Файл: Бекишев ., Танабаева Б. А. Шыарылан химия есептері (8 11 сыныптар) Алматы аза университеті, 2018.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 595
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
§11. Химиялық формулалар бойынша есептеулер
§18. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса
§23. Оксидтер. Олардың атаулары
§27. Химиялық реакциялардың жылу эффекті
§28. Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы
III тарау. Сутек. Қышқылдар. Тұздар
§31. Сутектің физикалық қасиеттері
§33. Қышқылдар. Құрамы, алу жолдары
§34. Қышқылдардың химиялық қасиеттері
§39. Судың құрамы және физикалық қасиеттері
§42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі
§45. Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы
§47. Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері
§49. Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар
VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер.
§21. Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәліметтер.
§30. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары
§45. Қаныққан көмірсутектер. Метан
§46. Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
§53. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
§ 1.5. Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу
§ 1.9. Атомдардың валенттілігі және тотығу дәрежесі
II тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы
§ 2.2. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі
§ 3.2. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
§ 3.3. Ерітінділер мен балқымалардың электролизі
§ 3.4. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
§ 3.7. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі
§ 3.8. Химиялық реакцияның жылдамдығы
§ 4.6. Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың кен орындары
§ 5.3. Натрий және калий қосылыстары
§ 5.5. Судың кермектілігі және оны кетіру жолдары
§ 7.3. Бейметалдардың жалпы сипаттамасы
§ 7.5. Көміртек және оның қосылыстары
§ 7.6. Кремний және оның қосылыстары
§ 7.9. Фосфор және оның қосылыстары
§ 7.12. Күкірт (IV) және күкірт (VI) оксидтері.
§ 8.3. Құймалар. Шойын мен болат өндіру
§ 8.5. Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі
§ 8.7. Химия және қоршаған ортаны қорғау
6.2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері
m(Ag) ν(Ag) = M(Ag) =
10,8 г
= 0,05 моль
216 г/моль
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
1 моль СН3СОН - 2 моль Ag,
х моль СН3СОН - 0,05 моль Ag. Бұдан: х = 0,025 моль.
m(СН3СОН) = ν(СН3СОН)·M(СН3СОН) = 0,025 моль · 44 г/моль = 1,1 г
Жауабы: m(СН3СОН) = 1,1 г.
§56. Карбон қышқылдары
-
Құрамында 4,35% сутек, 26,09% көміртек және 69,56% оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын анықтаңыздар. Шешуі:
Заттың 100 г үлгісін қарастырып, ондағы сутек, көміртек және оттектің массаларын анықтаймыз:
m(Н) = 100 г ∙ 0,0435 = 4,35 г
m(C) = 100 г ∙ 0,2609 = 26,09 г
m(О) = 100 г ∙ 0,6956 = 69,56 г
Заттың құрамындағы сутек, көміртек және оттектің зат мөлшерлерін сәйкесінше х, у және z моль деп алсақ, оның формуласы НхСyОz болады. Қосылыс құрамына кіретін элемент атомдары зат мөлшерлерінің өзара қатынасы:
m(Н) m(C) m(O) 4,35 29,06 69,56
x ∶ y ∶ z =
: : = : :
= 4,35 ∶ 2,42 ∶ 4,35 = 2 ∶ 1 ∶ 2
M(Н) M(C) M(O) 1 12 16
Демек формуласы - Н2СО2, бұл - НСООН – метан (немесе құмырысқа) қышқылы.
Жауабы: НСООН – құмырысқа қышқылы.
-
Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше грамм магний ацетаты түзілетінін табыңыздар.
Шешуі:
12 г х г
Mg + 2CH3COOH = (CH3COO)2Mg + H2
24 г/моль 142 г/моль
ν(Mg) =
m(Mg)
=
M(Mg)
12 г
24 г/моль
= 0,5 моль
ν(Mg) = ν((CH3COO)2Mg) = 1,5 моль
m((CH3COO)2Mg) = ν((CH3COO)2Mg) · M((CH3COO)2Mg) = 0,5 моль · 142 г/моль = 71 г
Жауабы: m((CH3COO)2Mg) = 71 г.
§61. Бейорганикалық және органикалық дүниенің бірлігі және олардың арасындағы генетикалық байланыстар
-
Көлемі 11,2 л (қ.ж.) этаннан этиленнің қандай көлемін алуға болады?
