр (1); оқырманға тигізетін әсері де анық айтылған); -
Пантераның да су тасқынының құрбаны екенін бірден түсінуге болады («да» жалғаулық шылауы пантера мен адамдардың байланысын көрсетіп тұр (1); оқырманға тигізетін әсері де анық айтылған); -
Әйел дауыс иесінің кім/не екенін білмесе де, оның пантераға деген аяушылық сезімі болды (мәтіннің жалғасында айтылатын әйелдің аяушылық сезімінің пайда болуы туралы үзіндімен байланыстырады (2), алайда автордың көзқарасы немесе оқырманға ықпалы туралы айтылмайды); -
Пантераға деген аяушылық сезімің оянады (нақты болмаса да, сипаттаудың сырын түсінетіндігі байқалады (3); оқырманға ықпалы туралы айтылып тұр); -
Осының барлығы тым аянышты және қайғылы (нақты болмаса да, сипаттаудың сырын түсінетіні байқалады (3); автор көзқарасы туралы нақты айтылмаған).
Код 2: Жауапта аяушылық сезімін тудырудан бөлек, дәйексөздерде айтылған ойларға ұқсас ықтимал басқа да себептер көрсетіледі. Пікірлер мәтінді түсінуін көрсетеді. Автор көзқарасы немесе оқырманға ықпалы нақты айтылған немесе болжамды түрде
ұсынылған. Мәтіннің басқа бөліктеріне сілтеме нақты көрсетілген немесе болжамды түрде ұсынылған. Жауап нұсқаларында:
-
үрей тудыратын не болмаса жұмбақ оқиға секілді әсер беретін тұстар (жауапта
«қорқыныш тудыратын» немесе «шошытарлық» дейтін сөздер қолданылса, келтірілген контексті оқушының толыққанды түсінбегені деп бағалауға болатынын ескертеміз, ал
«қызық», «жеңіл», «анық» дейтін сөздер мүлде сәйкес келмейді) НЕМЕСЕ
-
пантера әйелдің көзқарасы тұрғысынан сипатталаған деген ой.
-
Себебі үрей туғызады, шын мәнісінде дауыстың қай жақтан шығатыны белгісіз (1). -
Оқырман біртіндеп пантера туралы айтуға дайындала бастайды (1). -
Әйел секілді сіз де бұл айқайдың не екенін білмейсіз (1) мен (2) бірігуі (1). -
Олар әйелдің пантераға деген сезімін айтып тұр (2).
Код 1: Жауапта келтірілген сипаттамаларда бар нақты ақпарат беріледі. Пікірлер мәтінді түсінгенін көрсетеді. Автор көзқарасы немесе оқырманға ықпалы туралы нақты
айтылады немесе болжамды түрде беріледі. Мәтіннің қалған бөліктеріне сілтеме жасалады немесе болжамды түрде ұсынылады. Жауап нұсқаларында:
-
патераның шынайы сипаттамасы НЕМЕСЕ -
сипаттаманың әңгімеде айтылған нақты жағдаяттар мен оқиғаларға сәйкестігі айтылады.
-
Пантера – жабайы аң, ал жабайы аңдардың дауысы қатты болады (1). -
Пантера аш болатын, аш жыртқыш осындай дыбыс шығарады (1). -
Патераның дауысына әйел назар аударды, себебі қараңғы болатын, ол тас қараңғыда оны көре алмас еді (2). -
Әйел пантераның дауысын естігенде мұндай дыбысты бұрын естігені туралы есіне түсірді (2).
Код 0: Жеткіліксіз немесе анық емес жауап берілген:
-
Олар бұл оқиғаны қызық ете түседі. -
Бұл сипаттаудың мықты тәсілі НЕМЕСЕ материалды түсінбегенін көрсетеді не болмаса сұраққа қатыссыз, шындыққа жақын емес жауап ұсынылады. -
Пантера әйелді жегісі келгендей озбыр дыбыс шығарды. (дәлелсіз) -
Бұл сипаттаулар оқырманды қорқыту үшін берілген. (нақты емес) -
Оқиға пантераның атынан баяндалған. (нақты емес)
Сұрақ түрі