Файл: Бас аурулары мен заымдары бар науастарды зерттеу дістері. Туа біткен аурулар. Науасты тексеру дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 85

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


І- жеңіл дәреже. Шырышты эпителидің беткей қабаттары ғана зақымданады. Күйік себебінен десквамативті эзофагит дамиды, ол толық жазылумен аяқталады.

ІІ-орташа дәреже. Шырышты қабық толығымензақымдалады, процесс шырышастынғы қабатқа тарайды, некрозды жаралы эзофагит дамиды, жазылғанда тыртықты стриктура қалыптасады.

ІІІ-ауыр дәреже. Өңеш қабырғасы барлық тереңдікте зақымдалады, процесске периэзофагеальды клетчаткамен көрші құрылымдар (плевра, перикард) қосылады. Кейде концентрирленген қышқыл мен сілтінің тікелей әсерінен өңештің перфорациясы дамуы мүмкін.

Шұғыл көмек және емдеуді өңештің күйігінің жедел кезенінде шокқа қарсы шаралардан бастайды. Наркотикалық аналгетиктер, жүрек препараттары, зақымданушыны жылыту. Науқасты реанимациялық бөлімге жатқызады, хирургтің бақылауында үнемі болады. дезинтоксикациялық терапия жүргізеді. Гомеостаздың негізгі көрсеткіштерін бақылаумен көктамырға глюкоза және электролиттер ерітінділерін, гемодез, плазма және оның препараттарын енгізеді. Сонымен қатар жұтқан химиялық затты шығару мен оны нейтралдау керек. Күйіктен кейін алғашқы сағаттарда зонд арқылы көп мөлшерде жылы сумен асқазанды жуу керек. егер еоррозивті удың химиялық құрамы белгісі болса (қышқыл немесе сілті), асқазанды 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен немесе 0,1% тұз қышқылы ерітіндісімен жуу керек. Сірке эссенциясымен уланғанда тек таза су қолданады. Сонымен қатар жылы қышқыл немесе сілтілі сұйықтық ішу, алмагель, активтенген уголь, сүт, жұмыртқа белоктары, өсімдік немесе сары май тағайындалады.

Кеуде ағзаларының аурулары мен зақымдары бар науқастарды зерттеу əдістері. Туа біткен патология. Қабырға мен бұғананың сынуы, клиникасы, медициналық алғашқы көмек көрсету.

Қабырғаның және бұғананың сынуы, клиникасы, медициналық алғашқы көмек көрсету.


Қабырға сынуы: соққыдан не қысылғаннан болады, қарт адамдарды жиі болады. Жалғыз не көптеген қабырға сынуы мүмкін. Бірнеше қабырға уатылып сынса, сол тұсы демін ішіне алғанда ішіне тартылып, демін сыртына шығарғанда сыртына бұлтиып қалады. Мұндайда жүрек, өкпе жұмысы бұзылады. Сүйек сынықтары өкпені жаралап, плевра қуысына қан жиналуы мүмкін. Өкпе, бронх жарасынан шыққан ауа плевра қуысына жиналып, пневмоторакс болуы мүмкін. Өкпе коллапсы болып, демалуды қояды. Плевра қуысындағы ауа кеуде ортасы арқылы мойын, бет терісі астының эмфиземасын туғызуы мүмкін.



Клиникасы: кеудесін қимылдатқанда, дем алғанда ауырсынады, демігеді, бетінде цианоз болады, тахикардия болады. Сынған тұс қимылдаған кезде сықырлауы мүмкін. Пневмоторакс болса, перкуссия кезінде қуыс дыбысы естіледі, аускультация кезінде өкпенің везикулды дыбысы әлсіреп естілмейді. Төменгі Х-ХІІ қабырғалары сынған кезде талақ, бауыр, бүйректерге зақым келуі мүмкін. Осы органдарды дұрыстап зерттеген жөн. Диагнозын рентгенсуретпен нақтылайды. Жедел көмек- сынған тұсқа 2% новокаин, 30-40 мл егіп, трамадол, аналгетик б/е егуге болады. Сынған тұсты лейкопластырьмен бекітеді. Кеудесін түгел таңуға болмайды. Қысымды пневмотракс болса, артық ауасын шығаруға жағдай жасайды. Шалқайтып отырған қалыпта тасымалдайды.


Емдеу: бір-екі қабырға сынығы емханада емделеді. Аналгетиктер егіп, жедел кезең өктен соң физиотерапиялық ем береді. Көптеген сынықтардан жағдайы асқынған болса, төсек режимінде емдейді.

