Файл: зім туралы Педагогті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 184

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







  • Күн көңілсіз болса – сабақта қиындықтар болды.

  • Күн ашулы болса – көңілім толмайды, көп нәрсені жасай алмадым.













  1. сабақ




Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты- жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Матрицаларды салатын қорап жасаймыз

Оқу бағдарла- масына сәйкес

оқу мақсаттары

2.1.3.2 шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дереккөздерден ақпаратты жинау

2.2.3.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану

2.3.3.1 шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және жақсартудың идеясын ұсыну

Сабақтың мақсаты

Қораптың үлгісін жасап, оны құрастырады.

Қорапты безендіру жолдарын ойлап, өз бетінше әшекейлейді.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәтіКітапты да саласың, Ойыншықты да саласың. Кәмпитті де саласың.

Сәл ойлансаң, балақай,

Бұл жұмбақты табасың. (Қорап)
Жаңасабақтытүсіндіру

Матрицалардысалатынқорапжасаймыз

Қызығушылықтыояту

Дизайнер-суретшілердің еңбектеріне назар аударады.

Қораптар қайда қолданылатынын сұрайды.

«Кішкентай дизайнер-суретшілер, енді сендер де осындай қорап жасай аласыңдар», – дейді мұғалім.

Жұмбақты шешеді.

Бағалау критерийі: матрицаларды салатын әртүрлі қорап жасауды үйренеді.

Пішіні әртүрлі қораптар.
2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

1. Ұсақ-түйек салатын қорапты қандай

қатырғықағаздан жасауға болады?







Оқулық, 44–45-

беттер.







  1. Ал ауырлау заттарды салатын қорапты қандай қатырғықағаздан жасау керек?

  2. Жұқа қағаздан жасалған қорап берік бола ма?

Тақырыптытүсіндіру

Мұғалім қорап жасау жолын көрсетеді. Қорапты жазық күйінде көрсетіп, оқулықтағы үлгі бойынша жұмыстың ретімен таныстырады. Балаларға түсінікті болу үшін сызбаны тақтаға сызып көрсету керек.

Қорапты жасағаннан кейін, мұғалім оқушылармен бірге әшекейлеу жолдарын ойластырады (сурет салу, қию, желімдеу, көлемді әшекейлер жасау). Қағазды дұрыс қиып, үнемдеуді үйретеді.
«Қорап жасаймыз» шығармашылық жұмысы. Қайшымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікережесінсақтау.

Қораптың жасалу реті:

  1. Қағаз жиегінен 1 см төмен сызық жүргіз. Оның бір шетіне суреттегідей кертік жаса.

  2. Қағазды сақина тәрізді етіп ора. Қағазға дөңгелек сызып, қиып ал. Бұл – қораптың түбі.

  3. Қағаз сақинаның бір жағына дөңгелек қағазды желімде. Міне, дөңгелек қорап шықты.

  4. Қораптың қақпағын да осылай жаса. Өлшемі 5х61 см және 20х20 см қағаз қиып ал. 1 және

2-пункті қайтала.

5. Қорапты қалай әшекейлейтініңді ойлан. Түрлі түсті қағаздардан әр алуан пішіндерді қиып алып, желімдеуге болады. Ескі журналдардан аппликация жасай аласың. Матрицамен безендірсең де әдемі көрінеді.

Қақпағына әдемі бант, гүл немесе қағаздан қиып алған құсты желімде.

Сергітусәті

Таныстыру,талдаужәнебағалау

Мұғалім әр топтың басшыларын тақтаға шығарып, құттықтау плакаттарын таныстыруды тапсырады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар қатырғықағазға қораптың сызбасын сызады.


Шығармашылық жұмысқа қатысады.

Таныстырылым мен талқылауға қатысады.



(ҚБ) Дескриптор:

  • қайшы және желіммен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесі мен тазалықты сақтайды;

  • геометриялық пішіндермен жұмыс істейді;

  • қораптың өлшемдерін өз бетінше есептейді;

  • қорапты сәндейді.


Өлшемі 20x60 см немесе өзара желімделген А4 пішімді екі қағаз және 20х20 см шаршы пішінді қағаз, түсті жұқа қағаз, қайшы, сызғыш, қара қарындаш, желім таспа т.б. материалдар.

Оқулық, 46–47- беттер.








