ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.04.2024
Просмотров: 198
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
| салфетка және т.б.). Мұғалім балаларға көбелектердің қанатындағы, балықтардың денесіндегі өрнектерді көрсетеді. Мұғалім бұл сабаққа бірнеше қолөнер бұйымдарын әзірлеп қоюы тиіс. Соларға қарап ұлттық бұйымдар туралы әңгімелейді. Алдымен оқулыққа сәйкес қолөнер бұйымдарын сипаттайды. Ондағы заттардың барлығы ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген. Одан соң нақты тақырыпқа көшіп, оқулықты пайдаланып, оқушыларды ұлттық ыдыс- аяқ түрлерімен таныстырады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауСергітусәті Одан әрі мұғалім қазақ қолөнеріндегі ою-өрнектерге байланысты тақырыпқа көшеді. Әртүрлі өрнектерді көрсете отырып, олардың шығу тарихымен таныстырады. Топтықжұмыс.Өрнекқұрастыру Әрбір топқа меңгерген білімдеріне сүйеніп, ою- өрнек құрастыру тапсырылады (1-топ жануарлар бейнесіне байланысты, 2-топ өсімдіктерге, 3-топ аспан әлемімен байланысты). | Мұғалімді мұқият тыңдайды. Топтық жұмысқа белсене қатысады. | (ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды. (ҚБ) Бас бармақ. Дескриптор:
| №2 жұмыс дәптері, 10–13-беттер. |
Соңы Рефлексия | – Сендер бүгін нағыз суретшілердей жұмыс істедіңдер. Сәндеуді үйрендіңдер. Ол сендерге алда керек болады. Сендер еліміздің патриотысыңдар, өйткені халқымыздың өнерін бағалай аласыңдар. «Күн және бұлттар» Мұғалім оқушыларға күлімдеген, ашулы және көңілсіз күннің суреті бейнеленген үлестірме қағаздарды таратып береді. Балалар жауап береді:
| Өткен сабақ бойынша ой- пікірлерін айтады. | Мұғалім әдісті өзі таңдайды. | Күн бейнеленген үлестірме қағаздар. |
22–23-сабақтар
Бөлім: | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ұлттық ою-өрнектер | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 2.1.2.1 бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін (сипаттамасын) суреттеу 2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету 2.1.1.1 қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру 2.2.3.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану | |
Сабақтың мақсаты | Ұлттық ою-өрнектермен танысады. Оларды табиғаттағы мысалдармен салыстырады. Ұлттық ою-өрнек құрастыруды үйренеді. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы | ҰйымдастырусәтіӨніп еккен дәніміз, Бүршік жарды бағымыз. Сәскеде – жаз, Түнде – қыс Секілді екен наурыз. Төлдеп жатыр малымыз, Қазан толы сары уыз. Сүті көп те, Көмірі аз Болады ғой наурыз. Жайдарымыз бәріміз, Дастарқанда дәміміз. Көжесі көп, Қыры көк, Қандай жақсы наурыз! Қ.Баянбай | Тақпақты мұқият тыңдайды. | Бағалау критерийі: ою- өрнектің не екенін біледі; қағаздан ою оюды үйренеді. | Оқулық, 84–85- беттер. 2-сыныпқа арналған CD-диск. |
Ортасы | Жаңаұғымдытүсіндіру Өрнек – бұйымның бетіне түсірілетін нақыш. Өрнек нақыштары қайталанып, алмасып отырады. Мұғалім өткен сабақта қазақ ұлттық оюларында әртүрлі өрнектердің бар екеніне көз жеткізгендерін айтады. Оюдың өрнектен қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріп өтуге болады. Өрнекте нақыштар белгілі бір қашықтықта қайталанып отырады. Ал оюда ол міндет емес. Өрнек қандай нақышпен басталса, сол нақышпен аяқталады. Одан әрі мұғалім өрнек түрлеріне тоқталады, яғни жолақты, шеңбер және шаршы ішіндегі өрнек түрлері бар. Оқушыларға жолақты өрнек құрастыруды ұсынады. Геометриялық пішіндерден өрнек құрастыру оңай. Балалар әлі геометрияның не екенін білмейтіндіктен, геометриялық пішіндерге нелер жататынын айта кеткені жөн. Сонда балалар шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш, сопақша және ромб геометриялық пішін деп аталатынын біледі. Міне, бұл пішіндерден өрнек құрастру қиын емес. Оны алдын ала дайындап қойған пішіндермен тақтада көрсетуге болады. Өрнек бір пішіннен басталып, сол пішінмен аяқталғанын қадағалау керек. Сондай-ақ пішіндердің арақашықтығы да бірдей, пішіндер бір түсті және бірдей өлшемді болғаны дұрыс. Шығармашылықжұмыс Ұлттықою-өрнекқұрастырамыз Оюдың жасалу реті:
| Мұғалімді мұқият тыңдап, әңгімеге қатысады. | (ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды. (ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды. Дескриптор:
Дескриптор:
| Оқулық, 84-бет. Оқулық, 85-бет. Түрлі түсті қатырғықағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы. |
| Жұмысдәптеріндегі тапсырманыорындау | № 2 жұмыс дәптерінің 14– 15-беттеріндегі тапсырма- ларды орындайды. | | № 2 жұмыс дәптері, 14–15- беттер. |
Соңы Рефлексия | – Сендер бүгін «өрнек» ұғымымен танысып, геометриялық пішіндерден жолақты өрнек жасап үйрендіңдер. Алған білімдерің заттарды сәндеу жұмыстары үшін қажет болады. «Көңіл күй» үлестірме қағазы Түсі әртүрлі үлестірме қағаздар керек. Оқушылар жауаптарына сәйкес келетін үлестірме қағаздың бірін таңдайды. Түстер мынадай болуы мүмкін:
| | Мұғалім әдісті өзі таңдайды. | Түрлі түсті үлестірме қағаздар. |
24–25-сабақтар
Бөлім | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Әшекейлі тәрелке жасаймыз | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету 2.2.2.1 әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу 2.2.3.1 әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру 2.2.3.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану | |
Сабақтың мақсаты | Папье-машьенің не екенін біледі. Осы тәсілмен құрамақ жасап, оны әшекейлеуді үйренеді. |