Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

табылады.

Балалар көп ретте бiр кейiпкердiң жақсы, ал екiншi бiреуiнiң жаман екенiн дәлелдеп, негiздей алмайды, бiрақ мұны жақсы сезiне алады. Сондықтан да мұғалiм шығармадағы кейiпкерлер қылықтарының адамгершiлiк жақтарын талқыламас бұрын балалардың әдеби

22




бейнелердi дұрыс та терең түсiнгендiгiне, оларға және шығармада суреттелген оқиғаларға қарым-қатынастарын толық бастан кешiргендiктерiне көз жеткiзiп алу керек.

Тәжiрибелi мұғалiмдер бiрiншi сыныптағы алғашқы сабақтарда әдетте балалардың мектепке дайындық дәрежесiн, сөз сөйлеуiн, қабiлет дайындық дәрежесiн, тәртiбiндегi кейбiр ерекшелiктердi, бiрiншi сыныптан келерге бейiм екендiктерiн анықтайтын әңгiмелер өткiзiп отырады. Бұдан кейiнгi сыныптарда мұндай еркiн әңгiмелер каникулдан кейiн, экскурсиялардан соң, тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады.

Мұғалiм мұндай әңгiмелер кезiнде балалардың жексенбi күнi немен шұғылданғанын жаз бойында нендей жаңалықтармен танысқанын тағы басқаларды анықтайды. Мұғалiм мұндай әңгiмелердi, бiрiншi жағынан оқушылардың даму дәрежесiн, олардың бағдарламаны игеру барысының қандай тұрғыда екенiн анықтау үшiн пайдаланса, екiншi жағынан бұлардың тәрбиелiк маңызы зор. Сол арқылы балалардың ойындағыларын, өздерiн нелер толғандырып, нелер қызықтырып жүргенiн айтуына жағдай жасалады.

Сабақтың тәрбиелiк мәнi көп ретте оның қалай құрылатынына байланысты болады. Оқу материалының мазмұны бiрдей болғанның өзiнде мұғалiм пайдаланатын әдiстерге байланысты сабақтың тәрбиелiк тиiмдiлiгi әр түрлi болуы мүмкiн.

Мұғалiм өзiнiң ойланып қойылған сұрақтары арқылы балалардың белсендiлiгiне олардың ой-пiкiрiне бағыт берiп отырады. Оқыту iсі осылай
ұйымдастырылған жағдайларда әр оқушының бiр құбылысты өзiндiк ерекшелiктерiне орай әр түрлi жолмен қабылдауына жол ашылады. Балалар көргендерiн талқыға салады.

Балалар үшiн мұндай әңгiме қызықты бәрiнiң де айтып қалғысы келедi, енжары жоқ. Кейбiреулерi бiрнеше реттен әңгiмелеп бередi. Мұндай сабақтың балаларға тәрбиелiк терең әсер ететiндiгi сөзсiз. Балалардың бойында өзiнiң көргендерiн, өзiн қызықтырған жайларды сыныпта өз жолдастарына, мұғалiмiне айтып беруге деген қажеттiлiк туады.

Мұндай сабақтардың оқушылардың болашақ өмiрiне де әсерi күштi болады.

Мұғалiм сабақ үстiнде балалардың белгiлi бiр фактiлер төңiрегiнде ой толғауына, туындаған сұрақтарға өз беттерiмен жауап iздеуiне, жолдастарымен пiкiр таласы үстiнде өз пiкiрiн өрбiтуiне жағдай жасайды, олардың көп болып күш салып қорғауға мүмкiндiк бергенде олардың ақылдылық, сыншылдық, сияқты жеке басының аса бағалы қасиеттерiнiң дамуына жол ашады.

Балалар оқуға қалай болса солай енжар қарайтын сыныптар жайлы естуге болады. Ал төменгi сынып оқушылары табиғатынан бiлуге ынтазар келедi.

Балалардың бойында оқуға деген ынта-ықыласты тәрбиелеу олардың белсендiлiгiне жол ашумен сөз етiп отырған жайға ынтықтырумен тығыз байланысты.

Мұғалiм балалардың айтқандарына, қойған сұрақтарына шындап құлақ асады. Ол балаларды сұрақты ойластырып қоя бiлуге тиiстi жауапты асықпай бередi. Қойылған сұраққа берiлуге тиiстi жауапты асықпай бередi. Қойылған сұраққа берiлуге тиiстi жауапты балалардың өздерi iздестiредi, ал мұғалiм оларды дұрыс жолға салып отырады. Балалардың бiлуге деген құштарлығын ояту мен оны нығайтып отыру үшiн сабақтың қиындық дәрежесi мен оның жүргiзiлу қарқыны да өте маңызды.

