Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 107

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Керейтбай М. И.


Қызылордақаласы

122 ортамектептің мұғалімі

Аңдатпа


Физика пәнін оқытуда жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстыру

Аннотация


Ознакомление с особенностями обновленной образовательной программы в преподавании физики

Annotation


Introduction to the features of the updated educational program in teaching physics
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың

«Қазақстандық жол–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Ел болашағына бағыт-бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Сондықтан да, білім беру жүйесінің сапасын дамыту ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың тұлға ретінде қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін ұстаздарымыз педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеріп, кәсіби дамуының маңызы зор. Әрбір ұстаз үздіксіз ізденуі, сонымен бірге кәсіби білікті маман болуы тиіс.


17




Жаңартылған білім беру мазмұны оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс- тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Яғни, әлем стандартына сай білім беру, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау, тәжірибелік дағдыларды дамыту –функционалдық сауаттылықты арттыру, ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.


Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттырады, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытады. Сонымен қатар ұлттық сананы қалыптастыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.

Физика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады.

Физика табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. «Физика» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты.

Жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

  • пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

-таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

  • білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;

  • бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;


-бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

-оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).

Оқушылардың Әлемдегі жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдау, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру «Физика» пәнінің мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес физика пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

-оқушылардың Әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы білімді алуына, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету;

-оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексиялық мәдениетін дамытуға; физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;

-оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

-алынған дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуге қолдану.


18

Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын педагогикалық әдістемелерінің маңызды зор. Осы орайда, Хэтти (Hattie, 2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланып, 60155 педагогикалық зерттеу жүргізген. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс- тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді

жетілдірмей тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты
реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетіндігіне көз жеткізген.

Білім беру бағдарламасының оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігін, оңтайлы оқу ортасын қалыптастырудың ұсынысын Хименес-Александре (Jiménez-Aleixandre, 2008; Katchevich et al, 2011 сілтемесі) берген болатын:

    1. Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысуы және олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы, бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.

    2. Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.

    3. Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.

    4. Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.

    5. Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі қажет.

    6. Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс.

Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда
білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай

үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек.

Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өзбетінше әрекет етуге бейім, мүддесі мен қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, талдау жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу болып табылады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді

-оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру;

-мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту;

-проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу стратегиясының мысалдарын көрсету;

  • бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;

-зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға артықшылық беру;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;

-жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып, дамытады.

«Физика» пәнін оқытуда қолданылатын мұндай стратегиялардың мысалына төмендегілерді келтіруге болады:

-зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және қорытындылары мен нәтижелерін тәжірибе жүзінде растап отыруды алға тартатын логикалық ойлауды дамыту;