Файл: Бекишев ., Танабаева Б. А. Шыарылан химия есептері (8 11 сыныптар) Алматы аза университеті, 2018.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 591
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
§11. Химиялық формулалар бойынша есептеулер
§18. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса
§23. Оксидтер. Олардың атаулары
§27. Химиялық реакциялардың жылу эффекті
§28. Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы
III тарау. Сутек. Қышқылдар. Тұздар
§31. Сутектің физикалық қасиеттері
§33. Қышқылдар. Құрамы, алу жолдары
§34. Қышқылдардың химиялық қасиеттері
§39. Судың құрамы және физикалық қасиеттері
§42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі
§45. Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы
§47. Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері
§49. Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар
VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер.
§21. Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәліметтер.
§30. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары
§45. Қаныққан көмірсутектер. Метан
§46. Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
§53. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
§ 1.5. Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу
§ 1.9. Атомдардың валенттілігі және тотығу дәрежесі
II тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы
§ 2.2. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі
§ 3.2. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
§ 3.3. Ерітінділер мен балқымалардың электролизі
§ 3.4. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
§ 3.7. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі
§ 3.8. Химиялық реакцияның жылдамдығы
§ 4.6. Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың кен орындары
§ 5.3. Натрий және калий қосылыстары
§ 5.5. Судың кермектілігі және оны кетіру жолдары
§ 7.3. Бейметалдардың жалпы сипаттамасы
§ 7.5. Көміртек және оның қосылыстары
§ 7.6. Кремний және оның қосылыстары
§ 7.9. Фосфор және оның қосылыстары
§ 7.12. Күкірт (IV) және күкірт (VI) оксидтері.
§ 8.3. Құймалар. Шойын мен болат өндіру
§ 8.5. Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі
§ 8.7. Химия және қоршаған ортаны қорғау
6.2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері
Бекишев Қ., Танабаева Б.А.
Шығарылған химия есептері
(8 – 11 сыныптар)
Алматы: Қазақ университеті, 2018
УДК 54
ББК 24
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Химия факультетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар:
техника ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ.Түсіпбаев химия ғылымдарының кандидаты А.Қазимова
Бекішев Қ., Танабаева Б.А. Шығарылған химия есептері. 8-11 сыныптар. - Алматы: «Қазақ университеті», 2018. – 200 б.
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған
«Химия-8-11» оқулықтарында берілген сандық есептердің қысқаша шешулері келтірілген. Оқу құралы ҚР жоғарғы оқу орындарының 5В011200 - Химия және 6М011200-Химия мамандықтары бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға арналған. Оны сонымен қатар абитуриенттер Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге дайындалу кезінде, ал жас мектеп мұғалімдері күнделікті жұмысында пайдалануына болады.
ISBN
© Бекішев Қ., Танабаева Б.А. 2018
Есеп шығара білу жаттығу нәтижесіне қалыптасатынөнер.
Д.Пойа
Алғы сөз
Есептердің таным процесіндегі ролі өте зор. Есеп шығару кезінде оқушылардың ойлау қабілеттері тез дамиды. Сондықтан орта мектепте математика, физика, химия пәндерін оқыту кезінде сандық және сапалық есептер шығару өте маңызды орын алады.
Химия есептерін шығару кезінде оқушылар химия ғылымында қолданылатын негізгі теориялар мен заңдар, ұғымдар мен терминдердің мазмұнын, қосылыстардың химиялық формулалары мен атауларын, химиялық реакция теңдеулерін, заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, математикалық формулаларды еске түсіріп, есептің шартында тұжырымдалған нақты мәселелерді шешу үшін қолдануға тырысады, еске түспеген жағдайда оқулықтардан немесе анықтамалық кестелерден өз бетімен іздеп табуды үйренеді. Осылай сан рет қайталау нәтижесінде әрі есеп шығару тәжірибесі қалыптасады, әрі химия пәні терең меңгеріледі. Есеп шығару кезінде пәнаралық байланыстар іске асырылып, химия ғылымы мен өмірдің байланысы ұштастырылады, табиғаттың бірлігі туралы көзқарастар қалыптасады. Сонымен қатар есеп
шығару арқылы әр оқушы өз білімі мен біліктілігін тексереді. Есеп шығару кезінде бұрынғы меңгерілген материалдарды қайталау және қорытындылау жүзеге асып отырады. Сонымен, есеп шығару арқылы білім берудің оқыту, тәрбиелеу және дамыту функциялары жүзеге асырылады.
Осындай маңызды мәселеге ҚР орта мектептерінде осы күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Бірыңғай Ұлттық Тестілеу, химиялық олимпиадалар нәтижелерін сараптау, жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің білімін тексеру және студенттердің педагогикалық практикасы кезіндегі жүргізілген бақылау жұмыстары оқушылардың көпшілігінің химия есептерін шығаруды жеткілікті меңгермейтіндігін көрсетеді.
