Файл: Бас аурулары мен заымдары бар науастарды зерттеу дістері. Туа біткен аурулар. Науасты тексеру дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 84

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Плевра эмпиемасы, өкпе абсцессі мен гангренасы. Өкпеобыры.

Плевраның  эмпиемасы -  өкпе мен кеуде қабырғасының ішкі беті арасында орналасқан плевра қуысында іріңнің жиналуы. 
Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады, өлшемі үлкенірек. Эмпиема – табиғи анатомиялық қуыстардағы іріңнің жиналуы, экссудативті плевриттің бір түрі, плевраның ішкі және шеткі жапырақтарының арасында ірің сұйықтығының жинақталуымен өтеді.   Себептері Эмпиема әдетте өкпеден таралатын инфекциядан туындайды. Бұл плевра қуысында іріңнің жиналуына апарады. Экссудат (жұқпаланған сұйықтық) бір литрден артық жиналып, өкпеге қысым түсіреді. Қауіп факторлары: • Бактериалдық пневмония

• кеуде қуысындағы операциялар

• өкпенің абсцесі

• кеудені жарақаты немесе зақымдануы  

Сирек жағдайларда эмпиема диагностика және емдеуде (торакоцентез) плевра қуысынан сұйықтықты сорып алу үшін кеудені инемен тескенде пайда болуы мүмкін.

  Симптомдары

• кеудедегі ауырсыну, терең тыныс алғанда нашарлайды (плеврит)

• құрғақ жөтел

• тершеңдік, әсіресе, түнде

• қызба, қалтырау

• жалпы жайсыздық және әлсіздік

• ентігу

Диагностика. Кеудені стетоскоппен тыңдағанда дәрігер тыныс алудың сиреуін немесе ерекше шуылды (үйкеліс шуылы) байқауы мүмкін. Диагностикаға кіреді

• кеуденің рентгені

• кеуденің компьютерлік томографиясы

• плевра сұйықтығын талдау

• Торакоцентез

  Емдеу. Емдеудің мақсаты – инфекциялық үрдісті жою. Емдеу плевра қуысында жиналған іріңді жоюға бағытталады. Инфекцияны басу үшін антибактериалдық препараттар тағайындалады. Іріңді толығымен алу үшін дәрігер кеуде қуысына түтік орнатады. Өкпе жайылып, жазылмаса, хирург өкпенің сыртқы қабығын бөлу үшін декортикация аталатын операция жасайды.

