Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 74

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
арттыру бойынша қысқамерзімді курс бағдарламасының талаптарына сәйкес мақұлдау процедурасы.

3-бөлім. Бағдарлама тақырыбы



Педагогтарға арналған онлайн курстың білім беру бағдарламасы (әрі қарай бағдарлама) тақырыбы – «Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту».

4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеті және одан күтетін нәтиже



Бағдарламаның мақсаты – орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары педагогтарының PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Бағдарлама міндеттері:

  1. PISA зерттеуіне қатысатын оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау форматымен таныстыру;

  2. PISA халықаралық зерттеуінің негізгі және инновациялық бағыттарының өзара байланысы мен құрылымын көрсету;

  3. Оқушыларды бағалаудың халықаралық бағдарламасы аясында функционалды деңгейді анықтауға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу және орындау бойынша педагогтың практикалық дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру;

  4. PISA зерттеуінің балама тапсырмаларын бағалауды үйрету;

  5. Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға арналған педагогикалық әдістер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету.



Күтетін нәтиже:



Онлайн курсты аяқтағанда, педагогтар:

  1. PISA зерттеуіне қатысатын оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың бағыттарын, форматын және принципін өзінің бейіндік бағыты бойынша;

PISA тапсырмаларын бағалау ерекшеліктерін біледі;

  1. PISA зерттеуіне қатысатын оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың құрылымын зерттеу бағыты тұрғысынан талдауға; PISA зерттеуінің балама тапсырмаларын бағалауға қабілетті болады;

  2. – PISA тапсырмаларын әзірлеу және орындау бойынша практикалық дағдылар мен қабілеттерге ие болады;

  3. оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған педагогикалық әдістер мен оқу материалдарын қолдануға әзірлікті көрсетеді.




5-бөлім. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



Бұл бағдарламаның мазмұны өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге, яғни

оқушылардың функционалды сауаттылығын PISA халықаралық зерттеуінің талаптарына сәйкес арттыруға, PISA зерттеуінің балама тапсырмаларын әзірлеуде, сабақ барысында пайдалануда және бағалауда педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама құрылымы бойынша аралас келіп, оқудың төрт сатысынан тұрады:

    • бірінші саты «Негізгі модуль» (өз бетінше оқу, 2 сағат);

    • екінші саты «Инновациялық модуль» (интеграцияланған оқу, 8 сағат); - үшінші саты

«Кәсіби модуль» (интеграцияланған оқу), мұны оқыту үш негізгі бағытта жүргізіледі:

  1. Оқу сауаттылығы 32 сағат;

  2. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 40 сағат;

  3. Математикалық сауаттылық 44 сағат.

    • төртінші саты курс тыңдаушылары мен олардың басшылығының қалауы бойынша 10 күннен 30 күнге дейін.

Онлайн оқыту процесі бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.

Оқу-тақырыптық жоспар



* PISА халықаралық зерттеуінің негізгі бағыттары:

ОС оқу сауаттылығы;

ЖҒС – жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;МС – математикалық сауаттылық.

6-бөлім. Оқу процесін ұйымдастыру



Бағдарлама бойынша оқу процесін ұйымдастыру курсты қашықтан өтуді, сондай-ақ тыңдаушының өзіндік жұмысын қарастырады.

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін бағдарлама инновациялық білім беру технологиясы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бағалау, оқыту және бақылау формалары мен әдіс-тәсілдері негізінде жүзеге асырылады.

Бағдарлама кері байланыс пен рефлексияны, сондай-ақ оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдануды қамтиды.

7-бөлім. Бағдарламаның оқу-әдістемелік құрал-жабдықтары



Бағдарламаның оқу-әдістемелік құрал-жабдықтары цифрлы платформада ұсынылған, ол теориялық материал (бейнесабақтар, презентациялар және т.б. материалдар) мен өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалардан (бағыттар бойынша тапсырма, онлайн жаттықтырғыш) тұрады.

8-бөлім. Оқыту нәтижелерін бағалау



Бағдарлама аясында білімді бағалау мен бақылау формасы оқыту және бағалау

процестерін интеграциялау жүйесі бойынша жүргізіледі. Курстық оқыту процесінде алған білім мен меңгерген материалдар деңгейін анықтау мақсатында педагогтарды бағалау жүргізіледі. Тыңдаушының белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларға сәйкес

кәсіби білімін, қабілеттерін және дағдыларын
қалыптастыру үшін аталмыш бағдарлама аясында педагогтар үшін тест түріндегі суммативті бағалау ұйымдастырылады.

Оқытудың үш сатысынан сәтті өткен соң, тыңдаушыға нақты уақыт режимінде онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылады.

Бағдарламаның төртінші сатысында педагогтар:

    • өздерінің басшылығы мен оқушыларға PISA халықаралық зерттеуін өткізудің маңызы мен форматын түсіндіреді;

    • өз сабақтарында PISA-ға ұқсас тапсырмаларды қолданады;

    • оқушыларға курс-практикумдар негізінде өздері өткен барлық материалды түсіндіреді;

    • оқушыларға онлайн жаттықтырғышта тапсырмаларды орындау үшін жағдай жасайды;

    • білім беру ұйымы, өңір деңгейінде PISA халықаралық зерттеуіне дайындық процесіне, сондай-ақ оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мен оны бағалауға бағытталған басқа да іс-шараларға қатысады;

Тыңдаушылардың білімі, қабілеттері және кәсіби құзыреттілігі қаншалықты деңгейде қалыптасқанын анықтау үшін бағалау критерийлері қолданылады.