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған Химия оқулығында келтірілген сандық есептердің қысқаша шешулері келтірілген. «Химия-10» оқулығы есептерінің шешулерін дайындауға әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің түлегі Мұқанова Акерке қатысты.
Оқу құралы туралы пікірлеріңізді kurmanbekishev49@gmail.com адресі бойынша авторларға жіберулеріңізге болады.
Авторлар. Алматы, 2018.
8 сынып
§9. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары
-
Күкірт атомының массасы оттек атомының массасынан неше есе ауыр?
Шешуі:
Күкірт пен оттек атомдарының салыстырмалы атомдық массаларын пайдаланып, есептейік:
???? =
Ar(S) 32
= = 2
Ar(O) 16
Яғни, күкірт атомының массасы оттек атомынан 2 есе ауыр
Жауабы: 2 есе
-
Көміртек атомының массасы магний атомының массасынан неше есе жеңіл?
Шешуі:
???? =
Ar(Mg) 24
= = 2
Ar(C) 12
Демек, көміртек атомының массасы магний атомының массасынан 2 есе жеңіл.
Жауабы: 2 есе жеңіл
7. Химиялық элементтер жұбының салыстырмалы атомдық массасы бойынша, олардың біріншісінің екіншісінен неше есе ауыр екендігін табыңыздар:
а) О : Н; б) Mg : С; в) Cu : S; г) Fe : O.
Шешуі:
а) О : Н | Ar(O) Ar(H) | 16 1 | в) Cu : S ???? = | Ar(Cu) = Ar(S) | 64 = 2 32 | ||
б) Mg : С; | Ar(Mg) Ar(C) | 24 12 | г) Fe : O ???? = | Ar(Fe) Ar(O) | = | 56 16 | = 3,5 |
§10. Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы
4. Күкірт пен оттектен құралатын қосылыстағы элементтердің атомдар сандарының қатынасы 1:2. Оның химиялық формуласы қандай? Шешуі: SO2
Жауабы: SO2
-
Газ күйіндегі азоттың салыстырмалы молекулалық массасы көміртектің оттекпен түзетін қосылысының салыстырмалы молекулалық массасымен бірдей. Ол қандай қосылыс?
Шешуі:
Азоттың салыстырмалы молекулалық массасы:
Mr(N2) = 2 ∙ Ar(N) = 2 ∙ 14 = 28
Көміртек пен оттектің қосылысының формуласын CxOy деп белгілесек, онда оның салыстырмалы молекулалық массасын 12x + 16y = 28 деп сипаттауға болады. Ол тек х = 1 және у = 1 болғанда ғана мүмкін.
Mr(СО) = Ar(С) + Ar(О) = 12 + 16 = 28
Демек, заттың формуласы СО болғаны.
Жауабы: СО.
-
Қанттың молекуласының құрамына көміртектің 12, сутектің 22, және оттектің 11 атомы кіреді. Оның химиялық формуласын жазып, оқыңыздар, салыстырмалы молекулалық массасын табыңыздар. Шешуі:
С12Н22О11 - оқылуы: цэ – 12 – аш – 22 – о – 11
Mr (С12Н22О11) = 12 ∙ Ar (С) + 22 ∙ Ar (Н) + 11 ∙ Ar (О) = 12 ∙ 12 + 22 ∙ 1 + 11 ∙ 16 = 342
Жауабы: С12Н22О11, Mr(С12Н22О11) = 342
§11. Химиялық формулалар бойынша есептеулер
-
Келесі заттардың: а) MgO; б) CO2; в) Al2O3; г) KMnO4 құрамындағы әрбір элементтің массалық үлесін есептеп шығарыңыздар.
Шешуі:
а) MgO
Mr (MgO) = Ar (Mg) + Ar (О) = 24 + 16 = 40
ω(Mg) = Ar(Mg) ∙ 100% = 24 ∙ 100% = 60%
Mr(MgO) 40
ω(O) = Ar(O) ∙ 100% = 16 ∙ 100% = 40%
Mr(MgO) 40
Жауабы: ω(Mg) = 60%, ω(O) = 40%.
