Файл: Бас аурулары мен заымдары бар науастарды зерттеу дістері. Туа біткен аурулар. Науасты тексеру дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 80

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


БМК және ЕМІ. Өңешті, карынды ішілген химиялық элементті нейтрализациялайтын ерітіндімен жуу. Сілтімен уланған адамға 3-5% лимон қышқылын ішкізу, мұздай сумен жуу.


Қышқылдармен уланғанда сода ерітіндісі, күйдірілген магнезия ішкізіледі. Кан тамырына 5% глюкоза, физиология ерітінідісі егіледі, ауыруды басу үшін морфий пайдаланылады, жүрек жағдайы жақсартылады. Бірінші көмектен соң ауру жедел емханаға жеткізіледі.
Емханадағы емдеу - қайталап промедол (морфий), кордиамин егіледі, қарын жуылады, вагосимпатикалы қоршау орындалады. Қышқылдармен күйгендерге қан анализі жасалып, зәрде гематурия бар жоқтығы анықталынады. Қанға 2% натрий бикарбонатының 200-500 мл., 1000 мл Рингер ерітіндісі немесе физиология ерітіндісі егіледі.
Сілтімен күйгендерге 1,5-2 л. физиологиялық ерітінді; 10 мл. 10% хлорлы кальций, омнопон, кордиамин, 250 мл. шокқа қарсы ерітінді, 400 мл. полиглюкин. Қан қысымы төмендегенде қан, және мезатон, немесе 0,5-0,75 мл. норадреналин, 75-100 мг. гидрокортизон егіледі.

Келешекте өңештің тыртыктанып тарылуына қарсы өңештің буждауы қарастырылады. Өңештің тарылуы. Өңештің тыртықтанып тарылуы көбінесе химиялық күйіктен соң байқалады. Бұның диагнозын (орнын, түрін, мөлшерін) анықтау рентгендік тексеріспен анықталады. Өңеш тарылуын емдеу 3 түрлі тәсілмен орындалады: өңешті бужбен созу, қеңейту; тарылған жерін резекциялау және толық облитерацияланған өңешті жасанды өңешпен алмастыру.

Қалқанша без обыры. Өңеш обыры. Клиникасы, диагностикасы, емдеу əдістері. Медициналық алғашқы көмек көрсету, емдеу

Қалқанша безінің қатерлі ісігі-бұл қалқанша безінің жасушаларында пайда болатын қатерлі ісік. Қалқанша безінің қатерлі ісігінің бірнеше түрі бар. Кейбіреулері өте баяу өседі, ал басқалары өте агрессивті болуы мүмкін. Қалқанша безінің қатерлі ісігінің көптеген жағдайларын емдеуге болады. Қалқанша безінің қатерлі ісігімен ауыратындардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл өте кішкентай қалқанша безінің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялардың мүмкіндігіне байланысты деп саналады. Қазақстанда жыл сайын қалқанша без обырының 700-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі, 85-90% жағдайда әйелдерде анықталады. Аурудың себептері және қауіп факторлары: Қалқанша безінің қатерлі ісігі қалқанша безінің жасушалары генетикалық өзгеріске (мутацияға) ұшыраған кезде пайда болады. Мутация жасушалардың тез өсуіне және көбеюіне мүмкіндік береді. Жасушалар қалыпты жасушалар сияқты өлу қабілетін жоғалтады. Қалқанша безінің қалыптан тыс жасушалары ісік түзеді.


Қалқанша безінің қатерлі ісігі қаупін арттыратын факторларға мыналар жатады:

  • Әйел жынысы. Қалқанша безінің қатерлі ісігі ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі.

  • Радиацияның жоғары деңгейіне әсер ету. Бас және мойын сәулелік терапиясы қалқанша безінің қатерлі ісігі қаупін арттырады.

  • Кейбір тұқым қуалайтын генетикалық синдромдар. Қалқанша безінің қатерлі ісігі қаупін арттыратын генетикалық синдромдарға отбасылық медиулярлы қалқанша безінің қатерлі ісігі, бірнеше эндокриндік неоплазия, Кауден синдромы және отбасылық аденоматозды полипоз жатады.

Белгілері:

Қалқанша безінің қатерлі ісігі әдетте аурудың алғашқы кезеңдерінде ешқандай белгілерді тудырмайды. Қалқанша безінің қатерлі ісігі өскен сайын, ол мыналарды тудыруы мүмкін:

  • Мойынға тері арқылы сезінуге болатын тығыздағыш (түйін).

  • Дауысыңыздың өзгеруі, оның ішінде дауыстың қырылдауы.

  • Жұту қиындықтары

  • Мойын мен тамақтың ауыруы

  • Мойын аймағында лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Қалқанша безінің қатерлі ісігін диагностикалау:

  • Физикалық тексеру. Бұл дәрігердің тексеруі, оның барысында қалқанша безінің физикалық өзгерістері бағаланады және сауалнама жүргізіледі, соның ішінде радиацияның шамадан тыс әсері және қалқанша безінің ісіктерінің отбасылық тарихы сияқты қауіп факторлары туралы.

