Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 108

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

Ол бүгінгі күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқаруда. Марат ағамыздың баласы Отаралиев Абай Гурьев педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып жүрген 90-жылдардың бас кезінде, облыстық ақындар айтысына қатынасып, халықтың зор қошаметіне бөленді. Абай институтты 1994 жылы бітіріп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына аға оқытушы болып қызметке қабылданды.

54




Ал енді, Марат Отаралиевке арналып, оның есімін жас ұрпақ жадында мәңгіге қалдыру мақсатында облысымызда қандай тағылымды шаралар өткеніне тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:

2017 жылы желтоқсанда «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында «Отты өлеңді Отаралиев» тақырыбымен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Марат Отаралиевке арналған поэзиялық кеш өтті. Рухани кешке қаламгердің жұбайы, ұрпақтары, ардагерлер және замандас достары қатынасты. Бұл шарада Марат Отаралиевтің өлеңдері жатқа оқылып, Мараттың замандастары ол туралы естеліктерін айтты. Әндер шырқалды. Атыраулық жас ақындар Марат Отаралиевке өлеңдерін арнады. Ақынның жарық көрген

«Қалампыр», «Көбелек», «Жас дәурен» атты жыр жинақтарының электронды нұсқасы Марат Отаралиев атындағы мектепке табысталды.

2018 жылы қыркүйек айында №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте қос ақын, жуналист Меңдекеш Сатыбалдиев пен Марат Отаралиевті еске алуға арналған «Көңілімде қалды көбірек» тақырыбында поэзия кеші өтті. Шара ақындардың өмір жолын сомдаған көрініспен басталып, оқушылар қаламгерлердің өлеңдерін жатқа оқыды. Талантты тұлғалардың замандастары Төлеген Жаңабай мен Әлібек Қайыров еске алу кешінің арнайы
қонағы болып, Марат Отаралиевтің жұбайы Гүлзада Ахметқалиева ақындар жөнінде өз ой- пікірлерін ортаға салып, естелік әңгімелерін айтты.

Қаламгер ақынның өлеңдерінің сыршыл мінезге бай болуымен қатар өміршеңдігінің сезген жергілікті композитор Жалғас Назаров Марат Отаралиевтің «Анашым» өлеңіне музыка жазды. Сондай-ақ, ақынның «Каспий толқыны», «Ақ жайық» өлеңдеріне Мұхиден Ғаббасов музыка шығарды. Мараттың осы «Ақ жайық» өлеңіне ақынның інісі Қадірбек Отаралиев те музыка жазды.

Бард ақын Табылды Досымов «Марат Отаралиевке» деген атаумен ақынға арнау-өлеңін шығарды. Бұл әнді Аяш Абыл Табылдыұлы орындап жүр.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.«Атырау энциоклапедия» Алматы, «Атамұра» баспасы, 2000. 319-б. 2.«Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті. 1.11. 2013.

  1. «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті. №133. 16.11. 2013. 15-б.

  2. О.Ф.Райысов, С.С.Әжікен «Атырау-әнім» (Әндер жинағы), Алматы, «Өлке» баспасы, 2000. 18-19, 82-85, 138-139 бб.

  3. Adebi portal kz


ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Куракбаева К. К.


Атырауқаласы

М.Әуезоватындағы№7ортамектептіңмұғалімі

Өмір... Қарап отырсақ, өмір өзі қызық. Алла тағала адамның өмірін жылдың төрт мезгілге бөліп қойған тәрізді. Балалық шақ - көктем, жастық шақ- күз, егде жасқа келген шақ- күз, ал қарттық- қыс. Ұлы жазушы Сәбит Мұқанов: «Жастық шағың- жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі»,-деп қалай тамаша айтқан. Осы шақ та жастар арман қиялына шарықтап, болашаққа жоспар құра бастайды.

Бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай? Бұл сұрақтың жауабына мен:

«Жастардың белсенділігі-өте күшті, тіпті керемет»,-деп айта аламын. Жастардың көпшілігінің санасы сергек, жоғарғы технологияларды меңгерген, жаңа ұрпақ тізімін құру мақсатында, жастардың қоғамдық және саяси өмірін арттыру аясында еңбек етіп жатыр. Оларды тек жас шыбықты баптағандай, жайқалып, түзу өсуіне жағдай жасау керек. Сонымен қатар қанаттары енді ғана беки бастаған жастарға ақылгөй ел ағалары жол көрсетіп, ел


55




саясатына араласуға мүмкіндіктер жасаған абзал. Ә.Нұршайықов атамыз: «Қарт болдың, қарызды болдың. Жастарға ақыл айту-қарыз, өнеге үйрету-парыз, тәжірибе ұқтыру-міндет. Бұл үшеуін айтпаса- қарт кінәлі, ұқпаса-жастар кінәлі»,- деген екен. Ендеше үлкендер өз жолымызды білгеніміз абзал. Егеменді еліміздің арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады. Олардың бойын өмірде адам бойына енуге құмар жаманшылықтардан сақтауымыз дұрыс. Адамның жамандыққа бойы бір үйренсе,
арылуы қиын.

Сол жамандықтың бірішісі: Батыс елдерінің арзан құндылықтарына еліктеуші жастар қатары көбейіп келеді. Оған көрініс ретінде жастарымыздың көп уақыттарын түнгі клуб, ойын-сауық орталықтарында өткізулері, ашы-шашық киінуі деп атап өткім келеді.

Екіншісі:өз тілін құрметтемеуі. Өзге тілде таза сөйлеп, қазақ тілін білмеуі. Бұдан өткен сорақылық жоқ шығар?! Авар халқының ұлы ақыны Р.Ғамзатов: «Тілім менің тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар»,- деп тамаша айтқан емес пе? Қалай ғана жүрегің ауырмайды? Мен түсінемін. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев: «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор.

Бірақ ол «өз тіліңді құрметтеме» деген емес қой?! Үш тілде де сайрап тұрған жастарды көргенде төбең, әрине, көкке бір елі ғана жетпей қалады. Міне, білімді, саналы, парасатты жастар осындай болмақ керек.

Үшіншісі: көптеген жастар заман талабына сай интернет желісі аркылы білім алуды жақсы көреді. Пайдасынан зияны көп әлеуметтік желілерге өз уақыттарын зая кетіріп жатады. Абай атамыз: «Артық білім кітапта, ерінбе оқып, көруге»,- деп кітаппен білім ізденудің артықшылығын атап көрсетті емес пе?!Осы үш жаманшылықтан ада жастар ғана, жарқын болашақ жасамақ.

Өмірдің биік белестері, асу шыңдарын бағындыру -еңбектің арқасында ғана жүзеге асады. Оған дәлел «Ерінбегеннің еңбегі жанар» деген Майлықожа Сұлтанқожаұлының сөзі.
Еңбектің, тапқан табыстың адалы мен арамы болады. Абай атамыз: «Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйікті құлы боласың»,- деп екеуінің аражігін ажыратып берді емес пе? Ендеше жастарымыз еңбекті бағаласын деп тілейміз.

Жастар, жалынды жастар, жас өрені халқымның! «Өмір» атты өзеннің желкенді кемесінің командирлері! Алла ғұмыр берсе, әлі талай сынақ, кедергілерді бастан өткересіңдер. Аяқтарыңды шалыс баспай, әрбір әрекеттеріңе, қадамдарыңа абай болыңдаршы. Адам жас кезінде бейне бір мәңгілік жас болардай сезімде болады ғой. Сендер жарқын болашаққа жол ашар, ертеңгі күні жемісін көрер іс атқарғандарың абзал. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күштеріңді салыңдар! Қазақстанның мәртебесі әрқашан биік болсын!


56