Файл: зім туралы Педагогті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 197

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







  1. Қою қызыл түсті балшықты домалатып, бірдей кішкене шарлар жасап ал. Оларды алманың суретінің үстіне желімде (2–3 қатар).

  2. Ашық түсті балшықтан кішкене шарлар жасап, 2–3 қатар тізіп шық.

  3. Басқа реңкті балшықтарды да солай істе. Алманың дәл ортасы ашық қызыл реңкті шарлардан жасалады.

  4. Жасыл реңкті балшықтан жапырағын жаса. Сабағына қоңыр түсті полимер балшығын пайдалан.

  5. Фонын (негізгі түс) бір түсті полимер балшығынан жасауға болады.

  6. Жасаған мозаикаңа түрлі түсті жақтау жаса.


Таныстыру, талдаужәнебағалауМұғалім әрбір оқушыны тақтаға шығарып, жасаған жұмысын таныстыруды тапсырады.

Мозаикасында қандай реңктерді пайдаланғанын айтып береді.
Білімменбілікқоржыны

«Менің туған өлкем» бөлімі бойынша сұрақтарға жауап беру.


Оқушылар жасаған жұмыстарын таныстырады.


Осы бөлім бойынша

меңгерген білімдерін көрсетеді.





Оқулық, 62–63-беттер.

Соңы

Рефлексия

– Сендер апорт алмасы туралы біраз мәлімет алдыңдар. Алманы мозаика тәсілімен жасап үйрендіңдер. Ермексаз және полимер балшықтан қосымша түстер мен реңктерді шығару жолын меңгердіңдер.
«Көңіл күй» үлестірме қағазы

Түсі әртүрлі үлестірме қағаздар керек. Оқушылар жауаптарына сәйкес келетін үлестірме қағаздың бірін таңдайды. Түстер мынадай болуы мүмкін:

  • қызыл түс – қуаныштымын;

  • күлгін түс – көңілім толмайды;

  • қызғылт сары түс көңілсізбін.




Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Түрлі түсті үлестірме қағаздар.




  1. сабақ




Бөлім:

Дені саудың – жаны сау

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойын түрлері

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаттары

2.1.1.1 қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру

2.3.2.1 өнердің әртүрлі туындыларының негізгі суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау

Сабақ мақсаты

Ұлттық ойын түрлерін біледі.

Суретші Е. Сидоркиннің графикалық туындыларымен танысады. Графика туралы білетіндерін қайталайды.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ҰйымдастырусәтіАлға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Бір орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын. Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Балалар, сендер таңертең жаттығу жасайсыңдар ма?

Жаңа сабақты түсіндіруОйын түрлеріҚызығушылықтыояту

Мұғалім балалардың қандай ойын түрлерін білетінін еске түсіріп, олардың ережелерін айтып беруді

сұрайды.


Мұғаліммен бірге жаттығу жасайды.

Балалар сұраққа жауап береді.

Бағалау критерийі: ойын ережелерін түсіндіре алады; қазақ ұлттық ойындары туралы әңгімелей алады; өздері ойын ойлап табады.

Оқулық, 66–67- беттер.

Қазақтың ұлттық ойындарына қатысты бейнематериалдар.
2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

Тақырыптытүсіндіру

Балаларға ойындарды жыл мезгілдеріне қарай жіктеуді тапсырады, яғни жазда және қыста қандай ойын түрлерін ойнайтындарын сұрайды. Бұл ойындар олардың қандай қабілеттерін дамытып, шыңдайтынын айтады. Одан әрі мұғалім ойын ойнағанда қай дене

мүшелері қозғалатынын сұрайды. Балалар оны қимыл- қозғалыс түрінде көрсеткендері дұрыс. Оқушыларға


Жаңа тақырып бойынша сабаққа белсене қатысады.



(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Оқулық, 66–67- беттер.

№2 жұмыс дәптері, 3-бет.




