ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 77
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2. PISA бойынша Қазақстанның көрсеткіштері қандай?
2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.
«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға
PISA оқу сауаттылығының «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігі.
Оқушылардың мәтінге интерпретация жасау дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын тапсырмаларды көрсетіңіз.
Ұсынылған қай сөз немесе сөз тіркесі контекстің мазмұнына сай келмейді?
9-бөлім. Курстан кейінгі қолдау
Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау – педагогтың курстан кейінгі қызметін үздікіз бақылап, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби
құзыреттілігін дамытатын іс-шаралар жүйесі. Курстан кейінгі қолдаудың міндеттері:
-
педагог кәсіби құзыреттіліктерінің даму траекториясын кері байланыс механизмдерін (сауалнама жүргізу, рефлексия, бағалау нәтижелері бойынша ұсыныс, инновациялық технологияны Қазақстан Республикасы ТжКБ жүйесіне жататын ұйымдар қызметіне енгізу) қолдана отырып анықтау; -
курс барысында қол жеткізген білімді, қабілеттерді және құзыреттілікті педагогикалық тәжірибеге енгізу бойынша педагог қызметіне әдістемелік және практикалық қолдау
көрсету;
-
озық педагогикалық тәжірибені қолдану және тарату.
Жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы күндізгі, сондай-ақ онлайн және қашықтан оқыту форматындағы бағыттар бойынша бірқатар іс-шара ұйымдастыруды қамтиды:
-
курстан кейінгі қолдау құралдары көмегімен қол жеткізілген ақпаратты жинау, қолдану және талдау:
-
сауалнама әзірлеу; -
фокус-топтағы педагогтармен сұқбат жүргізу; -
курстық оқыту нәтижесі бойынша жиынтық ақпараттық анықтаманы әзірлеу.
-
курста алынған білім мен құзыреттілікті практикада қолдану барысында туған өзекті мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. 3) инновациялық идеяларды
қолдану және тарату, курстан
кейінгі жұмыс кезеңінде қол жеткізілген білім беру технологиясын енгізу бойынша озық педагогикалық тәжірибе алмасу:
-
шеберлік сыныптары; -
семинарлар-тренингтер; -
дөңгелек үстелдер және т.б.
10-бөлім. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған дереккөздер мен ресурстар тізімі:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі №319-III Білім туралы заңы; -
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген ҚР білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№604 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№604 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
№125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы оқушылардың оқу үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестациясын жүргізудің типтік ережелері;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы
№175 бұйрығымен бекітілген Педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасын әзірлеу,
мақұлдау және бекіту ережелері;
Қаржылық сауаттылық (ҚС) – Елеулі құбылыстардың бірқатары әлем жұртшылығының қаржылық сауаттылыққа, әсіресе жас ұрпақ үшін өмірлік маңызды дағды ретінде
қарайтынын байқатады. Олардың кейбірі 2012 жылғы тұжырымдаманы әзірлеу кезінде өзекті болды және әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді; ал енді бір құбылыстар, әсіресе қаржыны цифрландыру соңғы жылдары үлкен мәнге ие бола бастады.
Цифрлық қаржылық қызметтерге электронды ақша, мобильді қаржылық қызметтер, онлайн қаржылық қызметтер, i-teller және кеңседен тыс банк қызметін көрсету секілді цифрлы технологиялар пайдаланылатын кез келген цифрлық қаржылық операциялар жатады.
Қаржылық сауаттылық математика мен оқудағы академиялық көрсеткіштермен өте тығыз байланысты, бұл негізгі пәндер бойынша базалық білім оқушыларға қаржылық проблемаларды шешуде пайдалы болатынын белгілі бір деңгейде көрсетеді
(OECD, 2017 [14]). Алайда қарапайым математика мен оқу сауаттылығы нақты мазмұнды білім бермейді, сондықтан оқушыларға қаржылық сауаттылықты осы салаға қатысты анағұрлым нақтырақ материалдармен арттыруға көмектесу керек.
