Файл: зім туралы Педагогті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 186

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-ТОҚСАН


9-сабақ


Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дизайн өнері

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаттары

2.1.3.2 шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дереккөздерден ақпаратты жинау

2.2.3.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану

2.3.3.1 шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және жақсартудың идеясын ұсыну





Сабақтың мақсаты

Дизайнердің кім екенін, дизайнның не екенін біледі.

Әртүрлі заттарды зерттеп, олардан суретшінің еңбегін көреді. Кітапқа әдемі бетбелгі жасауды үйренеді.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастырусәті

– Балалар, сендер әдемі үйде тұрасыңдар, айналаларыңда әдемі әрі ыңғайлы заттар бар. Мектепте де заттар бар. Үйіңді немесе мектепті ешқандай әшекейсіз: тек еден, қабырға мен төбені елестетіп көріңдерші. Сендерге ұнар ма еді?
Жаңасабақтытүсіндіру

Дизайнөнері
Сабақтыңмақсатынанықтау

«Дизайн» сөзінің мағынасын түсіндіріп, дизайнер-суретшінің міндеті мен дизайнның маңызын айту. Айналадағы тұрмыстық заттарға дизайнерлік көзқараспен қарау. Кітапқа бетбелгі

жасау үлгісіне қарап, дизайн элементтерін жасап үйрену.

Мұғалімді тыңдайды.

Сабақ мақсатын айқындайды.

Бағалау критерийі: тұрмыстық заттарға мән береді; оларға дизайнер ретінде қарайды; кітапқа бетбелгі жасай отырып, дизайнерлік жұмыстар атқарады.

2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

Қызығушылықтыояту

Мұғалім сабақты оқушылардың үйден дайындап әкелген заттарына қарап, талдаудан бастайды.

Заттардың қандай ерекшеліктері бар, олар несімен қызықты екенін оқушылармен бірге талқылайды.
Тақырыптытүсіндіру

Мұғалім дизайн дегеніміз не, дизайнер- суретшінің кім екенін түсіндіреді. Дизайнер- суретшінің міндетін, оған қандай талаптар қойылатынын талдап айтады. Дизайн өнерінің талабы бойынша кез келген зат әдемі, ыңғайлы әрі берік (төзімді) болуы керек. Су ішуге болмайтын әдемі құмыраның, отыруға қолайсыз

Мұғалім көрсеткен бұйымдарға назар аударады.

Мұғалімді мұқият тыңдайды.



(ҚБ) Смайлик.

Дескриптор:

– қайшымен жұмыс

істегенде қауіпсіздік ережесін сақтайды;

Оқулық, 36–37- беттер.








орындықтың, сапасыз салынған үйдің не пайдасы бар?
Жаңаұғымдардытүсіндіру

Дизайн – тұрмыстық заттарды сәндеу өнері. Дизайнер – заттарды әдемі, берік әрі ыңғайлы етіп жасайтын суретші.

Меңгергенбілімдібекіту.Топтықжұмыс

Әрбір топқа оқулықтағы бір затты талдау тапсырылады. Олар толық жауап беруі тиіс (түсі, пішіні, фактурасы, ерекшелігі, суретшінің еңбегі).
Сергітусәті

Сабақ тақырыбын түсіндіруКітапқа бетбелгі жасаймызҚызығушылықтыояту

«Кітапты қалай ұстау керек?» тақырыбы бойынша ой бөлісу.
Мұғалім кітапқа бетбелгі жасаудың ретін нақты түсіндіріп, көрсетеді:

Қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесінескетүсіреді.

Жұмыстың жасалу реті:

  1. Түсті қағаздың енін 4 см, ұзындығын 25 см етіп қиып ал.

  2. Үлкендерден пышақпен ұзындығы 2 см (арасы 1 см) болатын көлденең тіліктер жасап беруді сұра.

  3. Таспаны қағаздың теріс жағынан желімде. Таспаның ұшын бірінші тіліктен өткіз. Одан кейін екіншісінен өткіз. Таспаны қағаздың екінші жағына шығар. Үшінші тіліктен өткізіп, төртінші тілік арқылы теріс жағына шығар. Осылайша барлық тіліктен өткізіп шық.

  4. Таспаның ұшын үшбұрыштап қи.

  5. Бетбелгі дайын.


Заттарға талдау жасайды.

Ойбөліске қатысады.

Кітапқа бетбелгі жасайды.

  • қағаздарды өз бетінше өлшейді;

  • желімдейді.



Оқулық, 38–39- беттер.

Түрлі түсті қалың қағаз немесе қатырғықағаз, таспа, қайшы және желім.

Оқулық, 39-бет.







Тақырыптыбекіту

Қандай пішіндерді білесің? Мектептегі пішіні дөңгелек, шаршы, үшбұрышты заттарды ата.


Оқушылар сұраққа жауап береді.







Соңы Рефлексия

  • Саған сабақ ұнады ма? Бүгін қандай жаңа нәрсе білдің?

«Баспалдақ»

Оқушыларға 5–7 басқышы бар баспалдақ бейнеленген постер береді. Онда мына жазулар бар:

  • бәрі тамаша;

  • барлық тапсырманы орындадым;

  • мұғалім көрсеткен үлгі бойынша орындадым;

  • кейбір тапсырмаларды орындағанда мұғалімнің көмегіне жүгіндім;

  • тапсырмалардың көпшілігін орындай алмадым.

Үйге тапсырма: Кітапқа бұрыштық бетбелгі жасап, оны безендіру.

Балалар жауап береді.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.



Баспалдақтың суреті бар постер.



10–11-сабақтар


Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құттықтау плакатын жасаймыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

2.2.3.1 әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

2.2.3.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану

Сабақтың мақсаты

Матрица жасауды үйренеді.

Матрица арқылы сурет қалай жасалатынын зерттейді. Әртүрлі тәсілмен құттықтау плакатын жасайды.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастырусәті

– Балалар, әртүрлі плакаттарды көріп тұрсыңдар. Қалай ойлайсыңдар, олар не үшін керек?

Жаңасабақтытүсіндіру


Балалар талқылауға қатысады. Сабақ мақсатын анықтайды.

Бағалау критерийі: белгілі бір тақырыпқа арналған плакат жасайды; плакаттың

идеясын түсіндіреді.

Әртүрлі плакаттар. 2-сыныпқа арналған CD-диск.







Құттықтауплакатынжасаймыз

Сабақтыңмақсатынанықтау

Матрица тәсілімен таныстырып, қарапайым матрица жасауды үйрету. Әртүрлі мерекеге

құттықтау плакатын жасауды үйрету.










Ортасы

Қызығушылықтыояту

Плакаттар әртүрлі тақырыпқа, түрлі тәсілмен жасалады. Құттықтау, жарнама, ақпараттық және т.б. плакаттар болады.
Тақырыптытүсіндіру

Біз бүгін коллаж түріндегі плакат жасаймыз. Ол үшін ескі журналдар мен фотосуреттерді пайдаланамыз. Плакат жасау барысында мұғалім нақты кеңестер беріп отырады.

Мұғалім плакатқа жазу жазып бере алады. Балалардың жасаған плакаты сынып бөлмесінен орын тапса, тіпті жақсы. Мұғалім плакаттардың бәрі бірдей қабырғаға ілінбейтінін айта кетеді. Жаңа жылға арналған құттықтау плакаты жаңа жылда ілінеді, туған күн иелеріне арналған плакатты үнемі іліп қоюға болады. Ал егер мұндай плакат бірнеше болса, ай сайын ауыстырып отырады.
Жаңаұғымдардытүсіндіру

Матрица – әртүрлі баспа-таңба жасауға болатын пішін. Қағаз парағына бояу жағылған пішінді басу арқылы жасалатын бейне баспа- таңба деп аталады.

Сабақ тақырыбын түсіндіруМатрицалармен таңба жасап үйренемізМұғалім әртүрлі материалмен матрица жасау жолдарын көрсетеді.

Қайшымен жұмыс істеу ережесінтүсіндіреді.
Сергітусәті


Оқушылар матрица жасайтын материалдарды пайдаланады.


(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Оқулық, 40–41-беттер.

Оқулық, 42–43-беттер.








Топтықжұмыс:Плакатжасау

Мұғалім баспа-таңба арқылы жасалған бірнеше суретті көрсетеді. Оны мұғалімнің өзі дайындауы мүмкін немесе №1 жұмыс дәптерінің 18–21-беттеріндегі, оқулықтың 42– 43-беттеріндегі иллюстрацияларды көрсете алады. Балалардың жасаған баспа- таңбаларынан ненің бейнесін көретінін, оларды баспа-таңбаға айналдыру жолдарын талқылайды. Мұғалім тақтаға баспа-таңбаны белгілі бір бейнеге айналдыру жолдарын салып көрсетсе, тіпті жақсы. Оны әртүрлі сызық, пішіндермен толықтырады. Одан әрі мұғалім плакатты қалай жасайтынын көрсетеді. Жеке плакат жасаған оқушылар енді бірігіп бір плакат жасауға кіріседі, плакатқа қандай баспа-таңба таңдайтынын, плакаттың фоны (негізгі түс) қандай болатынын, плакаттың композициясын шешеді.

Жұмысдәптеріндегі тапсырманыорындау.

Оқушылар өздері жасаған баспа-таңбалар арқылы ерекше бейнелер жасауға кіріседі. Ол жануарлар, ертегі кейіпкерлері, өсімдік т.б. болуы мүмкін.

Баспа-таңбаларына мұқият қарап алып, сызық, пішіндермен, фломастермен бояп, толықтырады. Топтық жұмыстың алдында плакат қандай мерекеге арналатынын нақтылап алған жөн (Күлкі күні, Білім күні, театрға шақыру және т.б.). Балалар өз нұсқаларын айтсын. Одан әрі плакаттың жалпы композициясын, түстік шешімін талқылайды.
№1 жұмыс дәптерінің 18–21- беттеріндегі тапсырмаларды

орындау.




Пішіні әртүрлі өшіргіштер, төбесінде өшіргіші бар қарындаштар, күзгі жапырақтар, бірнеше шикі картоп, өлшемі мен пішіні әртүрлі түймелер, бөтелке қақпақтары, гуашь бояуларының жиынтығы, палитра, қылқалам, су құятын ыдыс, түрлі түсті қағаз, қол сүртетін салфетка.

№1 жұмыс дәптері.

Соңы


Рефлексия

Оқушылар мерекелік плакат жасай отырып, мектебін сәндеуге қадам жасады.

– Мектебің мен сынып бөлмеңді тағы қалай сәндей аласың? Ойлан.

Жасаған плакаттарын таныстырады.

«Күн және бұлттар»

Мұғалім оқушыларға күлімдеген, ашулы және көңілсіз күннің суреті бейнеленген үлестірме қағаздарды таратып береді. Балалар жауап береді:

  • Күн күлімдесе – сабақтағы жұмысыма көңілім толды.



Балалар жауаптары мен ойларын айтады.

Таныстырылымға қатысады.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.