Плакатты қандай тәсілмен жасағанын, қандай атаулы күнге арналғанын нақты айтып береді. Одан әрі оқушылар жасаған қораптарын жеке-жеке таныстырады.

Білімменбілікқоржыны

«Менің мектебім» бөлімі бойынша сұрақтар.


Бөлім бойынша меңгерген білімдерін көрсетеді.







Соңы

Рефлексия

– Балалар, сендер бүгін қорап жасауды үйрендіңдер. Қатырғықағаз түрлерін, қорап жасауға қажетті материалдарды, онымен жұмыс істеу жолдарын білдіңдер. Өлшемі әртүрлі қорап жасап үйрендіңдер.

«Көңіл күй» үлестірме қағазы

Түсі әртүрлі үлестірме қағаздар керек. Оқушылар жауаптарына сәйкес келетін үлестірме қағаздың бірін таңдайды. Түстер мынадай болуы мүмкін:

  • қызыл түс – қуаныштымын;

  • күлгін түс – көңілім толмайды;

  • қызғылт сары түс – көңілсізбін.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Түрлі түсті үлестірме қағаздар.




  1. сабақ




Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бояу реңктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу

мақсаттары

2.1.1.1 қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру

2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету

Сабақтың мақсаты

Кескіндеме мен реңк туралы білетіндерін қайталайды. Жылы және суық түстер туралы біледі.

Әр алуан түстерді шығаруды үйренеді.


Сабақ барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәтіЖаңбыр бітті, алақай! Далаға шық, балақай!

Кемпірқосаққа қара, Әрбір түсін сана.



Тақпақты тыңдайды.

Бағалау критерийі: әртүрлі нысандардың түсіне сипаттама береді;

жылы және суық бояу түстерін ажырата алады;

Суретшілер туындыларының репродукциялары, бір

түстің жылы және суық реңктері айқын







Бірінші түсі оның – Қызыл қызғалдақтай. Екінші түсі оның – Сары сарғалдақтай.
Қызығушылықтыояту

Қандай негізгі түстерді білесіңдер?
Жаңасабақтытүсіндіру

Бояуреңктері


Балалар жауап береді.

жылы және суық түстерді шығаруды үйренеді.

көрінетін әртүрлі пейзаж суреттері бейнеленген фотоальбомдар.

2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

Тақырыптытүсіндіру

Оқушылар бірінші сыныпта жылы және суық түстер мен олардың ерекшеліктері туралы не білгендерін еске түсіреді. Олар жылы және суық түстер мен өздері айналасынан көріп жүрген жылы және суық түсті заттарды атап шығады. Одан әрі материалды оқулыққа сүйеніп түсіндіреді (50–55-беттер).
Жаңаұғымдардытүсіндіру

Реңк – бір түстің түрленуі. Реңктер де жылы және суық болады. Одан әрі материалды оқулық бойынша түсіндіреді. Мұғалім тақтада бір түстің реңкі жылыдан суыққа немесе керісінше көшетінін көрсетеді. Оны жылы және суық түстерден тұратын жасыл және күлгін түстері арқылы түсіндіруге болады.

Әрбір түс жылы және суық реңктерден тұратынын атап айту керек. Суықтан жылыға ауысқан жасыл түсті реңкті шығарғаннан кейін (осы түстің реңктерін шығарған дұрыс, өйткені бұл түстің балаларға таныс реңк атаулары көп), бұл түстердің бәрі жасыл екенін, алайда туындыны, киімді, кез келген бұйымды сипаттағанда нақты түсін айту керек. Тек жасыл түс емес, сондай-ақ реңк атаулары да бар екен. Олар өте көп. Мұғалім оқушыларға жасыл түстің реңктерін айтуды тапсырады.

Оларды өзі де толықтырады. Жасыл түстің

Оқушылар оқулықтың 53–54- беттеріне сүйене отырып, тәжірибе жасайды.


Бір-бірін тексереді.

№1 жұмыс дәптерінің 22–25- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Мұғалімнің тапсырмасын орындайды.


(ҚБ) Дескриптор:

  • палитрада көптеген бояу реңктерін шығарады;

  • суретті ұқыптап бояйды.

Альбом, гуашь бояуы.

№1 жұмыс дәптері. Оқулық, 50–55-беттер.