PISA-ның көп сұрағында әдетте валюта болып ойдан шығарылған зед саналады. PISA сұрақтары көбіне ақша бірлігі зед болып есептелетін, ойдан шығарылған Зедланд елінде болатын жағдаяттар жайлы. Бұл амал (бұл жайлы оқушыларға тестілеу басталғанда хабарланады) елдер арасындағы салыстырмалылықты арттыру үшін енгізілген.
PISA қаржылық сауаттылығында процестердің төрт санаты
бар: қаржылық ақпаратты анықтау, қаржылық ақпарат пен жағдайды талдау, қаржылық мәселелерді бағалау,
қаржылық білім мен түсінікті қолдану.
Қаржылық сауаттылық тестінен өту үшін оқушылар математика мен оқу сауаттылығы бойынша кемінде бірнеше негізгі деңгейде болуы керек. Оларға сондай-ақ ХХІ ғасырда жастар мен ересектер үшін өзекті саналатын проблемаларды шешу және сыни ойлау секілді жұмсақ дағдылар да керек.
Бағалау кезінде есептеу амалдары барынша аз қолданылады; ондағы тапсырмалар жиі кездесетін немесе қайталана беретін есептеу амалдарын қажет етпейтіндей етіп
құрастырылған.
Оқу дағдысына да қатысты дәл осылай деуге болады. Қаржылық сауатты студенттер қаржылық құжаттарды оқып, олар бетпе-бет келетін жағдаяттарға сәйкес терминдерді түсіну үшін қарапайым оқу дағдысын меңгерген болуы керек.
*ҚС бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.
Жаһандық құзыреттілік( ЖҚ) дегеніміз – жергілікті, ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу, басқалардың көзқарасы мен дүниетанымын түсіну және бағалау, әртүрлі мәдениетке жататын адамдармен ашық, тиісті деңгейде және тиімді өзара әрекеттесу, ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму үшін әрекет ету қабілеті.
Бізге жаһандық құзыреттілік не үшін қажет? Көпмәдениетті қоғамдастықпен үйлесімде өмір сүру үшін. Жаһандық құзыреттілік бойынша білім беру қоғамдағы мәдени хабардарлық мен сыйластыққа құрылған әрекеттестікке ықпал етуі
мүмкін. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғалы бері этникалық және мәдени қақтығыстар әлемдегі саяси зорлық- зомбылықтың ең жиі кездесетін себебіне айналды және олар басылар емес (Brubacker,
Laitin, 1998; Kymlicka, 1995; Sen, 2007). Дін немесе ұлт үшін болатын бей-берекет
зорлық-зомбылықтың біразы әртүрлі мәдениетке жататын адамдардың бір жерде бейбіт өмір сүріп, бір-бірінің ерекшеліктерін қабылдап, ортақ шешім тауып, келіспеушіліктерді шеше алатынына деген сенімге күмән туғызады. Бірқатар елде иммигранттардың көптеп келуіне байланысты қауымдастықтар өздерінің бірегейлігі мен жергілікті мәдениетін
қайта қарауы керек. Заманауи қоғамда тиістілік пен азаматтықтың күрделі формалары талап етіледі, онда адамдар өздерінің қоршаған ортасы мен қоғамдастықтарындағы әралуандық туралы түсініктерін тереңдете отырып, алыс аймақтармен, адамдармен және идеялармен әрекеттесуі керек. Өз қоғамдастықтарының – ұлтының, аймағының, қаласының, ауданының, мектебінің айырмашылықтарын түсіну арқылы жастар әлем азаматы ретінде бірге өмір сүруді үйрене алады (Delors,1996; UNESCO, 2014b).
Нәсілшілдік пен дискриминацияны тоқтатуға жалғыз білімнің күші жетпесе де, ол жастарға мәдениет жайлы сыңаржақ пікірлер және стереотиптермен күресудің маңызын үйрете алады.
PISA 2018 зерттеуіндегі жаһандық құзыреттілікті бағалау екі бөлімнен тұрады: когнитивті бағалау және анкеталық сауалнама. Когнитивті бағалау студенттердің жаһандық мәселелерді сыни тұрғыдан қарастыру қабілетін бағалауға; көзқарас пен дүниетанымға сыртқы әсерді тануға; мәдениетаралық контексте басқалармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсінуге; сондай-ақ ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды