Файл: Пиза деген не 19. 03. 2022 жыл педкеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қызметтерге көшу

айтарлықтай байқалуда. Өйткені қазіргі кезде әлемде проблеманы шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстың көп бөлігі барған сайын әлдеқайда жаһандық және

компьютерлендірілген экономикадағы командалар негізінде атқарылуда.

*ПКШ бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.



Қаржылық сауаттылық (ҚС) Елеулі құбылыстардың бірқатары әлем жұртшылығының

қаржылық сауаттылыққа, әсіресе жас ұрпақ үшін өмірлік маңызды дағды ретінде

қарайтынын байқатады. Олардың кейбірі 2012 жылғы тұжырымдаманы әзірлеу кезінде өзекті болды және әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді; ал енді бір құбылыстар, әсіресе қаржыны цифрландыру соңғы жылдары үлкен мәнге ие бола бастады.

Цифрлық қаржылық қызметтерге электронды ақша, мобильді қаржылық қызметтер, онлайн қаржылық қызметтер, i-teller және кеңседен тыс банк қызметін көрсету секілді цифрлы технологиялар пайдаланылатын кез келген цифрлық қаржылық операциялар жатады.

Қаржылық сауаттылық математика мен оқудағы академиялық көрсеткіштермен өте тығыз байланысты, бұл негізгі пәндер бойынша базалық білім оқушыларға қаржылық проблемаларды шешуде пайдалы болатынын белгілі бір деңгейде көрсетеді

(OECD, 2017 [14]). Алайда қарапайым математика мен оқу сауаттылығы нақты мазмұнды білім бермейді, сондықтан оқушыларға қаржылық сауаттылықты осы салаға қатысты
анағұрлым нақтырақ материалдармен арттыруға көмектесу керек.

PISA-ның көп сұрағында әдетте валюта болып ойдан шығарылған зед саналады. PISA сұрақтары көбіне ақша бірлігі зед болып есептелетін, ойдан шығарылған Зедланд елінде болатын жағдаяттар жайлы. Бұл амал (бұл жайлы оқушыларға тестілеу басталғанда хабарланады) елдер арасындағы салыстырмалылықты арттыру үшін енгізілген.

PISA қаржылық сауаттылығында процестердің төрт санаты бар: қаржылық ақпаратты анықтау, қаржылық ақпарат пен жағдайды талдау, қаржылық мәселелерді бағалау,

қаржылық білім мен түсінікті қолдану.

Қаржылық сауаттылық тестінен өту үшін оқушылар математика мен оқу сауаттылығы бойынша кемінде бірнеше негізгі деңгейде болуы керек. Оларға сондай-ақ ХХІ ғасырда жастар мен ересектер үшін өзекті саналатын проблемаларды шешу және сыни ойлау секілді жұмсақ дағдылар да керек.

Бағалау кезінде есептеу амалдары барынша аз қолданылады; ондағы тапсырмалар жиі кездесетін немесе қайталана беретін есептеу амалдарын қажет етпейтіндей етіп

құрастырылған.

Оқу дағдысына да қатысты дәл осылай деуге болады. Қаржылық сауатты студенттер қаржылық құжаттарды оқып, олар бетпе-бет келетін жағдаяттарға сәйкес терминдерді түсіну үшін қарапайым оқу дағдысын меңгерген болуы керек.

*ҚС бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.

Жаһандық құзыреттілік( ЖҚ) дегеніміз жергілікті, ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу, басқалардың көзқарасы мен дүниетанымын түсіну және

бағалау, әртүрлі мәдениетке жататын адамдармен ашық, тиісті деңгейде және тиімді өзара әрекеттесу, ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму үшін әрекет ету қабілеті.

Бізге жаһандық құзыреттілік не үшін қажет? Көпмәдениетті қоғамдастықпен үйлесімде өмір сүру үшін. Жаһандық құзыреттілік бойынша білім беру қоғамдағы мәдени хабардарлық мен сыйластыққа құрылған әрекеттестікке ықпал етуі мүмкін. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғалы бері этникалық және мәдени қақтығыстар әлемдегі саяси зорлық- зомбылықтың ең жиі кездесетін себебіне айналды және олар басылар емес (Brubacker,

Laitin, 1998; Kymlicka, 1995; Sen, 2007). Дін немесе ұлт үшін болатын бей-берекет