  • Қалқанша безінің гормондарына қан анализі. Қан анализі қалқанша безінің қалыпты жұмыс істейтінін анықтауға көмектеседі.

  • Жіңішке инелі аспирациялық қалқанша безінің биопсиясы. Бұл қалқанша безінің патологиялық аймағына жұқа инені енгізу арқылы қалқанша безінің тінін алу. Бұл жағдайда ине ультрадыбыстық датчиктің бақылауымен орнатылады — инені нысанаға дәл енгізу үшін. Иненің көмегімен алынған тіндердің үлгілері зертханада обыр клеткаларын анықтау үшін талданады.

  • Түрлі визуализациялық зерттеулер. Бұл қатерлі ісік қалқанша безінен тыс таралғанын анықтауға мүмкіндік беретін әдістер. Әдістерге ультрадыбыстық (УДЗ), компьютерлік томография (КТ), позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) кіреді.

  • Генетикалық тестілеу. Қалқанша безінің қатерлі ісігі бар кейбір адамдарда эндокриндік жүйенің қатерлі ісігінің басқа түрлерімен байланысты генетикалық өзгерістер болуы мүмкін. Қалқанша безінің ісік процестерінің отбасылық тарихы болған кезде дәрігер қатерлі ісік ауруының қаупін арттыратын генді анықтау үшін генетикалық тестілеуді ұсынуы мүмкін.


Өңеш рагы

Өңеш рагының болжамы өте қиын орындалатын қатерлі ісік. Бұл дерт қазақ халқы үшін, әсіресе, Каспий, Арал теңізі аймағындағы тұрғындардың негізгі бір өлім себептері болып табылады. Ауырғандардың 70-80% бірінші жылдың ішінде өліп отырады. Өңеш рагы-cыртқы қабық қорғаныш қабілетін атқара алмайды, сондықтан рак ауруында дерт көрші сау ұлпаларға тез тарайды. Кейінгі жағдайларда ота жасалынбайды. Өңештің кілегей қабыршығы жуан келеді, ол жалпақ жасушалы болады да егде жастағы кәрі адамдарда жиі түлейді. Осы жерде пайда болған рак жалпақ жасушалы рак болып саналады. Өңештің ішкі кілегей қабыршығының астындағы қабат цилиндр тәріздес келеді; ал егер кардий қыспағы жеткіліксіз болған жағдайда асқазандағы қышқыл орта кейін қарай өңешке лақтырып құйылады. Сөйтіп ол өңештің жалпақ жасушалы кілегей қабыршығын шырышты қабыршыққа ауыстырады. Бұдан өнген рак аденокарцинома дейді. Қан және лимфа айналысы. Өңештің мойын тұсы төменгі қалқанша без артериясы арқылы қоректенеді. Кеуде бөліміне аортаның кеуде бөлімінен өңешке арнайы шығатын тармағы келеді; төменгі бөлімі сол жақ асқазан және төменгі диафрагма артериялармен байланыста болады. Қан кілегей қабыршық астында орналасқан вена қантамырлары арқылы кері жүреді.

Диагностикасы


Бұл дертті дәлелдеу қиын емес: рентгенге түсу және эндоскопиялық көру, оның соңында биопсия жасау. Әрине, бұлар пәрменді ем бағдарламасына жеткіліксіз болады; сондықтан сырқаттың өсу дәрежесін дәл анықтау – рентгенге түсіру, эзофагоскопия – ең шешуші нәрсе. Осы мақсатпен ауруханалық жағдайда компьтерлік томография (КТ) жасалынады.

Емі]


Толық жазылу тек хирургиялық әдісті қажет етеді. Бірақ барлық ауруларға оны қолдану өте қиын. Сырқаттың жоғарғы бөлігінде сәуле әдісі қолданады, одан кейін тағамның өңештен өтуі жақсарады. Кейбір жағдайда бұл нәтиже ұзаққа созылуы мүмкін. Химиотерапия дәрменсіз келеді. Әстінде ол операциямен, немесе сәулемен қабаттасып келгенде паллиативті әсер етеді. Көптеген аурулар дертті асқынып, өршіген кезінде ем қабылдауға мәжбүр болады, себебі тағам жүрмегеннен кейін аштық, оның соңы дегенерация және дистрофияға әкеледі, яғни алмасу үрдістері қайтадан қалпына келмейтін жағдайға тап болады. Бұларды болдырмау мақсатында паллиативті операциялар – гастростомия (асқазанды тесу, жару, сөйтіп сол арқылы қолдан тағамдану) немесе өңештің тарылған жеріне түтікше қойып, оны кеңіту (интубация пищевода) жасайды.

