Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 62

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бірнеше фактор бар.

Біріншіден, тест Қазақстан үшін алғаш рет компьютерлік форматта өтті. Оқушылар үшін бұл алғашқы тәжірибе болды. Тестте өткен сұрақтарғакеріқайтумүмкіндігіболмағанын да ескерген жөн. Қалыптасқан әдет бойынша оқушылар қиын сұрақтарға қайта оралуға немесе өз жауаптарын қайта қарауға үйренген. Ал компьютерлік тестілеу кезінде қағаз нұсқамен салыстырғанда, олай жасай алмайды. Мұндай жағдай PISA-2015-те орын алған, яғни аталған жылы 57 қатысушы ел алғаш рет компьютерде тест тапсырып, нәтижесінде көптеген елдің балы төмендеген. Мысалы, PISA зерттеуі бойынша

көшбасшы елдердің бірі Корея мемлекетінің нәтижелері математика бойынша 30, жаратылыстану бойынша 22 және оқу сауаттылығынан 18 балға дейін түскен.

\2015 ж жауап Тестілеудің барысы бір компьютерлік жүйемен басқарылды
Дағдылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын кеңейіп, күрделеніп отырады әрі PISA оқу сауаттылығының деңгейлеріне қойылатын талаптарға (оқушылар мәтінді түсініп, талдай алулары керек және оған баға бере алулары керек, сондай-ақ оқығаны туралы ойланып, көзқарасын білдіре алулары қажет) сәйкес келеді .

PISA тапсырмаларында оқу сауаттылығының деңгейлерін анықтау үшін оқушыларға әртүрлі жанрда мәтіндер беріледі. Оларда ақпарат түрлі формада



ұсынылады, айталық, диаграмма, сурет, карта, графика, кесте және с.с. Зерттеуде қарастырылған әртүрлі мәтін түрлерімен жұмыс жаңартылған мазмұндағы оқу


7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің

тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.

бағдарламасының оқу мақсаттарында айқын көрініс тапқан:


Төменде PISA бойынша «Ақпаратты табу және іріктеу» құзыреттілігін қалыптастыру аясында күтілетін нәтижелеріне сәйкес келетін «Қазақ тілі» оқу бағдарламасының оқу мақсаттары ұсынылып отыр (1-кесте):

1-кесте. «Ақпаратты табу және іріктеу» құзыретілігі бойынша күтілетін нәтижелер мен оқу мақсаттарының байланысы

Күтілетіннәтижелер(PISAбағдарламасынасәйкес)

Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары





  • Қысқа қарапайым мәтіннен оқырманға таныс ақпаратты таба алу;

  • Көмек берілетін қарапайым мәтінмен жұмыс жасау (ақпараттың қайталануы, суреттер немесе таныс символдар); Қарама-қайшы/көп ақпаратты қамтымайтын мәтінге түсінік беру;

  • Мәтіннің мазмұны мен жалпыға мәлім күнделікті тұрмыстағы білімнің арасын байланыстыру;

  • Мәтіннің басты тақырыбын/таныс тақырыпқа мәтін жазған автордың мақсатын анықтау;

  • Оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау;

  • Мәтіндегі басты идеяны анықтау, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну;

  • Мәтіннің бір ерекшелігіне негізделген кереғарлықты салыстыру және анықтау;

  • Жеке тәжірибеге және сипатталған шынайылыққа қатысты жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндік біліммен мәтіннің ішіндегі және мәтіннен тыс өзара байланыстарды салыстыру немесе құру



5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальды ақпаратты анықтау;

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтау, түсіндіру Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқулық мазмұнында жоғарыда берілген оқу мақсаттарына жетуге арналған тапсырмаларды назарларыңызға ұсынайық.

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас тарауында берілген оқылым тапсырмасы: Мәтінді оқы. Не туралы айтылған? Ана тілінің адам өміріндегі рөлі қандай? Тіл не үшін қызмет етеді? Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты тап. (4-тапсырма, 5-бет) Бұл

тапсырма 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау оқу мақсатына сәйкес келеді. PISA бағдарламасы аясында «Қысқа қарапайым мәтіннен оқырманға таныс ақпаратты таба алу» нәтижесіне сәйкес.

Ал «Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың маңызын талда. Негізгі және қосымша ақпаратты тап» (6-тапсырма, 11-бет) тапсырмасы 6.2.1.1
мәтіннен негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтау, түсіндіру мақсатына беріледі, ол «Оқырманға көмек

көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау» нәтижесіне мүмкіндік береді. Бұл оқулықта берілген «Мәтінде автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өзіңмен бөлісіп отыр?» деген тапсырма арқылы да ашылады (1-тапсырма, 14-бет).

«Мәтіндегі басты идеяны анықтау, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну» деген нәтижеге жетуге көмек болатын тапсырмаға «Мәтіннің негізгі идеясы не жайында? Мәтінді құрылымына қарай бөл: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды» (6-

тапсырма, 19-бет) мысал болады.

«Ақпаратты табу және іріктеу» деңгейіне тапсырма құрастыруға арналған ұсыныстар


Оқу сауаттылығының бұл деңгейі мәтіннің негізгі тақырыбын, мақсатын немесе қызметін анықтауды көздейді. Ол үшін келесідей тапсырмалар ұсынылады:


  • тақырып үшін мәтіннен сөз / сөз тіркесін таңдау немесе тақырып ойластыру;

  • мәтіннің жалпы ойын білдіретін тезис құрастыру;

  • графика немесе кестенің негізгі құрамдас бөліктерін анықтау;

  • кітаптың ішіне енгізілген карта немесе суреттің, кітап баспасының түрі мен мәтін сипатының және т.б. қызметін түсіндіру;


Мұғалімдер графика, сызбаларды оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдауы керек.

Мәтінді жалпы түсінумен байланысты білік-дағдыларды дамыту үшін оқушыларға мыналарды ұсынуға
болады:


  • сұрақ түрінде берілген мәтін бөліктері мен ортақ идеяның байланысын анықтау;

  • мәтінге берген автордың өзіндік сілтемелері мен мәтін бөліктерін сәйкестендіру;

  • ұсынылған нұсқалардан мәтіннің негізгі идеясын таңдау тапсырмаларын беру.


Оқу мақсатына жету үшін ақпараттың жалпы мазмұнын түсіну дағдысын жетілдіруге бағытталған келесі белсенді оқу әдістерін қолданған жөн:


  • ассоциативті карта

  • басқатырғыш

  • бір минут

  • пирамида

  • коллаж



Тапсырма үлгісі

1-сұрақ. Сызбада қандай ақпарат берілген?

  1. Оқу корпусының құрылыс жобасы

  2. Оқу корпусына кіретін бағыттары

  3. Оқу корпусының сызба масштабы

  4. Оқу корпусының көрмелік макеті

Дұрыс жауабы: В. Оқу корпусына кіретін бағыттары

Түсіндірме: Сұраққа жауап беру үшін оқушылар тұтас емес мәтінді оқу дағдыларын қолданып, ондағы құрылымдық элементтердің қызметіне назар аударулары керек. 2-сұрақ. Жаяу жүргіншілер үшін оқу корпусына кіруге қолайлы жақты анықтаңыз.

  1. Оқу корпусының көше жақ беті

  2. Оқу корпусының сол жақ беті

  3. Оқу корпусының оң жақ беті

  4. Оқу корпусының сыртқы беті Дұрыс жауабы: С

Түсіндірме: Сұраққа жауап беру үшін оқушылар тұтас емес мәтінді мұқият оқып (талдай оқу, зерттей оқу), әрбір құрылымдық элементтердің қызметіне назар аударулары