Төсекке шалқайтып жатқызады, аналгетиктер егеді, тыныс гимнастикасын, қақыртатын дәрілер, қыша қағазын, антибиотиктер береді. Физиопроцедуралар береді.
Бұған сыну: қолын тірей құлағаннан, не тіке соққыдан болады, сынық ұзыннан, не көлденеңнен, не уатылған болады. Сүйек сынықтары тамыр-нерв түйнегін, плевра, өкпе ұштарын зақымдауы мүмкін. Белгісі: сынған тұс ауырады, гематома, деформация болып, иық буыны жұмысы бұзылады. Жедел көмек аналгетик егеді, Дезо таңады, дәрігерге жолдайды. Емдеу-сынықтарын металлоостеосинтез операциясы арқылы беттестіріп, гипс Дезо таңғышын салады. Физиопроцедуралар береді.

Туа біткен ауру - бұл туылғаннан адамға әсер ететін патология. Бұл тұқым қуалайтын ауру болуы мүмкін, бірақ туа біткен аурудың пайда болуы автоматты түрде генетикалық емес. Шынында да, туа біткен ауруды екі ата -ананың бірі жұқтыруы мүмкін. Жүктілік кезінде де жұқтырылуы мүмкін. Бұл жағдайда бұл туа біткен ауру деп аталады.

Туа біткен аурулардың себептері өте көп. Бұл патологиялар дәрі -дәрмектерді, есірткіні немесе алкогольді қабылдаудан туындауы мүмкін. Олардың генетикалық себептері болуы мүмкін немесе денсаулыққа зиянды заттардың ұзақ әсер етуімен байланысты болуы мүмкін. Ақырында, жүктілік кезіндегі ананың патологиялары туа біткен ауруға әкелуі мүмкін.

ТУА БІТКЕН АУРУЛАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ

Туа біткен ауру генетикалық шығу тегі болуы мүмкін. Бұл шамамен әрбір төртінші жағдайда болады. Көбінесе бұл туа біткен аурудың себебі болып табылатын хромосомалық аномалия. Бұл жүктілік кезінде әр түрлі уақытта пайда болуы мүмкін. Алайда, көбінесе, туа біткен аурулар жұмыртқа ұрықтанған кезде және ұрықтың дамуы кезінде пайда болады.


Айта кету керек, көп жағдайда туа біткен аурулардың шығу тегі туралы білу мүмкін емес.

ТУА БІТКЕН АУРУЛАР: БАСҚА СЕБЕПТЕР

Басқа факторлар туа біткен аурулардың пайда болуына әсер етеді. Бұл радиацияның әсерінен болуы мүмкін. Бұл медициналық бейнелеуде жұмыс істейтін немесе сәулені кәсіби мақсатта қолданатын адамдарда болуы мүмкін. Бұл зертханаларда және белгілі бір әскери мамандықтарда.

Туа біткен аурудың жетіспеушілігінен, әсіресе витаминнің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін. Фолий қышқылының жетіспеушілігі жүктілікке әсер етуі мүмкін. Нейрондық түтік ақауларының қаупін азайту үшін бала туғысы келетін барлық әйелдерге және жүкті екендерін енді білгендерге қосымша тамақтандыру ұсынылады.

Ананың жасы белгілі бір туа біткен ақауларға байланысты. Бұл патологиялар көбінесе жүрекке жатады. Олар анасы өте кішкентай (20 жасқа дейін) немесе керісінше егде жастағы (30-35 жастан асқан) балаларда өте жиі кездеседі.

Ақырында, ананың аурулары туа біткен ауруларды тудыруы мүмкін екендігі дәлелденді. Бұл қант диабетімен, бірақ сонымен қатар ауыр емдеуді қажет ететін эпилепсиямен де кездеседі.

Туа біткен аурулар тек хромосомалық ауытқуларға жататын генетикалық аурулардан ерекшеленеді. Олар сондай -ақ хромосомалық ауытқуларды қамтуы мүмкін тұқым қуалайтын аурулардан ерекшеленеді, бірақ олардың негізгі ерекшелігі - тұқым қуалаушылық арқылы беріледі.

Ең танымал туа біткен аурулардың ішінде: ұрықтың алкоголь синдромы, Даун синдромы, аненцефалия, цистикалық фиброз, жаңа туған нәрестелердің сарғаюы, шизенцефалия, туа біткен сифилис, ситустың инверсиясы, ерін мен таңдайдың жарылуы, таяқша және т.б.

Туа біткен аурулардың тізімі өте ұзақ. Сіз аурудың туа біткен және генетикалық болуы мүмкін екенін білуіңіз керек.

Туа біткен аурулар әлі күнге дейін оларды жою үшін, сонымен қатар оларды жақсы басқару үшін көптеген зерттеулердің тақырыбы болып табылады. Туа біткен ауру анықталған кезде, патологияны жеңу немесе ауруды күнделікті жақсы сезіну үшін пациентке мамандар оңтайлы қолдау көрсетеді.

Кеуде жарақаты, жарақаттық жəне спонтанды пневмоторакс. Гемоторакс.

Кеуде жарақаты – тері жамылғысының, сүйек қаңқасының, ішкі ағзалардың жекеленген немесе комплексті түрде бүтіндігінің бұзылуы.

Көкіректің ашық жарақаты - кеуде қабырғасының тері жамылғысының жəне тіндік құрылымының бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын зақымдану.