Сыныпта таным қуанышы,
жаңалық ашу қуанышы, ұжымдық және топтық ой-толғам жұмысынан оқушылар мотивация алатын жағдай жасау оқушының жеке басына оқытудың игiлiктi тәрбиелiк әсер етуiне қажеттi шарт болып саналады. Бастауыш сыныпта тәрбие беру сабақтан тыс шараларда көрініс табады.

Төменгi сыныптарда сабақтан тыс жұмыстар бiрiншiден, оқу iсiмен тiкелей байланыста жүргiзiлсе ғана сәттi болады, өйткенi бiрiншi сынып оқушылары тек оқуды ғана ең маңызды және ең мәндi деп есептейді. Екiншiден, сабақтан тыс жұмыс алғашқы кезде өзiнiң формасы жағынан сыныптағы оқу жұмысы сияқты нақты дәл ұйымдастырылған болса ғана сәттi болады.


23




Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесiз берген бiлiмнiң күнi қараң»-деген. Сондықтан бүгiнгi ұрпақтарға бiлiм–ғылым нәрiн берумен қатар, өз халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретiп, игертудiң мәнi зор деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. О.С.Багданова, В.И.Петрова «Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысының әдістемесі». 2.С. Ғаббасов «Iзгiлiк әлiпесi» Алматы. Мектеп. 1998.


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ


Нұрғалиева А.Т. Атырау облысыҚызылқоғаауданы

Кенбайортамектебініңтарихпәнімұғалімі
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемесі мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын мұғалімнің жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз ізденіс, сапалы нәтиже ұстаз еңбегінің жемісі болмақ. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден арылуға қабілетті, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды талап етеді. Бұрын оқу үрдісінде мұғалімнің орны оқушы ролінен жоғары болса, ал қазір жаңашыл білім беру кезеңінде оқушы жоғары белсенділік танытуы керек. Яғни, мұғалім бағыт беруші, жол сілтеуші, ал оқушы мұғалімнің жетегіндегі өз бетінше білім алушы болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуге өтуіміз керек. Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын» деп атап көрсеткен болатын.


24

ҚР «Білім туралы» заңында да мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Сондықтан да әрбір білім алушы оқушыны біз, мұғалімдер қауымы, жеке тұлға деп қабылдай отырып, оның бойындағы қабілетін, дарындылығын аша білуге міндеттіміз. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту- бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әрбір оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқалардан аздап ақсауы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттері айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы белгілі себептермен көрінбеуі мүмкін. Сондықтан мұғалім бұл тұрғыда үлкен психолог да болуы керек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық талапқа сай оқушының жеке ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеуді, шығармашылық ғылыми ізденісінде өзіндік дамуын назарда ұстауы, оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беруді әрбір мұғалім алдына басты міндет етіп қойғаны абзал. Өйткені ғылыми жобалар баланың ізденіп көп оқуын, тілінің байып, қиялының ұшталуын, өз ойын түйіндей білуін, байқампаздығын арттыратынын байқауға болады. Оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуда өзіндік жұмыстардың маңызы зор. Өзіндік жұмыста оқушы: істейтін жұмысының мақсатын біледі,


жұмысын нәтижелі аяқтауға тырысады, тапсырманы қызығушылықпен орындайды. Мұғалім нақты тапсырмалар береді: тарихи оқиғаны мазмұндау, сөздікпен жұмыс, сөзжұмбақ, тарихи басқатырғыш, анаграмма шешу т.б. Шығармашылық бағытта белгілі тақырыпқа мәнжазба жазу, өлең құрастыру. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеу оның белсенді жағдайға қоятын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру үшін әр түрлі әдістерді пайдаланамын. Мысалы, «Даналық ағашы», оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады, әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болады, оған оқушылар кезегімен сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

«Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойыны, жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың портреттері жапсырылған. Оқушылар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы ролін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды т.б.естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 миуттан аспайды. Өз командасын топтың бір адамы қорғайды.

«Семинарлық сабақ» оқыта үйрену ойыны:


    1. Даярлық бөлімі. Жүргізуші мұғалім оқушыларға семинарлық сабақ туралы бірнеше күн бұрын айтып, тақырыбын, сұрақтарын береді. Оқушылар тақырып бойынша қосымша материалдар дайындайды, мерзімді баспасөзді оқиды, алынған ақпаратты талдайды.