ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 69
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2. PISA бойынша Қазақстанның көрсеткіштері қандай?
2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.
«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға
PISA оқу сауаттылығының «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігі.
Оқушылардың мәтінге интерпретация жасау дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын тапсырмаларды көрсетіңіз.
Ұсынылған қай сөз немесе сөз тіркесі контекстің мазмұнына сай келмейді?
PISA-
2009, 2012 және 2015 зерттеулеріндегі оқу дағдысының деңгейлерін сипаттау үшін қолданылды. Деңгейлер арасындағы шектік балдар өзгерген жоқ, бірақ оқу
сауаттылығының барлық деңгейі үшін сипаттамалар жаңартылды. Бұл оқу сауаттылығының 2018 жылы алғаш рет бағаланып отырған жаңа оқу аспектілерін
көрсету үшін жасалды. Мысалы, PISA-2018-де анықталған 3, 4, 5, және 6-деңгейлер оқушылардың ақпараттың сапасы мен сенімділігіне баға беру, сондай-ақ мәтіндер
арасындағы сәйкессіздіктерді реттеу қабілеттерін сипаттайды. Оқу сауаттылығының бұл аспектісіне алдыңғы кезеңдерде назар аударылмаған болатын.
Сондай-ақ PISA-ның бұған дейінгі кезеңдерінде 1b деңгейінен төмен орналасқан оқушылардың мүмкіндіктерін сипаттауға арналған тапсырмалар болмаған. Бұл
оқушылардың 1b деңгейіне арналған тапсырмаларды табысты орындай алағын анық еді, бірақ олардың нақты нені орындай алғандары туралы ақпарат түсініксіз болатын. Алайда барлық елде, әіресе, үлгерім деңгейі төмен елдерде 15 жастағы оқушылардың деңгейі 1b деңгейінен де төмен. 2015-2018 жылдар аралығындағы қолданылған PISA дамуға бағдарламасы (PISA for Development) кіріс деңгейі орта және төмен деңгейдегі сегіз
елдің PISA-ға толыққанды қатысуына дайындалуларына көмектесу мақсатында осы елдердің оқушыларына арналған күрделілігі орташа деңгейдегі сұрақтарды ұсынды (OECD, 2018[1]). Осы тәжірибеге сүйене
отырып, PISA-2018-де жаңа міндеттер қойылды. Нәтижесінде кейбір оқушылардың дағдыларын сипаттау үшін жаңа деңгей қосылды (1c). Бұл жаңа деңгей (1с) бұған 1b деңгейінен төмен деп көрсетіліп келген болатын.
Дағдылар шкаласы оқушылардың үлгерімін көрсетіп қана қоймайды. Олар тестілеу барысында оқушыларға берілетін тапсырмалардың күрделілігін сипаттайды. Тілді білудің әрбір деңгейінде оқушылардың не істей алатындығы туралы сипаттамалар, әр
деңгейдегі тапсырмалар мен мәтіндердің типтік ерекшеліктері сауаттылықтың әрбір деңгейінде көрсетілген міндеттер талдауы негізінде алынды (1-кесте).
күрделілік деңгейінде оқушылар білім алу үшін және кең ауқымдағы тәжірибелік міндеттерді шеші үшін оқу дағдыларын қолдану қабілеттерін көрсетеді. Оқудың 2- деңгейіне жете алмаған оқушылар өздеріне таныс емес немесе көлемі мен күрелілігі біршама қиын материалмен жұмыс жасағанда қиналады. Әдетте оларға мәтімен жұмыс жасағанға дейін нұсқаулық беріп, қолдау көрсету қажет болады. БҰҰ ЦУР шеңберінде 2-
деңгейдегі дағдылар «ең төменгі дағдылар» деңгейі деп анықталған, оған орта білім беру сатысын аяқтап қалған оқушылардың барлығы қол жеткізу керек (OECD, 2019[1]).
Осы немесе басқа да деңгейлерге жеткен қатысушылардың барлық пайызына неғұрлым күрделі деңгейлердің тапсырмаларын орындау нәтижелері де қосылады.
Мысалы, орта деңгейдегі 3-деңгейдің тапсырмаларын орындаған қазақстандық
оқушылардың 25,2%-на 4 пен 5-деңгейлерге жеткен оқушылардың да үлесі қосылған.
Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

Деңгей | Шектік балл | Сипаттама |
6 | 698 | 6-деңгейге жеткен зерттеудің қатысушылары – құзыреттері жоғары оқырмандар. Олар толық жауап беру үшін мәтіннен қажетті ақпаратты ала алады. Осылайша, білім алушылар кейде айтарлықтай қарама-қайшы ақпараттың берілуіне қарамастан, жеке шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді. Бұл деңгей білім алушылардан мәтіннің астарлы мәнін «сезу» және оқырмандық интуициясын талап етеді. |
5 | 626 | Бұл деңгейде білім алушылар ақпаратты анықтау және оны қалыптастыру арқылы оны жинауға қабілетті болу керек. Академиялық білімге сүйеніп, мәтінді түсіну, бейтаныс мәтінге түсінік беру және түсіну керек. Оқудың барлық аспектісі үшін 5- деңгейлі тапсырмалар әдетте дерексіз немесе қисынсыз ұғымдармен жұмыс істеуді қамтиды және мақсатқа жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сонымен қатар осы деңгейдегі тапсырмалар оқырманнан ақпаратты салыстыру үшін бір мәтіннен басқа мәтінге ауысуды, бірнеше ұзақ мәтінге ой қорытындысын жасауды талап етуі мүмкін. |
4 | 553 | 4-деңгейге жеткен білім алушылар біртұтас күйде берілмеген ақпараттың бірліктерін тауып байланыстыра алу керек. Мәтіннің тұтас мағынасына сәйкес тілдік өзгешеліктерді түсіну керек. Мазмұны мен форматы бейтаныс көлемді әрі күрделі мәтіндерді түсіну керек. Гипотезаны тұжырымдау және мәтінді бағалау үшін мәтінде берілген арнайы білімді пайдалану керек. Сонымен қатар осы деңгейдегі оқушылар белгілі бір мәлімдемелер мен тақырып бойынша адамның жалпы ұстанымы немесе тұжырымы арасындағы байланысты бағалай алады. Олар авторлардың мәтіндердің сипаттамалық ерекшеліктеріне (мысалы, тақырыптар мен суреттер) негізделген идеяларын жеткізу үшін қолданатын стратегиялары туралы ойланады. Олар бірнеше мәтінде айтылған мәлімдемелерді салыстыра алады және негізгі критерийлер негізінде дереккөздің сенімділігін бағалай алады. 4-деңгейдегі мәтіндер көбінесе көлемді немесе күрделі, ал олардың мазмұны немесе формасы стандартты емес болуы мүмкін. Тапсырмалардың көбі бірнеше мәтіндік құрылымда орналасқан. Мәтіндер мен тапсырмаларда жанама немесе жасырын сигналдар болады. |
3 | 480 | Құзыреттердің 3-деңгейінде білім алушылар ақпараттың бірнеше бөлігінің арасындағы арақатынасты анықтап талдау керек. Мәселен, мәтіннің бірнеше бөлігін қосу арқылы басты идеяны анықтау; қарама-қайшы ақпаратпен және оқырманның болжалдарына сәйкес |
| | келмейтін мәтінді ұғып алу; жалпыға танымал, күнделікті білім негізінде мәтінді түсінетінін көрсету керек. 3-деңгейдегі оқырмандар мәтіннің үзіндісі немесе мәтіндердің шағын жиынтығы туралы ойлана алады. Сонымен қатар анық ақпарат негізінде бірнеше автордың көзқарастарын салыстыра алады және қарсы қойып салыстыра алады. Кейбір рефлексивті тапсырмалар оқырмандардан таныс тақырыпқа қатысты мәтін үзіндісін егжей-тегжейлі түсінуді талап етсе, ал басқалары аса таныс емес мәтіннен негізгі түсінікті қажет етеді. 3-деңгейдің міндеттері оқырманнан ақпаратты салыстыру, сәйкестендіру немесе категорияларға жіктеу кезінде көптеген ерекшелікті ескеруді талап етеді. Қажетті ақпарат көбінесе жасырын тұрады немесе басқа ақпараттың едәуір бөлігінде қамтылуы мүмкін. |
2 | 407 | Бұл деңгейдің тапсырмаларын орындай алмайтын білім алушылар функционалдық тұрғыдан сауатсыз деп саналады. Олар мәтіндегі басты идеяны анықтау керек, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну керек. Мәтіннің бір ерекшелігіне негізделген кереғарлықты салыстыру және анықтау керек. Жеке тәжірибеге және сипатталған шынайылыққа қатысты жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндік біліммен мәтіннің ішіндегі және мәтіннен тыс өзара байланыстарды салыстыру немесе құру керек. 2-деңгейдегі оқырмандар негізгі идеяны орташа көлемдегі мәтін үзіндісінен анықтай алады. Олар ақпарат анық болмаған жағдайда негізгі тұжырымдарды шығару арқылы мәтіннің шектеулі бөлігіндегі мағынаны талқылауы немесе қарым-қатынасты түсінуі керек. 2-деңгейдегі тапсырмалар мәтіннің бір қызметіне негізделген салыстыруларды немесе қарама-қайшылықтарды қамтуы мүмкін. Осы деңгейдегі типтік рефлексивті тапсырмалар оқырмандардан жеке тәжірибесі мен көзқарастарына сүйене отырып, мәтін мен сыртқы білім арасындағы салыстыруды немесе байланыстыруды талап етеді. |
1a | 335 | 1а деңгейіндегі оқырмандар сөйлемдердің немесе қысқа үзінділердің тура мағынасын түсіне алады. Оңай деңгейлердің бірі білім алушылардан мәтіннің мазмұны мен жалпыға мәлім күнделікті тұрмыстағы білімнің арасында байланысты орнатуды талап етеді. Мысалы, мәтіннің басты тақырыбын/таныс тақырыпқа мәтін жазған автордың мақсатын анықтау; оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау. Олар қарапайым кеңестерге негізделген шағын жиынтықтан тиісті бетті таңдап, қысқа мәтіндерден бір немесе бірнеше тәуелсіз ақпаратты таба алады. Осы деңгейдегі тапсырмалардың көпшілігінде не істеу керек, оны қалай жасау керек және мәтінде (-дерде) оқырмандар назарын неге аударуы керектігі туралы нақты нұсқаулар бар. |
1b | 262 | Оқырмандар 1b деңгейінде қарапайым сөйлемнің тура мағынасын бағалай алады. Сұрақ пен/немесе мәтіндердегі ақпараттың біріккен бөліктері арасын қарапайым түрде байланыстырып, мәтіннің тура мағынасын түсіндіріп бере алады. Бұл деңгейде оқырмандар бір сөйлемде, қысқа мәтінде немесе қарапайым тізімде нақты көрсетілген, анық бір үзіндіні тауып, мұқият оқиды. Айқын нұсқаулары бар қарапайым қолдау негізінде аз ғана жиынтық мәтіннің ішінен тиісті ақпаратты тауып ала алады. 1b деңгейіндегі тапсырмалар мәтін мен тапсырмадағы сәйкес факторларды оқырманның қарастыруын талап етеді. Бұл деңгейдегі мәтіндер қысқа болып келеді, әдетте ақпаратты, суреттер немесе таныс символдарды қайталау түрінде қолдау көрсетуге бағытталған. Аз ғана сәйкес ақпараттар беріледі. |
1c | 189 | 1c деңгейіндегі оқырмандар тура мағынасында берілген қысқа, синтаксистік құрылымы қарапайым сөйлемдерді түсініп, растай алады және шектелген уақыт шеңберінде анық, қарапайым мақсатта оқи алады. Бұл деңгейдегі тапсырмалар қарапайым сөздік қор мен синтаксистік құрылымды қамтиды. |
- 1 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 27
кесте. PISA-2018: оқу сауаттылығының сегіз деңгейінің қысқаша сипаттамасы
күрделілік деңгейінде оқушылар білім алу үшін және кең ауқымдағы тәжірибелік міндеттерді шеші үшін оқу дағдыларын қолдану қабілеттерін көрсетеді. Оқудың 2- деңгейіне жете алмаған оқушылар өздеріне таныс емес немесе көлемі мен күрелілігі біршама қиын материалмен жұмыс жасағанда қиналады. Әдетте оларға мәтімен жұмыс жасағанға дейін нұсқаулық беріп, қолдау көрсету қажет болады. БҰҰ ЦУР шеңберінде 2-
деңгейдегі дағдылар «ең төменгі дағдылар» деңгейі деп анықталған, оған орта білім беру сатысын аяқтап қалған оқушылардың барлығы қол жеткізу керек (OECD, 2019[1]).
Қазақстандық оқушылар толық жауап беру үшін мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, қолдану біліктерін көрсете алмады.
Осы немесе басқа да деңгейлерге жеткен қатысушылардың барлық пайызына неғұрлым күрделі деңгейлердің тапсырмаларын орындау нәтижелері де қосылады.
Мысалы, орта деңгейдегі 3-деңгейдің тапсырмаларын орындаған қазақстандық
оқушылардың 25,2%-на 4 пен 5-деңгейлерге жеткен оқушылардың да үлесі қосылған.
-
тапсырма
Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
-
2018 жылғы PISA оқу сауаттылығының ерекшелігі – ең төменгі жетістік деңгейін көрсеткен оқушылардың орындай алған дағдылары нақты көрсетілді.