б) CO2
Mr (CO2) = Ar (С) + 2 · Ar (О) = 12 + 2 · 16 = 44
ω(С) = Ar(С) ∙ 100% = 12 ∙ 100% = 27,27%
Mr(СО2) 44
ω(O) = 2 · Ar(O) ∙ 100% = 2 · 16 ∙ 100% = 72,72%
Mr(СО2) 44
Жауабы: ω(С) = 27,27%, ω(O) = 72,72%. в) Al2O3
Mr (Al2O3) = 2 · Ar (Al) + 3 · Ar (О) = 2 · 27 + 3 · 16 = 102
ω(Al) = 2 · Ar(Al) ∙ 100% = 2 · 27 ∙ 100% = 52,94%
Mr(Al2O3)
102
ω(O) = 3 · Ar(O) ∙ 100% = 3 · 16 ∙ 100% = 47,06%
Mr(Al2O3)
102
Жауабы: ω(Al) = 52,94%, ω(O) = 47,06%.
г) KMnO4
Mr (KMnO4) = Ar (К) + Ar (Mn) + 4 · Ar (О) = 39 + 55 + 4 · 16 = 158
ω(K) = Ar(K) ∙ 100% = 39
∙ 100% = 24,68%
Mr(KMnО4)
158
ω(Mn) = Ar(Mn) ∙ 100% = 55
∙ 100% = 34,81%
Mr(KMnО4)
158
ω(O) = 4 · Ar(O) ∙ 100% = 4 · 16 ∙ 100% = 40,51%
Mr(KMnО4)
158
Жауабы: ω(К) = 24,68%, ω(Mn) = 34,81%, ω(O) = 40,51%.
-
Берілген заттар жұбының: а) темір сульфиді FeS мен пирит FeS2; б) магнетит Fe3O4 пен қызыл теміртас Fe2O3 әрқайсысынан 1 тоннадан алса, қай қосылыста темірдің үлесі көп болады (элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын пайдаланып есептеңіздер)? Шешуі:
Жалпықосылыстардыңқұрамынакіретінэлементтердің
массалықүлестерін олардың формулалары бойынша анықтауға болады. Сонда да болса берілген есептіқараастырайық!
а) FeS мен FeS2
Mr (FeS) = Ar(Fe) + Ar(S) = 56 + 32 = 88
Химиялық формула бойынша пропорция құрамыз: Егер 88 г FeS құрамында 56 г Fe болса,
Онда 106 г FeS құрамында х г Fe болады. Бұдан: х = 636363,63 г.
Әдетте мұндай пропорцияны қысқаша схемаға ауыстырады: 88 г FeS - 56 г Fe,
106 г FeS - х г Fe. Бұдан: х = 636363,63 г.
m(Fe)
ω1(Fe) = m(FeS) ∙ 100% =
636363,63 г
106 г ∙ 100% = 63,64%
Mr (FeS2) = Ar (Fe) + 2 · Ar (S) = 56 + 2 · 32 = 120
120 г FeS2 - 56 г Fe,
106 г FeS2 - у г Fe. Бұдан: у = 466666,66 г
m(Fe)
2
ω2(Fe) = m(FeS ) ∙ 100% =
466666,66 г
106 г ∙ 100% = 46,66%
Жауабы: ω1 > ω2. б) Fe3О4 пен Fe2О3
Mr (Fe3О4) = 3 ·Ar (Fe) + 4 · Ar (О) = 168 + 64 = 232
232 г Fe3О4 - 168 г Fe,
106 г Fe3О4 - х г Fe. Бұдан: х = 724137,93 г.
m(Fe)
ω1(Fe) = m(Fe О ) ∙ 100% =
724137,93 г
106 г ∙ 100% = 72,413%
3 4
Mr (Fe2О3) = 2 · Ar (Fe) + 3 · Ar (О) = 112 + 48 = 160
160 г Fe2О3 - 112 г Fе,
106 г Fe2О3 - у г Fe. Бұдан: у = 700000 г.
m(Fe)
ω2(Fe) = m(Fe О ) ∙ 100% =
700000 г
106 г ∙ 100% = 70%
2 3
Жауабы: ω1 > ω2.
-
Күкірт оттекте жанғанда түзілетін қосылыстың массасы бастапқы күкірт массасынан 2 есе көп. Зат молекуласы құрамында күкірттің бір атомы бар екенін біле отырып, қосылыстың химиялық формуласын табыңыздар.
Шешуі:
2xS + yO2 = 2SxOy
Mr(SxOy) = 2 ⟹ M (S O ) = 2 ∙ M(S) = 2 ∙ 32 = 64
Mr(S)
r x y
32x + 16y = 64
Есептің шарты бойынша: х = 1.
Онда: 32 + 16у = 64
16у = 64 – 32 = 32 ⟹ у = 2 Демек, SO2
Жауабы: SO2
§14. Зат құрамының тұрақтылық заңы
-
Ыдыста 1 г кремний мен 1 г оттек бар. Олар өзара әрекеттескен соң қандай заттар қанша мөлшерде түзіледі?
Шешуі:
1 г 1 г x г Si + O2 = SiO2 28 32 60
г/моль г/моль г/моль