Өңештің, кеңірдек пен бронхының бөгде денелері. Өңештің күюі. Медициналық алғашқы көмек көрсету, емдеу

Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар

Клиникалық көрінісі

Белгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезініп, көгере бастайды. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі. Әрекетің: Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына саусағын салып, құсуын талап етіп, саусақты мүмкіндігінше терең салып өңешті тітіркендіреді. Тыныс алуы тоқтайтын болса, кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіземіз. "103 - жедел жәрдемін" барынша жылдамдатып шақыру!

Өңештің бөгде заттары


Симптомдар бөгде заттың түріне, оның өңеште тұрып қалу деңгейіне, өңеш қабырғасының зақымдалу дәрежесіне тікелей байланысты. Бөгде затты кенеттен жұтып қойғанда науқастарда қорқыныш сезімі, тамақтағы ауырсыну, сілекейді, сұйықтықты жұтқанда күшейетін мойындырық шұңқырында немесе төс артындағы ауырсыну болады.


50% жағдайларда бөгде зат өңеш бойымен бос кедергісіз өтіп және асқорыту жолының басқа бөлімдері арқылы да өтіп, табиғи жолмен шығады. Өткір бөгде заттар (инелер,шегелер, балық және ет сүйектері, т.б.) өңештің бастапқы бөлімінде кідіріп қалады. Ірі бөгде заттар өңештің физиологиялық тарылуыларында ( трахея бифуркациясы деңгейінде, кардия үстінде) тұрып қалады. Бөгде заттың өңеште тұрып қалуына шырышты қабатының бөгде затпен тітіркенуіне өңештің бұлшықетінің спазмы себеп болып табылады.

Бөгде заттардың өңешке түсуінің себептерінің бірі ауызда әртүрлі заттарды ұстап тұру әдеті (әсіресе кішкентай балаларда), тамақты асығып ішу, психикасы бұзылған науқастардың әдейі жұтуы


Өңештің күюі.а) Өңештің ыстық тағаммен күюі сирек кездеседі және жеңіл өтеді. Оларды тағамды салқындатып қабылдаумен, ауыру сезімін басатын дәрілерді қолданумен емдейді.
б) Көбінесе өңештің химиялық күюі кездеседі. Сілтілі немесе қышқыл химиялық сұйықтарды әдейі немесе байқаусыз ішуде байқалады. Күйіктің ауырлығы ішілген заттың концентрациясымен, мөлшерімен, оның өңеште сақталған уақытымен байланысты. Аталынған жағдайларға байланысты өңештің жеңіл (тек ішкі, кілегейлі қабаты) күюі, немесе ауыр терең күйігі кездеседі. Жеңіл күйігі бірнеше тәуліктен соң жазылады. Ауыр күйігінде ҮІІ-VІII тәуліктерде некрозденген кілегейлі қабат шіріп оның астында жеңіл қанағыш грануляциялы жара пайда болады. Келешекте бұл грануляцияланған жара тыртықтанып өңештің көзін бітейді немесе оны тарылтады. Кейде қысқа уақытта өңеш айналасының флегмонасы басталып аурудың өліміне ұшыратады. Ал өте көп және концентрациясы күшті элементті ішкенде өңештің барлық қабаттары шіріп-тесіліп адамның шоктан, уланудан, қан ағудан тез өліп кетуі мүмкін. Симптомдары - өңештің химиялы күйіктерінде алдымен ауыздың, жұтқыншақтың, қарынның, өңештің күшті ауыруы байқалады. Химиялық элемент тыныс жолына да енсе -тұншығу, ентігу, үрейлену байқалады. Лоқсу, қан түкіру, кейде түкірікпен қоса некрозданған өңеш кілегейлі

Өңеш күйіктері себебін байланысты термиялық және химиялық болып бөлінеді. Термиялық күйіктер ыстық сұйықтық қолданғанда және абайсыз жағдайларда – пармен, газбен күйгенде кездеседі.

Химиялық күйіктер әдейі немесе абайсыз әр түрлі каррозивті химиялық заттарды жұтқанда дамиды, жиірек концентрирленген қышқылдар (сірке, күкірт, тұз) және сілтілер (нашатыр спирті, паустикалық сода, едкий натр, едкий )калий.

Өңештің күйігін ауыр металл тұздары да (сумма, медный купорос), калий перманганатының күшті ерітіндісі, фенал және басқа химиялық заттар шақырады. Сілті ерітінділері полликвациялы қ некрозды, қышқылдар коагуляциялық некрозды шақырады. Концентрациеленген сілтімен шақырған күйіктер ауыр болады, олар белокты еріту және майларды қасиетіне ие,осыған байланысты сілтілер қышқылдарға қарағанда тінге терең енеді. Өңештің химиялық күйуінің үш дәрежесін ажыратады: