Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 125

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР




19




-өз бетінше жұмыс істеу біліктілігіне және жағадаяттар ағымына қарай бейімделуге, атап айтқанда, аса қиын проблемаларды шешуге, проблемалары шешу үдерісінде пайда болған жаңа ақпараттарға жауап беруге және бейімделуге үйрету;

-теориялық модельдердің жұмысын түсінуді жақсарту үшін ойындар мен модельдерді қолдану;

-оқушылардың өз тәжірибелерін жобалауы мен жоспарлауы арқылы физикадағы мәселелерді зерттеу;

-физиканың қазіргі заманғы проблемалары туралы (әртүрлі дереккөздерден алынған) ақпаратты сұрыптау және оқушылардың алынған ақпаратты синтездеу, бағалауы мен қорытындылауы;

  • мәшинетану, жылутехника, электротехника мен радиотехника, электроника, аспап жасау сияқты бірқатар техникалық ғылым мен пән мәліметтерін пайдалану;

  • жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау.

Оқушылардың ғылыми ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту физика мұғалімінің маңызды мақсаттарының бірі. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және практикалық ойлау дағдыларын қатар қалыптастырудың маңызы зор. Ғылыми ойлаудың сипаттары зерттеу мақсатын анық белгілеу, ғылыми болжамдар жасау, зерттеу әдістемесін белгілеу, зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау, зерттеу жұмыстарын жасау, алынған нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау болып табылады. Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, физикалық теория негізінде құбылыстарды түсіндіру, шығармашылық таныту, теориялық ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың
ғылыми ойлау дағдыларының дамуына ықпалын тигізеді.

Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету, физикалық эксперименттер жасау, сабақтың ғылымилығын жоғарылату, проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға болады.

Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

  • жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;

  • жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;

•оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен ресімделуіне;

  • білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді біледі және түсінеді [2].

Әрбір мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.

Ертеңгі ел болашағы білім ошағында қалыптасады десек те, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қосымша бағыт-бағдар, қоғамдық ықпалдың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен бірге ілгері дамып келеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас
келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру қажет.


20



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы. // «Егемен Қазақстан» газеті. 27.01.2012.

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. // «Егемен Қазақстан» газеті. http//www.

  3. Өмірбаева К. «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер». 2001 .«Қазақстан мектебі» №2, Алматы қ. 2013.

  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдаламасы; НЗМ,ДББҰ; ПШО, 2016.

  5. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана қ., 2016.

  6. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Бiлiм туралы заңы

  7. Мукушева М.А. «Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламаның ерекшеліктері»,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ


21



????Әдістемелік қоржынға ????



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН


САБАҚ ҮСТIНДЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Акбейсова С.А.


Атырауқаласы

Үштілдеоқытатындарындыбалаларғаарналғанмамандандырылған

30мектепгимназияныңбастауышсыныпмұғалімі,педагог-сарапшы
Сабақ үстiнде белгiлi бiр материалды оқыту арқылы мұғалiмге дидактикалық мiндеттермен бiрге тәрбиелiк мiндеттердi де шешуге тура келедi. Педагогтардың зерттеулерiне қарағанда, оқу материалы мазмұнының тәрбиелiк мәнi арнайы ашылмаған күннiң өзiнде де оқушының сана-сезiмiн қалыптастыруды бағыттауға әсер етедi.

Бастауыш мектептiң жаңа бағдарламаға көшуiне байланысты әрбiр оқу пәнiнiң тәрбиелiк ролi күшейе түстi. Оқулықтардың мазмұны мұғалiмдер сабақ үстiнде оқушылардың сана- сезiмiн, олардың адамгершiлiктің қарапайым нормалары, адамдардың қоғамдық тұрмысының ережелерi жөнiндегi түсiнiктерiн қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын жүргiзуiне керектi материалдар бередi.

Бастауыш мектептiң 1-сынып оқушыларының Абайдың өз сөзiмен айтсақ, «бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген жан құмарының басымдығымен қатар қайратының (ерiк- күшi) әлсiздiгi, әсерленгiштiк пен жақсы оқуға ұмтылуымен қатар бiр нәрсеге ұзақ көңiл қоюының қиындығы, зейiндiлiгi жақсы болғанымен табандылығы нашар. Сол себептi психикасы тұрақсыз, ал бұл бастаған iсiн соңына жеткiзу, әр нәрсенi өз уақытында атқару, асықпай, тиянақты iстеу, өзiн тежеу, артын ойлау, кешiктiрмеу, сабаққа кешiкпеу, үй тапсырмасын уақытылы орындау, мұғалімнің айтқандарын көңiл қойып тыңдау сияқты iс- әрекеттерiне кедергi келтiредi. Мұның барлығы, бiр сөзбен айтқанда – тәртiп
делiнедi.

Осы бағытта оқушылардың бойында тәртiпке бойұсыну сезiмдерi мен дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар тауып пайдалануға болады. Ал екiншi сыныпта оқушылармен жүргiзiлетiн тәрбиелiк жұмыста Абай шығармаларын пайдалану, тәртiпке бойұсынуға тәрбиелеудi жалғастырумен қатар еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау етiп алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, бiлiм алуға әрекеттену, бiлу үшiн шамасының жеткенiнше ұмтылудың өзi еңбек екендiгiн түсiндiру. Сонымен қатар еңбектiң басқа түрлерiмен таныстыру, еңбектенудiң қарапайым жолдарын үйрету, еңбек шарттарын орындауға тәрбиелеу (ұқыпты, жылдам, сапалы т. б.) Мұнда еңбек деген ұғым осы жастағы балалардың жас ерекшелiктерiне сәйкес алынады. Абай шығармаларын еңбек тәрбиесiне қатысты тәрбиелiк iс-шараларды жүзеге асыруда пайдалану мүмкiндiгi көптен берi айтылып келе жатқандықтан, ол ұстаздарға таныс.

Тәрбиелiк тұрғыда аса мазмұнды мәтіндермен байытылған оқу кiтаптарына зор маңыз берген жөн. Оқуға арналған кiтаптарды талдау бұл жайлы растай түседi. Мұғалiмнiң қолында тәрбие мақсатында шебер пайдалана бiлген жағдайда балалардың негiзгi адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастыру жолында тұрақты жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн бай материалдар бар. Оқулықтағы мәтіндерді авторлар осы жастағы балаларға сай iрiктеген. Мәтіндермен жұмыс iстегенде мұғалiм мейлiнше айқын бейнеленген көркем образдарға баса көңiл аударады, әр оқушы оны қабылдай бiлуi, түсiне және сезiне бiлуi керек. Оқушылардың бейнеленген кейiпкерлерге деген сезiм күй әсерлерi олардың адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастырудың негiзi болып