Шешуі:
11,2 л х л
C2H6 → C2H4 + Н2
22,4 л/моль 22,4 л/моль
ν(C Н ) = V(C6Н6) = 11,2 л
= 0,5 моль
2 6 VM
22,4 л/моль
ν(С2Н6) = ν(С2Н4) = 0,5 моль
V(C2H4) = ν(C2H4) · VM = 0,5 моль · 22,4 л/моль = 11,2 л
Жауабы: V(C2H4) = 11,2 л.
-
Массасы 66 г пропан жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) есептеңіздер.
Шешуі:
66 г х л
С3Н8 + 5О2 = 3CO2 + 4H2O
44 г/моль 22,4 л/моль
ν(C Н ) = m(C3Н8) = 66 г
= 1,5 моль
3 8 M(C3Н8) 44 г/моль
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
1 моль С3Н8 - 3 моль CО2,
1,5 мольС3Н8 - х моль CО2. Бұдан: х = 4,5 моль.
V(CО2) = ν(CО2) · VM = 4,5 моль · 22,4 л/моль = 100,8 л
Жауабы: V(CО2) = 100,8 л.
-
Құрамында 5% бөтен қоспалар бар массасы 200 г кальций карбидінен ацетиленнің қандай көлемін (қ.ж.) алуға болатынын есептеңіздер. Шешуі: 190 г х л
CaC2 + 2H2O = Ca(OH)2 + C2H2
64 г/моль 22,4 л/моль
m(қоспа) = 200 г ∙ 0,05 = 10 г
m(таза CaC2) = m(зат) – m(қоспа) = 200 г – 10 г = 190 г
ν(СаС ) = m(СаС2) = 190 г
= 2,97 моль
2 M(СаС2) 64 г/моль
ν(CaC2) = ν(С2Н2) = 2,97 моль
V(С2Н2) = ν(С2Н2) · VM = 2,97 моль · 22,4 л/моль = 66,5 л
Жауабы: V(С2Н2) = 66,5 л.
10 сынып ( Химия -10, 2014 оқулығы бойынша)
§ 1.1. Химиялық элементтер және заттар
7. Хром мен оттектен тұратын оксидтегі атомдардың қатынасы 2:3. Осы оксидтің формуласын жазыңыздар, атауын келтіріңіздер және элементтің валенттігін анықтаңыздар.
Шешуі:
Есептің шартында келтірілген мәліметтер бойынша оксидтің формуласы - Cr2O3. Атауы – хром (III) оксиді, ондағы хром элементінің валенттілігі – III.
Жауабы: Cr2O3
§ 1.2. Химиялық элементтер атомдарының құрылысы
-
Хлордың 35Cl, Рубидийдің 85Rb, калийдің 39К және ниобийдің 93????b
17 37 19 41
изотоптарындағы протон, нейтрон және электрон сандарын анықтаңыздар.
Шешуі:
Ядро заряды | Элемент атауы | A | Z | N | е- | Қысқаша түрде |
а) +17 | Хлор | 35 | 17 | 18 | 17 | 35Cl (17p, 18n)17ē 17 |
б) +37 | Рубидий | 85 | 37 | 48 | 37 | 85Rb (37p, 48n)37ē 37 |
в) +19 | Калий | 39 | 19 | 20 | 19 | 39К (19p, 20n)19ē 19 |
г) +41 | Ниобий | 93 | 41 | 52 | 41 | 93Nb (41p, 52n)41ē 41 |
-
Қай химиялық элементтің ядросында 16 протон бар? Бұл элементтің қандай изотоптары бар?
Шешуі:
Ядродағы протон саны – элемент атомының реттік нөмірімен сан мәні жағынан сәйкес келеді. Олай болса 16 протоны бар элемент – күкірт. Оның изотоптарының сипаттамалары төмендегі кестеде келтірілген.
Изотоптар | Атомдық массасы | Табиғатта таралуы, % | Жартылай ыдырау периоды Т1/2 |
32S 16 | 31,972070 | 95,02 | Тұрақты |
33S 16 | 32,971456 | 0,75 | Тұрақты |
34S 16 | 33,967866 | 4,21 | Тұрақты |
35S 16 | 34,969031 | 0 | 8,72 күн |
36S 16 | 35,967080 | 0,02 | Тұрақты |
Әдебиет: Эмсли Дж. Элементы – М.: Мир, 1993. – 256 с.
-
26Mg, 210Pb, 129I изотоптарындағы протон, нейтрон және электрондар санын анықтаңыздар.