Өкпе абцессі мен гангренасы хирургиялық емі Абцесс дегеніміз, іріңнің қуыста оқшауланып жиналуы. Өткір абцесстің жан жағында үнемі өкпе тіндерінің қабыну инфильтрация аймағы болады. Гангрена дегеніміз, қан айналымының бұзылуынан және улы заттардың әсерінен өкпе тінінің некрозға ұшырауы. Айқын шекарасы болмайды. Клиникалық көрінісі өте ауыр түрде өтеді және адам өміріне қауыптілігі жоғары. Өкпе мен плевра ауруларының халықаралық жіктелуі: Қабынбалы іріңді аурулары: Өкпе абцессі Өкпе гангренасы Бронхоэктатикалық ауруы Плевра эмпиемасы Пиопневмоторакс Абсцесстің этиологиясы: В.И. Стручков, 1986 ж. Пневмания түрлері — 60%, жиі крупозды Тұмау аурулары — 10% Аспирационды характер- 10% Лимфагенді — гематогенді – эмболиялық қалдықтары -1% Басқа себептер — 19, жарақаттар Өкпе абцессінің жиі қоздырғыштары болып табылады: Стафилококк; Пневмококк; Ішек таяқшасы; Протей; Фриндляндер таяқшасы; Bact. fragilis; Bact. melaninodenicus Peptococcus Peptostreptococcus Бактероидтар Эпидемиологиясы: Өкпе абцессі мен гангренасы ер адамдарда- 85%, әйел адамдарда-15-20% кездеседі.Еңбекке жарамды кезеңде -80-90% 20 мен 50 жас аралығында. Басты бронхтың
орналасуына байланысты, жиі оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі зақымданады. Клиникалық көрінісі Өкпенің жедел абцессінің клиникасы екі сатыда өтеді: Абцессті бронхқа ашуға дейін (Жабық кезең) Абцессті бронхқа ашудан кейін (Ашық кезең) Абцессті бронхқа ашуға дейінгі диагностикасы: Пневмонияға тән белгілерімен жедел басталуы. Қалтыраумнен сипатталатын дене қызуының жоғарылауы. Тершеңдік Кеуде торындағы ауырсыну Шырышты боліндімен ауыр жөтелу. Перкуторлық дыбыстық тұйықталуы (зақымданған аймақта) Тыныс алу әлсіреген. Абцессті бронхқа ашудан кейінгі диагностикасы: Өте көп мөлшерде «ауыз тола» қан араласа шығатын какырыкты жөтел. Инфекцияға байланысты қақырык нашар иісті болуы мүмкін. Какырык 3 қабаттан тұрады: 1. төменгі қабаты-іріңнен 2. ортаңғы қабаты-сарғыш тартқан сұйықтықтан 3. жоғарғы қабаты — көбіктен. Температура түседі, қалтыраулар жоқ. Кеуде торындағы ауырсыну синдромы жылдам басылады. Бронхиалды дыбыс тындалынады, кейде амфорикалық оттенк және дымқыл сырылдар. Жалпы жағдайы жақсарады. Өкпенің жедел іріңді абцессін диагностикалау: Қакырықты зерттеу, цитологиялық зерттеу. Кеуде торына екі проекцияда ренгенография жасау. Томография Ультрадыбысты зерттеу Бронхоскопия Бронхография (абсцессография) Компьютерлі томография. Өкпенің жедел іріңді абцессінің емі: Консервативті емі: Кең спектрлі антибиотиктерді көктамырға енгізу. Иммунотерапия: ронколейкин, интерлейкин-2, иммунофан, пентоглобин.Антистафилоккокты плазма. Постуральды дренаж – денені көп мөлшерде какырык бөлінетіндей етіп орналастыру. Диаметрі 6 см-ден үлкен абцесс кезінде хирургиялық араласусыз консервативті ем тиімсіз. Оперативті емі: Антибактериялды және бронхолитик заттарды енгізу үшін микротрахеостомия жасау. УДЗ-дің көмегімен абцессті трансторакальды дренаждау. Созылмалы түрге ауысқан жағдайда сегментэктомия -зақымданған өкпеге резекция жасау. Өкпе гангренасы Өкпе гангренасы – оны шектейтин қабаты болмай іріңді деструктивті тіндер одан әрі дамып, таралауы. Өкпе гангренасының этиологиясы: Бактероидтар Фузобактериялар, Анаэробты кокктар Ішек таяқшасы Протей. Өкпе гангренасының клиникалық көрінісі Ауру басталуының өткір түрде болуы Науқастың жағдайының ауырлауы: көгеру, ентігу, тахикардия, ҚҚ төмендеуі. Дем шығарған ауадағы жағымсыз иіс «абсцессті бронхқа ашқаға дейінгі кезеңде». Анемия дамиды. Гемолитикалық сарғаюлар Кеудедегі ауырсыну сезімі. Перкуторлы дыбыстың тұйықталуының кең көлемде. Емдеу: Интенсивді улануға қарсы ем. Анаеробты инфекцияға арналған антибактериальды ем. Трамбоэмболиялық асқынуларға қарсы тура әсерлі антикоагулянттар. Плевра қуысын дренаждау пульмон — немесе лобэктомия науқастарды құтқарады. Өкпенің іріңді аурулардың таралуы өте іжоғары: абсцессте — 4%, жайылған гангренада -50% және одан да көп.


Мастит. Сүт без обыры

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе бірінші рет босанған әйелдерде болады. Себебі олардың емшек үрпінің (ұшының) терісі нәзік, тез зақымданғыш келеді. Оның үстіне жас ана көбіне дұрыс емізе алмағандықтан, бала сүтті тауыса ембейді, сондықтан емшектің үрпі оп-оңай зақымданып жарылып кетеді. Сондай-ақ, қолмен дұрыс сауа алмаған жағдайда, арнайы гигиена сақталмаса да маститтің пайда болуы ықтимал.

Симптомдары

• Бір емшек безінің ғана ұлғаюы

• Емшектегі қатаюлар

• Емшектегі ауырсыну

• Қызба немесе тұмаудың симптомдары, жүрек айнуы және құсу

• қышу

• емшек ұшынан бөлініс (іріңді болуы мүмкін)

• емшек ұштарының сезімталдығының өзгерістері

• сүт бездерінің тіндерінің ісінуі, ауырсынуы, қызаруы және температурасының артуы

• зақымдану жағындағы лимфа түйіндерінің ауырсынуы немесе ұлғаюы

Диагностика Емізетін әйелдер әдетте, тексерілмейді. Алайда, жиі тексеру ауруды анықтауға көмектеседі және абсцесс (іріңді қабыну) секілді асқынуларының алдын алады. Ұзақ уақыт бойы өтетін инфекциялық үрдісте емшек сүтін бактериологиялық себу арқылы тексеріс өткізіледі. Емізбейтін әйелдерде сүт безінің биопсиясы немесе маммография өткізілуі мүмкін.

