Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 60

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тілі» оқу бағдарламасының аясында «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігін дамыту


Күтілетіннәтижелер

(PISAбағдарламасынасәйкес)

Оқубағдарламасындағыоқумақсаттары

1-кесте. «Мәтінді интепретациялау» құзыретілігі бойынша күтілетін нәтижелер мен оқу мақсаттарының байланысы


  • Мәтіндегі қарама-қайшы ақпараттарды табу;

  • Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін

дәлелдеу
8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқулық мазмұнында жоғарыда берілген оқу мақсаттарына жету үшін ұсынылған тапсырмаларды назарларыңызға ұсынайық.

«Түрлі дереккөздерден Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері туралы зерттеу жұмысын жүргізіңдер» деген тапсырманы 8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия,

газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасауды оқу мақсатына жетуде пайдалануға болады, ол PISA күтілетін нәтижесінде «Мәтін тезисі мен автордың қорытынды
шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеуге» негіз болады (5- тапсырма, 20-бет).

«Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Құрылымы мен рәсімделуі арқылы екі мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін анықтаңыз» деген тапсырманы алатын

болсақ, 8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау оқу мақсатына сәйкес келеді. «Мәтіндегі қарама-қайшы ақпараттарды табу» нәтижесін қалыптастыруға септігі тиеді (1-тапсырма, 21-бет).

«Кестеде берілген ақпаратты мәтіннің кіріспе бөлімі ретінде алып, мәтінмен байланыстырып оқыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз» деген тапсырма арқылы оқушылар аралас мәтін типімен жұмыс істей отырып, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау мақсатына қол жеткізеді. Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу нәтижесіне

мүмкіндік жасайды (1-тапсырма, 25-бет).

«Мәтінді оқып, билерге тән қасиеттерді «Кластер» әдісімен талдаңыз. Мәтіннің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), жанрын анықтаңыз» деген тапсырмаға зер салсақ, 8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау мақсатын жүзеге асыру жолын аңғарамыз, оны мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу нәтижесімен байланыстыруға болады.

«Өлеңді оқып, автордың қазақ халқына берген сипаттамасын диаграммаға салыңыз. 1-тапсырманы орындау барысында өзіңіз дайындаған

сипаттамамен салыстырыңыз. Сәйкес тұстары бар ма? Авторын анықтаңыз» деген тапсырма 9-сыныптың «Қазақ тілі»

оқулығында

ұсынылған екен. 8-сыныпқа қарағанда тапсырма күрделенді. Оқу мақсатына келетін болсақ, 9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау мақсатына келеді. Мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу нәтижесімен байланысын аңғарамыз (10-тапсырма, 14-бет).

«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты


9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау оқу мақсатына жетудегі алғашқы қадам болады (3-тапсырма, 23-бет).

«Мәтіндегі жаһандануға қатысты бейтаныс термин сөздердің мағынасын жазыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз. Ол үшін тілдік құралдарға сүйеніп, өз ойыңызды дәлелдеңіз» деген тапсырма да осы оқу мақсатына жетуге ықпал етеді. Бұл жұмыстар «мәтін тезисі мен автордың қорытынды шешімдерін тауып, тезис деректерін дәлелдеу» нәтижесіне жетуге мүмкіндік береді (5- тапсырма, 32-бет).

«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға


арналған ұсыныстар

Интепретацияға арналған тапсырмаларда оқушылар оқыған мәтінді терең және толық түсінгендерін көрсете алулары керек. Бір қарағанда өзара

байланыс жоқ сияқты болып көрінетін мәтін бөліктерінің арасындағы байланыстарды анықтай алуы қажет.

Біріктіру және интерпретация мәтіннің нақты мағынасын ашу мақсатында оқылатын ақпаратты өңдеуді қамтиды.

Біріктіру мәтіннің нақтылығын көрсетуге және түсіндіруге бағытталған. Ол қатар тұрған сөйлемдер арасындағы байланысты анықтаудан бастап, бірнеше параграф арасындағы байланысты және бірнеше мәтін арасындағы байланысты анықтауды қарастырады. Ұқсастықтар мен ерекшеліктерге сілтеме жасауға, салыстыруға, себеп-салдарлық
байланысты түсінуге негізделеді.

Интепретация оқырмандардан оқыған ақпараттан толық әрі нақты түсінік алуды, түсініктерін дамытуды, бастапқы жалпы көзқарастарын кеңейтуді талап етеді. Бұл санаттағы тапсырмалардың көбі логикалық түсінікті талап етеді.
Біріктіруде,интерпретациядакеңтүсінікқалыптастырудыталап
етеді.

Мәтінге интепретация жасаумен байланысты дағдыларды дамыту үшін оқушыларға келесідей тапсырмалар ұсынған жөн:


  • мәтіннен қажет ақпаратты табу;

  • мәтіннің атауын түсіндіру (пікір білдіру);

  • мәтіннің негізгі ойын (идеясын) анықтау;

  • негізді ойды беріп тұрған сөйлемді мәтіннен табу;

  • мәтінде берілген әртүрлі ақпаратты салыстыру немесе қарама- қайшылықтарды анықтау;

  • автор ұсынған ойға дәлелдер табу;

  • автордың мақсаты туралы қорытынды шығару;

  • өз көзқарасын дәлелдеу үшін мәтіннен алынған ақпаратты қолдану;

  • мәтін бөліктері немесе екі (бірнеше) мәтін арасындағы мағыналық байланыстарды анықтау;

  • мәтін бөлігін оның идеясымен байланыстыру;

  • мәтінді талдау негізінде қорытынды шығару.


Бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындау үшін оқушылар мәтінді зерттей оқу техникасын меңгерулері қажет.

Зерттей оқу мәтінді талдай отырып, оның мән-мағынасын түсінуді көздейді.

Оқу мақсаттарына жету үшін мәтінді интепретациялауға бағытталған төмендегідей белсенді оқу стратегияларын қолдануға болады:


  • Графикалық органайзер;

  • Барлық факторды қарастыр;

  • Бұрыш;

  • Ромб;

  • Өнер шиыршығы;

  • Кластер.