зорлық-зомбылықтың біразы әртүрлі мәдениетке жататын адамдардың бір жерде бейбіт өмір сүріп, бір-бірінің ерекшеліктерін қабылдап, ортақ шешім тауып, келіспеушіліктерді шеше алатынына деген сенімге күмән туғызады. Бірқатар елде иммигранттардың көптеп келуіне байланысты қауымдастықтар өздерінің бірегейлігі мен жергілікті мәдениетін

қайта қарауы керек. Заманауи қоғамда тиістілік пен азаматтықтың күрделі формалары талап етіледі, онда адамдар өздерінің қоршаған ортасы мен қоғамдастықтарындағы әралуандық туралы түсініктерін тереңдете отырып, алыс аймақтармен, адамдармен және идеялармен әрекеттесуі керек. Өз қоғамдастықтарының – ұлтының, аймағының, қаласының, ауданының, мектебінің айырмашылықтарын түсіну арқылы жастар әлем азаматы ретінде бірге өмір сүруді үйрене алады (Delors,1996; UNESCO, 2014b).

Нәсілшілдік пен дискриминацияны тоқтатуға жалғыз білімнің күші жетпесе де, ол жастарға мәдениет жайлы сыңаржақ пікірлер және стереотиптермен
күресудің маңызын үйрете алады.

PISA 2018 зерттеуіндегі жаһандық құзыреттілікті бағалау екі бөлімнен тұрады: когнитивті бағалау және анкеталық сауалнама. Когнитивті бағалау студенттердің жаһандық мәселелерді сыни тұрғыдан қарастыру қабілетін бағалауға; көзқарас пен дүниетанымға сыртқы әсерді тануға; мәдениетаралық контексте басқалармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсінуге; сондай-ақ ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды шешу үшін әртүрлі іс-қимыл нұсқаларын анықтауға және салыстыруға арналған.

Анықтамалық сауалнамада оқушылардан жаһандық проблемалармен қаншалықты таныс екендігі; олардың тілдік және коммуникативтік дағдылары қаншалықты дамығаны; олардың белгілі бір көзқарасты ұстану дәрежесі (мысалы, әртүрлі мәдениетке жататын адамдарға деген құрмет) және олардың мектепте жаһандық құзыреттілікті дамыту үшін қандай мүмкіндіктері бары сұралады. Мектеп әкімшіліктері мен мұғалімдерге арналған анкеталық сауалнама жауаптарының нәтижелерінен білім беру жүйелері жаһандық, халықаралық және мәдениетаралық аспектілерді оқу бағдарламасы мен сынып

жұмысына қалай біріктіретіні көрініс табады.

*ЖҚ бойынша терминдер анықтамасын глоссарийден табуға болады.

Мектептегі анкеталық сауалнамалар оқушылардың оқудағы жетістігін бағалау құралы болып та, педагогтар жұмысын
бағалауқұралыболыпта саналмайды.
Білім ортасын қалыптастырудың инновациялық жолдары жөніндегі соңғы зерттеу деректері мектептіжаңғыртуменқайтажобалаудыңоқушылар

үлгеріміне оң әсер ететінін көрсетеді. Деректерге сүйенсек, дұрыс жобаланған, қондырма техникамен жабдықталған ғимараттар оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің қолда бар мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға жол ашады.


Креативті ойлау (КО) PISA 2022 зерттеуінде ерекше және тиімді шешім қабылдауға, білімді арттыруға және қиялды жетілдіруге жол ашатын идеяларды ойлап табу, бағалау және дамыту процесіне тиімді қатысу қабілеті ретінде анықталады.

PISA-дағы креативті ойлау құралдарының кешенді жиынтығы жайлы ақпаратты жинау

қиын, бірақ қолжетімді. PISA 2022 зерттеуінде креативті ойлауды бағалау екі бөлімнен тесттен және анкеталық сауалнамадан тұрады. Тест оқушыларға идеялар ойлап табу, бағалау және жетілдіруді қажет ететін тапсырмалармен жұмыс істеу кезінде өздерінің

когнитивті шығармашылық ойлау процестерін қаншалықты жұмылдыра алатыны туралы ақпарат береді. Анкеталық сауалнамалар оқушылардың шығармашылық ойлауына

ықпал ететін басқа факторлар, соның ішінде шығармашылық көзқарасы (ашықтық,

мақсатқа бағдарлануы және сенімі), мектебі жайлы көзқарасы, сондай-ақ олардың сынып пен одан тыс уақытта қатысатын іс шаралары жөніндегі мәліметпен әлгі ақпаратты

толықтырады.

PISA бағалауының қазіргі қолданыстағы