Емдеу Үйде жасалатын күтім: сүт безінің зақымданған аумағына спиртті ылғалды компресс қолдану, күніне төрт рет, 15-20 минуттен. Бұл ауруды емдеуде антибиотикпен емдеу пайдалы. Абсцесс хирургиялық жолмен босатылуы тиіс. Абсцеске шалдыққан әйелдер уақытша емізуді тоқтатуы тиіс. Қашан дәрігерге көріну қажет Дәрігерге көрініңіз, егер:

• сүт безінің бір тұсында қызару, ауырсыну, ісіну немесе жергілікті температурасының артуы пайда болса • емізгенде дене температурасының артуы байқалады

• қолтық асты лимфа түйіндері ауырсынып, ұлғайған.

Алдын алу. Келесі ұсыныстар сүт безінің жұқпасының қаупін азайтуға көмектеседі:

• қабыну және сызаттардың алдын алу үшін емшек ұшына қамқорлық жасау қажет • сүт безінің қатаюының алдын алу үшін жиі емізу және сауып отыру


• емізгенде балаға емшекті дұрыс беру

• емшек емізуді күрт үзбеу, сәбиді емшектен біртіндеп айыру

Сүт безі қатерлі ісігі - бұл сүт безінің безді тінінің қатерлі ісігі. Әлемде бұл әйелдер арасында қатерлі ісік ауруының ең көп таралған түрі, 13 пен 90 жас аралығындағы 100 000 әйелге шаққанда 99,4 құрайды. Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырымен сырқаттанудың 5000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады. ҚР бойынша сүт безі обыры аурушаңдығының құрылымында соңғы 15 жылда тұрақты түрде бірінші орында тұр. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім құрылымында сүт безі обыры 3-ші орын алады және жыл сайын 1200-ге жуық әйелдің өмірін қиып өтеді. Аурудың себептері және сүт безі қатерлі ісігінің қауіп факторлары: Сүт безінің қатерлі ісігі мутация нәтижесінде сүт бездерінің жасушалары бақылаусыз бөлініп, қоршаған тіндерге тарала бастағанда пайда болады.

Сүт безі қатерлі ісігінің дамуына әсер ететін факторлар:

  • ерте белгіленген сүт безі қатерлі ісігінің диагнозы;

  • сүт безі қатерлі ісігінің отбасылық тарихының болуы;

  • BRCA 1 және 2 гендерінде анықталған мутациялар немесе басқа гендік мутациялар;

  • Ходжкин лимфомасы бойынша 30 жасқа дейін орындалған кеуде аймағына сәулелік терапия;

  • етеккірдің ерте басталуы - менархе (12 жасқа дейін);

  • менопаузаның кеш басталуы (55 жастан асқанда);

  • климаксты емдеумен байланысты немесе контрацепция мақсатында тағайындалған 10 жылдан астам гормонды алмастыратын терапия;

  • жүктілік пен босанудың болмауы;

  • қант диабеті;

  • семіздік;

  • темекі шегу;

  • алкогольді теріс пайдалану.

 Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері  

  • Емізікті тарту;

  • Емізіктен ағынды пайда болу;

  • Сүт безіндегі немесе емізік аймағындағы ауырсыну;

  • Сүт безі аймағында терінің инфильтрациясы (апельсин қабығына ұқсас тері);

  • Қолтық аймағында тығыз түйіндердің пайда болуы;

  • Сүт безі аймағында терінің жаралануы;

  • Бүкіл сүт безінің немесе оның бір бөлігінің ісінуі (кесек айқын сезілмесе де);

  • Түсініксіз салмақ жоғалту;

  • Әлсіздік;

  • Емізік немесе сүт безі терісінің қызаруы, қабыршақтануы немесе қалыңдауы.

Сүт безінің қабыну процестерімен (маститпен) немесе емшек сүтімен байланысты емес белгілер пайда болған кезде маммологпен кеңесу керек.

Алдыңғы іш қабырғасының және іш қуысы мүшелерінің созылмалы аурулары. Жарықтың (грыжа) құрамды элементтері. Жарықтың түрлері.Қысылған жарық.