Кезеңі: ауруханаға дейін.
Қабыртқалардың көп жерден сынуы

Бір немесе бірнеше қабыртқаның ашық немесе жабық сынуы.

Жарақаттың тікелей əсерінен көбіне қабыртқаның көптеген сынулары болады. 4-7-ші қабыртқа жиірек зақымданады. 1-ші немесе 2-ші қабыртқаның оқшауланып сынуы сирек кездеседі. Қабыртқа көп жерден сынғанда көкіректің бүтіндігі бұзылады. Екі жəне одан да көп перпендикуляр сызық бойынша қабыртқаның көптеген сынулары болса, флотацияланған сынықтар пайда болады.

Сынықтардың орналасуына байланысты «қабыртқалық қақпақшалар» түрлеріне бөлінеді:
1. Алдыңғы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқалар төстің екі жағынан сынады жəне кеуденің алдыңғы бөлігінің омыртқамен байланысы үзіледі).

2. Алдыңғы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (əрбір қабыртқа екі жəне одан да көп жерден (бір жағынан алдыңғы бөлігінен жəне бүйір бөлігінен) сынады.

3. Артқы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (қабыртқалардың артқы бөлігі қосарланып біржақты сынады).

4. Артқы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқаның артқы бөліктерінің сынығы омыртқа бағанасының екі жағында болады).
Көкірек бүтіндігінің бұзылуына байланысты, оның қимылына қатыспайтын қабыртқа фрагменті пайда болады. Ішкі дем алғанда «қабыртқалық қақпақша» төмен түседі, ал демді шығарғанда көтеріледі, яғни көкірек қабырғасының қимылына парадоксальды қарама-қарсы қозғалады. Нəтижесінде зақымданған жақтағы өкпе толығымен керілмейді. «Қабыртқалық қақпақшаның» парадоксальды ығысуынан зақымданған жақ өкпедегі ауа қысымы дем алғанда жоғары, ал дем шығарғанда төмен болады. Бұл жағдайда дем алып жəне керісінше дем шығарған кезде зақымданған өкпеден ауа біртіндеп сау өкпеге тасымалданады, осыған байланысты «өлі кеңістіктің» көлемі үлкейеді.

Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты

Көкірек қабырғасының жəне/немесе бронхөкпелік құрылымның зақымдануы, сонымен қатар плевралық қуысқа ауа кіруі жəне қан құйылуы.


Пневмоторакс – көкіректі тесіп өткен жарақаттың немесе өкпе зақымдануының салдарынан плевралық қуысқа ауа жиналуы.

1. Шектелген пневмоторакс кезінде өкпенің 1\3 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішірейуі.

2. Орташа пневмоторакс - өкпенің 1\3 -нен 1\2 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді.

3. Тұтас пневмоторакста өкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе толығымен бүрісіп кішірейіп қалады.


 Жабық пневмоторакс

Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды жəне жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.

Ашық пневмоторакс


Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тəрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.


 Клапаншалы пневмоторакс
А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды жəне мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тəрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Əр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды.
Б) Ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Əр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.


 

Гемоторакс − өкпенің тамырларынан, орталықтан, жүректен немесе кеуде қабырғасынан қан кету салдарынан плевралық қуысқа қан жиналу. Плевралық қуыстағы қан ұйып, кейін фибринолизден кейін қайта сұйылады. Көп жағдайда қан сұйылмайды – сондықтан ұйыған гемоторакс пайда болады, кейін эмпиема даму қаупі бар.

  1. Кіші гемоторакс – қан құйылу көлемі 500 мл көп емес. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі жəне аздаған жөтел болуы мүмкін.

  2. Орташа гемоторакс – плевралық қуыста қан құйылу көлемі 500-1000 мл дейін. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауырлықта. Бозарудың үдеуі, ентікпе, кеудедегі ауырсыну сезімі жəне жөтел. Өкпедегі Демуазо сызығының бойымен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы байқалады (гемопневмоторакс кезінде горизонтальды деңгейде), жауырынның төменгі қырына дейін жетеді. Аускультация жасағанда тұйықталған жерде дем үні нашар естіледі немесе мүлдем естілмейді. Шамалы ғана қимыл əрекет жасағанда ентігу пайда болады

  3. Үлкен (тұтас) гемоторакс – плевралық қуыста 1000 мл аса қан жиналады. Жағдайдың ауырлығы тек тыныс бұзылуымен ғана көрінбей, сонымен бірге қан кету белгілерімен білінеді. Жағдайы ауыр жəне өте ауыр болады. Айқын бозару тері жабындысының цианозы, ентікпе, тахикардия жəне АҚ төмендейді. Науқастар мəжбүрлі қалыпта отырады. Кеуде тұсында ауырсыну сезімі, жөтел жəне ауа жетіспеуі мазалайды. Перкуссия жəне аускультация арқылы сұйықтықтың жауырынның ортасына дейін жиналғаны байқалады.