Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

рост и повысят качество обучения детей.

Отмечается реализация Послания и в других направлениях.

Начал свою работу Национальный совет общественного доверия, в состав которого вошли известные общественные деятели, независимые эксперты. Национальный совет в настоящее время уже собрал предложения гражданского сектора, касающиеся изменений в законодательстве относительно мирных собраний и митингов, идет обсуждение наиболее актуальных проблем в политической, социальной и экономической сферах. В русле выполнения поручений, направленных на защиту прав граждан Казахстана, проводится работа по предупреждению социальной напряженности и недопущению нарушений со стороны предприятий, привлекающих иностранную рабочую силу.

На данный момент решаются вопросы по решению ряду замечаний по поводу дороговизны и дефицита билетов на железнодорожные и авиационные билеты, указанных в Послании Касым-Жомарта Токаева. Проводится работа по решению проблемы дефицита кадров на сельском уровне, в плановом порядке решается вопрос обеспечения населения жильем.

В своем Послании Президент отдельно остановился на земельном вопросе, волнующем казахстанское общество.«Как Глава государства еще раз заявляю: наша земля продаваться иностранцам не будет.Мы этого не допустим.В этом вопросе нужно прекратить все домыслы. При этом наша задача-обеспечить эффективное использование земель»,–сказал К. Токаев.

Правительством проводится работа по упрощению порядка предоставления земельных
участков путем автоматизации данных процессов.

Таким образом, в Послании Президента поставлены конкретные задачи и предложены актуальные пути их решения, которые четко продуманы, выверены временем и заставляют задуматься каждого жителя страны.

Несомненно, все мы понимаем, что для реализации намеченного плана в Послании Президента потребуется принять ряд законодательных актов, в которых должны быть отражены реалии общества современного этапа политического, экономического и социального развития Казахстана.


6



???? Латын әліпбиіне көшу-жаңғыру негізі ????


ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Торебекова Э.А.


«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалыАтырау облысы филиалы ПҚБАИкафедрамеңгерушісі

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдардағы міндеттердің ішіндегі маңыздысы, заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобалардың бірі-қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру қажеттігін атап көрсетіп, «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әдебиетімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады»,-деген болатын.

Осыдан бастау алған бағалы бастама қазақ тілінің тазалығы үшін аса қажетті реформа, әлемдік өркениетке ілесу, сондай-ақ ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін қамтамасыз ететін бірегей қадам ретінде көпшілік тарапынан кең қолдау тауып, жүзеге асыру шаралары атқарылуда. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі - рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам»,-деді. Мемлекет басшысының айтуынша, латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. «Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ, қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану барысындағы артықшылықтар мен олқылықтар
ескеріледі»,-деп, кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес екенін атап өтті.

Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.


7

Әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретінде экономикалық, ғылыми, мәдени және адами әлеуеті мол Қазақстанның болашақтағы дамуы жаһандану үрдісіне, өз бет- бейнесін сақтай отырып, тереңдей, кең ауқыммен енуіне және рухани жаңғыруына байланысты. Қазақ жазуының жаңа әліпбиге көшуін Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен жалпыадамзаттық өркениетке үлес қосқан қазақ мәдениетінің озық үлгілерін сақтай отырып, елдің рухани жаңғыруы, қазіргі жаһандану үрдісіне тереңдеп, әрі ауқымды түрде ену тұрғысынан қарастыру қажет. Елбасының жаһандық бәсекеге қабілетті ұлт болудың, үшінші технологиялық жаңғыруына көшудің, яғни ақпараттық және коммуникациялық байланыс технологиялары, оның ішінде, жаппай компьютерлендіру, интернет, ұялы телефон жүйесі, жерсеріктік теледидар т.б. жаһандану үрдісінің технологиялық негізі болып саналады. Аталған технологиялардың ұдайы әрі кеңінен тарауы латын графикасының бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте басым орынға ие болуына алып келері анық. Латын графикасы қазіргі әлемде ең кеңінен қолданылатын жүйе болып табылады. Қазақ жазуының латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшуі, біріншіден, ұлттың рухани жаңғыруына жағдай жасайды: қазақ тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтауға, тілдің иммундық тетіктерін жаңғыртуға, қайта іске қосуға, екіншіден, қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке тиімді түрде енуінің алғышарттарын қалыптастырса, үшіншіден, Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік жасайды.

Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы маңызы орасан. Қазіргі таңда, қазақ тілі қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудың
басты факторы ретінде қарастырылады. Тілдің басқа да қырларының аса қажеттілігін мойындай отырып, жазудың ой мазмұнының графикалық таңба ретінде жеткізу жолдарының бірі екендігін естен шығармау қажет. Жазу ой мен сезімді объективтендіруде, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесінде де өзіндік дербес мәнге ие. Көптеген халықтар үшін олардың жазу ұлттық мәдениет пен бірегейліктің ең басты элементі болып табылады. Бірқатар әлем ұлттарының, соның ішінде түркі елдерінің іс-тәжірибелері, жазудың ауысуы біртұтас ұлттық бірегейліктің алмасуында шешуші қадамдарының бірі екенін көрсетеді. Қазақтың ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мен нығайтуда жалпымемлекеттік бірегейлік сәйкестігінің маңызы орасан. Қазақтың ұлттық сана-сезімінде жалпымемлекеттік бірегейлік мәдени, тарихи, тіл және т.б. қатынастарда қайталанбас мән-мазмұнға ие. Бұл фактіні сезіну қазақтардың 1980-1990 жылдардың басындағы ұлттық рухының ояну үрдісінде маңызды рөл атқарып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетінің құрылуына себеп болды. Қазақтардың ұлттық бірегейлігі үнемі қолдау тауып отыруы қажет, өйтпеген жағдайда, ұлттық санада басқа бірегейліктердің басым орын алып, қазақтардың ұлттық бірегейлігіне теріс ықпал етуі мүмкін. Қазақ халқының ұлттық бірегейлігін нығайтудың маңызды тетігінің бірі қазақ жазуының латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшуі болып табылмақ. Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру Қазақстан егемендігінің, жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде нығаюының, ұлттық сананың жаңғыруының мықты көрінісі болып саналады. Өткен кезеңдерде қазақ тілінің жазуына сыртқы