Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 93
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Жауабы:
Жауабы: Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі- қаңлылар. Олар Қытай жазбаларында кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» жəне үнді діни кітабы «Махабхаратада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі Қаңлы тайпасының жайғана ру тайпалық деңгейде өмір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дəрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер жəне Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы , олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Қазақ тарихын Қаңлы тайпасының тарихын жазбай толыққанды баяндау мүмкін емес. Өйткені ежелгі тарихымыз сақтардан, ғұндардан, үйсіндерден жəне қаңлылардан бастау алады. Яғни, Қаңлы дегеніміз шын мəнінде қазақтың арғы түп атасын құраған іргелі елдің бірі. Қаңлы қаңлы аталғалы өте көп уақыт өтті. Оны дəлме-дəл ешкім атап бере алмайды. Бір білетініміз б.з.б 1мыңыншы жылдықта-ақ қаңлы атауы бар болатын. Мұнан байқағанымыз, қазақтың түп тамырын білеміз десек, алғаш қаңлының тарихын біліп алуымыз керек. Тағы бір айтарымыз, ежелгі Қаңлы мемлекетінің орналасқан аумағы Орта Азияның дəл кіндігі, Сыр бойы, Арал өңірі, Талас жəне Шу өзендерінің аймағы-бұлардың бəрі кейінгі қазақтың үш жүзінің түйісетін, бас қосатын жəне тоғысатын қасиетті аймағы болып табылады. Сондай ақ Орта Азиядағы көптеген халықтардың өткен тарихы осы Қаңлымен байланысып жатыр. Оның үстіне ежелгі жəне орта ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген дулат, қыпшақ, оғыз тəрізді бірлестіктердің бəрі өзінің тарихи тамырын Қаңлымен байланыстырады.
-
Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жəне саяси тарихы.
Жауабы:
Жауабы: Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мəліметтер 542 жылдан бастап кездеседі.
«Түрік»
сөзі «мықты, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші ашина əулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды. Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сəттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады.
Түрік қағанаты Маньчжуриядан Босфорға жəне Сібірден Парсыға (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелік ету қажет еді. Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды. Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бір-бірімен үйлесім тапты.
Қытайдан Византияға апарылатын жібектің бір бөлігі қалаларда қалдырылды. Түркілер мемлекетте тəртіп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестігі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды..
Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, əскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Əскери жəне азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты — ябғу, шад т.б. құрылды. Билеуші əулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзі кəмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Билік үнемі тəжірибелі адамдардың қолында болды. Түрік мемлекетінде қарапайым халық бұдун аталды. Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды.
Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан, олардың жерге жəне соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бүдундардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмаған. Түркі қоғамының бірлігі берік еді. Түркі тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалыптасу ошағына айналды.
Түрік қағанатында дала тайпалары мен қала тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар жəне Тəңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді.
-
Батыс Түрік қағанаты: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Саяси тарихы.
Жауабы:
Ұлы Түрік қағандығы (552- 603) ыдырап, оның екіге бөлінуі нəтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекетінің бірі – Батыс Түрік қағандығы (603- 704). Ұлы Түрік қағандығында саяси-əлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшалану үрдісінің күшеюі Шығыс жəне Батыс қағандықтардың құрылуына алып келді (603). Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Жылнамашылардың жазбаларында Батыс Түрік қағандығы негізінен бұрынғы үйсін жерлерінде құрылған, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – «он тайпа» он оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар, ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы отырықшы-егіншілік жұрттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды.
Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұрған қағандықта 630 жылдардан бастап, билік үшін талас-тартыстар басталып, Батыс Түрік қағандығының екі тайпалар
одағы-дулу мен нушиби арасындағы тайпалық соғысқа əкеліп соқты. Олар 634 жылы Сырдариядан батысқа қарай созылған – иеліктерінен айырылды.
Батыс Түрік қағанатының əлсіреген жағдайын біржола пайдаланып қалуды ойлаған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Қағандық өзінің тəуелсіздігінен айырылды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 17
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Жауабы:
Жауабы: Түргеш қағанаты — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нəтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік
қағанатының мемлекеттік-əкімшілік, əскери жəне мəдени дəстүрлерін жалғастырған жəне уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара жəне сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің əскери-саяси жəне шаруашылық қуатын арттыра түсті.
Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты жəне Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін əрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын 20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың
солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт жəне солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айтылғандай, батыс түрік жерлері шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Тұрфан) жəне Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатты.
-
Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы жəне тайпалық құрамы.
Жауабы: Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені - Алтай тауынан Балқаш көліне дейін. VIII ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мəжбүр болды.
VIII-X ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі жабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан жəне т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік жəне теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі жəне жартылай көшпелі əр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің əдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен
Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сəйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті. Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған». Қарлұқтар туралы деректер V ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. VII ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Араб географы Əл-Марвази (XII ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, əзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 17