өздері ойын түрлерін ойлап тауып, оның ережесін көрсетіп, ол қандай қабілеттерін дамытатынын айтып беруді тапсыруға болады. Бұл тек ойын түрлеріне қатысты ғана сабақ емес, көркем еңбек пәні болғандықтан, олар бар назарын адамның қозғалысына аударуы керек.

  • Сен достарыңмен қандай ойын ойнайсың?


Оқушылар мұғаліммен бірге ойындарды талқылағаннан кейін, графика туындыларында басты әсерлегіш құралдар – сызық, пішін, ақ және қара түстің үйлесімі деген қорытындыға келеді. Одан соң график-суретші

Е. Сидоркиннің шығармашылығы мен оның «Қазақтың ұлттық ойындары» графикалық топтамасы туралы әңгімелеседі. Оқулықтағы материалды бүкіл шығармашылығын қазақ халқына арнаған суретші туралы мәліметтермен толықтырған дұрыс.

Мұғалім оқушылармен бірге суретшінің жұмыстарын талдайды (композициялардың ерекшеліктеріне баса назар аударса, дұрыс болар еді, атап айтқанда, суретші әр алуан қағаз өлшемдерін қалай пайдаланған, бейнелерді қағазға қалай орналастырған?). Оқушылар картиналардағы адамдардың қозғалысына мұқият қарап, суретшінің жылдамдық пен екпінді дәл бере білгенін көрсін. Мұның бәрі өздері жұмыс істегенде қажет болады.
Тақырыпты түсіндіруҚазақтың ұлттық ойындарыҚамыс құлақ, тоқсан тұяқ,

Мінсең қанат, сүті – дәрі, еті – тамақ. (Жылқы)

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл жұмбақты не үшін жасырдым? Дұрыс айтасыңдар, қазақ ұлттық ойындарының көпшілігі жылқысыз өтпейді.

Одан кейін мұғалім оқушылардан қандай ұлттық ойындарды білетінін сұрайды. Өзі де оқулықтағы иллюстрацияларды көрсете отырып, әңгімені толықтырады.


Достарымен бірге ойнайтын ойындары туралы айтып береді.

Сұраққа жауап береді.


Жұмбақты шешеді.

Дескриптор:

  • суретте ұлттық ойындарды бейнелейді;

  • ұлттық ойындар туралы әңгімелеп береді;

  • спорттық құралдар- ды графикалық түрде бейнелейді;

  • жаз және қыстық ойындарды біледі;

  • қара түсті фломастермен ойындарды бейнелейді.


Суретші

Е. Сидоркиннің көрнекі материалдары.

№2 жұмыс дәптерінің 3-беті.


Оқулық, 68–69- беттер.








Жұмысдәптеріндегі тапсырманыорындау.

№2 жұмыс дәптерінің 3- бетіндегі шығармашылық

тапсырмаларды орындайды.







Соңы


Рефлексия

  • Енді сендер ойын түрлерін, ұлттық ойындардың ережесі мен олардың ерекшеліктерін білесіңдер. Бұл сабақтан алған білімдерің демалысты жақсы өткізуге ғана емес, сонымен қатар графикалық композиция жасауға да керек болады.

«Баспалдақ»

Оқушыларға 5–7 басқышы бар баспалдақ бейнеленген постер береді. Онда мына жазулар бар:

  • бәрі тамаша;

  • барлық тапсырманы орындадым;

  • мұғалім көрсеткен үлгі бойынша орындадым;

  • кейбір тапсырмаларды орындағанда мұғалімнің көмегіне жүгіндім;

  • тапсырмалардың көпшілігін орындай алмадым. Оқушылар сабақтағы белсенділіктеріне қарай өздерінің

фигурасын сәйкес баспалдаққа салады.




Мұғалім әдісті өзі таңдайды.







  1. сабақ




Бөлім:

Дені саудың – жаны сау

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыстағы адамның дене бітімі

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаттары

        1. әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

        2. айқындалған тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан қағаз материалдары) қарапайым

көлемді пішіндер жасау

Сабақтың мақсаты

Қозғалыстағы адамның дене бітімін зерттеп, оны бейнелеуді үйренеді.