Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 113

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді.

Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат ету маңызды. Бұл орайда, ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан жастардың рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа,ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын

–нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін

–көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б.

Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіргенде бірлескен жұмыстың нәтижесі болмақ. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады.Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық үдерістің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу,қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму
тенденцияларын


49




түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа тәжірибелік тұрғыдан дайын болуы.

Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру ұйымдарына қойылатын басты талаптарда көрсетілген. Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру үдерісі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие үдерісінде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді және дамытады, осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады.

Қазіргі адамзат баласы бастан кешіріп отырған тез арадағы өзгермелілік, ғаламдану, коммуникациялық құралдардың қарқынды даму дәуірі өмір салтын, қарым-қатынас пен ойлауды өзгертуге әкелді. Ал мұның
өзі игіліктерге қол жеткізудің жаңаша әдіс-тәсілдерін ашуға мүмкіндіктер береді. Мұндай жағдай адам интеллектісін, оның қабілетін қайта жасаушы, жасампаздық әрекеттерге бағыттайды. Ендеше жеке тұлға өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге бейімделіп қана қоймай, шынайы өмірге белсенді ықпал ете алатын, өмірді жақсартуға,кемелдендіруге атсалысатын тұлға болуы тиіс. Өзімізден кейінгі ұрпақты қайтсек жаман әдет-қылықтан аулақ қылып, рухани- адамгершілік қасиеті жоғары, рухани-адамгершілік білім нәрімен сусындаған әр адам өзін, өзі арқылы өзгені тануда мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл-ойы толысқан, бойында

«ұят», «ар», «намыс» секілді қасиетті ұғымдардың қалыптасуымен ізгі қоғам құруға қатыса алады. Білімді, тәлімді азаматтар тәрбиелейміз десек, оған қоғам болып атсалысуымыз қажет, әрбір қазақстандық тұрғынды қазіргі өсіп келе жатқан жастардың ой-талғамы, өрескел әдет-қылығы бейжай қалдырмауы керек.

Пайдаланылған әдебиет:


1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А. «Рауан», 1998.


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Кадашаева С.С.


Атырауқаласы

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналғанмамандандырылған№30мектепгимназиясыныңжоғарысанатты

бастауышсыныпмұғалімі
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп табалдырығындағы бүлдіршіндер десек, оларға жан-жақты заман талабына сай білімді, мәдениетті адамзат етіп шығару ұстаздар алдындағы зор міндет екені айтпаса да түсінікті. Олай болса әрбір ұстаз өзін, әр бала үшін болашақ үйдің іргетасын қалап жатқан құрылысшымын деген сезімді бір сәт ойларынан шығармауы тиіс.


50




Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларын оқыту жауапты да күрделі жұмыс. Себебі, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің тәрбиелік деңгейі бірдей емес. Олар әлі кішкентай, оқығаннан гөрі ойнағанды ұнатады. Олармен бірге жұмыс жасау үшін, өзіңді кіші сезініп, солармен бірге бала болуға тура келеді. Онсыз сапалы білім, саналы тәрбие беру мүмкін емес.

Әр баланың бойындағы әртүрлі ерекшеліктерді байқап, оны дәл тауып, әрі қарай дамыту үшін, мұғалімнің бойында төмендегідей қасиеттер болуы шарт:

  • Мұғалімнің ары таза, ұстамды, кешірімшіл болуы керек.

  • Мұғалім өзінің мамандығына сай терең теориялық білімді болуы шарт.

  • Оқушылар арасында беделді, оқушыларға әрдайым әдепті қылықтарды үйретуі шарт.

  • Мұғалім теориялық білімді тәжірибемен тиімді ұштастырып отыруы керек.

  • Ата анамен жұмыста мұғалім жеке басының мәдениетін көрсетуі керек.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық тілін дамыту жұмысы ауызша және жазбаша болып 2 бағытта жүргізіледі.

Тіл дамытудың алғашқы кезеңінде оқушыларды тыңдай білуге үйрету керек. Оқушылар
мұғалімнің әңгімесін тыңдап, оған еліктеп тіл үйренеді. Сондықтан мұғалім қысқа да болса қызықты әсерлі әуенімен, көтеріңкі дауыспен сөйлеген жөн.

Осы орайда шығармашылыққа баулудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай түрлерін айта кеткен жөн:

  • тақырыпты мұғалімге сай жинақтау;

  • пікірталас тудыру;

  • сөзжұмбақ құрастыру;

  • шығарма жазу;

  • әңгіменің ұқсастығын салыстыру;

  • қиялдау арқылы суретін салғызу;

  • мазмұндама жазғызу;

  • өтірік өлең;

  • ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру.

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге ана тілі сабақтарында білік пен дағдыны қалыптастыратын тәсілдердің бірі – тапсырмалар.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамытып, шығармашылыққа жетелейтін, мүмкіндік беретін–жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.Мақал–мәтелдердің тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.

Алған білімдерін қорытындылауға, олардың мағынасын терең түсінуге, талдау, жалпылау ой ұғымдарын іске асырауға көмектеседі.

Халықтың ауыздан ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз, әңгімелердің барлығында жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді қатар қойған. Осы тұста да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқап, одан әрі дамыту үшін мынадай жаттығуларды жасауға болады. «Диалог-ертегі» ойынын жүргізуге болады.

Оқушының ынтасын арттыратын, сөйлеу тілін дамытатын ауызша жұмыстармен бірге, жазба тілін дамыту жұмыстары бір-бірімен алшақтамайды. Осындай жұмыстарды сұрақтар